Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Шымкент қалалық құрылыс бөлімі» ММ жүргізілген аудиторлық тексеру бойынша ақпарат

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі аудит қызметімен «Шымкент қалалық құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне тиімділік және сәйкестік аудиті жүргізіліп, нәтижесінде 59612,4 мың теңге көлемінде  қаржылық бұзушылықтар анықталған.

Анықталған бұзушылықтарды жою және алдын алу мақсатында қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауды, жауапты лауазымды тұлғаларға заңнама талаптарын түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруды және келісімшартта көзделген талаптар мен қолданыстағы басқа да заңнама талаптарына қатаң сәйкестікте жұмыс жасау ұсынылды.

Сонымен қатар, бақылаудан тыс қалдырып, кемшіліктердің орын алуына жол бергені үшін cалаға жетекшілік ететін Шымкент қаласы әкімі орынбасарының және құрылыс бөлім басшысының жауапкершілігін заңда белгіленген тәртіппен қарау, бөлімдегі жұмыстардың тиісті деңгейінде атқарылуына жауапты мамандардың тәртіптік жауапкершілігін қарау ұсынылды.

Жарияланған: 15.07.2016 - 10:24:48
Жаңартылған: 29.11.2016 - 16:10:00
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі