Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Шетел мемлекеттері, халықаралық және шетел ұйымдары, қорынан алынған, пайдалaнылған гранттар туралы ақпара

-A A +A

Эразмус+ - Еуропалық Одақтың білім беру мен оқыту, спорт және жастар саясаты салаларындағы академиялық ұтқырлыққа, әріптестікке, жобаларға қолдау көрсетуге бағытталған 2014-2020 жж. арналған жаңа бағдарламасы.

Эразмус+ бағдарламасы білім беру мен оқыту жүйесінің тұрақты дамуы мен жаңартылуына, спорт және жастар саясатын дамытуға қолдау көрсетуге, сондай-ақ азаматтардың қабілеттерін арттыру арқылы олардың жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыруға бағытталған. Жаңа бағдарлама адами потенциалға салынатын инвестициялар көлемін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр.

Бұл бағдарлама 2007-2013 жылдарда жұмыс істеген Өмір бойы білім алу бағдарламасы (Эразмус, Леонардо да Винчи, Комениус және Грюндтвиг), Жастар іс-қимылы, бес халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары (Эразмус Мундус, Темпус, Альфа, Едюлинк және өнеркәсіп дамыған елдермен ынтымақтастық бағдарламасы) сияқты бағдарламалардың біріктірілуінен жасалған. Еуропалық Одақтың негізгі бастамаларының мұндай бірлестігі Бағдарламаның құрылымын ұтымды етуге ықпал етеді, алдағы уақытта гранттарға өтініш беру барысын жеңілдетеді, қаржы құралдарын қолдану тиімділігін арттырады және қайталауларды болдырмауға, қолданыстағы бағдарламалардың бөлшектенуін болдырмауға ықпал етеді.

Ағылшын тіліндегі толық ақпаратты мына сайттан көруге болады: http://ec.europa.eu/programmes/erasmus-plus/index_en.htm.

Erasmus+ KA 107 бағдарламасы шеңберінде М.Ауезов атындағы ОҚМУ келесі ЖОО

  1. Пиза Университеті
  2. Валенсия Техниқалық университеті
  3. Падуя Университеті
  4. Деусто Университеті
  5. Кадис Университеті 
  6. А. И. Кузы атындағы Яссы университеті
  7. Латвия ауылшаруашылық университеті
  8. Лодз Университеті
  9. Варна менеджмент университеті

 2015-2016 оқу жылында М.Ауезов атындағы ОҚМУ Erasmus+ KA 107 бағдарламасы шеңберінде  6 студентті Еуропаның университеттеріне оқуға жібернді.  2016-2017 оқу жылында 12 студентті жіберу жоспарланған.

Erasmus+ KA 107 бағдарламасы студенттер мен магистраттардың Еуропалық ЖОО-да оқуына, жатақханасына, жолына жұмсалатын шығындарды өтейді және стипендияны төлейді.

Жарияланған: 06.12.2016 - 15:22:37
Жаңартылған: 06.12.2016 - 16:00:12
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі