Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

«Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

-A A +A

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында мәдениет, тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентi мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегі бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқада актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын мөлтек ауданы, Астана даңғылы,14 үй, индексі 160023.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында мәдениет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру, тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдай жасау, Қазақстан Республикасында қолданылатын барлық тілге бірдей құрметпен қарауды қамтамасыз ету.

15.Міндеттері:

1) қазақтың ұлттық мәдениетін өркендетуді, сақтауды, дамытуды және таратуды қамтамасыз ету, сондай-ақ басқа да ұлттар мәдениетінің сақталуына, дамуына және таралуына қамқорлық көрсету;

2) облыс аумағындағы барлық санаттағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуын және оларды пайдалану құқықтарының орындалуын қамтамасыз ету, жергілікті маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштерді есепке алуды, сақтау мен қалпына келтіруді ұйымдастыру бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының атқарушы органның іс-шараларын қалыптастыру мен іске асыруға қатысу;

3) мәдениетті дамытуға бағытталған фестивальдер, конкурстар, ақындар айтыстарын және басқа да іс-шараларды өткізу, сондай-ақ мемлекеттік және өзге ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста конференциялар, семинарлар, оқытудың басқа да түрлетін және тәжірибе алмасулар ұйымдастыру;

4) мәдениет пен өнерді сақтау, дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру мәселелері бойынша облыстық ведомствалардың, ұйымдардың және кәсіпорындардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ облыстық аудан және қала әкімдері аппараттарымен саланың өзекті мәселелерін тәжірибелік шешуге қатысты мәселелер бойынша, өзара әрекеттесу.

5) облыстың аумағында тілдерді дамыту саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

16. Функциялары:

1) мәдениет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) театр, цирк, музыка және кино өнері, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығы, кітапхана және музей ісі саласында облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру, тарату, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

3) театр, цирк, музыка және кино өнерін, мәдени-демалыс қызметі мен халық шығармашылығын, кітапхана және музей ісін дамыту бойынша облыстың мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдау және үйлестіру, облыстың мәдениет саласындағы мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

  4) шығармашылық қызметтің түрлі салаларында облыстық (өңірлік) байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

  5) облыстың мәдени құндылықтарын есепке алу, қорғау, консервациялау және реставрациялау, сондай-ақ пайдалану, елдің көрнекті мәдениет қайраткерлерін мәңгі есте қалдыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

6) мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөнiндегi сараптама комиссиясын құру туралы облыс әкіміне ұсыныс енгізу;

  7) облыс аумағында орналасқан мәдениет ұйымдарының қызметіне мониторингті жүзеге асыру және уәкілетті органға ақпарат, сондай-ақ белгіленген нысанда статистикалық есептер беру;

  8) облыстық деңгейде сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

    9) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

 10) тарихи-мәдени мұраны сақтау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, тарихи, ұлттық және мәдени дәстүрлер мен салттардың дамуына ықпал жасау;

  11) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру бойынша жұмысты жүргізу;

  12) облыстың мемлекеттік кітапханаларының біріне «Орталық» мәртебесін беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

  13) талантты жастарды және перспективалы шығармашылық ұжымдарды іздестіруге және қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асыру;

      14) мәдениет саласында әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар өткізуді жүзеге асыру;

15) ұлттық мәдени игілік объектілерінің айрықша режимінің сақталуын қамтамасыз ету;

  16) тарихи-мәдени мұра объектілерін анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;

17) облыстың экономикалық және әлеуметтiк даму жоспарларында жергiлiктi маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін есепке алуды, қорғауды және оларда ғылыми-реставрациялау жұмыстарын ұйымдастыру жөнiндегi iс-шараларды қосу;

18) мемлекет меншігі болып табылатын, жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдалануға беру туралы мәселені шешу;

19) уәкiлеттi органмен келiсе отырып, қалаларды және басқа да елдi мекендердi жоспарлау, салу және қайта құру жобаларын әзiрлеу және бекiту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу кезінде барлық санаттағы тарих және мәдениет ескерткiштерiн анықтау, зерделеу, сақтау жөнiндегi iс-шаралардың орындалуын, тарихи-сәулет тiрек жоспарларын және карта-схемаларды жасауды қамтамасыз ету;

20) тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау мiндеттемелерiн ресiмдеу және оларды меншiк иелерi мен пайдаланушылардың орындауын бақылау;

21) Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау және пайдалану туралы заңдарын бұзған жеке және заңды тұлғаларды жауапкершiлiкке тарту туралы өтiнiш жасау;

22) облыстық мәслихатқа тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөнiнде комиссиялар құру туралы әрі қарай ұсыныстар енгізу үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

23) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн анықтау, есепке алу, қорғау жөнiнде жұмыс жүргiзу;

24) монументті өнердің жаңа құрылыстарын орнату жөніндегі жұмысты жүргізу;

25) мемориалдық тақта орнату жөніндегі жұмысты жүргізу;

     26) тарих және мәдениет ескерткiштерi мен оларды қорғау аймақтары бойынша жұмыстардың барлық түрлерiне ғылыми-жобалық құжаттаманы, жоспарлау, салу және қайта жөндеу жобаларын қарау және келiсу жұмыстарын ұйымдастыру;

27) мүдделi мемлекеттiк органдармен келiсе отырып, тарих және мәдениет ескерткiштерi мен тарих және мәдениет ескерткiштерiмен байланысты қоршаған орта объектiлерiн қорғау мен пайдалануды жүзеге асыру;

28) облыс аумағында жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің пайдаланылу және күтіп-ұстау тәртібін, сондай-ақ оларда археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарының орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

  29) тарих және мәдениет ескерткіштерінің меншік иелеріне және пайдаланушыларына олардың Қазақстан Республикасы «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» 1992 жылғы 2 шілдедегі Заңын бұзғаны туралы нұсқамалар беру;

 30) тарихи-мәдени мұра объектiлерiн жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткiштерi деп тану және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне қосу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

31) Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткішін мәртебесінен айыру және тарихи-мәдени сараптама қорытындысының негізінде жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімінен шығару үшін облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

32) Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі кодексінің 488-1 бабына сәйкес облыс әкімінің қарауына әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы құжаттарды дайындау және енгізу;

33) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

34) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

35) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асыру;

36) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар беру, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолдану;

37) облыстық ономастика комиссиясының қызметін қамтамасыз ету;

38) мәдениет саласындағы жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

17. Басқарманың құқықтары мен міндеттері:

1) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзырына кіретін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ, өзге де ұйымдардан жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті құжаттар, қорытындылар, анықтамалар мен өзге де ақпараттарды сұратуға және алуға;

2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бағынысты ұйымдарды құру, қайта құру және тарату мәселелері бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізуге;

3) белгіленген тәртіппен мәдениет және өнер қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалар мен құрметті атақтарын беру туралы ұсыныстар енгізуге;

4) облыстық бюджет жобаларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізуге және өз құзыретінің шегінде клубтар, кітапханалар, театрлар, кинотеатрлар, музейлер және басқа да мәдениет объектілерін жобалау және салу жөніндегі ұсыныстарды қарауға.

      5) облыста мемлекеттік тілді барынша дамытады, оның халықаралық беделін нығайтады;

6) Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық жағдайлардың жасалуына ықпал жасайды.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;

2) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттар мен функцияларды, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;

6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін бiлдiреді;

7) шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банктік шоттар ашады;

10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарлату, көтермелеу, үстемақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;

12) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;

13) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

14) бюджеттік бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауаптыболады;

15) «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметіне және берілген мүлкінің сақталуы үшін жеке жауаптылықта болады;

16) оған Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы ережемен жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы құрылымдық бөлімдер басшыларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

24. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Оңтүстік Қазақстан облысының мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдарлың тізбесі:

Мемлекеттік мекемелер:

1) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

2) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстікфильм» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

3) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Тарихи-мәдени мұраны қорғау, қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

4) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Жұмат Шанин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық академиялық қазақ драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

5) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық орыс драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

6) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

7) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық әзіл-сықақ және сатира театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

8) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Облыстық опера және балет театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

9) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

10) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Райымбек Сейтметов атындағы Түркістан қаласының сазды-драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

11) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

12) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Шәмші Қалдаяқов атындағы облыстық филармония» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

13) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

14) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық саяси қуғын-сүргін құрбандарының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

15) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Қажымұқан атындағы облыстық спорт музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

16) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Кентау қалалық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

17) «Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «С.Қожанов атындағы музей» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

18) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Төлеби ауданының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

19) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Арыс қаласының музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

20) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Ордабасы ауданындағы тарихи-өлкетану музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

21) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи-мәдени-этнографиялық орталық» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

22) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Қазығұрт аудандық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

23) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облысының мақта шаруашылығы тарихы музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

24) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Бәйдібек ауданы сәулет-көркем музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

25) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

26) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

27) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

28) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік Қазақстан облыстық арнайы көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтарға арналған кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

29) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Руханият-Әбу-Нәсір әл-Фараби музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

30) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Оңтүстік-Цирк» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

31) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Түркістан сарайы» концерттік ұйымы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны;

32) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

33) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Отырар» облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

34) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Бейнелеу өнері музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық мемлекеттік кәсіпорны;

35) Оңтүстік Қазақстан облысы мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының «Көрме орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Жарияланған: 22.06.2017 - 10:53:53
Жаңартылған: 26.01.2018 - 09:03:38
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі