Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Терроризмге қарсы комиссия туралы ЕРЕЖЕ

-A A +A

1. Жалпы ережелер

      1. Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясы (бұдан әрі - терроризмге қарсы комиссия) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші орган болып табылады. 2. Терроризмге қарсы комиссия Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының шешімдерін Оңтүстік Қазақстан облысының шегінде іске асырады. 3. Терроризмге қарсы комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілер, сондай-ақ осы Ереже құрайды.

2. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері

4. Терроризмге қарсы комиссияның негізгі міндеттері:

      1) Оңтүстік Қазақстан облысының аумағында терроризмге қарсы іс-қимыл (облыстық маңызы бар қаланың) саласындағы  мемлекеттік саясатты, сондай-ақ осы саладағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығына ұсыныстар дайындауды іске асыруға қатысу; 2) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметін үйлестіру; 3) терроризмнің профилактикасы, терроризм керіністеріне ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою, террористік тұрғыдан осал объектілердің қорғалуын қамтамасыз ету, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөнінде шаралар әзірлеу, осы шараларды іске асыруға бақылауды жүзеге асыру; 4) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді шешу болып табылады. 5. Негізгі міндеттеріне сәйкес терроризмге қарсы комиссияға мынадай функциялар жүктеледі: 1) Оңтүстік Қазақстан облысында қалыптасқан жағдайды ескере отырып, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және өткізу; 2) Оңтүстік Қазақстан облысындағы терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ахуалға  әсер ететін саяси, әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерге мониторинг жасау, бағалау және болжау; 3) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы өзара іс-қимылын үйлестіру; 4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы қызметінің үйлесімділігіне кері ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою; 5) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою саласындағы мемлекеттік органдардың қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ақпараттық және өзге де қамтамасыз ету мәселелерін шешу; 6) терроризмге қарсы комиссия аппаратының терроризмге қарсы комиссия шешімдерінің орындалу мәселелері бойынша есебін тыңдау; 7) төменгі тұрған комиссиялардың қызметін үйлестіру, терроризмнің алдын алу, терроризм зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсету; 8) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту бойынша жай-күйді зерделеу, проблемаларды талдау, іс-шаралар тұжырымдау; 9) терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелері, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар арасында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасуды ұйымдастыру; 10) терроризм профилактикасы саласында кадрлар даярлау және олардың біліктілігін арттыру шараларын әзірлеу мен үйлесімді жүзеге асыруда ынтымақтасты жүзеге асыру; 11) Оңтүстік Қазақстан облысындағы террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеу, бекіту, өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау; 12) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы Қазақстан Респуликасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыру. 6. Терроризмге қарсы комиссия өз міндеттерін жүзеге асыру үшін: 1) өз құзыреті шегінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың терроризмнің алдын алу, оның көріністерін барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-қимылдарын ұйымдастыруға, үйлестіру мен жетілдіруге қатысты ұсынымдар беруге; 2) терроризмге қарсы іс-қимыл жоспарлары мен бағдарламаларының жобаларын әзірлеуге; 3) терроризмнің алдын алу, оның зардаптарын барынша азайту және (немесе) жою мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың лауазымды адамдарынан белгіленген тәртіппен қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға және алуға; 4) орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарын, сондай-ақ ұйымдардың өкілдерін (келісім бойынша) терроризмге қарсы комиссияның жұмысына қатыстыру үшін тартуға құқылы.

3. Терроризмге қарсы комиссияның құрамы

7. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы лауазым бойынша

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі болып табылады. 8. Терроризмге қарсы комиссияның төрағасы: 1) оның отырыстарына төрағалық етеді; 2) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығымен келісілген терроризмге қарсы комиссияның тиісті жылға арналған жоспарын бекітеді; 3) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының басшысын терроризмге қарсы комиссияның жұмысы туралы хабардар етіп отырады. 9. Оңтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясы төрағасының орынбасары Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша Департаментінің бастығы болып табылады. 10. Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмге қарсы  комиссияның дербес құрамына орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшылары, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өкілдері енгізіле алады. 11. Терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша комиссия құрамына тиісті органдармен келісім бойынша орталық мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өзге де лауазымды адамдары енгізілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің ұсынуы бойынша терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты бекітеді.                         

4. Терроризмге қарсы комиссияның жұмысын ұйымдастыру

      12. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін Қазақстан

Республикасының Терроризмге қарсы орталығының үйлестіруі бойынша орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын

атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан ұйымдармен және қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасай отырып жүзеге асырады.

      13. Терроризмге қарсы комиссия өз жұмысын Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабымен өзара

  іс-қимылға құрады. 14. Терроризмге қарсы комиссия өз қызметін жоспарлы негізде жүзеге асырады. 15. Терроризмге қарсы комиссия әрбір жартыжылдықта өз қызметінің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығын хабардар етіп отырады. Терроризмге қарсы комиссияның қызметі туралы есептік ақпарат (отырыс хаттамаларының, анықтамалықтардың, ақпараттық-талдамалық материалдардың көшірмелері және т.б.) Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығы белгілеген нысан мен мерзімдер бойынша қағаз және электронды тасығыштарда Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органына жолданады. 16. Терроризмге қарсы комиссияның отырысы тоқсанына бір реттен кем емес өткізіледі. Қажет болған жағдайда терроризмге қарсы комиссия төрағасының шешімі бойынша оның кезектен тыс отырысы өткізілуі мүмкін. 17. Терроризмге қарсы комиссияның мүшелері отырыстарда қаралатын мәселелерді талқылау кезінде тең құқыққа ие болады. Терроризмге қарсы комиссияның мүшесі отырысқа қатыса алмаған жағдайда, бұл туралы терроризмге қарсы комиссияның төрағасына жазбаша түрде алдын ала хабарлайды және өзін ауыстыру үшін тиісінше орталық мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесі, жергілікті өзін-өзі басқару органы, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган өкілінің кандидатурасы ұсынылады. Аталған өкіл терроризмге қарсы комиссияның төрағасымен келісілгеннен кейін оның отырысына кеңесші дауыс құқығымен қатыса алады. Терроризмге қарсы комиссияның отырысы оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда заңды болып саналады. 18. Шешімдер қарапайым көпшілік дауыспен қабылданады. Терроризмге қарсы комиссия мүшелерінің дауысы тең түскен жағдайда төрағаның дауысы шешуші болып табылады. 19. Терроризмге қарсы комиссияның шешімі хаттамамен ресімделіп, оған терроризмге қарсы комиссияның төрағасы қол қояды.

20. Терроризмге қарсы комиссияның құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның басшылары терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес актілер (бірлескен актілер) қабылдай алады. 21. Терроризмге қарсы комиссияның қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді облыс әкімі аппаратының бөлімі жүзеге асырады. Терроризмге қарсы комиссия аппаратының басшысы – облыс әкімі аппаратының бөлім басшысы болып табылады. Терроризмге қарсы комиссия аппаратының жұмысына келісім бойынша терроризмге қарсы комиссия құрамына кіретін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдары тартылады. 22. Терроризмге қарсы комиссия аппараты: 1) терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді; 2) терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді; 3) терроризмге қарсы комиссияның шешімдерін орындауды бақылау жөніндегі оның қызметін қамтамасыз етеді; 4) Оңтүстік Қазақстан облысында терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процесстер туралы ақпаратты талдайды, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдайды; 5) терроризмге қарсы комиссияның Қазақстан Республикасының Терроризмге қарсы орталығының жұмыс органымен өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді; 6) төмен тұрған терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді (осы тармақша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың терроризмге қарсы комиссиялар туралы ережелерінде қолданылады); 7) Оңтүстік Қазақстан облысының терроризмге қарсы комиссиясының жұмысын үйлестіру мен бақылау бойынша облыстың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) терроризмге қарсы комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді; 8) терроризмге қарсы комиссияның іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асырады.

Жарияланған: 19.01.2018 - 15:14:51
Жаңартылған: 19.01.2018 - 15:15:49
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі