Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының халқы тығыз аудандарынан Солтүстік Қазақстан облысына халықтың қоныс аударуы жөнінде ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМ

-A A +A

Бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталатын, бір тараптан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – ОҚО әкімдігі) және екінші тараптан Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі (бұдан әрі – СҚО әкімдігі) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 162 қаулысымен бекітілген «Жұмыспен қамту 2020 жол картасына» халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тарту, Солтүстік Қазақстан облысына өз еркімен қоныс аудару, жұмысқа орналастырудың тұрақты және нәтижелі жүйесін дамыту, сондай-ақ еңбек нарығының тепе-теңдігі мақсатында, өзара түсіністікке келді және заңнамада белгіленген тәртіппен жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдардың ұтқырлығын арттыруға жәрдемдесуге және төменде көрсетілген бағыттар бойынша өз құзыреті шегінде ынтымақтастықты жүзеге асыруға талпынады:

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:

1. жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шаралары шеңберінде халық арасында олардың ұтқырлығын арттыру мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

2. өз еркімен қоныс аударуға қатысу үшін үміткерлердің тізімдерін қалыптастырады;

3. бағдарламаға қатысушыларға (бұдан әрі Қатысушылар) қоныс аударуға жолдама беруді қамтамасыз етеді;

4. қоныс аударуға ниет білдірген отбасылардың  жынысын, жасын, білімін, мамандығын, жұмыс атқаруы мүмкін қызметін көрсете отырып арнайы даярланған сайтқа енгізеді;

5. Солтүстік Қазақстан әкімдігі ұсынған мәліметтерге сәйкес, қоныс аударуға ниетті отбасыларға арналған арнайы буклеттер, ақпараттық материалдар шығарады;

6. солтүстік өңірлердің жұмыс берушілеріне арналған облыстық жәрмеңкені ШҚО әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен өткізеді.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі:

  1. қызметтік тұрғын үйлерді ұсыну;
  2. еңбекші жастар үшін жатақханалардан бөлме ұсыну;
  3. қоныс аударумен байланысты шығындарды өтейтін қоныс аударуға субсидия ұсыну;
  4. өз еркімен қоныс аударуға қатысу үшін үміткерлерді іріктеу;

5) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға жәрдемдесу;

6) облыстың кәсіпорындарында және ұйымдарында кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, дуальді оқытуды қамтамасыз ететін СҚО ТжКБ жүйесінде кеткен өңірден жұмыссыз халықты кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру курстарында оқыту;

7. қатысушылармен бір жақтан тарап ретінде жұмыс беруші болатын әлеуметтік келісімшарттар жасау, қатысушылардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік қолдау шараларын (мектепке дейінгі тәрбие, мектепте білім беру, медициналық қызмет көрсету) ұсынуда жәрдемдесу шараларын іске асыру;

8. солтүстік өңірлердің қоныс аударушыларына ұйымдастырылған жәрмеңкеге жұмыс берушілердің өкілдерін жолдау;

9. арнайы ашылған сайтқа ендіру үшін жұмыс берушілердің бос жұмыс орындарын 10 күн сайын ұсыну;

10. жұмыспен қамту базасында жұмыс берушілер мен өз еркімен қоныс аударушы үміркерлерге арналған видео-селектр ұйымдастыру.

Келісімшарттарды қолдауға жауапты тұлғалар

Тараптар бір біріне келісімшарттарды қолдауға жауапты тұлғалар туралы хатпен алмасу арқылы ақпарат береді.

Қорытынды ережелер

Осы меморандум Тараптардың заңды құқықтарын және міндеттерін тудырмайды.

Осы меморандумға өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жазбаша нысанда құрылады, Тараптардың өкілдерімен қол қойылады және осы меморандумның ажырамас бөлігі болып табылады.

Осы меморандумға үшінші тұлғалар қосылуы мүмкін, ол меморандумда көзделген бағыттарда ынтымақтасуға талпыну туралы хат жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Осы меморандумға 2016 жылғы _____ 2 (екі) данада қол қойылды, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілдерінде, әр тарапқа бір данадан, және оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

Солтүстік Қазақстан облысының

әкімдігі

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі

 

 

_______________

 

_____________

 

Жарияланған: 15.04.2016 - 09:56:23
Жаңартылған: 15.04.2016 - 09:57:24
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі