Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер үшін

-A A +A

Жаңадан құрылған заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер әділет органдарынан мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде “Жаңа кәсіпорындарға пікіртерім жүргізу” 1-НП жалпымемлекеттік статистикалық нысанын статистика органдарына тапсыруы қажеттігі туралы ескертеді. Бұл нысанның негізінде кәсіпорынның қызмет түрі, қызметкерлер саны, нақты мекен-жайы және телефон нөмірі нақтыланады. Бұл процедура  артық есептерді тапсырмау үшiн, сонымен бірге Сiздiң кәсiпорыныңыз белгіленген мерзімде есепті тапсырмаған жағдайда әкімшілік шараға түспеу үшін қажет.

Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік статистика туралы" Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

Сонымен қатар, Сіздерді Қазақстан Республикасының  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар (03.12.2015 ж.  №432- V) енгізілуіне байланысты 01.01.2016ж. әкімшілік айыппұлдардың ұлғайғаны туралы хабарлаймыз.

497-бап. Бастапқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін  бұзу

1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына анық емес бастапқы статистикалық деректерді ұсыну - ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына бастапқы статистикалық деректерді белгіленген мерзімде ұсынбау -  жеке тұлғаларға – он, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – он төрт, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бірiншi және екінші бөлiктерінде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған іс-әрекеттер –

жеке тұлғаларға – он төрт, лауазымды адамдарға, коммерциялық емес ұйымдарға, шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – жиырма, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады».

Жарияланған: 19.05.2016 - 09:24:30
Жаңартылған: 19.05.2016 - 09:25:06
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі