Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Тиісті аумақтарда орналасқан табиғи обектілердің жай күйі туралы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты 8 орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелеріне бекітіліп берілген мемлекеттік орман қорының  жалпы жер көлемі 3132294 гектар, оның  1553186 гектары орманмен көмкерілген алқабын құрайды. Осы орман қорында заңсыз ағаш кесуден, өрттен қорғау және орманмен көмкерілген алқаптарын ұлғайтуға бағытталған шараларды іске асыру басты бағыт болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы орман қоры жерлерінде сексеуіл алқаптарын молайтудың 2012-2014 жылдарға арналған іс- шара жоспарына сәйкес,  2012 жылы Арыс, Отырар, Созақ және Шардара мемлекеттік мекемелеріне қарасты шөлді аймақтарда сексеуіл ағашын егу және тұқымын себу жұмыстары 17000 гектарға жүргізілсе, таулы және тоғайлы ормандарда  978 гектарға ағаш егу жұмыстары орындалды.  Орманды молайту жұмыстары  2011 жылмен салыстырғанда 15609 гектарға артығымен орындалды. 
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі №85 қаулысымен бекітілген «Оңтүстік Қазақстан облысын көгалдандырудың 2011-2013 жылдарға арналған «Жасыл аймақ» іс шара жоспары» аясында облыстың елді-мекендерін көгалдандыру жұмыстарында 2011 жылы 7205 га жерге 3107,0 мың түп ағаш көшеттері егілсе, 2012 жылы 7534 га жерге  3164,4 мың түп ағаш көшеттері егілді.
Орман шаруашылығы мекемелері орманды өрттен қорғау және оны болдырмау жөнінде іс-шаралар бойынша үгіт-насихат жұмыстарында жергілікті ақпарат құралдары арқылы 70 рет теледидар мен радиодан хабарлар  берілді, 1600 дана буклеттер таратылып, 240 мақалалар газет беттерінде жарияланды. Осындай атқарылған іс- шаралардың нәтижесінде алдыңғы жылдармен салыстырғанда өрт оқиғалары есепті жылы 2 есеге кемітуге қол жеткізілді.
Орман қорғау мекемелері есепті 2012 жылы орман қорында 546  рейдтік бақылаулар жүргізіп, 264 заң бұзушылық оқиғалары анықталып, 1551,7 мың теңге әкімшілік айыппұл салынып 1378,6 мың теңгесі өндірілді.   
Түркістан орман шаруашылығына қарасты Сырдария өзені бойында 2169,0 га жері Сырдария кешенді табиғи қаумалында  Бұқар бұғыларын жерсіндіріп өсіруде есепті жылы 8 бас жас төл алынып бұғылардың саны 54 басқа жеткізілді, жерсіндіру нәтижесінде 24 бас бұғы тоғайлы орманға  еркіндікке шығарылды. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2012 жылғы 5 қыркүйектегі №264 қаулысымен Сырдария-Түркістан мемлекеттік  өңірлік табиғи саябағы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Осы құрылған мемлекеттік мекеменің жалпы орман қоры жері 119978,4 га, оның құрылымдық бөлімдері бойынша Сырдария филиалының жері 47265,4 га, Түркістан филиалының жері 36458 га және Боралдай филиалының жері 36255 га болып белгіленді.
 

Жарияланған: 29.09.2015 - 17:37:12
Жаңартылған: 25.05.2016 - 11:15:17
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі