Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан 2015 жылда атқарылған жұмыстары туралы мәлімет

-A A +A

Басқарманың негізгі міндеттері болып – Қазақстан Республикасының заңдары мен ҚР Президенті мен Үкіметінің актілерін, өзге де нормотивтік құқықытық актілерді, сонымен қатар  сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласында өзіне берілген құзырет шегінде қызметтер атқарады.   

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басты міндеті жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарының сапалы және қауіпсіз болуын бақылау болып табылады.

2015 жылы басқармаға келіп түскен өтініш хаттың саны – 8235, оның ішінде, жеке тұлғалардан – 3468, заңды тұлғалардан – 1340, жалпы басқада мемлекеттік органдардан – 3427  өтініш хаттар келіп түсті.

2015 жылы жалпы құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілген 1180 нысан, оның ішінде бюджеттік – 722 нысан, коммерциялық – 458 нысан. 255 бюджеттік нысанның  құрылысы 2016 жылға өтпелі.

Басқарманың құрылыс  инспекторлары тарапынан облыстың аудан, қалаларда салынудағы  құрылыс нысандарына 4436 рет тексерудің  өзге де түріндегі бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, анықтамалар толтырылды.

Анықталған кемшіліктер бойынша 527 нұсқама берілді, оның ішінде бюджеттік нысандар бойынша  321 нұсқама.

2015 жылы  495 тексеру тағайындау актілері ашылды. Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде толтырылған хаттамалар саны - 353.

Соттың қарауына жіберілген хаттамалар мен талап арыздар саны – 86.

Әкімшілік айыппұл салынған қаулылардың саны -296 құрады. Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы соммасы 71,06 млн. теңге.

Жалпы 141 мердігер мекемелерге нысан құрылысын сапасыз, техникалық атқарушы құжаттарды дұрыс толтырмай және техникалық қауіпсіздік шараларын сақтамай жүргізгені үшін. Сонымен қатар  құрылыс барысында  алаңдарды қоршамай және құрылыс қоқыстарынан таза ұстамауына байланысты әкімшілік шаралар көрілді. Анықталған кемшіліктер қалпына келтірілді.

Техникалық қадағалауды өз деңгейінде жүргізбеген 23 техникалық қадағалаушыларға берілген  аттестаттары 6 айға тоқтатылып, әр біріне 200 АЕК мөлшерінде айыппұлдар салынды.  Сонымен қатар бір техникалық қадағалаушының 3 аттестаты кері қайтарылды. 

Жобалау жұмыстарын сапасыз және мерзімінен кешіктірген  34 жобалаушы мекемелерге  айыппұл салынды.  4 жобалаушы мекеменің мемлекеттік лицензиясы  6 айға тоқтатылды.

Құрылыс нормаларын бұзған  18  бюджеттік нысандар бойынша тапсырысшы мекемелердің  лауазымды тұлғаларына әкімшілік шаралар көрілді. Яғни, мемлекеттік қабылдау актісін рәсімдемей пайдаланғаны үшін, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастайтындығы туралы хабарлама  бермеген және нысан құрылысын техникалық және авторлық қадағалаусыз жүргізгендері үшін, сонымен қатар, нысандардың жобасын өзгертіп, қайта сараптамадан өткізбегені үшін.

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасымен бес мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

  • Жобалау қызметіне лицензия беру;
  • Іздестіру қызметіне лицензия беру;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
  • Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау

         Лицензиялау бойынша:      

         Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасына лицензия алуға және қайта рәсімдеуге түскен өтініштердің жалпы саны 941.

          Біліктілік талаптарына (сұратылған жұмыс түрлері бойынша - инженер-техник қызметкерлері, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, I-II санат алу кезінде іске асырылған объектілерінің болмауы) сай келмеуі және құжаттардың толық болмауына байланысты өтініштердің кері қайтарылғаны – 750.

          Қайта рәсімделгені және берілгені жалпы саны – 191.

          І санатқа - 11 лицензия.

          ІІ санатқа - 32 лицензия.

          ІІI санатқа - 37 лицензия.

          Санат иелену бойынша қайта рәсімделді 9.

          Мекен-жайы және атауы өзгеруіне байланысты – 81.

          лицензияға қосымша қызмет түрлері берілгені 21.

А     Атестаттау бойынша:

          Сарапшы аттестатын алуға:

  • жалпы 332 өтініш.
  • тестілеуге жіберілмегені - 88 өтініш.
  • тестілеуге жіберілгені – 244.
  • аттестат алғаны 93.
  • тестілеуден өтпегені – 151.

      Тексерулер мен көрілген шаралар:

2015 жылдың басынан бүгінгі күнге дейін 34 әкімшілік іс қозғалып,                  3,4 млн. теңге айыппұл салынды. 14 заңды тұлғаның лицензиясынан 30 кіші қызмет түрлері алынып тасталды, 2 заңды тұлғаның лицензиясының күші 6 айға тоқтаталып, осы тұлғаларға кемшіліктерін мерзімінде жою үшін тиісті нұсқамалар берілді.

Заңсыз және заң талаптарын бұза отырып салынған нысандар.

Басқарманың анықтауымен облыс аумағында заңсыз және мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзып жүргізген құрылыс нысандарына  тексеру тағайындау актілері ашылып, 157 нысанға әкімшілік және азаматтық кодекстерге іс қозғалды. Оның ішінде 62 заңсыз құрылыс  нысандарын бұзу үшін сотқа жолданды. Олар, Шымкент қаласында – 43, Арыс қаласында – 13 нысан, Бәйдібек ауданында – 3 нысан, Сайрам ауданында – 2, Ордабасы ауданында – 1 нысан. Бүгінгі күні 9 нысанды бұзуға сот шешімі шықты. 29 нысан сотта қаралуда.

Сонымен қатар заң талаптарын бұза отырып салынған - 95 нысанға әкімшілік іс қозғалып 23,2 млн. теңге айыппұл салынды.

Шымкент қаласының орталығында мемлекеттік құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптары сақтамай салынудағы заң талаптарын бұза отырып салынған құрылыс нысандары бойынша облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан анықталған 282 нысанның 218-і бойынша Шымкент қаласының әкімдігінен мәліметтер келіп түсті. 145 нысан бойынша басқарма тарапынан тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Басқарма тарапынан Шымкент қаласында анықталған 282 нысанның ішінен өз бетінші құрылыс жүргізгені үшін ҚР Азаматтық Кодексінің 244-бабымен құрылыс нысанын мәжбүрлеп бұзу үшін 29-нысан бойынша талап арыз сотқа жолданды.  4 нысанды бұзуға сот шешімі шықты.

Жарияланған: 28.02.2016 - 20:20:13
Жаңартылған: 11.03.2016 - 15:42:31
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі