Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Стратегиялық бағыт бойынша меморгандар қызметін 2015 жылғы бағалау нәтижелерi туралы сараптамалық қорытынды

-A A +A

№ исх: 62-17/3347-13   от: 21.06.2016

Стратегиялық бағыт бойынша меморгандар қызметін

2015 жылғы бағалау нәтижелерi туралы

сараптамалық қорытынды

Жалпы ақпарат

Аталған бағыт бойынша бағалау (1) стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу, (2) стратегиялық құжаттарда проблемалардың болуын анықтау мақсатында жүргізілген талдаудың толықтығы, сондай-ақ (3) тәуекелдерді басқару сапасы (ОМО бойынша ғана) сияқты критерийлер арқылы мемлекеттік жоспарлау жүйесін оңтайландыруға және мемлекеттік органдардың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу деңгейін арттыруға бағытталған.

2015 жылы бағаланатын 12 ОМО және 16 әкімдіктермен 1 254 мақсаттар пен міндеттер іске асырылды, ол өткен кезеңмен салыстырғанда 1,2 есеартық(2014 жылы – 1009).

Бұл ретте, толық қол жеткізілген мақсаттар мен міндеттер үлесі өткен кезең деңгейінде қалды:ОМО – 77%, әкімдіктер –64%.

Бағалау нәтижелері

2015 жылғы бұл бағыт бойынша бағалау нәтижелері орташа 89 баллды құрады, ол 2014 жылғы деңгейден 1 баллға жоғары.

Орталық мемлекеттік органдар арасындаСІМ үшінші жыл қатарынан жетекші орынға ие (99 балл). Аталған нәтиже стратегиялық жоспарды талдау сапасы және толықтығының жоғары деңгейі (96%), мақсаттар мен міндеттерге толық қол жеткізу (100%) және тәуекелдерді басқару мәселелерінің толық пысықталуымен (100%) негізделген. Сонымен қатар, екі жыл бойы СІМ-нің айыппұл балдары жоқ.

ЭМ (96) және ИДМ-де (93) де жоғары балдар белгіленді.

Аталған бағыт бойынша БҒМ және ҰБ (81), ӘдМ (82) қызметтің төмен тиімділігін байқатты.Мұндай нәтижелер сапасыз жоспарлау тәжірибесімен, мақсаттар мен міндеттерді іске асыру деңгейінің әлсіздігімен, сондай-ақ тәуекелдерді басқару мәселелерінің жеткілікті дәрежеде пысықталмауымен түсіндіріледі.

Жергілікті атқарушы органдар арасындаАстана қ., СҚО және Жамбыл облысының әкімдіктері жоғары баллдарға ие болды (94).

Стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге толық қол жеткізбеу және көрсеткіштерді сапасыз жоспарлағаны үшін айыппұл баллдарының болуымен байланысты ең төмен баллдардыАлматы қ. және Ақтөбе облысы (89) әкімдіктері алды.

Қорытындылар

Тұтас алғанда, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлау саласында қызметінің біршама жақсаруы байқалады. Осылайша, тиімділігі жоғары мемлекеттік органдар үлесі 2015 жылы 57%-ға жетті (2010 жылы – 0), мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізудің орташа коэффициенті 92%-ды құрады, ол 2010 жылғы көрсеткіштен 1,04 есе жоғары (88%).

Сонымен бірге аталған бағыт бойынша мемлекеттік органдардың қызметінде мынадай «әлсіз» жақтар бар.

1.Уәкілетті орган(ҰЭМ) және Мемлекеттік басқару академиясы бірігіп мемлекеттік қызметшілерді стратегиялық жоспарлауға және бюджет процестеріне оқыту бойынша жүргізіп жатқан іс-шараларына қарамастан (анықтама: 2015 жылы 500-ден астам мемлекеттік қызметшілер аталған бағыт бойынша оқып шықты/қайта даярлықтан өтті), стратегиялық жоспарлар мен АДБ-ныңсапасыз жоспарлануы орын алып отыр.

2014 жылмен салыстырғанда нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштерінің артығымен орындалу фактілері 7,5 есе асып кетті (41-ден 309-ға дейін өсу). Бұл ретте, олардың негізгі үлесі әкімдіктерге тиесілі– 193 факт(62%).

Артығымен орындалу фактілерінің ең жоғары үлесі Ақтөбе (18), Ақмола (17) және Павлодар (16) облыстарында байқалады. Негізінен мемлекеттік органдар жоспарлы мәндерді әдейі төмендетіп, оларға «көп күш жұмсамай» қол жеткізеді. Мысалы, Алматы облысының АДБ-да «Табиғи жайылым алқаптарының құрамындағы жайылым айналымының үлесі» көрсеткіші бойынша факт жоспардан 40 есеасырылып орындалды.

Сонымен қатар, әр стратегиялық жоспар және АДБ бойынша «Талдау сапасы мен толықтығы» критерийі бойынша ескертулер бар. Сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында тәуекелдерді басқару бойынша шартты іс-шараларға жол беріледі.Осылайша, Энергетика министрлігінің стратегиялық жоспарында ескерілген тәуекелдерді басқару бойынша 35 іс-шараның 17-сі ғана тәуекелді азайтуға/алдын алуға бағытталған.

2. ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің рейтингісінде Қазақстан көрсеткіштерін жақсарту бойынша жұмыс лайықты деңгейде жүргізіліп жатқан жоқ.Осылайша, СІМ мен ИДМ қоспағанда барлық ОМО 2015 жылы оларға толыққанды қол жеткізуді қамтамасыз етпеді. Қол жеткізілмеген индикаторлардың жоғары үлесі ДСӘДМ, БҒМ және ҰЭМ байқалады.

3.Мемлекеттік органдар экономика, әлеуметтік сала және ауыл шаруашылығында, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді әлсіз қарқындармен іске асырып жатыр.

Тұтас алғанда, өңірлермен экономикада 111 көрсеткішке, әлеуметтік салада одан да көп – 119 көрсеткішке толық көлемде қол жеткізілмеген. Өңірлер бөлінісінде экономикада қол жеткізілмеген көрсеткіштердің ең жоғары саны Қостанай облысында (13) және ШҚО-да (11), әлеуметтік салада міндеттердің көп бөлігі Маңғыстау (13), Қарағанды және Қызылорда (12) облыстарында орындалмай жатыр.

Бірқатар өңірлерде қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша жұмыс әлсіз жүргізіліп жатыр. Мысалы, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарында ұрлық, бұзақылық, сондай-ақ ақ ЖКО саны, су тасқыны мен су жүру, жылжымалар, жер сілкіністері, селдер, жергілікті маңызы бар өрттерден адам құрбандары санының азаюы қамтамасыз етілмеген. 

Ақтөбе облысында тіл саясаты саласында заңнаманыбұзышылықтардың65 фактісі анықталды, бұл ретте оларды 30-ға дейін (2,1 есе асып кету) азайту қажет болған. 

Орталық мемлекеттік органдарда да стратегиялық жоспарлардың мақсаттары мен міндеттері тиісінше іске асырылмаған. Мысалы, БҒМ бастауыш және орта біліммен қамту, ТжКБқолжетімділігі, сондай-ақ білім беру қызметтерінің сапасы бойынша көрсеткіштерге қол жеткізу қамтамасыз етілмеді. Сонымен бірге, басқа қала студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыс жүргізілмеген. Студенттердің 24%-на ғана тұрғын үй ұсынылған, ол жоспарланған көрсеткіштен 3,3 есе аз.

АШМ-менАӨК дамыту саласындағы мақсаттар мен міндеттер толық іске асырылмады. Мысалы, малды ұстау және мал шаруашылығы өнімдерін шығару бойынша экономикалық қолжетімділікті арттыру бойынша міндеттің тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткізілмеді. Сонымен қатар, АШМ жауапкершілікті басқаға жүктеу тәжірибесін жалғастырып отыр. Осылайша, «Ауыл шаруашылық дақылдарының егістік аудандарының өсуі» нысаналы индикаторына қол жеткізбеу себептерінің ішінде қалыпсыз табиғи жағдай, «Сақтандырумен қамтылған егістік аудандарының үлесі» нысаналы индикаторы бойынша – егістіктерді міндетті сақтандыру бойынша ЖАО төмен ұйымдастырылуы көрсетілді.

Ұсынымдар

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде:

1) барлық бағаланатын меморгандарғабағалау нәтижелерімен танысып, мынадай шараларды қабылдау қажет:

болжамды-талдамалық жұмысты күшейту, нақты мәндері жоспарлы мәндерінен асып түсетін көрсеткіштер бойынша тиісті түзету жүргізу;

стратегиялық жоспарды іске асыру барысына әсер ететін тәуекелдерді басқару бойынша талдау сапасын күшейту;

Қазақстанның ДЭФ Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі рейтингісінде көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ету;

жоспарлау процесіне қатысатын кадрлардың сапалық құрамына талдау жасап, олардың біліктілігі деңгейін арттыру;

2) мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орган (ҰЭМ):

мемлекеттік органдар арасында стратегиялық және бюджеттік жоспарлаудың негізгі аспектілері бойынша түсіндіру жұмысын өзектендіру;

мемлекеттік жоспарлау жүйесі процестерін жетілдіру бойынша әдіснамалық жұмыста бағалау нәтижелерін ескеру қажет.

 

 

ПрезидентӘкімшілігінің Басшысы,

Сараптамалық комиссияның төрағасы

 

Н.Нығматулин

Президент Әкімшілігі

Басшысыныңорынбасары,

Сараптамалық комиссия

төрағасыныңорынбасары

 

Ққсақалов

Сараптамалық комиссияның хатшысы

А.Манасова

 

Жарияланған: 31.10.2016 - 11:58:08
Жаңартылған: 29.11.2016 - 15:30:24
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі