Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Саланың жағдай мен дамуын мінездейтін статистикалық мәліметтер мен көрсеткіштер

-A A +A

Архив саласы  

Бүгінгі таңда облыста басқармаға қарайтын 19 архив мекемелері жұмыс істейді. Жалпы қорлар саны 4606,   ішінде 1,5 млн құжаттар сақталуда.

Архивтердің негізгі қызметі (көрсеткіштер)  

2015 жылы   31967 құжаттар  мемлекеттік сақтауға қабылданды.  2016 жылғы 1 тоқсанда 4613 құжаттардың сақтау бірлігі қабылданды. Облыс әкімдігінің жанындағы сараптау-тексеру комиссиясының 23 отырысы өткізілді. Комиссия отырысында 43776 қаралып, келісілді.

Құжаттардың сақталуын  қамтамасыз ету жағдайы (көрсеткіштер)                                                 

2015 жылы 14829,5 мың теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген (3)нысан.  2015 жылы 75675,0 мың теңге қаржыға күрделі жөндеуден өткен (3) нысан.

2015 жылы құрылысы жүргізілген архив нысан (1) 525,0 млн. теңге қаржыға соғылған .

Мемлекеттік қызмет көрсету (көрсеткіштер)

2015 жылы зңды және жеке тұлғалардан 46477  сұраныстар  келіп түсті, қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны 34850 сұраныс. 2014 жылы түскен сұраныстардың жалпы санымен - 38933 салыстырғанда, сұраныстардың саны 19% пайызға өсіп отыр. 2016 жылы 11774  сұраныстар  келіп түсті, қанағаттанарлық нәтижесімен орындалғаны  9724 сұраныс.

Материалдық-техникалық қамтамасыз ету

Архив саласының материалдық-техникалық жағдайының жақсаруы мен дамуына 2015 жылға қарастырылған 500448,0 мың теңге жыл ішінде мақсатты түрде толығымен игерілді. 2016 жылға  421240,0  мың теңге бөлінді.

Архив саласы (кадрлар)

Жалпы мұрағат саласында 341,75 қызметші жұмыс істейді.

айлық жалақы:

архивист (жаңа бастаған)- 53 мың теңге;

архивистердің (санаты жоқ) - 60 мың теңге;

архивистердің  (жоғары санаты) -90 мың теңге.

Ескерту: ауылдық архивистерге базалық қызметтік жалақы 25% көлемінде ауылдық үстем ақы төленеді.

 Перспективалары: 

1. Облыстағы мекеме, ұйым, кәсіпорындарында ведомстволық  сақтауда тұрған  құжаттардың орталықтандырылған есебін жүргізу;

2. Ұлттық мұрағат қорын толықтыру мақсатында мекемелерден толыққанды құжаттарды жинақтап мемлекеттік сақтауға қабылдау;

3. Халыққа қызмет көрсетудің сапасын  арттыру.                              

Проблемалық мәселелер:

1. Түркістан қалалық мұрағатының ғимаратына жалғастырыла тұрғызылатын құжат сақтайтын қойма салу қажет;

2. Отырар аудандық мұрағатының өз ғимараты жоқ; 

3. Сайрам аудандық мұрағатының отырған жайы өте тар, сондықтан мекемелерден құжаттарды қабылдау мүмкіндігі болмай отыр.       

Тілдерді дамыту бойынша (көрсеткіштер)

Облыста мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 90,0%-ды құрайды, орыс тілін 61,5%-ы, ағылшын тілін 7,8%-ы меңгерген.  Барлық аудан, қалаларда ( тұрғындарды оқытатын) мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын  14 орталық жұмыс жасайды. 2015 жылы тіл оқыту орталықтарында  7081 адам, оның ішінде  қазақ тілін 2000 адам (оның ішінде 423-і мемқызметшілер), орыс тілін 1084 адам (оның ішінде 110-ы мемқызметшілер), ағылшын тілін 1527 адам (оның ішінде 280-і мемқызметшілер) оқып шықты.  2015 жылы облыстағы түрлі саладан 2882 қызметші ҚАЗТЕСТ тапсырды. 

Тілдерді дамыту саласына бөлінген қаржы

2015 жылы тілдерді дамыту саласына бөлінген қаржыға    (7670,0 теңге ) 12 шара жоспарланып, (2 семинар, 10 байқау) іс-шаралар ұйымдастырылып, БАҚ-та жарияланды. Ал 2016 жылы  тілдерді дамыту саласына бөлінген қаржы - 10428,8 теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 2758,8 мыңға артып отыр.

Ономастика бойынша (көрсеткіштер)

2015 жылы мораторийден тыс 6 мектептің атауы өзгертілді.  Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырлары мен бірнеше медальдармен марапатталған Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін беру бойынша  облыстық ономастика комиссиясының  2 отырысы өтті. Отырыстарда 12 мектеп, 1елді мекен, 1 саябақ, 19 көшенің атауын өзгерту бойынша ұсыныстар қаралып, нәтижесінде оң шешімін тапты.                     Республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алған Шымкент қаласының    5 көшесіне облыстық мәслихат пен әкімдіктің бірлескен шешімі шығарылып, әділет департаментінде тіркелді.

2016 жылы Республикалық ономастикалық комиссияның оң қорытын-дысын алған 6 мектеп, 11 көше (Арыс-3, Шымкент-7, Түркістан-1) құжаттары бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жарнама 

Қазіргі таңда облыстағы 7629 коммерциялық нысанның маңдайша, жарнама жазуларының 7259-ы заңға сәйкес. Аудандық, қалалық, облыстық насихат топтарының бірлесе жұмыс істеуінің нәтижесінде 82 нысанның жарнама мәтіндері ретке келтірілді. Қалған 288 коммерциялық нысанның маңдайша жарнама жазуларының заңға сәйкестендіру жұмыстары жүргізілуде.

Перспективалары:      

 1.Даму бағдарлдамасына сәйкес, мемлекеттік тілді меңгергендер үлесін 2016 жылға 91,0%-ға, ағылшын тілін меңгергендер үлесін 13,5 %-ға, үш тілді меңгергендер үлесін 10 %-ға жеткізу;

2.Мемлекет басшысының кезекті Жолдауында 2017 жылға қарай мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесін  80%-ға, ағылшын  тілін меңгерген тұрғындардың үлесін 22%-ға дейін жеткізу;

3. Көрнекі ақпарат саласындағы «Тіл туралы» заңнамаларға сәйкес келмейтін   288 жарнаманы заңға сәйкестендіру;          

4.Ономастикалық жұмыстарға жарияланған мораторий аяқталған соң облыстағы өзгертуді қажет ететін 2 ауылдық округ, 14 елді мекен, 277 көше бойынша тиісті жұмыстар жүргізу;

 

Жарияланған: 20.04.2016 - 12:32:29
Жаңартылған: 20.04.2016 - 12:35:00
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі