Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде мәліметі

 

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және оның алдын алу бағытында бір-қатар жұмыстар атқарылуда.

Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды іске асыру мақсатында 2017 жылға атқарылатын жұмыс жоспары бекітілген. (Қосымша тіркеледі)

Бекітілген жұмыс жоспарға сәйкес, басқармада Құқықтық насихат және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларды жалпыға бірдей құқықтық оқыту бағытында мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау туралы заңнамаларға енгізілген өзгерістер бойынша құқықтық оқулар өткізілуде.

Жыл сайын басқармада сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын іске асыру мәселелері және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің қағидалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы, мемлекеттік қызмет және ҚР басқа да заңдарын басшылыққа алып, тиісті жұмыстар атқарылуда.

Мүліктік жағдайдың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында, басқарма қызметкерлері жыл сайын 31 наурызға дейін мемлекеттік кіріс органдарына кірістері мен мүлкі туралы декларациялар тапсырып отырады.

Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне арналған жәшік орнатылған, басшының және оның орынбасарының азаматтарды жеке қабылдау кестесі бекітілген, ол ғимараттың кіре беріс дәлізінде орналастырылған.

Азаматтардың сенімін бекіту, қызметтің айқындығын, лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану фактісі және басқарманың лауазымдық тұлғаларының әдеп кодексі, мемлекеттік қызмет туралы заңнама нормаларын бұзу, азаматтардың құқықтарын бұзу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар немесе қылмыстар жасау фактілері жөніндегі халықтың уақытында өтініш жасау мүмкіндігін арттыру мақсатында және басқармадағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы ақпаратқа жедел ден қою үшін басқарма ғимаратының кіреберісінде «Азаматтардың арыз, шағымдар мен ұсыныстар жәшігі» орнатылған. Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілінің суретімен нақты ақпараттары көрсетілген тақтайшасы ілініп, ондағы телефон нөмірі Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының назарына «Оңтүстік Қазақстан» және «Южный Казахстан» газеттері арқылы жеткізіліп тұрады.

Сонымен қатар, басқарма ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша басқармасы тарапынан «Азаматтар мен кәсіпкерлердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің саласы бойынша шағымдары мен ұсыныстарына арналған жәшігі» орнатылған.

2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы жергілікті атқарушы органдарының әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішевтің қатысуымен басқармада Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінен туындайтын талаптарды түсіндіру бойынша семинар өткізілді. Сонымен бірге, облыс әкімі Ж.Түймебаевтың 2016 жылғы 29 желтоқсандағы бекіткен ОҚО жергілікті атқарушы органдарының Әдеп жөніндегі уәкілінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес Әдеп кодексінен туындайтын талаптарды түсіндіру бойынша семинар кеңестер өткізілуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтау және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі талаптарын сақтау тұрақты бақыланып отырады.

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңына сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде құқық бұзушылықтарға жол бермеу үнемі қадағалануда.

Жергілікті Бұқаралық ақпарат құралдарында жүйелі түрде қоғамдық дертке қарсы мақалалар жариялану жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде басқарманың әкімшілік-құқықтық және құжаттандыру жөніндегі жұмыс бөлімінің бас маман – заңгері Бейсенов Бауыржан Исмагуловичтың «Әр азаматтың міндеті» атты мақаласы «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы» ЖШС-гі арқылы жарияланып, жарық көрді. (Қосымша тіркеледі)

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының кестесі бойынша тиістілігіне қарай тармақтары орындалуда. (Қосымша тіркеледі)

Ағымдағы жылы басқарма қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Жарияланған: 19.01.2016 - 12:09:32
Жаңартылған: 25.05.2017 - 11:42:26
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі