Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан 2016 жылдың I-тоқсанында атқарған жұмыстар туралы мәлімет

-A A +A

Басқарманың басты міндеттерінің бірі - құрылыс нысандарының сапалы және қауіпсіз болуын бақылау.

2016 жылы 82 жаңа нысанның құрылысын бастау туралы хабарламалары басқармаға тіркелді, оның ішінде бюджет қаржысы есебінен соғылатын 21 нысан, коммерциялық – 61 нысан.  Сонымен қатар бюджет қаражаты есебінен салынудағы 255 нысанның құрылысы 2015 жылдан өтпелі. Бүгінгі таңда бюджеттік 276 нысанның құрылысы жүргізілуде. 

Басқармаға 1347 өтініштер мен арыз-шағым хаттар келіп түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 153, заңды тұлғалардан – 58, жалпы кіріс – 1136. 

2016 жылы басқарманың құрылыс инспекторлары тарапынан облыс аумағында салынудағы  құрылыс нысандарына 320 рет құрылыс-монтаждау жұмыстарының ғимараттар мен құрылыстардың тiреу және қоршау конструкцияларын тұрғызу мен өзгертуге қойылатын талаптарға сәйкестiгіне инспекциялау жүргiзілген, (тексерудің  өзге де түріндегі бақылау және қадағалау жұмыстары), нысандарда анықталған кемшіліктер бойынша 151 нұсқама берілді. 

Нәтижесінде 110 тексеру тағайындау актілері ашылды. Оның ішінде бюджеттік нысандарға – 50, коммерциялық нысандарға – 60. 

Әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде толтырылған хаттамалар саны – 45.

Соттың қарауына жіберілген хаттамалар мен талап арыздар саны – 14.

3 құрылыс нысанын бұзу үшін сотқа талап-арыздар берілді.

Салынған әкімшілік айыппұлдың жалпы соммасы - 6,532 млн. теңге.

2016 жылы бюджет есебінен салынудағы 16 құрылыс нысаны бойынша, құрылыс нормаларының сақталмауы анықталып, 1 тапсырысшыға, 2 техникалық қадағалаушы маманға және  12 мердігер мекемелерге заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 жобалаушы мекеменің лицензиясынан айыру үшін құжаттар сотқа берілді.

Басқарманың анықтауымен облыс аумағында заңсыз және құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарын бұзып жүргізген құрылыс нысандарына  60 тексеру жұмыстары жүргізіліп, 30 нысанға әкімшілік және азаматтық кодекстерге сәйкес шаралар көрілді. Оның ішінде 9 заңсыз құрылыс нысандарын бұзу үшін құжаттары әкімшілік  сотқа жолданды. Олар, Шымкент қаласында – 4 нысан, Сарыағаш ауданында – 5 нысан. Бүгінгі күні 2 нысанды бұзуға, 1 нысанға айыппұл салуға  сот шешімдері шықты. 6 нысан сотта қаралуда. Сонымен қатар заң талаптарын бұза отырып салынған - 11 нысанға әкімшілік іс қозғалып 3,4 млн. теңге айыппұл салынды.

 

 

 

Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы лицензиялау және аттестаттау

 

Басқарманың лицензиялау және аттесттатау бөлімімен келесі мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлері жүзеге асырылады:

  • Жобалау қызметіне лицензия беру;
  • Іздестіру қызметіне лицензия беру;
  • Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензия беру;
  • Үлескерлердің ақшасын тарту есебінен тұрғын үй ғимараттарын салуды ұйымдастыру жөніндегі қызметке лицензия беру;
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі салаларында сарапшылық жұмыстарды және инжинирингтік көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау.

Лицензиялау:

Лицензия алуға және қайта рәсімдеуге түскен өтініштердің саны 109.

Біліктілік талаптарына (сұратылған жұмыс түрлері бойынша - инженер-техник қызметкерлері, материалдық-техникалық жарақтандырылуы, I-II санат алу кезінде іске асырылған объектілерінің болмауы) сай келмеуі және құжаттардың толық болмауына байланысты өтініштердің кері қайтарылғаны – 51;

Санат ауыстырғаны және III санат берілгені

 

Қайта рәсімделгені

Кіші

қызмет

түрін алу

Құрылыс-монтаждау жұмыстары

Жобалау

қызметі

Іздестіру қызметі

Санат иелену бойынша

Мекен-жайы

және атауы өзгеруіне байланысты

 

 

 

3

І санатқа ауысқаны

ІІ санатқа ауысқаны

ІІІ санат

берілгені

І санатқа ауысқаны

ІІ санатқа ауысқаны

ІІІ санат  берілгені

3

0

25

3

10

9

1

0

4

22

5

30

28

Жалпы саны: 58

 

 

         Аттестаттау бойынша:

Сарапшы аттестатын алуға жалпы 43 өтініш түсіп:

  •  тестілеуге жіберілмегені 7;
  •  тестілеуге жіберілгені 37;
  •  аттестат алғаны 24;
  •  тестілеуден өтпегені 13.

 

Техникалық қадағалау

Авторлық қадағалау

Қала құрылысы, жобалау алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасы

Ғимараттар мен құрылыстардың сенімділігі мен орнықтылығын техникалық тексеру

19-аттестат

1-аттестат

4-аттестат

-

8- тұлға

1- тұлға

4 - тұлға

-

Жалпы саны: 24 аттестат 13 тұлғаға.

 

Жарияланған: 04.04.2016 - 12:58:14
Жаңартылған: 04.04.2016 - 12:59:39
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі