Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Су ресурстары

-A A +A

Облысымыз аграрлы, жеріміз суармалы жер болғандықтан, айналымнан шыққан суармалы жерлерді қайта қалпына келтіру мақсатында және облыс әкімі А. Мырзахметовтың тапсырмасына сәйкес, жалпы айналымнан шыққан жерлерді анықтап, сол жерлерге баратын каналдар мен арықтардың жағдайын зерттеп, толық түгендеу жұмыстары нәтижесінде бірінші кезекте қалпына келтіруді қажет ететін су шаруашылығы нысандарын  қалпына келтіру жұмыстары атқарылды.
Облыс бойынша 3 жыл ішінде су шаруашылығы нысандарын  қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде жалпы 447 415 га суармалы жердің айналымнан шыққан 103 691 га жер толығымен  қайта айналымға қосылды. Оның ішінде 2011 жылы 6 су қойманы, 973,9 шақырымдық 128 каналды, 212,0 шақырымдық 31 қашыртқыны,  73 дана тік ұңғыманы қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 26661 гектар суармалы жерлер қайта ауыл шаруашылығы айналымына қосылды.
2012 жылы 3 су қоймасы, 3 су тоғаны, 874 шақырымдық 104 канал,  450 шақырымдық 166 қашыртқыны қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 36886 га суармалы жерді ағын сумен қамтамасыз ету жақсарды және 915 га жер ауыл шаруашылығы айналымына жаңадан қосылды.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағында орналасқан 41 су қоймасының 20 - республикалық меншікте, 13 - облыстық коммуналдық меншікте, 1 - аудандық коммуналдық меншікте , 7 - жеке меншікте.
Су тасқыны салдарынан төтенше жағдайды болдырмау мақсатында 2011 жылы Созақ ауданындағы Бақырлы, Ақсүмбе, Түлкібас ауданындағы Құлан, Төлеби ауданындағы Текесу, Ақжар, Ащы су қоймаларында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 2012 жылы Қазығұрт ауданындағы Көкібел, Ағанай су қоймаларында, Түркістан қаласындағы Майдантал су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Жер бетiндегi судың ластануын, қоқысталуы мен сарқылуын болдырмау, су объектілерi мен су шаруашылығы құрылыстарын санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға, сондай-ақ жануарлар мен өсiмдіктер дүниесiн сақтау талаптарына сәйкес жай-күйде ұстау үшiн су қорғау аймақтары мен белдеулерi белгiленедi.
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жалпы ұзындығы 4700 шақырымды құрайтын 122 өзен бар. Оның ішінде су қорғау аймағы мен белдеулерін орнатуға қажетті ұзындығы - 4437 шақырым.
2005-2011 жылдар аралығында облыс көлемінде жалпы ұзындығы 1952  шақырымды құрайтын 60 өзенге және 2012 жылы жалпы ұзындығы  745 шақырымды құрайтын 32 өзенге су қорғау аймақтары мен белдеулері орнатылды.
 

Жарияланған: 29.09.2015 - 17:41:58
Жаңартылған: 25.05.2016 - 11:12:52
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі