Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының діни ахуал бойынша АҚПАРАТ

-A A +A

Діни бірлестіктер  мен филиалдар саны

Облыс көлемінде 11 діни конфессияға енетін  60 жергілікті діни бірлестіктер жұмыс жасауда. Оның ішінде бағыттары бойынша: православиелік – 18; католиктік -1; иудейлік - 1; протестанттық – 39; бахаи -1.

Сонымен қатар 793 филиалдар жұмыс жасауда. Оның ішінде: исламдық бағыттағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) филиалдары – мешіттер саны – 790 (Республика бойынша 31,5 пайызды Оңтүстік Қазақстан облысындағы тіркелген мешіттер құрайды), исламдық емес бағыттағы филиалдар – 3.

Миссионерлік қызмет туралы

Облыста  заңды  түрде  тіркелген  10  миссионерлер  жұмыс атқаруда. Олар: христиандық-протестанттық бағытында – 6; католиктік – 4.

Ақпараттық-түсіндіру  топтардың (АТТ) қызметі туралы

Қазіргі кезде Оңтүстік Қазақстан облысында 1 облыстық, 15  қалалық, аудандық  ақпараттық-түсіндіру топтар (АТТ) жұмыс жасауда.

Жалпы, барлық деңгейдегі АТТ құрамдарына 445 адам енгізілген. Оның ішінде: облыстық АТТ құрамына - 20, қалалық, аудандық АТТ-р құрамына  - 425.

2016  жылы  жалпы АТТ тарапынан өткізілген кездесулердің саны 1523 болса, олар бойынша қамтылғандардың адамдардың саны 155 мыңнан астам адамды құрап отыр.

Облыстық АТТ тарапынан 240  кездесулер өткізіліп, оларға 38 мыңға жуық адам  қамтылды. Ал, қалалық, аудандық  АТТ тарапынан 1283 кездесулер өткізіліп, 117  мыңнан аса адам қамтылды.

Бұлардан бөлек, бекітілген кестеге сәйкес 2016 жылы студент-жастардың қатысуымен  жоғары оқу орындарында  113 кездесу,   арнаулы оқу орындарында 678 кездесулер өткізілді.

БАҚ-ғы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары 

Облыстық, қалалық, аудандық телеарналарда діни тақырыпта ашылып, жұмыс жасап жатқан арнайы 10  бағдарламалар жұмыстарын жалғастыруда.

2016  жылы дін саласы бойынша жергілікті телеарналарда діни тақырыптарда 200 көрсетілімдер  мен сюжеттер, «Қазақстан-Шымкент» радиосында 12 хабарлар шығарылды.

Жалпы, 2016 жылы бері дін саласына қатысты басылымдарда  350-ге жуық  мақалалар жарық көрді.

Интернет-ресурстармен жұмыстар

Діни экстремизм мен терроризм көріністерін тарататын діни сайттарға қарсы тұру мақсатында  «Әлеуметтік бастамалар орталығы» МКМ-нің www.centerе-uko.kz интернет-сайтына діни ахуалды тұрақтандыру бағытында 2016 жылдың басынан 165 іс-шаралар, 58 ғибратты сөздер, 13 мақалалар  енгізілді. 

Дін саласына бөлінген қаржы туралы

2016 жылға діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға облыстық бюджеттен  170 113,0 млн. теңге жоспарланып отыр. (2015 ж. – 127 128,0 млн.теңге)

Сонымен қатар діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жергілікті қала, аудандардың бюджеттерінен 65,5 млн.теңге жоспарланып отыр. (2015 жылға 49,5 млн.теңге қаралған еді.)

Жарияланған: 14.03.2016 - 12:37:15
Жаңартылған: 05.05.2016 - 17:36:09
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі