Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Саланың жағдайы мен даму статистикасын сипаттайтын статистикалық деректер және көрсеткіштер

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының

2017 жылғы қаңтар-қазан айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

 

Өнеркәсіп. Облыста 683,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңіне – 101,2% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 21,4% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 2,4% кеміп, 146,1 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 68,4%) өнімінің нақты көлем индексі – 104,0%, немесе өнім көлемі 467,8 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 57,5 млрд. теңгені, немесе 92,4% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 12,5 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылға 103,7% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 1,7 есеге (45,4 мың тонна), портландцемент – 11,7% (2527,9 мың тонна), кірпіштер – 2,5% (145,2 мың м3).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 471,6 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,4%-ға артып, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 282,2 млрд. теңге (101,7%), мал шаруашылығы – 188,2 млрд. теңгені құрады (103,4%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 173,2 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 626,2 мың тонна – сүт, 283,5 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылға – 104,7%, 101,7% және 110,7% құрады.

2017 жылдың 1 қарашасына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 925,6 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,9%, қой – 3813,6 мың басты, немесе 101,7%, жылқы – 285 мың басты, немесе 119,7%, түйе – 25,5 мың басты, немесе 106,8%, шошқа – 20,1 мың басты, немесе 74,9%, құс саны – 2537,3 мың басты, немесе 102,3% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 127,9 млн. тонна жүк және 2081,5 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылға – тиісінше, 100,0% және 104,7% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 46,7%-ға, жолаушылар тасымалдау – 49,9%-ға артты, тиісінше, 1370 тонна жүк және 1622 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 8738,4 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңінен 0,8% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 59,2% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 19,1%, интернетке – 45,4% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 қарашасына 177,0 мың бірлікті немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 104,9% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2017 жылғы 1 шілдеге 357,4 мың адамды, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 104,8% құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 381,6 млрд. теңгені немесе 105,5% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 374,9 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 129,1% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 28,5%, немесе 106,9 млрд. теңгені, меншікті қаражаттары – 46,5% немесе 174,3 млрд.теңгені, қарыз қаражаты – 21,9%, немесе 82,0 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп (50,8%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (10,3%) және көлік пен қоймалау (11,8%) болып табылады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 160,2 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 104,1% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 34,7 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе 128,6%.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 525,5 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылға 120,9% құрады.

Сыртқы сауда. 2017 жылдың қаңтар-қыркүйегінде облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 2153,3 млн. АҚШ долларын немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 122,5% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше 827,6 млн. АҚШ долларын немесе 89,6% құраса, импорт – 1325,7 млн. АҚШ долларын немесе 158,8% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдерімен экспорт – 179,8 млн. АҚШ долларын (немесе 71,9%), импорт – 1325,7 млн. АҚШ долларын (немесе 158,8%) құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2017 жылдың 1 қарашасына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 251,1 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 111%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,3% құрады.

Республикалық бюджет 151,6 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 60,4%), немесе, жоспарға – 114,6%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 95,6% құрады.

Жергілікті бюджетке 99,5 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 105,9% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 114,6% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2017 жылғы 1 қазанына екінші деңгейлі банктермен 231,9 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 44,3%-ға артса, оның ішінде, ипотекалық несиелендіруге 7,7 млрд. теңге несие берілді, немесе 1,7 есеге артқан.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 34,5 млрд.теңгені құрап, 15,5%-ға артқан.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 63,7%, ауыл шаруашылығы – 1,0%, өнеркәсіп – 18,5%, сауда – 14,8%, құрылыс саласына – 2,0% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 264,1 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 18,3% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (60,3%) ұлттық валютада.

Бағалар. 2017 жылдың қазанында облыста тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың желтоқсанына 106,1% құрады. Азық-түлік тауарлары – 4,3%-ға, азық-түлік емес тауарлар – 8,6%-ға және ақылы қызметтер – 5,8%-ға жоғарылады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Жыл басынан бері аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 886 адамды, немесе облыс халқының 0,03% құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек 1015 азаматқа 23,1 млн. теңге мөлшерінде көрсетілді. 18 жасқа дейінгі 322,8 мың балаға 3 587,5 млн.теңге жәрдемақы төленді. Тұрғын үй көмегі 4779 отбасыға 160,5 млн.теңге төленді.

Демография. 2017 жылдың 1 қазанына облыс халқының саны 2 914,1 мың адамды құрады.

Жұмыспен қамту. 2017 жылдың ІІІ тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1179,3 мың адамды, жұмыссыздар саны – 62,6 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,3% құрады.

Халықтың табысы. 2017 жылғы ІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 45530 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға өсті, нақты ақшалай табыс 3,2%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 38 нысанның құрылысына 3 735,1 млн. теңге қарастырылды.

10 денсаулық сақтау нысанының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 1 047,9 млн. теңге және 39 нысанның ЖСҚ-ын әзірлеуге 333,8 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен – 6,6 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 704,7 млн.теңге қарастырылды.

Сала желісі 848 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 96 – аурухана, 244 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 225 – медициналық пункт, 264 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 19– басқалары.

Білім беру. Облыста 183,3 мың тәрбиеленушісі бар 1714 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1284 балабақша, 430 шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 59,4%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 82,5% құрады.

2017-2018 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1029, ондағы оқушылар саны –633,9 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1020 қосылған, интернет жүйелеріне – 955 қосылған. Мектептер 40,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 15 оқушыдан келеді.

256 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 742 мектепке 1504 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 94 колледж (оның ішінде 43 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 74,2 мың оқушыны (мемлекеттік – 34,6 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 734 мәдениет және өнер мекемелері, оның ішінде: 427 – кiтапхана, 257 – клубтық мекеме, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 1 – көркем сурет галереясы, 8 – театр, 7 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5397 – спорт нысандары, оның ішінде 23 – стадион, 3901 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 755,0 мың адамды немесе облыс халқының 25,9% құрайды.

 

Результаты согласования

15.11.2017 17:32:32: Керимбекова Л.У. (Отдел экономического развития и анализа) - - cогласовано без замечаний

Результат подписания

15.11.2017 17:34:41 Тастанов К. А.. Подписано

 

***

Оңтүстік Қазақстан облысының

2017 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы

әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі қорытындысы

 

Өнеркәсіп. Облыста 599,2 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімі өндірілді, нақты көлем индексі 2016 жылдың сәйкес кезеңіне – 100,2% құрады.

Облыстағы өндірілген өнеркәсіп өнім көлемінің 20,9% үлесін құрайтын тау-кен өндіру саласында өндірілген өнім көлемі 1,8% кеміп, 125,3 млрд. теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібі (үлесі 68,5%) өнімінің нақты көлем индексі – 102,1%, немесе өнім көлемі 410,8 млрд. теңгені құрады.

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда 52,0 млрд. теңгені, немесе 93,1% құрады.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда 11,1 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылға 103,3% құрады.

Аса маңызды өнімдердің ішінде мақта талшығы – 2,5 есеге (34,6 мың тонна), тауарлық бетон – 3,8% (951,8 мың тонна), портландцемент – 13,8% (2245,6 мың тонна).

Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 376,5 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2%-ға артып, оның ішінде өсімдік шаруашылығы – 203,5 млрд. теңге (100,8%), мал шаруашылығы – 172,1 млрд. теңгені құрады (103,5%).

Облыстың барлық шаруашылық санаттарында 153,4 мың тонна – ет (тірідей салмақта), 575,7 мың тонна – сүт, 254,6 млн. дана – жұмыртқа өндірілді, немесе тиісінше, өткен жылға – 104,9%, 101,9% және 109,6% құрады.

2017 жылдың 1 қазанына облыстағы шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара мал саны – 949,8 мың басты, немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне – 105,8%, қой – 3956,6 мың басты, немесе 101,6%, жылқы – 291,6 мың басты, немесе 119,5%, түйе – 25,8 мың басты, немесе 106,9%, шошқа – 20,9 мың басты, немесе 75%, құс саны – 2606,6 мың басты, немесе 98,8% құрады.

Көлік және байланыс. Темір жол көлігінен басқа, облыста барлық көлік түрлерімен 115,5 млн. тонна жүк және 1853,7 млн. жолаушы тасымалданған, немесе өткен жылға – тиісінше, 100,0% және 104,6% құрады.

Әуе көлігімен жүк тасымалдау – 56%-ға, жолаушылар тасымалдау – 50,6%-ға артты, тиісінше, 1230 тонна жүк және 1489,1 мың жолаушы тасымалданды.

Байланыс кәсіпорындары 7853,4 млн. теңгеге қызмет көрсеткен, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңінен 0,1% артты. Халыққа көрсетілген қызметтің үлесі 59,2% құрады.

Табыстың басым үлесі – жергілікті телефон байланысына – 19,2%, интернетке – 45,4% тиесілі.

Шағын кәсіпкерлік. Жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің саны 2017 жылдың 1 қазанына 176,6 мың бірлікті немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 104,2% құрады.

ШОК жұмыспен қамтылғандар саны 2017 жылғы 1 шілдеге 357,4 мың адамды, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 104,8% құрады.

2017 жылғы қаңтар-маусымда шағын және орта кәсіпкерліктегі субъектілерінің өнім шығарылымы (тауарлар, қызмет көрсетулер) 381,6 млрд. теңгені немесе 105,5% құрады.

Инвестиция саласы. Облыс экономикасын дамытуға, бағалау есебімен негізгі қорға 312,3 млрд. теңге инвестиция бағытталды, немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 123,5% құрады.

Мемлекеттік бюджет қаржыларының үлесі 29,6%, немесе 92,4 млрд. теңгені, меншікті қаражаттары – 46,4% немесе 145,0 млрд.теңгені, қарыз қаражаты – 20,8%, немесе 64,8 млрд.теңгені құрады.

Инвестиция салымдарының басым салалары өнеркәсіп (48,7%), жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар (11,4%) және көлік пен қоймалау (12,1%) болып табылады.

Құрылыс. Құрылыс жұмыстарының көлемі 134,6 млрд. теңгені, немесе өткен жылдың тиісті кезеңіне 100,3% құрады.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 32,0 млрд. теңге инвестиция бағытталған, немесе 132,4%.

Пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы алаңы 461,5 мың шаршы метрді, немесе, өткен жылға 119,8% құрады.

Сыртқы сауда. 2017 жылдың қаңтар-тамызында облыстың сыртқы сауда айналымының көлемі 1855 млн. АҚШ долларын немесе 2016 жылдың тиісті кезеңіне 121,7% құрады, оның ішінде экспорт, тиісінше 720,6 млн. АҚШ долларын немесе 89,1% құраса, импорт – 1134,4 млн. АҚШ долларын немесе 158,5% құрады.

Евразиялық Экономикалық Одақ елдерімен экспорт – 160,6 млн. АҚШ долларын (немесе 74,1%), импорт – 272,4 млн. АҚШ долларын (немесе 134,0%) құрады.

Салықтық-бюджеттік сала. 2017 жылдың 1 қазанына мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі 229,6 млрд. теңгені, немесе жоспарға – 111,5%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 102,0% құрады.

Республикалық бюджет 138,7 млрд.теңгені (бұл түсімдердің жалпы көлемінің – 60,4%), немесе, жоспарға – 114,4%, өткен жылдың тиісті кезеңіне – 95,7% құрады.

Жергілікті бюджетке 90,9 млрд. теңге түсіп, жоспарға – 107,5% және өткен жылдың тиісті кезеңіне – 113,3% құрады.

Ақша-несие саясаты. 2017 жылғы 1 қыркүйекке екінші деңгейлі банктермен 206,1 млрд. теңге көлемінде несие берілді, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге артса, оның ішінде, ипотекалық несиелендіруге 6,7 млрд. теңге несие берілді, немесе 1,7 есеге артқан.

Шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытуға берілген несиелердің көлемі 27,2 млрд.теңгені құрап, 1,4 есеге артқан.

Екінші деңгейдегі банктер несиесі негізінен – жеке тұлғаларға тұтыну мақсатында және басқада жеке қызмет түрлеріне – 63,4%, ауыл шаруашылығы – 1,0%, өнеркәсіп – 18,8%, сауда – 14,7%, құрылыс саласына – 2,1% берілген.

Облыс банктеріндегі халық салымдарының көлемі 284,3 млрд. теңгені құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңінен 16,9% артқан. Халық салымдарының басым бөлігі (62,1%) ұлттық валютада.

Бағалар. 2017 жылдың қыркүйегінде облыста тұтыну бағаларының индексі 2016 жылдың желтоқсанына 104,8% құрады. Азық-түлік тауарлары – 3,0%-ға, азық-түлік емес тауарлар 5,8%-ға және ақылы қызметтер – 5,9%-ға жоғарылады.

Халықты әлеуметтік қорғау. Жыл басынан бері аз қамтамасыз етілген азаматтар саны 886 адамды, немесе облыс халқының 0,03% құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек 1015 азаматқа 23,1 млн. теңге мөлшерінде көрсетілді. 18 жасқа дейінгі 232,6 мың балаға 3 850,2 млн.теңге жәрдемақы төленді. Тұрғын үй көмегі 4779 отбасыға 160,5 млн.теңге төленді.

Демография. 2017 жылдың 1 қыркүйекке облыс халқының саны 2 909,4 мың адамды құрады.

Жұмыспен қамту. 2017 жылдың 2 тоқсанында облыста экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны 1192,2 мың адамды, жұмыссыздар саны – 62,5 мың адамды, жалпы жұмыссыздық деңгейі – 5,2% құрады.

Халықтың табысы. 2017 жылғы ІІІ тоқсанда облыс халқының бір айда орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы 45 530 теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға өсті, нақты ақшалай табыс 3,2%-ға төмендеді.

Денсаулық сақтау. 2017 жылы облыстық бюджет есебінен 38 нысанның құрылысына 3 900,6 млн. теңге қарастырылды.

10 денсаулық сақтау нысанының күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге облыстық бюджеттен 1 047,9 млн. теңге және 40 нысанның ЖСҚ-ын әзірлеуге 333,8 млн. теңге қарастырылған.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен – 6,7 млрд. теңге, республикалық бюджеттен – 704,7 млн.теңге қарастырылды.

Сала желісі 846 мемлекеттік мекемелерден құралады, оның ішінде: 97 – аурухана, 241 – амбулаторлы-емханалық мекеме, 225 – медициналық пункт, 264 – фельдшерлік-амбулаториялық пункт, 19– басқалары.

Білім беру. Облыста 180,8 мың тәрбиеленушісі бар 1672 мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелері жұмыс істейді, оның 1212 балабақша, 460 шағын орталықтар.

Балалардың мектепке дейінгі біліммен қамту деңгейі (1 жастан 6 жасқа дейін) – 50,5%, «Балапан» бағдарламасы (3 жастан 6 жасқа дейін) бойынша – 86,1% құрады.

2016-2017 оқу жылында жалпы орта білім беру мектептерінің саны – 1021, ондағы оқушылар саны – 611,3 мың адам.

Жалпы орта білім беретін мектептердің байланыс жүйелеріне – 1020 қосылған, интернет жүйелеріне – 955 қосылған. Мектептер 40,3 мың бірлік компьютерлік техникамен жабдықталған, немесе бір компьютерге 15,2 оқушыдан келеді.

256 мектепке спутниктік оқу телеарналары арқылы қашықтықтан оқыту жүйесі қосылған және 742 мектепке 1504 интерактивті тақталар орнатылған.

Орта білімді мамандар даярлаумен 91 колледж (оның ішінде 43 – мемлекеттік) жұмыс істейді, жалпы контингенті 70,9 мың оқушыны (мемлекеттік – 35,5 мың оқушы) құрады.

Мәдениет. Облыста 734 мәдениет және өнер мекемелері, оның ішінде: 427 – кiтапхана, 257 – клубтық мекеме, 25 – мұражай (оның 11 филиал), 1 – көркем сурет галереясы, 8 – театр, 7 – демалыс саябағы, 1 - цирк және т.б. халыққа мәдени қызмет көрсетуде.

Спорт. Облыста 5379 – спорт нысандары, оның ішінде 23 – стадион, 3891 – жазық-алаңшалық ғимараттар, халықтың, оның ішінде оқитын жастардың арасында көпшілік спорттық-сауықтыру жұмыстарына бағытталған.

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың саны 751,3 мың адамды немесе облыс халқының 25,4% құрайды.

 

 

 

Жарияланған: 07.06.2017 - 19:30:17
Жаңартылған: 29.11.2017 - 10:11:05
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі