Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері

-A A +A

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шiлдедегі N 267 Заңы

МАЗМҰНЫ

1-тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Заңның мақсаты

1. Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

2. Осы Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

2-бап. Негiзгi ұғымдар

1. Осы Заңда мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

2. Осы Заңда, сондай-ақ өзге заңдарда көзделген,заңдардабелгiленгентәртiптiк,әкiмшiлiк жәнеқылмыстық жауапкершiлiкке әкеп соқтыратын сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшiн жағдай туғызатын әрекеттер сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар (сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар) болып табылады.

3. Мемлекеттiк мiндеттер — Қазақстан Республикасының заңнамасымен мемлекеттiң, оның органдары мен мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдардың өкiлеттiгiне жатқызылған iс жүргiзу мәндерi.

3-1. Алып тасталды — ҚР 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4. Лауазымды адамдар — тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкiлеттiк бойынша мемлекеттiк органдарда, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құрамаларында өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүзеге асыратын не ұйымдастырушылық-билiк етушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық мiндеттерiн атқаратын адамдар.

5. Жауапты мемлекеттiк лауазымды атқаратын адамдар – мемлекеттiң функцияларын және мемлекеттiк органдардың өкiлеттiктерін тiкелей орындау үшiн Қазақстан РеспубликасыныңКонституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және өзге де заңдарында белгiленген лауазымды атқаратын адамдар, оның ішінде Парламент депутаты, судья, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік саяси лауазымдарды не «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарын атқаратын адамдар.

Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 1999.07.23 № 454 (2000.01.01 бастап күшіне енеді), 2001.06.08 № 206, 2003.09.25 № 484, 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.04.01 № 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014№ 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-бап. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық

субъектiлерi

1. Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшiн осы Заңның негiзiнде мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамдар мен оларға теңестiрiлген адамдар жауапты болады.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) мәслихаттардың депутаттары;

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызмет туралызаңдарына сәйкес барлық мемлекеттiк қызметшiлер жатады.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адамдарға:

1) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына сайланған адамдар;

2)заңда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасының Парламентi мен мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ретiнде тiркелген азаматтар, сондай-ақ жергiлiктi өзiн-өзi басқару сайланбалы органдарының мүшелері;

3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында тұрақты немесе уақытша жұмыс iстейтiн, еңбегiне ақы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджет қаражатынан төленетiн қызметшiлер;

4) мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар;

5) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және оның ведомстволарыныңқызметшілері теңестіріледі.

4. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектiлерiне лауазымды және мемлекеттiк мiндет атқаруға уәкiлеттi өзге де адамдарды немесе оларға теңестiрiлген адамдарды сатып алуды жүзеге acыpушы, сол сияқты оларға заңға қайшы мүліктік игiліктер мен артықшылықтар беретiн жеке және заңды тұлғалар да жатады.

Ескерту.

1. Осы Заңда мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталында мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын атқаратын адамдар болып көрсетілген ұйымдарда тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша ұйымдастырушылық-өкімдік немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды атқаратын адамдар танылады.

2. Ұйымдастырушылық-әкімшілік міндеттер деп адамдардың заңнамада және ұйымның атқарушы органының құрылтай құжаттарында көзделген өкілеттіктерді жүзеге асыру жөніндегі қызметі түсініледі. Бұл міндеттерге ұжымға жалпы басшылық жасау, кадрларды орналастыру және іріктеу, бағынышты адамдардың жұмысын ұйымдастыру және бақылау, көтермелеу және тәртіптік жазалар қолдану шараларын қолдану арқылы еңбек тәртібін сақтау жатады.

3. Әкімшілік-шаруашылық міндеттер деп толық материалдық жауаптылық жүктелген тұлғалардың берілген өкілеттіктердің шегінде мүлікті, соның ішінде ұйымның балансындағы және банк шоттарындағы ақшаны басқару және оларға билік ету жөніндегі қызметті жүзеге асыруы түсініледі.

Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда — ҚР 2003.09.25 № 484, өзгеріс енгізілді — 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014№ 227-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

4-бап. Заңның қолданылу аясы

1. Осы Заң Қазақстан Республикасының күллi аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде, егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тiркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2. Жекелеген мемлекеттiк мiндеттердi атқару тәртiбi туралы (мәслихатдепутаттарының,судьялардың мәртебесi туралы,мемлекеттiкқызметшiлердiң жекелеген санаттарының қызмет өткеруi туралы, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың өзге де ықтимал субъектiлерi туралы) заңдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шектеулер мен тыйым салу көзделетiн басқа да құқықтық нормалар белгiленуi мүмкiн.

3. Судьялар, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттарыҚазақстан РеспубликасыныңКонституциясы мензаңдарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасағаны үшiн жауапты болады.

4. Сыбайлас жемқорлық қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкiмшiлiк жауаптылық пен шара тиiсiнше Қазақстан РеспубликасыныңҚылмыстық кодексiнде және Қазақстан РеспубликасыныңӘкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексiнде көзделеді.

Ескерту. 4-бапқа өзгерту енгізілді — ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 03.07.2014№ 227-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

5-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi

принциптерi

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес:

1) барлық адамдардың заң мен сот алдында теңдiгi;

2) мемлекеттiк органдардың қызметiн анық құқықтық регламенттеудi, мұндай қызметтiң заңдылығы мен жариялылығын, оған мемлекеттiк және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету;

3) мемлекеттiк аппараттың құрылымдарын, кадр жұмысын жеке және заңды тұлғалар құқықтары мен заңды мүдделерiн қозғайтын мәселелердi шешу рәсiмдерiн жетiлдiру;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық, саяси-құқықтық ұйымдық-басқару жүйелерiн қорғаудың басымдығы;

5) Қазақстан Республикасы Конституциясы39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды адамдар мен мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген басқа да адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен бостандықтарын шектеуге жол берiлуiн тану;

5-1) мемлекеттік қызметшілерді әлеуметтік және құқықтық қорғауды мемлекеттің қамтамасыз етуі;

6) жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерiн қалпына келтiру, сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою және олардың алдын алу;

7) сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем жасайтын азаматтардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және оларды көтермелеу;

8) мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлдiк берiлген адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн мемлекеттiң қорғауы, аталған адамдар мен олардың отбасыларына лайықты тұрмыс деңгейiн қамтамасыз ететiн жалақы (ақшалай үлес) мен жеңiлдiктер белгiлеу;

9) осындай қызметтi жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларға кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеуге өкiлеттiк берiлуiн болдырмау, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау;

10) сыбайлас жемқорлыққа байланысты қылмыстық құқық бұзушылықтарды анықтау, ашу, олардың жолын кесу және алдын алу мақсатында жедел-iздестiру қызметi мен өзге де қызметтi жүзеге асыру, сондай-ақ құқыққа қайшы тапқан ақша қаражаты мен өзге мүлiктi заңдастыруға жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының заңында белгiленген тәртiппен арнайы қаржылық бақылау шараларын қолдану;

11) кәсіпкерлік қызметті атқару заңмен белгіленген қызметтік міндеттерімен көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңның3-бабының 1, 2 және3-тармақтарында аталған адамдар үшін кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, соның ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің басқару органдарында ақы төленетін қызметтер атқаруға тыйым салуды белгілеу;

12) қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік жағдайын қалыптастыру негізінде жүзеге асырылады.

Ескерту. 5-бапқа өзгерту енгізілді — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 03.07.2014№ 227-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

6-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестi жүзеге

асырушы органдар

1. Барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті. Мемлекеттік органдардың басшылары мен жауапты хатшылары немесе Қазақстан Республикасының Президентіайқындайтын өзге де лауазымды адамдары, ұйымдардың, оның ішінде мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басшылары өз құзыреттері шегінде осы Заңның талаптарын орындауды және бұл үшін кадр, бақылау, заң қызметтері мен басқа да қызметтерді тарта отырып, онда көзделген тәртіптік шараларды қолдануды, сондай-ақ өздеріне белгілі болған барлық сыбайлас жемқорлық жағдайларын тіркеуді және олар туралы осы баптың 2-тармағында аталған органдарға хабарлауды қамтамасыз етеді.

2. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесудi, алдын алуды және олардың жасалуына кінәлі адамдарды жауапқа тартуды өз құзыретi шегiнде прокуратура, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, мемлекеттік кіріс, әскери полиция органдары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметi жүзеге асырады.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған органдар өз өкiлеттiктерiнен туындайтыншараларды қолдануға және жауапты мемлекеттiк қызмет атқаратын адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық қылмыстар анықталған барлық жағдайлар туралы мәлiметтердi құқықтық статистика және ақпарат органдарына дереу жiберуге мiндетті.

Ocы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған лауазымды адамдар мен органдар сыбайлас жемқорлық қылмыстар, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар жөнiндегi iстi, материалды, хаттаманы, ұсынымды жолдаған адамға немесе органғазаңдардабелгiленген мерзiмде оларды қарау нәтижелерi туралы жазбаша хабарлауға мiндеттi.

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылықтар туралы мәліметтері бар материалдарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде заңдакөзделген шараларды қолдануға міндетті.

4. Қазақстан Республикасының Президентi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнiндегiмемлекеттiк органқұруға, оның мәртебесi мен өкiлеттiгiн айқындауға хақылы.

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2001.07.12 № 240, 2002.08.09 № 346, 2003.09.25 № 484, 2007.07.27 № 315 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2013.01.16 № 71-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

7-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн

адамдарға тиiспеушiлiк кепiлдiктерi

1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойыншазаңдабелгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария етузаңдабелгiленгенжауаптылыққа әкеп соғады.

2-1. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте өзге де жолмен жәрдемдескен адам Қазақстан Республикасының Үкіметі көздегентәртiппен көтермеленедi.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.

4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлағанҚазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.

Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

2-тарау. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас

жемқорлықпен құқық бұзушылықпен және ол

үшiн жауаптылық

8-бап. Мемлекеттiк функцияларды орындауға үмiткер

адамдарға және мемлекеттiк ұйымдарда, мемлекеттiң

қатысу үлесi бар ұйымдарда басқару функцияларын

орындауға үмiткер адамдарға қойылатын арнайы талап

Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға, мемлекеттік лауазымдарға орналасуға не мемлекеттік ұйымдарда және жарғылық капиталындағы мемлекеттiң үлесi елу пайыздан көп болатын ұйымдарда, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарында, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларда басқару функцияларын орындауға үмiткер адамдар өздерiнiң мәртебесiн және соған негiзделген беделiн жеке, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға әкеп соғуы мүмкiн iс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында осы Заңмен және өзге дезаңдармен белгiленген шектеулердi қабылдайды, бұл ретте аталған адамдар мұндай iс-әрекеттердiң құқықтық салдары туралы хабардар етiледi.

2. Аталған адамдардың шектеулердi қабылдауға келiсiм жазбаша түрде тиiстi ұйымдардың кадр қызметi белгiлейдi. Шектеулердi қабылдамау ол адамды мемлекеттiк не соларға теңестiрiлген мiндеттердi атқаруға шақырудан бас тартуға не жұмысынан босатуға немесезаңдарда көзделген тәртiппен аталған мiндеттердi атқарудан өзгедей босатуға әкеп соғады.

3. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелi жоғары мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексерудiң өздерiне қатысты қолданылу мүмкiндiгi туралы өздеріне мiндеттеме алады.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасау тәуекелі жоғары лауазымдардың тізбесі мен оларды анықтау әдістемесін және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталу нысанасына арнайы тексеруді жүзеге асыру тетігін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

9-бап. Қаржы бақылау шаралары

1. Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестiрiлген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар болып табылатын адамдар тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына:

салық салу объектiсi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүлiктiң орналасқан жерiн көрсете отырып, декларация;

банк мекемесiн көрсете отырып, банк мекемелерiндегi, соның iшiнде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегi салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен бiрлесiп билiк етуге хақылы ақша қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трастардың бенефициары болса, тиiстi банк шоттарының нөмiрлерiн көрсете отырып, сол трастар және олар тiркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесiлi айлық есептiк көрсеткiштiң мың еселенген мөлшерiнен асатын мөлшердегi материалдық заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнiнде онымен шарттық қатынастары, келiсiмдерi және мiндеттемелерi (оның iшiнде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен реквизиттерi туралы мәлiметтердi табыс етедi.

2. Мемлекеттік лауазымдар атқаратын адамдар өз өкілеттігін орындау кезеңінде жыл сайын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

2-1. Мемлекеттік қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдар босатылғаннан кейінгі үш жыл бойы Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

3. Осы баптың 1-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына:

салық салу объектісі болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлердегі табыстары мен мүлкі туралы, көрсетілген мүліктің орналасқан жерін көрсете отырып, декларация тапсырады;

мыналар:

банк мекемесін көрсете отырып, банк мекемелеріндегі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлердегі салымдары мен бағалы қағаздары туралы, сондай-ақ осы адамдар жеке немесе басқа адамдармен бірлесіп билік етуге құқылы акта қаражаты туралы;

заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі мен аталған ұйымдардың толық банктік немесе өзге де деректемелерін көрсете отырып, олардың акционері немесе құрылтайшысы (қатысушысы) ретінде өзінің қатысуы туралы;

егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы) трасттардың бенефициары болса, тиісті банк шоттарының нөмірлерін көрсете отырып, сол трастар және олар тіркелген мемлекеттер туралы;

адамға немесе жұбайына (зайыбына) тиесілі айлық есептік көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық және қаржы қаражатын ұстау немесе уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық қатынастары, келісімдері және міндеттемелері (оның ішінде ауызша да) бар басқа ұйымдардың атаулары мен деректемелері туралы мәліметтерді табыс етеді.

3-1. Осы баптың 2 және 2-1-тармақтарында көрсетілген адамның жұбайы (зайыбы) тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына табыстары мен салық салу объектісі болып табылатын және Қазақстан Республикасының аумағындағы да, одан тыс жерлердегі де мүлкі туралы декларацияны табыс етеді.

3-2. Арнаулы мемлекеттік органдағы қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кіріс органына осы баптың 3-тармағында көрсетілген декларация мен мәліметтерді табыс етеді.

Ескерту. Осы тармақта арнаулы мемлекеттік органда қызметке кандидат болып табылатын адамның отбасы мүшелері болып жұбайы (зайыбы), кәмелетке толған балалары мен оның асырауындағы және онымен тұрақты түрде бірге тұратын адамдар танылады.

4. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетілген адамдар тиiсiнше өздерi лауазым атқаруға үмiткер органға не жұмыс орны бойынша органға осы баптың 1 немесе 3-1-тармақтарында санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органының одан алғаны туралы анықтама табыс етеді.

5. Осы баптың1 және2-тармақтарында аталған адамдардың (мемлекеттiк қызметтен теріс себептер бойынша босатылған адамдарды қоспағанда) осы бапта санамаланған декларациялар мен мәлiметтердi ұсынбауы немесе толық, анық ұсынбауы, егер жасалған әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгiлерi болмаса, адамға тиiстi өкiлеттiктер беруден бас тарту үшiн негiз болып табылады незаңда көзделген тәртiппен тәртіптік жауаптылыққа әкеп соғады.

5-1. Осы баптың 5-тармағында көрсетілген, қасақана жасалған, сондай-ақ бірнеше рет жасалған әрекеттерзаңда белгіленген тәртіпте қолданылатын әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

6. Адамдар мемлекеттік немесе оған теңестірілген міндеттерді атқарудан босатылғаннан кейін үш жылдың ішінде алғаш рет жасалған, осы баптың 5-тармағында аталған әрекеттер, сондай-ақ мұндай іс-әрекеттерді қайталап жасаузаңда белгіленген әкімшілік жауаптылыққа әкеп соғады.

7. Жауапты мемлекеттiк лауазымдар атқаратын лауазымды адамдардың табыстарының мөлшерi туралы және олардың көздерi туралы мәлiметтер, сондай-ақ сайланбалы мемлекеттiк қызметке ұсынылған кезiнде кандидаттардың табыстары туралы мәлiметтерзаңдарда белгiленген тәртiппен жариялануы мүмкiн.

8. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдарға және соларға теңестiрiлген адамдарға өз атынан емес бөгде адамдар атынан, жасырын, бүркеншiк атпен және басқаша да азаматтық-құқықтық мәмiлелер жасауға тыйым салынады. Бұл мәмiлелерзаңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылады.

9. Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мiндеттердi атқаруға қатысатын жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен және мерзiмде мемлекеттiк меншiкке байланысты мүлiктiк сипаттағы барлық мәмiлелер мен қаржы қызметi туралы есептi мемлекеттiк мүлiкке қатысты меншiк иесiнiң құқықтық өкiлеттiгiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органға табыс етедi.

10. Мемлекеттік кіріс органына келiп түсетiн, осы бапта көзделген мәлiметтер қызметтiк құпияны құрайды. Оларды жария ету, егер жасалған әрекетте қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, кiнәлi адамды жұмыстан босатуға әкеп соғады. Бұл мәлiметтер осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында көрсетілген органдардың сұрау салулары бойынша ғана, сондай-ақ заңда белгiленген сот тәртiбімен табыс етiледi.

Қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралызаңнамасында көзделген мақсатта және тәртіппен қызметтік құпияны құрайтын мәліметтер ұсынылады.

11. Осы бапта көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан Республикасында тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын меншiгiне сатып алуға байланысты құқық қатынастарына қолданылмайды. Тұрғын үйдi және тұрғын үй құрылысы үшiн құрылыс материалдарын сатып алу кезiндегi қаржы бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

Ескерту. 9-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.08.28 № 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2012.02.13 № 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.26 № 61-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

10-бап. Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын

қызмет

1. Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті лауазымды және өзге де адамдарға және оларға теңестірілген адамдарға (өз қызметін тұрақты емес немесе басқа жұмыстан босатылған негізде жүзеге асыратын мәслихат депутаттарын, сондай-ақ осы Заңның3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында және осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген адамдарды қоспағанда) педагогтік, ғылыми және өзге де шығармашылық қызметтен басқа, ақы төленетін өзге қызметпен айналысуға тыйым салынады.

Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін ұйымдарда басқару функцияларын атқаратын адамдар Ұлттық әл-ауқат қоры тобына кіретін өзге ұйымдардың басқару органдарында, қадағалау кеңестерінде, атқарушы органдарында ақы төленетін лауазымдар атқаруға құқылы.

2. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелеріне, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы мен мүшелеріне, судьяларға кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге тыйым салынады.

2-1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасына және оның орынбасарларына инвестициялық қорлардың пайларын, облигацияларды, коммерциялық ұйымдардың акцияларын сатып алуға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы мен оның орынбасарлары лауазымдарға тағайындалған күндерінен бастап бір ай ішінде лауазымдарға тағайындалғандарына дейін сатып алған, инвестициялық қорлардың тиесілі пайларын, облигацияларды және коммерциялық ұйымдардың акцияларын Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге міндетті.

3. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өздеріне тиесілі, пайдаланылуы табыс табуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

4. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдарға, егер шаруашылық жүргізуші субъектіні басқару немесе басқаруға қатысу заңнамаға сәйкес олардың лауазымдық міндетіне кірмейтін болса, шаруашылық жүргізуші субъектіні басқаруға дербес қатысуға, материалдық игілік алу мақсатында өзінің қызметтік өкілеттігін құқыққа сыйымсыз пайдалану арқылы ұйымдардың немесе жеке адамдардың материалдық мүдделерін қанағаттандыруға жәрдемдесуге, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға тыйым салынады, бұған ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы облигацияларды, ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығындағы коммерциялық ұйымдардың акцияларын (ұйымның дауыс беретін акцияларының жалпы санының бес процентінен аспайтын көлемдегі жай акциялар) сатып алу және (немесе) өткізу, сондай-ақ тұрғын үйлерді жалдауға беру қосылмайды.

Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар акцияларды сатып алған жағдайда оларды сатып алынған күнінен бастап бір ай ішінде Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен сенімгерлік басқаруға беруге және мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде нотариалды куәландырылған шарттың көшірмесін жұмыс орны бойынша кадр қызметіне табыс етуге міндетті.

5. Осы баптың 2-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, осы баптың 1-тармағында аталған адамдар қызметке кіріскеннен кейін бір ай ішінде өзінің меншігіндегі, пайдаланылуы табыс алуға әкелетін мүлікті Қазақстан Республикасыныңзаңнамасында белгіленген тәртіппен осы функцияларды орындау уақытына сенімгерлік басқаруға беруге міндетті, бұған осы адамдарға заңды түрде тиесілі ақша, облигациялар, ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайлары, сондай-ақ мүліктік жалдауға берілген мүлік қосылмайды. Мүлікті сенімгерлік басқару шарты нотариалды куәландырылуға жатады.

6. Осы баптың 1-тармағында аталған, осы функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысатын адамдарзаңдабелгіленген тәртіппен жұмысынан шығарылуға немесе тиісті функцияларды орындаудан босатылуға жатады. Аталған функцияларды орындаудан мұндай функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметпен айналысуына байланысты босатылған мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға немесе оған теңестірілген адамға осы бапта көрсетілген қызметпен айналысуды тоқтатқанға дейін мұндай функцияларды орындауға қайталап уәкілеттік берілмейді.

Ескерту. 10-бап жаңа редакцияда — ҚР 2009.12.08 № 226-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен, өзгеріс енгізілді — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.05 № 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

11-бап. Жақын туыстардың бiрге қызмет iстеуiне жол

бермеу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген лауазымды және өзге де адамдар мен соларға теңестiрiлген адамдардың өздерiнiң жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылар, асырап алынған балалар, ата-анасы бiр және ата-анасы бөлек аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi, аталары, әжелерi, немерелерi) немесе ерi (зайыбы) атқаратын қызметтерге тiкелей бағынысты лауазымдарды, заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, атқаруына болмайды.

2. Осы баптың 1-тармағының талаптарын бұзған адамдар, егер олар аталған жолсыздық анықталған кезден бастап үш айдың iшiнде оны өз еркiмен жоймаса, мұндай бағыныстылықта болуына жол бермейтiн қызметке ауыстырылуға тиiс, ал бұлайша ауыстыру мүмкiн болмаған жағдайда бұл қызметшiлердiң бiреуi қызметiнен босатылуға немесе аталған мiндеттерден өзгедей түрде босатылуға тиiс.

3. Осы баптың 1-тармағында аталған негiздер бойынша жұмыстан босатылған адамдардың басқа органдарға, ұйымдарға мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттердi атқарумен ұштасатын мемлекеттiк және өзге де қызметке кiруге құқығы бар.

Ескерту. 11-бапқа өзгерту енгізілді — ҚР 2003.09.25 № 484, орыс тіліндегі мәтінге өзгерту енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді — 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық

бұзушылықтар және олар үшiн жауапкершiлiк

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе соларға теңестiрiлген адамдардың мынадай:

1) басқа мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың қызметiне заңсыз араласу;

2) аталған адамдардың не олардың жақын туыстары мен жекжаттарының материалдық мүдделерiн қанағаттандыруға байланысты мәселелердi шешу кезiнде өздерiнiң қызметтiк өкiлеттiгiн пайдалану;

3) мемлекеттік қызметке және мемлекеттік ұйымдарға және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан көп болатын ұйымдарға, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, ұлттық даму институттарына, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы өздеріне тиесілі еншілес ұйымдарына, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы көрсетілген еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғаларға қызметке тұратын және қызметін жоғарылататын кезде заңда көзделмеген артықшылықтар беру (тамыр-таныстық, отбасылық жақындық).

4) шешiмдер әзiрлеу мен қабылдау кезiнде заңды және жеке тұлғаларға заңсыз артықшылық көрсету;

5) кiмге болса да табыс алуға байланысты кәсiпкерлiк және өзге де қызметтi жүзеге асыруда заңдарда көзделмеген кез келген жәрдем көрсету;

6) мемлекеттiк мiндеттерiн атқару кезiнде алынған ақпаратты, егер ол ресми жариялауға жатпайтын болса, жеке немесе топтық мүдделерге пайдалану;

7) берiлуiзаңдарда көзделген ақпаратты жеке және заңды тұлғаларға беруден негiзсiз бас тарту, оны кешiктiру, бұрыс немесе толық емес ақпарат беру;

8) жеке немесе заңды тұлғалардың табыс етуi заңдарда көзделмеген ақпаратты бұл тұлғалардан талап ету;

9) мемлекеттiк қаржы ресурстары мен материалдық ресурстарды жекелеген кандидаттардың сайлау қорына беру;

10) жеке және заңды тұлғалардың арыз-өтiнiштерiн қараудың және өз құзыретiне кiретiн өзге де мәселелердi шешудiңзаңда белгiленген тәртiбiн әлденеше рет бұзу;

11) жоғары тұрған ресми адамдардың лауазымдық өкілеттіктерін пайдалана отырып мүліктік пайда, игіліктер не артықшылықтар алу үшін аталған адамдарға сыйлықтар тарту және қызметтен тыс қызмет көрсету;

12) жеке немесе заңды тұлғаларға олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыруда көрiнеу кедергi жасау;

12-1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан РеспубликасыЗаңының 23-бабының 1), 2), 3), 4) және 7) тармақшаларында, 28-бабы 2-тармағының 2), 6) және 8) тармақшаларында белгіленген, жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты тексерулерді ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын талаптарды өрескел бұзу;

13) кәсiпкерлiк қызметтi мемлекеттiк реттеу, сондай-ақ оған бақылау жасау және қадағалау өкiлеттiгiн сондай қызметтi жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлғаларға беру;

13-1) мемлекеттік бақылау мен қадағалау міндеттерін мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;

14) қызметi немесе жұмысы жөнiнен жоғары немесе төмен тұрған не өздерiмен өзге де түрде тәуелдi лауазымды адамдармен ақша немесе өзге де мүлiк салынатын сипаттағы құмар ойындар ойнауға қатысу әрекеттерi сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар болып табылады.

2. Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 1), 6), 7), 8), 10), 11), 12), 12-1) және 14) тармақшаларында көрсетілген қандай да бір құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттiң белгiлерi болмаса, қызметiнен төмендетуге, ал төмен тұрған бос лауазым болмаған жағдайда – заңда белгiленген тәртiппен қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту түрiнде тәртiптiк жаза қолдануға әкеп соғады.

Алғашқы құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жылдың iшiнде аталған құқық бұзушылықтардың кез келгенiн қайталап жасаузаңдабелгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттi адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың осы баптың 1-тармағының 2), 3), 4), 5), 9), 13), 13-1) тармақшаларында аталған қандай да бiр құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса,заңда белгiленген тәртiппен қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында аталған адамдар осы баптың 1-тармағында аталған құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол бұларды материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді — ҚР 2000.04.28 № 46, 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз), 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2011.01.06 № 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.02.01 № 551-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014№ 269-V(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

13-бап. Игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға

байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық

бұзушылықтар

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдардың немесе оларға теңестiрiлген адамдардың мынадай әрекеттерi игiлiктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар болып табылады:

1) өздерiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқарғаны үшiн, егер заңдарда өзгедей көзделмесе, өзi тиiстi мiндеттердi атқармайтын ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша, көрсетiлетiн қызмет және өзге де нысандар түрiнде кез келген сыйақы қабылдау.

Мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның шотына көрсетілген адам хабардар етілмей келiп түскен ақша, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып, тиісті функцияларды орындауына байланысты алған қаражаты олар анықталғаннан кейiн екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде тиiстi мемлекеттік кіріс органына мұндай қаражаттың түсуiнiң мән-жайы туралы түсiнiктеме табыс етiле отырып, республикалық бюджетке аударылуға жатады;

2) өзiнiң мемлекеттiк немесе оған теңестiрiлген мiндеттерiн атқаруына байланысты не қызметi бойынша өздерiне тәуелдi адамдардан жалпы қамқоршылығы немесе қызметінде бетімен жібергені үшін сыйлықтар алу немесе қызметiн қабылдау.

Аталған адам бiлмей келiп түскен сыйлықтар, сондай-ақ оның осы тармақшаның бiрiншi абзацын бұза отырып тиiстi мiндеттердi атқаруына байланысты алған сыйлықтары жетi күн мерзiм iшiндеарнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзiлуге тиiс, ал адамға нақ сондай жағдайлар кезiнде көрсетiлген қызмет үшiн республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиiс. Өзiне сыйлықтар келiп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келiсiмiмен оларды аталған қордан тиiстi жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы. Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттiк қор республикалық бюджетке аударады;

3) жұбайының (зайыбының), туыстарының шақыруы бойынша олардың есебiнен;

егер қарым-қатынасы шақырылатындардың қызметтiк iс-әрекетiнiң мәселелерiн қозғамаса, өзге де жеке тұлғалардың шақыруы бойынша (жоғары тұрған лауазымды адамның немесе органның келiсiмiмен);

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен шет мемлекеттердiң мемлекеттiк органдарының арасындағы өзара уағдаластыққа сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдардың және (немесе) халықаралық ұйымдардың қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын;

жоғары тұрған лауазымды адамның не органның келiсiмiмен, ұйымдардың қаражаты есебiнен ғылыми, спорттық, шығармашылық, кәсiби, гуманитарлық шараларға қатысу үшiн жүзеге асырылатын, оның iшiнде осындай қоғамдық бiрлестiктердiң (қорлардың) жарғылық қызметi шеңберiнде жүзеге асырылатын сапарларды қоспағанда, шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен мемлекетішiлiк және шетелдiк туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдау;

4) несиелер, қарыздар алуда, бағалы қағаздар, жылжымайтын және өзге де мүлiктер сатып алуда заңдарда көзделмеген артықшылықтарды пайдалану.

2. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның отбасы мүшелерiнiң аталған адам қызметi бойынша байланысты шетел, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының есебiнен сыйлықтар мен қызмет, туристiк, емдеу-сауықтыру және өзге де сапарларға шақыруды қабылдауға құқығы жоқ. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адам немесе оған теңестiрiлген адам жетi күн мерзiм iшiнде өзiнiң отбасы мүшелерi заңсыз алған сыйлықтарды арнаулы мемлекеттiк қорға тегiн өткiзуге және республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы өз отбасы мүшелерi заңсыз пайдаланған қызмет құнын өтеуге мiндеттi.

3. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе оған теңестiрiлген адамның осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекет белгiлерi болмаса, қызметiнен босатуға немесе мемлекеттiк функцияларды орындауын тоқтатуға әкеп соғады.

4. Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаттары немесе осы Заңның3-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген адамдар осы баптың 1 және 2-тармақтарында көрсетiлген құқық бұзушылықтардың қандайын болса да жасаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар бұл жөнiнде тиiстi сайлау комиссиясына хабарлайды, ол материалдар келiп түскен күннен бастап бес күннiң iшiнде оларды Парламенттiң назарына жеткiзуге мiндеттi.

Ескерту. 13-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 2003.09.25 № 484, 2007.07.21 № 308, 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

13-1-бап. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды

және сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын

құқық бұзушылықтарды жасағаны үшiн тәртiптiк

жаза қолдану мерзiмдерi

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiп қолдануға болмайды.

2. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылған жағдайда, бірақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген адамдардың іс-әрекеттерінде сыбайлас жемқорлық әкімшілік құқық бұзушылық немесе тәртіптік теріс қылық белгілері болған кезде, жазалау осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдерде қолданылады.

Ескерту. 13-1-баппен толықтырылды — ҚР 2003.09.25 № 484, 2009.12.07 № 222-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 04.07.2014 № 233-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

14-бап. Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттiк

мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген

адамдарға немесе оларға теңестiрiлген адамдарға

заңсыз материалдық сыйақылар бергенi үшiн

жауаптылығы

Ескерту. 14-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

15-бап. Мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi

басқару органдарының заңсыз кәсiпкерлiк қызметтi

жүзеге асырғаны және заңсыз табыстар алған үшiн

жауапкершiлiгi

Ескерту. 15-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

16-бап. Мемлекеттiк органдар басшыларының сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес жөнiнде шаралар

қолданбағаны үшiн жауаптылығы

Ескерту. 16-бап алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

17-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi

туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған

адамдардың жауаптылығы

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жөнiнде сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан өзгедей түрде босатуға дейiнжазаланады.

2. Алынып тасталды — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

Ескерту. 17-бапқа өзгерту енгізілді — ҚР 2003.09.25 № 484 Заңымен.

3-тарау. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтардың

зардаптарын жою

18-бап. Заңсыз алынған мүлiктi немесе заңсыз

көрсетiлген қызметтiң құнын өндiрiп алу

1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.

2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.

3. Егер мемлекеттік функцияларды орындайтын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылғаннан, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей, заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді — ҚР 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен; 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 28.11.2014 № 257-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 10-баптың 12) тармақшасынан қараңыз) Заңдарымен.

19-бап. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық

нәтижесiнде жасалған мәмiлелердi жарамсыз

деп тану және актiлер мен iс-әрекеттердiң

күшiн жою

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан мәмiлелердi сотзаңдабелгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жояды.

Ескерту. 19-бапқа өзгерту енгізілді — ҚР 2010.12.29 № 371-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңымен.

4-тарау. Қорытынды ережелер

20-бап. Қолданылып жүрген заңдарды қолдану

Қазақстан Республикасының осы Заң күшiне енген кезде қолданылып жүрген заңдары оған қайшы келмейтiн бөлiгiнде қолданылады және ол күшiне енген күннен бастап үш ай iшiнде оған сәйкес келтiруге тиiс.

Қазақстан Республикасының

Президентi

 

1 пікір

admin1

Парақорлық пен Жемқорлық, байқап қарасақ екі сөздің жалғауының өзі, соңы-қорлық. Пара алушының да, пара берушінің де түбі қорлық.

Қазақстан Республикасының « Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » заңы Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Осы заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде егер халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады. Ал, Қазақстан Республикасында барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Парақорлық-сыбайлас жемқорлықтың негізі. Парақорлық жайлаған жерде әділетсіздік, имансыздық, көре алмаушылық, қызғаныш туындайды. Осының кесірінен басшы мен қызметшінің және адамдар арасында шынайы достық, жақындық емес уақытша жалған жақындық пайда болып, нәтижесінде уақыт өте олар бір-біріне сенімсіздік білдіріп, сатқындық жасап, ақиқаттан адасып, қоғамда тыныштық бұзылады.

Парақорлыққа, сыбайлас жемқорлыққа жақын адамдар тазалықтан мүлдем алыстап кетеді. Өйткені олар тазалыққа емес пара берген сыбайлас адамына сенеді. Сөйтіп ол адамның ой-өрісі, ойлау қабілеті бұзылып ақиқат жолынан адасады. Міне осындай әрекеттер қоғамның өркендеп дамуына кедергі болады. Парақорлық пен жемқорлық адамды күпірлік тәкаппарлыққа жеткізеді. Жең ұшынан жалғасқан жемқорлық пен парақорлық осы тәкаппарлықтан, басқаларды менсінбеуден туындайды.

Әрдайым есте ұстайтын нәрсе, жұмысы аз ал, жалақысы көп жұмыс болмайды. Болған жағдайда ол өміріңе қауіпті немесе арам жұмыс болғаны.

Егер де мемлекеттік қызметте істер болсаң, ең әуелі әділ болуың керек. Ол жерге білімділігіңмен де, іскерлігіңнен де әділдігің асса ғана бару керек.

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы». Қазақстан Ремпубликасының мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі т.б. заңдарды орындап, жат қылықтардан бойымызды, ойымызды аулақ ұстап, дамыған өркениетті қоғамда бақытты өмір сүруіміз үшін және де өскелең ұрпаққа жақсы өнеге қалдыру үшін батыл тазаруға, жаңаруға имандылық жолына бетбұрыс жасауға тиіспіз. Әрбір адам өзінен бала-шағасының тұрмысын қамдау және еліне, мемлекетіне пайдалы болу ниетімен еңбек етуі парыз.

Қ.Төлебаев

 

Жарияланған: 13.01.2016 - 16:57:28
Жаңартылған: 13.01.2016 - 16:58:57
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі