Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Саланың жағдай мен дамуын мінездейтін статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштер

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының 2015 жылғы атқарған жұмыстары туралы есебі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша

Облыста мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамытуда жүйелі және нақты жұмыстар жүргізіліп келеді.

2015 жылы облыста 1-6 жастағы 164797 баланы (46,9% - Респ. – 53,8), оның ішінде 3-6 жастағы 156053 баланы қамтитын 1524 мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істеп, 3-6 жастағы балаларды қамту 80,5% (респ. – 81,6) құрады, яғни, бағдарламадағы межеленген жоспар (77,7%) 2,8%-ға артығымен орындалды.

Оның: 985 балабақша (351-мемлекеттік, 634-жекеменшік), 539 шағын орталық (442-мемлекеттік, 97-жекеменшік).

2014 жылмен салыстырғанда (2014 ж.-1416 мектепке дейінгі ұйым, 1-6 жастағы бала- 152515, 3-6 жастағы қамтылған бала-146450, қамту 76,8%) мектепке дейінгі ұйым 108 бірлікке, 1-6 жастағы бала 32282-ге, 3-6 жастағы бала 9603-ке артып артып, 3- 6 жастағы балаларды қамту 3,7%-ға артты.

Облыс бойынша 1524 мектепке дейінгі ұйымдардың 731-і жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы мектепке дейінгі ұйымдар үлесінің 48,0% құрайды.

731 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың 703-і яғни, 70116 бала мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде орналастырылып тәрбиеленуде.

2016 жылы бала санының артуымен қоса есептегенде және қаржылық қиындықтарды ескере отырып мектепке дейінгі ұйымдарға қамтуды 80,5 пайызға жеткізу жоспарды.

Жалпы орта білім саласы бойынша

2015-2016 оқу жылында 1022 жалпы білім беретін мектепте 584 089 оқушы білім алуда. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 21468 оқушыға артық.. Бұл облыстағы бала туу көрсеткішінің жоғары екенін және жылдан-жылға бала санының артып отырғанын көрсетеді.

ҰБТ қорытындысы бойынша

ҰБТ-ға бітірушілердің 18112-і немесе 70 пайызы (Респ. - 69%) қатысты. Облыстың орта балы өткен жылғыдан +4,2 баллға көтеріліп 78,8 балды құрады (Республикада 9-орында). Республикадағы ең жоғарғы 125 балды жинаған 5 бітірушінің біреуі біздің облыстың түлегі.

 «Алтын белгіге» 609 түлек ие болып, өткен жылмен салыстырғанда 173-ге артты. Бұл республикадағы (Респ. - 2275) «Алтын белгі» иегерлерінің 30%-ын құрады.

Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша облыстың орта балы 11,8 балға жоғарылап, «Алтын белгі» саны 371-ке артты.

96 бала халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарыстарының жеңімпаздары ретінде ҰБТ тапсырудан босатылды. Өткен жылғыдан 28-ге артық.

Облыс оқушыларының жетістіктеріне тоқталсақ:

- Жалпы білім беретін пәндерден өткізілген олимпиадада тұңғыш рет екі бағыт бойынша бірдей (жаратылыстану – математикалық бағытында және қоғамдық-гуманитарлық бағытында) жүлделі 3-орындарды иеленді.

- Қазақстандық «Бастау» математикалық турнирінде қазақ тобы І-орынды, орыс тобы ІІІ-орынды иеленді.

- «Жарқын болашақ» республикалық «КАТЕV» қазақ тілі олимпиадасында қатарынан үш жыл бойында І-орындарды иеленді.

- 1-7 сыныптар арасында өткізілген «Зерде» 10-шы Республикалық конкурсында тұңғыш рет І-орынды иеленді.

- Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша Президенттік олимпиадада  2 оқушы 2-орындарды иеленді.

- Халықаралық Жаутиков олимпиадасында 2 оқушы 3-орынды иеленді.

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыру

2015 жылы 11615 педагог кадр біліктілік арттыру курстарына өтуі жоспарланып, олар 2910-ы (4,5%) деңгейлік курстардан, 8705-ы (13,8%) қысқа мерзімді курстардан өтті. Жоспар толығымен орындалды. Бұл өз кезегінде білім сапасына оң әсерін тигізері анық. Сонымен қатар, біліктілік арттыру курстарынан өткен педагогтардың біліктілік санаттарыда бір санатқа жоғарылайтын болады.

Тәрбие жұмысы бойынша:

Білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы  тарапынан бала тәрбиесін жақсарту, олардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді.

2014 жылы 322 233 оқушы спорт секциялары мен түрлі үйірмелерге қамтылса, 2015 жылы 394 488 оқушы тиісті үйірмелерге қамтылып,  қамту көрсеткіші 67,5 %-ды құраған, немесе өткен жылмен салыстырғанда 12,4%-ға артқан. Бұл Мемлекет басшысы алға қойып отырған дені сау ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы игілікті жұмыстардың жалғасы.

2014 жылы мектептен тыс мекемелер саны 54 болса, 2015 жылы 4 мекемеге артып, 58-ге жетіп, 52 350 бала қамтылды немесе жалпы баланың 9,8 пайызын құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 41093 бала қамтылып немесе 9% болған. Мектептен тыс мекемелері балалар сабақтан бос уақыттарын тиімді өткізуді және құқықбұзушылықтың алдын-алу шаралары жүргізуге өз септігін тигізеді.

Облыс бойынша 2014 жылғы жазғы кезеңде қала сыртындағы 22 лагерге 37632 бала қамтылып, бұл 8,5 %  құраса, биылғы 2015 жылы қала сыртындағы 24 лагер жұмыс істеп, оған 64 261 бала қамтылып, бұл көрсеткіш  12,1% жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы 2014 жылмен салыстырғанда 3,6%-ға өскен.

Сонымен қатар, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2014 жылы бейнебақылау орнатылған мектептер саны 431 немесе 42,2% болған. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың 11 айында 897-ге, яғни 87,7% жеткен. Өткен жылмен салыстырғанда 466-ға немесе 51,9% артып отыр.

Бүгінгі таңда облыстағы 1022 білім мекемелерінің 214-не (20,4%) мектеп полиция инспекторлары бекітілген. Оның 98 бірлігі (45,7%) Шымкент қаласындағы мектептерге, қалған аудандарда криминогендік ахуалға қарай 2 немесе 4 мектепке 1 мектеп полиция инспекторы берілген.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2015 жылдың 12 айында жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық 2014 жылдың 12 айымен салыстырғанда 17,2 %-ға, немесе 354-тен 295-ке азайған.

Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы облыстың барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушы-тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және орын алған келеңсіз жағдайлар жөнінде жедел ақпарат беру, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлықтың және тағы да басқа мәселелердің алдын алу мақсатында WhatsApp /+7 707 530 06 01/ жүйесін іске қосты.

Облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы тарапынан WhatsApp жүйесіне түскен хабарламалар қадағаланып, тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Психологтар

2015 жылы облыс мектептерінде 1462 педагог-психолог жұмыс атқарады.

Балаларға, олардың ата-аналарына дер кезінде психологиялық көмек көрсететін, уақытша психологиялық бейімдеуден өтетін «Дағдарыс орталығын» ашу қажеттілігіне баса назар аударылып, бүгінгі таңда облыс әкімінің «Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Оңтүстік Қазақстан облысының білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» болып қайта аталу туралы» қаулысы шықты.

Ендігі жерде орталықта қосымша 5 психологтардың штаты қаралып, жеке қабылдау кабинеттер бөлінетін болды. Орталықта арнайы тәжірибелі психолог мамандар жұмыс жасайды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар туралы

Облыс бойынша 0-18 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі бала саны – 37085 (2013 ж. – 33445, 2014 ж. – 39029) болса, олардың        3-18 жас аралығындағылары - 34651. Оның ішінде:

- 3119-ы денсаулығына байланысты жеке үйде білім алатын;

- 2273-і арнайы мектеп-интернаттарда;

- 699-ы арнайы бала-бақшаларда;

- 152-і оңалту орталығында;

- 2259-ы психологиялық-педагогикалық-түзету кабинеттерінде арнайы  біліммен қамтылып, психологиялық-педагогикалық түзету көмегін алатын балалар.

6227-і (0-18 жас аралығындағы  балалардың жалпы санынан 16,7%) инклюзивті біліммен қамтылған.

Сонымен қатар, Әлеуметтік қорғау бөлімдерінің қызметімен қамтылғандар саны - 341("Психоневрологиялық - медициналық - әлеуметтік мекемесінде" – 198, Көк-сәйек мектеп-интернатында - 143) және 705 көмекші және жалпы орта мектеп бағдарламасымен оқуға жарамсыз балалар.

Бала жастан мүгедек бала саны15417.

Аталған контингентке 72 арнайы білім ұйымдары мемлекеттік қызмет көрсетеді. Оның ішінде: арнайы (коррекциялық) мектеп-интернаттар -12, арнайы балабақша - 5, психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес беру мекемесі (ПМПК) -2, оңалту орталығы -1, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері  (ППТК) – 16, логобекеттер- 36.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың мүддесін қорғау мақсатында, яғни қолайлы жағдай туғызу үшін облыстағы білім беру ұйымдарына 2015 жылы жергілікті бюджеттен 2 млрд. 185 млн. 496 мың теңге қаралса, республикалық бюджеттен 104 мил. 041 мың теңге бөлінді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2011 жылғы 6 сәуірдегі «Үйде оқытылатын мүгедек балалардың жұмыс орындарын бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулығына сәйкес, 842-і бағдарламалық-техникалық құралдармен қамтамасыз етіліп, барлығы интернет жүйесіне қосылған.

2012 жылдан бастап облыс әкімінің тапсырмасымен облыстық бюджеттен, қаржы бөлініп, саңырау балаларға кәсіптік білім беру қолға алынды, қазіргі таңда барлығы - 124 бала программист және дизайнер мамандықтары бойынша білім алуда, бітірушілердің 81,3%-ын құрайды.

Инклюзивті білім беру жүйесі

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы  11 ақпандағы №130 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» негізінде жасалған «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Аймақтарды дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған жоспарының» көрсеткіштерін орындау мақсатында атқарылған жұмыстар нәтижесімен 266 жалпы білім беру ұйымдарында 641 сыныптар (3889 бала), 37 логобекеттері бар мектептер (1330 бала) мен 57 арнайы топтар(54 топта 589 бала), логобекеттер (419 бала) ашқан балабақшаларда 6227 бала инклюзивті біліммен қамтылып, түзету жұмыстары жүргізілуде. Бұл 0-18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі 37085 балалардың жалпы санының 16,7%. Инклюзивті білім беру үшін жағдай жасаған мектептердің үлесі 30,1% болып орындалды.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жайлы мәлімет

Облыста 2939 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар болса,олардың қорғаншылық және қамқоршылыққа берілгені - 2276, патронаттық тәрбиеде – 241, білім ұйымдарында – 359 (62-«Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылы», 77-«Төлеби ауданындағы  №2 балалар үйі»,59-«№3 балалар үйі», 89-«№4 балалар үйі»,72-«Бауыржан» отбасы үлгісіндегі балалар ауылы), денсаулық сақтау ұйымында – 14 (Шымкент мамандандырылған бөбектер үйі), әлеуметтік қорғау ұйымдарында – 49 («Көксәйек» жарымжан балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі және Балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемесі).

Жалпы облыс бойынша 5 балалар үйі, 1 - жасөспірімдер үйі (121 жасөспірім) және 1-кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы (34 бала) қызмет атқарады.

Балалар үйі бойынша жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру мекемелерінде 359 балалар тәрбиеленуде.(Ұлттық құрамына қарай: қазақ-134, орыс-155, татар-24, өзбек-16, неміс-9, кәріс-4, тәжік-3, украин-3, мари-3, күрді-1, ұлты жоқ-7).  Олардың 99-ы тұл жетім,  257-і ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар. Асыраушысынан айырылуына және мүгедектігіне байланысты жәрдемақы алатын тәрбиеленушілер саны-167. Тәрбиеленушілердің жәрдемақылары  әрқайсысының өз аттарына ашылған жеке депозиттік есеп шоттарда олар кәмелеттік жасқа толғанша сақталуда. Балалар үйі әкімшілігі тарапынан тәрбиеленушілердің жеке депозиттік есеп шоттарынан алты айда бір рет жәрдемақы түсімі жөнінде үзінді алынып, тексеріледі. Есеп шотқа түскен үзінділері жөнінде тәрбиеленушілерге ақпарат беріліп, таныстырылады.

Тұрғын үйге мұқтаж жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың 2013 жылы 98-і, 2014 жылы 260-ы, баспанамен қамтамасыз етіліп, 162-ге артты. 2015 жылы облыс бойынша 168 бала тұрғын үйге қол жеткізді.

Әдістемелік, шығармашылық жұмыстар бойынша

Бала тәрбиесін жақсарту, білім мен тәрбие беру жүйесін тиімді ұйымдастыру арқылы жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында 2014 жылы 10 ірі көлемді іс шаралар өткізілсе, 2015 жылы іс-шаралар саны көбейіп, оған облыс көлемінде 21000-нан аса балалар тартылды.

Балалар арасындағы келеңсіз жайлардың алдын алу мақсатында барлық білім беру ұйымдарына «сенім телефондары» мен «сенім жәшіктері» қойылған.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 10 сәуір күні арнайы (түзету) білім ұйымдары басшылары мен аудандық, қалалық   білім бөлімдері мамандарның қатысуымен  Ленгір көмекші мектеп-интернатының базасында «Инклюзивті білім беру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өткізіліп, барлық аудан, қалалардағы білім беру ұйымдарының басшылары, мектеп психологтары, ата-аналар өкілдерінің қатысуымен жиындар өткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік бейімделуі және қоғамға кірігуі мәселесіне қоғамның назарын аудару және олардың шығармашылығын арттыру мақсатында 2015 жылы 7 сәуірде облыстағы мүкіндігі шектеулі балалар арасында «Жұлдызай» корпоративтік қорының қолдауымен  «Жұлдызай-2015» фестивалі өткізілді.

Облыстағы 13 арнайы мекемеден 149 бала 1 кезеңге қатысып, Көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының, Шымкент қосалқы, Ленгір тіл кемістігі бар балаларға арналған, Леңгір құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернаттарының және Көксәйек тірек қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған әлеуметтік мекемесі балаларының шығармашылығы іріктеліп, аталған білім ұйымдарының                      26 тәрбиеленушісі ІІ кезеңге Астана қаласына шақырылды.

II кезең Астана қаласында 2015 жылдың 25 мамыры мен 2 маусым аралығында Фестивальдің бірінші кезеңінің жеңімпаздарымен бірлесе өтті.

Гала-концертте Оңтүстік Қазақстан өңірінен қатысқан Фетиваль жеңімпаздары марапатталды.

Көксәйек тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған әлеуметтік мекемесінің тәрбиеленушілері Ахмет Асхат пен Жайна Ширшикбаева бас жүлдеге, вокал номинациясы бойынша көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушысы Құрал Бағдаулет І орын, аспаптық орындау номинациясы бойынша  Көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының оқушылары Әлім Нұртілеу, Маханбетұлы Оралбек, Әмір Азамат есімді оқушылар ІІ орынды иеленді. Яғни, мүмкіндігі шектеулі балалар арасында өткен «Жұлдызай» республикалық фестивалінде облыс өнерпаздары 4-ші жыл бас жүлдені жеңіп алып, облыс мерейін өсірді.

2015 жылғы сәуір айында Шымкент қосалқы мектеп-интернаты базасында  ақыл есі кем балалардың дене еңбегі мәдениетін қалыптастыру мақсатында оқушылармен «Спешиал Олимпикс» бағдарламасы аясында спорттық сайыстар «көңілді старт» өткізілді. Нәтижесінде шілде айында Жазғы Дүниежүзілік Арнайы Олимпиадаға Қазақстан құрамасының қатарында Шымкент қосалқы мектеп-интернатының үш тәрбиеленушісі (Рысбек Санат, Бердібек Абу және Олжасқожа Қосылбек) волейбол спорт түрінен Америка құрама штатына (22 шілде-06 тамыз 2015ж) барып, 170 елдің ішінен                     3 орынды иеленді.

Сонымен қатар, «Үміт» мектеп-интернатының оқушыларынан құралған  «Самғау» тобы Ресей әртісі Д.Гурцкаямен бірге ән айтып, Премия Муз ТВ гравитацияда қызыл кілем жолымен жүру құрметіне ие болды.

«Бала-Турквижин» байқауында облыстан «Үміт» мектеп-интернатының оқушысы Назима Исаханова жартылай жеңімпаз атанса, Исаханова Назима және Орынбек Рысдаулет «Самғау» тобы Мәскеу қаласындағы халықаралық «Белая трость» байқауында ән орындап, байқаудан дипломмен оралды.

2015 жылы сәуір айында  Шымкент қаласында Еркін күрестен өткен Республикалық жарысқа Леңгір құлағы нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернатының 10-сынып оқушысы Бейсенбай Бекайдар қатысып, жүлделі ІІІ орынды иеленді. Осы интернаттың 6 оқушысы Түркия мемлекетінің Анталья қаласына «IAF» өнер фестиваліне қатысып,                   І орынды иеленіп қайтты.

Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе қалаларында мүмкіндігі шектеулі балалардың арасында өткен республикалық жүзу спорт жарысында Шымкент қаласындағы №1 саңырау балалар мектеп-интернатының оқушылары Жарылқасын Диас, Жарылқасын Диана, Шалқарбай Бота, Денисенко Евгений, Проселкова Тамара, Еримбетов Мерей  есімді оқушылыра жүлделі І,ІІ,ІІІ орындарды иеленіп қайтты.

2015 жылғы 31 наурызда «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың әлеуметтік мәртебесін анықтау мәселелері» тақырыбында  облыстық семинар-кеңес ұйымдастырылды. Семинар-кеңесте жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды құжаттандыру, оларды орналастыру  мәселелері және бала құқығын қорғаудағы ата-ана, мектеп, қоғамның жауапкершіліктері мен міндеттері  жайлы мәселелер талқыланып, түсіндерме жұмыстары жүргізілді.

2015 жылғы 2 сәуірде қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің отырысы ұйымдастырылып, онда білім беру ұйымдарының басшыларына «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығының білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы және негізгі бағыттарын насихаттау жұмыстарының барысы талқыланды. Сонымен қатар, аудан, қалалардағы мүмкіндігі шектеулі балаларды үйде оқыту барысында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау  және инклюзивті білім беру жүйесінің сапасы мен балалар үйлері тәрбиеленушілерінің тұрмыстық, санитарлық-гигиеналық жағдайлары, медициналық көмек, ыстық тамақтың ұйымдастырылу дәрежесі қаралып, жұмысты жақсарту мақсатында бөлім отырысының ұсынымдық сипаттағы шешімі шығарылды.

2015 жылғы 29 сәуірде қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің ұйымдастыруымен «Бала құқығы басты назарда!» тақырыбында облыстық семинар ұйымдастырылып, оған облыстық прокуратура, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті, облыс әкімдігі, облыстық кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қызметкерлері  қатысты.

Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдары тәрбиеленушілері арасында Қазақстан Халықтар Ассамблеясының 20-жылдығы, Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы, Қазақ Хандығының 550 жылдығы қарсаңында  бала бойындағы патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Таңшолпан» республикалық конкурсының 1-ші кезеңі  Шымкент қаласындағы №4 балалар үйінің базасында өткізілді. Іс-шараға облысымыздағы 5 балалар үйлерінің 40 тәрбиеленушісі қатысып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрайымының арнайы сертификаттарын алды.

Байқаудың қорытындысы бойынша Арыс отбасылық балалар үйінің тәрбиеленушісі Бейсенбек Сағынбек  және №3 балалар үйінің тәрбиеленушісі Пак Карина Республикалық «Таңшолпан» конкурсына қатысуға және «Балдаурен» оқу –сауықтыру орталығында демалуға жолдама алды.

2015 жылдың 25 - 26 қыркүйек айында «Балдаурен» оқу –сауықтыру орталығында 32 баланың қатысуымен конкурс өткізіліп, 6 бала финалға шыққан болса, оның бірі Пак Карина болды.

Білім нысандарының құрылысы

2015 жылы республикалық және облыстық бюджет есебінен 24,06 млрд. теңгеге (РБ-9,3, ОБ-14,76) 104 білім нысанының (РБ-36, ОБ-68) құрылысы жүргізілді.

2015 жылы жоспарланған 66 (РБ-24, ОБ-42) білім нысаны толығымен тапсырылды (50 мектеп, 11 балабақша, 5 қосымша құрылыс).

Қосымша жергілікті бюджет және демеуші есебінен 16 білім нысанының құрылысы, яғни 9 мектеп, 1 мектепке 60 орындық жатақхана, 6 балабақша тапсырылды.

Жалпы барлығы 82 (59 мектеп – 19925 орын, 1 мектепке 60 орындық жатақхана, 17 балабақша - 3115, 5 қосымша құрылыс - 800) нысан тапсырылды.

Нәтижесінде, 30 апатты және 3 үш ауысымды мектептерге жаңа құрылыс салынып мәселесі шешілді.

Апатты 48 мектептің проблемасын шешу бойынша

Слайд – 36 2014, 2015 жылдары ғимараты апатты мектептерге жаңа 32 мектеп құрылысы салынып, пайдалануға беріліп, бүгінгі күні облысымыздағы 48 апатты мектептің 16 –ы қалды.

16 мектептің 10 (ҰҚ - 2, ОБ - 8) мектебінің құрылысы басталып, жүргізілуде. Қалған 6 мектептің 5 мектебінің құрылысын «Ұлттық қор» есебінен 2016 жылы бастап, салу үшін басқарма тарапынан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне ұсыныс жасалынып (толық құжаттары министрлікке тапсырылды), қазіргі кезде қолдау тауып отыр. Ал,           1 мектепке облыстық бюджет есебінен биылғы жылға қаржысы қаралып, жөндеу қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

Үш ауысымда оқытатын 25 мектептің проблемасын шешу бойынша

Үш ауысымдағы 25 мектептің бүгінге 4 мектебінің құрылысы аяқталды.

Қалған 21 мектептің 9 (ҰҚ - 7, ОБ - 2) мектебінің құрылысы жүргізілуде, ал 12 (ҰҚ - 9, ОБ - 3) мектептің құрылысы 2016-2017 жылдарға жоспарлануда.

Оның ішінде, «Ұлттық қор» есебінен құрылысы салынуы жоспарланған 9 мектептің 6 мектебінің құрылысын 2016 жылы бастап жүргізуге министрлікке ұсыныс жасалынып, қолдау тапса, 3 мектебінің қрылысын 2017 жылы салу жоспарланған. Облыстық бюджет есебінен биылғы жылға 1 мектептің құрылысын бастауға қаржысы қаралса, 2 мектебінің құрылысын 2017 жылға жоспарлануда.

2016 жылы Ұлттық қор және облыстық бюджет есебінен 12,5 млрд. теңгеге (ҰҚ – 3,2, ОБ – 9,3 млрд. тң.) 43 білім нысанының (ҰҚ – 10, ОБ - 33) құрылысын салу жоспарланған. Оның 3-і 2017 жылға өтпелі.

2016 жылы 40 (ҰҚ – 10, ОБ - 30) білім нысанының құрылысын тапсыру жоспарлануда, оның ішінде 34 (ҰҚ – 9, ОБ - 25) мектеп, 4 (РБ – 2, ҰҚ – 1, ОБ - 1) балабақша, 2 (ОБ - 2) мектепке қосымша құрылыс.

Нәтижесінде, 9 (ҰҚ – 2, ОБ - 7) апатты, 10 (ҰҚ – 7, Об - 3) үш ауысымды, 3 (ОБ - 3) мектебі жоқ елді мекенге жаңа мектеп және 4 (РБ – 2, ҰҚ – 1, ОБ - 1) балабақшаның проблемасы шешіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беру

Слайд - 38. Облыстағы 90 колледжде 97 мамандық бойынша 70905 оқушы білім алса (оның ішінде 42 мемлекеттік колледжде 35634 оқушы, 48 жекеменшік колледжде 35271 оқушы), соның ішінде мемлекеттік тапсырыспен оқитыны 27436, яғни 38,7%-ды құрайды.

Бітірушілердің жұмысқа орналасуы

Колледждерді бітіруші түлектердің жұмыспен қамтылу көрсеткіші 2014 жылы – 91 пайыз болса, оның ішінде зейнетақы қоры арқылы жұмысқа орналасу көрсеткіші 75,2%, 2015 жылы жалпы көрсеткіш - 88,6 пайызды құрады.

«Техникалық және кәсіптік білім беруді модернизациялау» жобасы аясында Дүниежүзілік банк есебінен 2014 жылы облыстағы 5 колледж (№2,№3, Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы, Қапланбек гуманитарлық агробизнес колледждері) 285 млн теңге көлемінде грантты иеленсе, 2015 жылы 2 колледж (Түркістан гуманитарлық-техникалық, Кентау көпсалалы колледждері) 92 млн теңге көлемінде грантты иеленіп отыр.Осы гранттардың нәтижесімен соңғы екі жылда 60 оқытушы Германия, Франция, Швейцария, Белоруссия, Ресей т.б. елдерде біліктіліктерін арттыру курстарынан өтіп, белгіленген мамандықтар бойынша грантты иеленген колледждер әлемдік стандарттарға негізделіп жасалынған эксперименттік модульдық оқу жоспарлары мен бағдарламаларымен оқытылуда.

Облыста кәсіптік білім беру жүйесін дамыту мақсатында 6 сала уризм және қызмет көрсету, тігін, тоқыма және тамақ өндірісі, транспорт, ауылшаруашылық, құрылыс, техникалық және энергетика саласы) бойынша 12 колледж базалық колледждер болып белгіленді.Осы базалық колледждер өз салалары бойынша облыстың басқа колледждеріне оқытудың озық технологиялары мен ғылымдағы жаңалықтарды оқыту әдістемесіне енгізуге, теория мен практиканы ұштастыруда әдістемелік көмек көрсететін колледждер ретінде жұмыстар атқаруда.

Аграрлық сала бойынша базалық колледж болып табылатын Шымкент аграрлық колледжіне студенттердің теория мен өндірістік тәжірибесін ұштастырып ауыл шаруашылығының озық технологияларын пайдаланып мамандар даярлау үшін облыстық бюджеттен оқу-өндірістік базасын салуға 441 млн қаржы бөлініп пайдалануға берілді. 2016 жылдан бастап, осы  колледждің базасында ауылшаруашылық мамандарын дайындайтын колледждердің оқытушылары мен өндірістік шеберлеріне біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастырып өткізу жоспарланып, жүргізілуде.

Дуальді оқыту жүйесін жетілдіру мақсатында облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, құрылыс, техникалық, ауылшаруашылық және қызмет көрсету салалары бойынша 2015 жылы 28 колледж (оның ішінде 20 колледж мемлекеттік, 8 колледж жекеменшік) 39 мамандық бойынша 101 кәсіпорынмен 4 жақты келісімшарттар (кәсіпкерлер палатасы, кәсіпорын, білім басқармасы, колледж) жасау арқылы 1347 студент дуальді оқыту  жүйесімен оқытылуда.

Колледждерде дуальды оқытуды енгізу бойынша біздің облыс 2015 жылы екі рет республикалық семинар өткізді.

Сонымен қатар, Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен білім басқармасымен бірлесіп Германия Республикасынан арнайы мамандар шақырылып «Кәсіпкерлікті дамыту және техникалық білім берудің жаңа жолдары» тақырыбында облыстағы дуалды оқытуды жүргізетін колледждер мен әлеуметтік әріптестерге бір апталық мастер-класс сабақтар өткізілді. Шымкент аграрлық колледжі базасында осы қараша айында Германиядан келген мамандар бір апталық тәжірибе алмасу сабақтарын өткізді.

WorldSkills Халықаралық ассоциациясына 2014 жылы Қазақстан 70-қатысушысы болып еніп, Астана қаласында өткен Ұлттық WorldSkills чемпионатына Оңтүстік Қазақстаннан 3 колледждің (№3, 6 және «Мирас» колледжі) студенттері қатысып, Шымкент қаласындағы №6 колледждің студенті аспаз мамандығы бойынша 2-орынды,Оңтүстік Қазақстан «Мирас»экономикалық колледжінің студенті шаштараз мамандығы бойынша номинациясын иемденді. Сонымен қатар, №3 колледждің арнайы пән оқытушысы Нұрмағанбетов Бауыржан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бастауымен өткізілген «2015 жылдың үздік педагогы» республикалық байқауының бас жүлдесі және 1 млн. 950 мың теңге грантын «Заманауи технологиялар. Токарлық станоктық жабдықтың люнет-тетігін әзірлеуде Ultimaker 2 3D-принтерін қолдану. Механикалық өңдеу технологиясы» тақырыбындағы ғылыми инновациялық жобасы үшін жеңіп алды.

Жастар саясаты

Оңтүстік Қазақстан облысындағы 2 млн. астам тұрғындардың ішіндегі 14-29 жас аралығындағы жастар саны 767 963. Оның ішінде ауыл жастарының саны 431 мың, қала жастарының саны 337 мың.

«Мәңгілік ел жастары - Индустрияға» жобасы («Серпін»)

2015 жылы «Мәңгілік ел жастары - Индустрияға» жобасы аясында Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуға 6495 жас өтініш білдірді.

Нәтижесінде жоғары оқу орындарына бөлінген 5000 гранттың 2580 (51,6%), арнаулы орта оқу орындарына бөлінген 1200 гранттың 359-ына (30%) Оңтүстік Қазақстан облысының жастары иеленді.

Дипломмен ауылға

2015 жылы «Дипломмен ауылға» бағдарламасына республикалық бюджеттен 746 жас маманға 103 575,0 мың теңге көлемінде көтермелеу жәрдемақы берілсе, тұрғын үй алу үшін 300 жас маманға 2879,9 мың теңге көлемінде несие берілді.

Бағдарлама бойынша білім саласына - 481,  денсаулық сақтау саласына - 178, әлеуметтік салаға – 3, мәдениет саласына - 1, спорт саласына -   10, ветеринария саласына – 13 жас орналастырылды.

Жастар практикасы

Жастар практикасын ұйымдастыру мақсатында жоғары және орта арнаулы орта ұйымдарының 1741 түлек бітірушілері 2015 жылдың 1 қарашасына дейін жолданған (жоспар - 1374 адам). 2015 жылы жастар практикасына қатысқан 530 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.

Жастарды кәсіпкерлікке баулу

2015 жылдың басынан бері аудан, қалаларда ашылған «Кәсіпкерлік мектептерінен» жалпы 17 557 азамат оқудан өтіп, сертификатталған. Бүгінгі күнге 17 жас «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан өз кәсіптерін дамыту үшін несие алған.

Барлық 15 аудан, қалаларда «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету» орталықтары мен «Кәсіпкерлік мектебі» бар. Мақсаты - облыс тұрғындарының жұмыспен қамтылуын ұлғайтуға ықпал жасау, шағын және орта бизнес иелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және елімізді дамыта отырып өзі дами алатын тұлға қалыптастыру.

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары

2015 жылы «Жасыл ел» бағдарламасын Оңтүстік Қазақстан облысында жүзеге асыру мақсатында облыстық бюджеттен 4 млн. теңге қаралды.

Қазіргі таңда облыстық «Жасыл ел» штабы Шымкент қаласындағы 4 мекемемен (ЛТД «Тұрмыс», «Шымкент жасыл қала», «Бәйтерек» ЛБ, «Автоматика») меморандумға отырып бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген.

2015 жылғы жұмыс маусымында 1000 жас жұмыспен қамтамасыз етілді. Жастардың еңбек жалақысы орташа 30 000 - 35 000 теңгені құрады.

«Студенттік құрылыс жасақтары»

2015 жылы, Студенттердің жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Студенттік құрылыс жасақтарына» М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті құрылыс мамандығында білім алатын 500 студент қамтылып, 12 мердігер компанияларда жұмыстар атқарды. Студенттердің орташа айлық жалақылары 55-60 мың теңгені құрады.

«Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасынның 3-ші бағыты шеңберінде 2012-2015 жыл аралығында Шымкент қаласы, «Нұрсәт» шағынауданында орналасқан 6 көпқабатты тұрғын үйлерге 480 отбасы қоныстандырылды. Оның 347 отбасы жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалалар (95 – аудандардан, 252 отбасы Шымкент қаласынан).

2015 жылы 270 жас отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді, соның ішінде 2 жетім.

«Бізбен бірге» ерікті жастар жобасы

2014 жылы тамыз айынан бастап «Бізбен бірге» еріктілер мектебі өз жұмысын бастады.

2015 жылғы мамыр айында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай «70 күн –  70 игі іс» атты марафон ұйымдастырды. Аталған марафон аясында облыстағы жоғары оқу орындарында Жеңіс мерекесі кеңінен аталып өтілді.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірінен бастап облыстық «Жастар орталығы» ғимаратында жас еріктілердің бастамасымен Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен отандастарымызға көмек көрсету мақсатында қайырымдылық көмек ұйымдастырылды.

23 сәуір күні жинаған барлық заттар Қарағанды облысына жіберілді. Жалпы 9,2 тн гуманитарлық көмек жиналса, оның 2,5 тн жылы киімдер, ал 7 тн азық-түлік жиналды.

Бүгінгі таңда еріктілерді «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне қатысуға байланысты іріктеу және дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Тілдерді дамыту бағытындағы атқарылған іс-шаралар

Слайд – 51. Оңтүстік Қазақстан облысы – еліміздегі ұлттық салт-дәстүріміз бен мәдениетіміз, тіліміздің мәртебесі сақталған аймақтың бірі.

Елімізде 17 миллионға жуық халық болса, оның әрбір бесіншісі Оңтүстікте тұрады. Халық саны жағынан біз бірінші орындамыз.

Облысымызда 2 788 404 адам тұрады. Оның 72,8 пайызы қазақ, 16,7 пайызы өзбек, 4,7 пайызы орыс, 1,2 пайызы тәжік, 1,2  пайызы әзірбайжан, қалған  3,3 пайызы  басқа этностар.

Президентіміз  2011 жылғы Жолдауында: «Біздің міндетіміз – 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді білетін қазақстандықтар санын 80 пайызға, 2020 жылға қарай 95 пайызға жеткізу. Біз сол сияқты орыс тілін және өзге де қазақстандық этностар тілін дамытатын боламыз. 2020 жылға қарай ағылшын тілін білетін тұрғындар саны кемінде 20 пайызды құрауы тиіс деп есептеймін», – деген болатын.

Бүгінде облыстағы мемлекеттік тілді меңгергендер 90,0 пайызға, орыс тілін меңгергендер 61,5  пайызға, ағылшын тілін меңгергендер 7,0 пайызға жетті.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген. Республика бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қазақ тілінде оқытудың пайыздық көрсеткіші 62,5 %-ды құраса, облыстағы бұл көрсеткіш 82%-ға жеткен. Еліміздегі мектептердің 51,9 %-ы, ал облыс мектептерінің 72,4 %-ы қазақ тілінде білім береді.

Елбасы Жолдауында мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектері 100 пайызды құрауы тиіс деген нақты тапсырма берілген. Облыстағы 1022 мектептегі 584089 оқушының (434199) 74,3 пайызы қазақ сыныбында білім алады.

Мемлекеттік тілдің қажеттілігі мен маңыздылығын ұғынған өзге ұлт өкілдері де балаларын қазақ тілінде тәрбие беретін балабақшалар мен мектептерге бере бастады. Облыста 2014 жылы 14964 өзге ұлт өкілі қазақ сыныптарында білім алса, 2015 жылы 16325-ге жетті.

Облыстағы жоғары оқу орындары мен тіл оқыту орталықтарында қазақ, орыс, ағылшын, неміс, француз, испан, араб, түрік, қытай, корей тілдері (10 тіл) оқытылады.

Облыстағы ірі кәсіпорындар ОҚО ТД «Қазақтелеком» АҚ филиалы, «PetroKazakhstan Oil Prodakts» ЖШС, «ҚАЗТРАНСОЙЛ» АҚ, «ҚазАйроНовигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорының Шымкент филиалы, ОҚО Ішкі істер департаменті сияқты ірі мекемелерде мемлекеттік тілді оқыту курсы ұйымдастырылып қана қоймай, тілдер  мерекесіне орай өзге этнос өкілдері арасында іс-шаралар өткізіліп келеді.

Облыс тұрғындарының лингвистикалық капиталын дамыту бағытында жүйелі жұмыс атқарылуда.

Облыстағы 756233 өзге ұлт өкілінің 62,0 пайызы өзбек, 17,4 пайызы орыс, 4,5 пайызы тәжік, 4,3 пайызы әзірбайжан, қалған 11,8 пайызы облыстағы 101 ұлттың өкілдерін құрайды.

Оңтүстікте тұратын өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді және өз ана тілдерін оқып-үйренуіне толық жағдай жасалған. Облыста 15 өзбек, 9 орыс, 15 өзбек, 4 тәжік, 251 қазақ-орыс, қазақ-өзбек, қазақ-өзбек, тәжік мектептері мен колледждері бар.

Облыс көлемінде қазіргі таңда 12 – телеарна, 3 – радио, 9 – ақпараттық сайт, 175 - газет, 37 - журнал тұрақты жұмыс жасауда.

Оның 62,7 %-ы қазақ тілінде, 11,4 %-ы орыс тілінде, 3,8 %-ы өзбек тілінде, 17,7 %-ы қазақ, орыс тілдерінде, 2,5 %-ы  қазақ, орыс, өзбек тілдерінде, 1,2%-ы қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде таралады.

Оның 126-сы қоғамдық-саяси,  ақпараттық, сараптамалық, 51-і танымдық, ойын-сауықтық, 13-і балаларға арналған, 46-сы салалық  тақырыптық бағытта жұмыс істейді.

Орыс, өзбек драма театрлары,  8 қазақ-орыс тілдерінде, 29 орыс тілінде, 10 өзбек тілінде, 1 қазақ-өзбек тілдерінде таралатын бұқаралық ақпарат құралдары бар.

Облыста 25 ұлттың тілі мектепте, этномәдени орталықтарда, тіл оқыту орталықтарында кеңінен оқытылып, күнделікті қолданылуда (қазақ, орыс, өзбек, тәжік, неміс, кәріс, түрік, татар, грек, поляк, ұйғыр, еврит, армян, күрді, парсы, грузин, қырғыз, қарақалпақ, әзірбайжан, шешен, ағылшын, француз, испан, қытай, араб).

Елбасының 2011 жылғы және «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік тілмен қатар, орыс, ағылшын тілдерін де меңгеру мәселесі қойылды.

Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында  тілдерді оқыту орталықтары ашылуда.

Елбасы Жолдауындағы міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс аумағында 14 мемлекеттік тілдерді оқыту орталықтары  ашылып, бүгінде үш тілде  яғни, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін ересек тұрғындарға тегін үйретуде.

2015 жылдың қорытындысы бойынша тіл оқыту орталықтарында 4611 адам, оның ішінде қазақ тілін 2000 адам (оның ішінде 423-і мемқызметшілер), орыс тілін 1084 адам (оның ішінде110-ы мемқызметшілер), 1527 адам  ағылшын тілін (оның ішінде 280-і мемқызметшілер) оқуда, 2470 адамға сертификат берілді.

Облыстағы мемлекеттік қызметшілердің 96%-ы қазақ, 4%-ы өзге ұлт өкілдерін құрайды. Олардың 99%-ы мемлекеттік тілде еркін ісқағаз жүргізе алады. Ал, 76%-ы орыс тілін, 2%-ы ағылшын тілін меңгерген.

М.Әуезов атындағы ОҚМУ-да «Тілдерді оқыту бөлімі» және 25 жеке меншік нысандағы тіл оқыту орталықтары бар. Олармен меморандум жасалған.

20 этномәдени орталықтың төрағаларымен өзара қарым-қатынасты нығайту мен іс-шаралар өткізу жөніндегі меморандумға қол қойылған. 11 жексенбілік мектепке магнитті - маркерлі тақталар мен компьютер, құрал-жабдықтар, әдістемелік  құралдар тапсырылды.

Мұғалімдеріне мемлекеттік тілді оқытудың жаңа технологиялары бойынша семинарлар өткізіліп, түрлі әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілді.

Меморандум аясында облыстағы өзге этностардың тілдерін дамыту мақсатында «Ой сана», «Тіл - парасат» байқаулары өткізілді.

Облыс жастары арасында, білім мекемелерінде, мемлекеттік органдарда, халыққа қызмет көрсету салаларында, облыстағы этно мәдени орталықтар арасында жалпы қоғамда мемлекеттік тілдің мерейлі мәртебесін үстем етуге, оны  еліміздің  ертеңі ретінде бағалап, дамытуға шақыру мақсатында 500-ге жуық жастардың  қатысуымен облыстық «Ана тілім – қасиетім, ардағым» фестивалі өтті.

Фестивальде өзге этнос жастары, ой-пікірлерін барша көрермендерге баяндап, жалындаған жастарға мемлекеттік тілді жетік меңгеруге және әр аудан, қаладан тілдерді дамытуға үлес қосып жүрген азаматтар, этномәдени орталық мүшелері марапатталды.

Көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды іздеу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы XVI облыстық байқауы өтті. Бас жүлде иегері Астана қаласында өтетін  республикалық байқауға  жолдама алды.

Ақпараттық технологияларды дұрыс пайдалану арқылы сабақтарды жаңаша ұйымдастыру мен оқыту мәселесін талқылап, пікір алмасу мақсатында «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық семинар өткізілді.

Жастардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңыздылығын насихаттау мақсатында 18 бен 30 жас аралығындағы өзге этнос жастары арасында «Тіл – татулық тірегі» облыстық байқауы өтті.

«Ересек тұрғындарға қазақ тілін екінші тіл немесе шетел тілі ретінде оқытуға арналған қазақ тілін оқытушылар мен әдіскерлеріне арналған «Тіл меңгеру, оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау» бойынша біліктілікті арттыру семинары өтті. ҚАЗТЕСТ-тің маңыздылығы жөнінде 200-ден астам түрлі саланың мамандары ақпарат алып, 50 тіл саласының маманы арнайы сертификат алды.

Облыстағы өзге этнос жастары арасында «Абай оқулары» байқауы өтті. Байқауға аудан, қалалардан 14 үміткер қатысып, бас жүлде иегері Астана қаласында өткен республикалық байқаудан бас жүлдені иеленіп, 170 000 мың теңгеге сертификат алды.

«Тіл – достық тірегі» дөңгелек үстел, он-лайн семинарлар, «Мемлекеттік тілдің үздігі» облыстық олимпиада, «Тіл мерейі» тілдерді оқыту орталықтарының, жоғары және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары арасында облыстық байқаулары ұйымдастырылды.                           

Облыстың орталық көшелеріне Елбасының жолдауынан үзінділер, тіл туралы қанатты сөздер, тіл саясатын насихаттауға байланысты 4 көшеге билбордтар ілінді.

Көп тіл білу ежелден білімділік пен дарындылықтың белгісі болған. Осы бағытта жастардың мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігін арттыру, шет тілдерін үйренуге деген құлшынысына қолдау көрсету мақсатында «Тіл-тұнық ойдың кәусары» облыстық байқауы өтті.

2015 жылы облыстағы түрлі саладан 3000-ға жуық қызметші ҚАЗТЕСТ тапсырды. Қазан-қараша айларында халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері, төтенше жағдайлар, әділет департамент қызметкерлері ҚАЗТЕСТ тапсыруға өтініш жасап, қалалық тіл оқыту орталығы арқылы тест тапсырды.

ҚАЗТЕСТ-тің маңыздылығы жөнінде 200-ден астам түрлі саланың мамандарына семинар ұйымдастырылып, сертификат берілді.

Рухани байлығымыздың, этникалық мәдениетіміздің белгісі – есімдер мен атаулар – әр ғасырдың ескерткіші ретінде халқымыздың тарихынан, салт-дәстүрінен, діни ұғымынан дерек беретін қайнар көзі болып табылады. «Жер-судың аты – тарихтың аты» деп еліміз бекер айтпайды.

Ономастика

Облыста 4 облыстық, 4 аудандық маңызы бар қала, 11 аудан, 185 ауылдық округ, 937 елді мекен, 11146 көше бар. Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы атауы жоқ 973 көше, 2015 жылы 112 көше нөмірленіп, мекен жай тіркелімі ақпараттық жүйесіне енгізілді.

Алайда, Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 14 сәуірдегі №20-56/1555 тапсырмасына сәйкес тоқтамнан тыс «Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары мен әскери бөлімін атау және қайта атау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №360 Қаулысы қабылданып 6 мектептің атауы өзгертілді. Олар: Арыс қаласындағы №1 жалпы орта мектебіне Кеңес Одағының батыры Е.Молдабаевтың, Түлкібас ауданындағы №21 шағын жинақты бастауыш мектебіне Н.Қасымбековтың, Кемербастау жалпы орта мектебін С.Рахымовтың, Ордабасы ауданындағы Шұбарсу жалпы орта мектебін соғыс ардагері  М.Исламқұловтың, Отырар ауданындағы Шілік жалпы орта мектебін С.Құртаевтың, Қоғам жалпы орта мектебін С.Әшіровтың есімдерін бірқатар мектептерге беру және қайта атау қарастырылған.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Б.Сапарбаевтың тапсырмасына сәйкес тоқтамнан тыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру бойынша  облыстық ономастика комиссиясының 15 шілдедегі  бірінші отырысында 5 мектеп, 1елдімекен, 3 көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныстар қаралып, нәтижесінде оң шешімін тапты.

Республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алған Шымкент қаласының 5 көшесіне облыстық мәслихатпен әкімдіктің бірлескен шешімі шығарылып, әділет департаментіне тіркелді. 5 мектептің құжаттары Республикалық ономастикалық комиссиясында қаралып, 2 мектептің ұсынысы оң қорытынды алды.

Облыстық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы екінші отырысында аудан, қаладан түскен 30 ұсыныс қаралып нәтижесінде 7 мектеп, 1 саябақ, 16 көшенің құжаттары оң шешімін тауып, қалған 1 мектеп,  2 елдімекен, 2 көше, 1 мәдениет үйі құжаттары толық рәсімделмеуіне байланысты кері қайтарылды.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Айтахановтың қатысуымен 2015 жылы 31 наурызда «Атаулар – ата тарихымыздың түп-тамыры» атты облыстық конференция өткізілді. Конференцияның мақсатыономастика мәселелерін жетілдіру, елді мекендердің тарихи атауларын қалпына келтіру, өзекті мәселелерді талқылау мен оларды шешу жолдарын анықтау.

Конференцияға облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, облыстық ономастика комиссиясының мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары,  мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары мен қызметкерлері, жастар қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, БАҚ өкілдері қатысты.

2015 жылғы 21 сәуірде «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнін рәсімдеуді реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Мәжілістің мақсаты – облыс тұрғындары мен жастар арасында төлқұжаттағы ата тегіміздің дұрыс жазылуын насихаттау, құжаттандыру жұмыстарына жауапты мекемелердің атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, өзекті мәселелерді талқылау, пікір алмасу.

Мәжіліске облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының, облыстық әділет департаментінің, халыққа қызмет көрсету орталығының, облыстық жастар орталығы мен білім беру мекемелерінің қызметкерлері, студенттер мен оқушылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөніне байланысты «Ұлты қазақ азаматтардың аты-жөніндегі қосымшаларға байланысты мектептердегі жоғары сынып оқушылары мен жас отбасы иелерімен, жұртшылықпен «Қазақы дәстүрге сай құжат алдың ба?», «Текті түзеу – тектілік» атты семинарлар өткізіп, түсіндіру жұмыстарының негізінде  2013 жылы туылған балалардың 52%-ы, 2014 жылы туылған балалардың 73%-ы, 2015 жылғы 82%-ы -ов, -ев, -ин, ина аффикстерінсіз қазақы дәстүрге сай құжатқа ие болды.

2015 жылғы 30 қыркүйекте «Көрнекі ақпарат тілін ұлт мүддесіне сай ретке келтіру мәселелері» атты облыстық семинар өтті. Семинардың басты мақсаты Қазақстан Республикасындағы тіл туралы ҚР Заңының, Жарнама туралы заңының орындалуын түсіндіру, облыс бойынша көрнекі ақпараттардың тақырыптық маңыздылығы мен грамматикалық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Іс-шаралардың барлығы бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихатталып, басылымдарда жарық көрді.

 

Жарияланған: 11.03.2016 - 14:52:33
Жаңартылған: 11.03.2016 - 14:54:22
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі