Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаудың талдамалық анықтамалары

-A A +A

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 21 қарашада № 14441 болып тіркелді

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік

қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектісі) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу тәртібін айқындайды.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау

жүргізудің тәртібі

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің басшысының, ол болмаған жағдайда оның міндеттерін атқарушының немесе оның лауазымын алмастырушының шешімі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу негіздемесі болып табылады.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы шешім, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерінің негізінде қабылданады.

Осы Үлгілік қағидаларда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектілерінің басшылары мемлекеттік органның және оның ведомстволарының, ұйымдардың басшылары, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде ағымдағы басшылықты жүзеге асыратын басшылары болып анықталады.

4. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге уәкілетті адам немесе оның шешімімен құрылатын жұмыс тобы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізеді.

Бірінші басшының шешімі бойынша жұмыс тобының құрамына сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзге де субъектілерінің мамандарын және (немесе) сарапшыларын тартуға құқылы.

5. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің құрылымдық бөлімшесінің, ведомствосының, ведомстволық бағынысты ұйымының, аумақтық және оған теңестірілген бөлімшелерінің (бұдан әрі – бөлімше) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың объектісі болып табылады.

6. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы шешімде мынадай ақпарат болады:

1) қызметі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауға жататын бөлімшенің атауы;

2) осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың бағыты;

3) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізетін құрылымдық бөлімше, лауазымды тұлға (лауазымды тұлғалар) немесе жұмыс тобының персоналдық құрамы туралы;

4) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі;

5) сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің лауазымды тұлғасы.

7. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізудің мерзімділігін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың субъектілері айқындайды.

8. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

9. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актірлерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталады.

10. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі деп мынадай мәселелер түсіндіріледі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызмет көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5) бақылау функцияларын іске асыру;

6) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

11. Мыналар:

1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

6) сот актілері;

7) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

12. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша мыналарды:

1) анықталған сыбайлас жемқорлық тауекелдері туралы ақпаратты;

2) оларды жою бойынша ұсынымдарды;

3) анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсынымдарды іске асыру мерзімдерін қамтитын талдамалық анықтама әзірленеді.

13. Талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізген адамдармен, қызметінде сыбайлас жемқорлыққа талдау жүргізілген бөлімше басшысымен келісіледі және оған осы Үлгілік қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген лауазымды тұлғамен қол қойылады.

14. Анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою туралы ұсынымдар бар талдамалық анықтама сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субъектісінің бірінші басшысына қарау және шаралар қолдану үшін ұсынылады.

15. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша қабылданған (қабылданып жатқан) шаралар туралы ақпарат сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің интернет-ресурсында орналастырылады.

16. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелерін сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау субъектісінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша, соның ішінде алқа, консультативтік-кеңесші органдарының отырыстарында жария талқылауға жол беріледі.

Сыбайлас жемқорлық басқармасының 2016 жылдың 1 жартыжылдығында мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субьектілерінің  қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша өткізілген сыртқы талдау бойынша

ЕСЕБІ

2016 жылдың 1 жартыжылдығында департаментпен 44 мемлекеттік органның қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізілді, оның ішінде 1-квазимемлекеттік сектор субьектісі.

Министрліктің тапсырмасына сәйкес, 2 мемлекеттік органның қызметінде талдау жүргізілді, оның 1- квазимемлекеттік сектор субьектісі.

Олар:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы (01.02.-10.02.2016 жылы аралығында).

-  Қазақстан Республикасы қорғаныс істері министрлігінің ОҚО бойынша қорғаныс істері жөніндегі департаменті (08.04.-10.05.2016 жылы).

Қалған 42 талдау департаменттің  бастамасымен бірлескен бұйрықтың негізінде жүргізілді.

Талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мен азайту мақсатында және алдағы уақытта болдырмау мақсатында талдамалық анықтаманың негізінде жалпы 258 ұсыныс енгізіліп, көрсетілген бағыттар бойынша тиісті жұмыстар жүргізу ұсынылған.

Нәтижесінде, 44 мемлекеттік органның 14-нен талдамалық анықтамада көрсетілген ұсыныстар бойынша нақты іс-шаралар қабылдай отырып, тиісті жұмыстар атқарылғандығы жөнінде жауап хаттар алынды (оның ішінде 16 анықтама бойынша мерзімі бар).

Сонымен қатар, талдау нәтижесімен 3 жасырын көрсетілетін мемлекеттік қызмет анықталып, тиісті жұмыстарды құзіреттілігіне орай ары қарай жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру бағытында нақты шаралар қабылдау үшін департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасына жолданды.

Сондай-ақ, Түркістан қаласы әкімдігінің Ескі Иқан ауылдық округі әкімінің аппаратында жүргізілген талдау нәтижесімен анықталған заң бұзушылықтар бойынша осы ауыл округі әкімінің аппаратында тиісті тексеру жұмыстарын ұйымдастыру үшін департаменттің құзырлы басқармасына жолданды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдаулар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабының 2-тармағына және Қазақстан Республикасы  Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы   №155 Жарлығымен   бекітілген  қағидаларымен бекітілген бағыттарға сәйкес жүргізілуде. Олар:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2) мүдделер қақтығысын реттеу;

3) мемлекеттік қызметтер көрсету;

4) рұқсат беру функцияларын орындау;

5) бақылау-қадағалау функцияларын іске асыру;

6) сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу нәтижелерімен келесі заң бұзушылықтар мен заң талаптарын сақтамау фактілері орын алуда.

  • мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Стандарттары мен регламенттері талаптарының сақталмауы;
  • регламенпен стандарттың сәйкессіздігі;
  • Стандарт пен регламентте қызмет көрсетушінің жұмыс уақытының дұрыс көрсетілмеуі;
  • Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі заңнамаларының талаптарының сақталмауы;
  • Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің сапасын көтеру бойынша тұрақты түрде біліктілік деңгейін көтеру бойынша тиісті шаралардың қабылданбауы;
  • Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметтері бойынша қабылданған актілердің заң талаптарына сәйкес келмеуі.

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша толық мәліметтер министрлікке және облыс әкімінің атына жолданып отыруда. 

Атап айтқанда, Сарыағаш ауданы әкімі аппаратында жүргізілген сыртқы талдау нәтижесінің қорытындысымен анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және жою мақсатында облыс әкімінің атына келесі ұсыныстар енгізілді.                              

1.      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу жұмыстарын күшейтуді;

2.      Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 1 тармағына сәйкес, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерінің белгіленген мерзімдерде бекітуді қамтамасыз етуді;

3.      Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша ұсынылатын есептің үлгісіне мемлекеттік қызметтердің атауларын толық енгізуін және көрсетілген мемлекеттік қызметтердің санын тоқсандық есептерде дұрыс ұсынуын бақылауға алу;

4.      Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау орталығына арнайы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша оқу бағдарламасын енгізу;

5.      Мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде қызмет алушы мен қызмет берушінің арасындағы тікелей байланыс арқылы туындайтын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау мақсатында көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді барынша халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсету мүмкіндіктерін қарастыруды;

6.      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін мемлекеттік органдардың ғимаратында көрнекі жеріне орналастыруын бақылауға алуды;

7.      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапалы орындалуын бақылауды аудан, қала әкімінің орынбасарларына жүктеуді қамтамасыз етуді;

8.      Мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелер тарапынан  мемлекеттік қызметті ұсыну барысында стандарттар мен регламенттердің талаптарын  сақтауын қатаң бақылауды;

9.      Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызмет туралы есептерді көрсетілетін қызметті берушілердің интернет-ресурстарында және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыруын бақылауға алуды;

10.    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны көрсету тәртібі туралы ақпаратты жаңартуын бақылауды;

11.    Персоналды басқару қызметі саласына қатысты заңнамалардың сақталуын бақылауды;

12.    Халықтың құқықтық деңгейін арттыру мақсатында, ауыл тұрғындарына жергілікті жерлердегі интернет желісімен қамтылған мекемелерде («Казпочта» АҚ-ның бөлімшелері, білім беру ұйымдары) электронды цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы көрсетілетін электрондық мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу мүмкіндігін жүзеге асыру;

13. Жұртшылықтың құқықтық мәдениетін жоғарылату мақсатында елді мекендердегі білім беру (мектеп) мекемелерінің базасын пайдалана отырып, қызмет алушыларға құқықтық оқытуды ұйымдастыру;

14. Әкімшілік кедергілерді барынша азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандыру деңгейін жоғарылату.

 

Департаменттің сыбайлас жемқорлық

профилактикасы басқармасы

Жарияланған: 07.07.2016 - 14:32:44
Жаңартылған: 09.12.2016 - 12:03:04
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі