Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері

-A A +A

«Оңтүстік Қазақстан облысының дін істері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

1) облыстағы діни қызмет саласындағы жалпы мемлекеттік саясатты іске асыру; 

2) азаматтардың діни сенім бостандығы құқықтарын және діни бірлестіктермен өзара іс-қимылды қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

3) Оңтүстік Қазақстан облысында орын алып жатқан процестерде азаматтардың діни сенім бостандығы мен діни бірлестіктер қызметі салаларындағы құқықтарының іске асуын жан-жақты және объективті зерттеу, жинақтау, талдау;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды.

16. Функциялары:

1) өңірдегі діни ахуалды зерделеп, оған талдау жүргізу;

2) өңірде жұмыс істеп тұрған дiни бiрлестiктердiң, миссионерлердiң, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметiн зерделеуді және талдауды жүргiзу;

3) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетiлдiру жөнінде ұсыныстар енгiзу;

4) діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

5) құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының діни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметiне тыйым салу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

6) Қазақстан Республикасының дiни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзушылықтарға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

7) өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсiндiру жұмыстарын жүргiзедi;

8) діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы тұрақты үй-жайлардың орналастырылуын бекіту үшін, сондай-ақ ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан) тыс жерлерде діни іс-шаралар өткізуге арналған үй-жайлардың орналастырылуын келісу жөнінде облыс әкімдігіне ұсыныстар енгiзу;

 9) діни бірлестіктерді құруға бастамашы азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз ету;

 10) миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді 

жүргізуді ұйымдастыру;

 11) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Кодексінің 490, 804 баптарына сәйкес діни қызмет пен діни бірлестіктер саласында, сондай-ақ Қазақстан Pecпубликасының заңдарында белгіленген тәртiппен тiркелмеген дiни бiрлестiктердiң қызметiне басшылық жасауға, қатысуға, олардың қызметiн қаржыландыруға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының бұзылуы анықталған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар толтыру;

12) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасында жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді  жүзеге асырады.

Жарияланған: 05.05.2016 - 18:10:56
Жаңартылған: 05.05.2016 - 18:11:52
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі