Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жергілікті атқарушы органдардың 2017 жылдың қаңтар-шілде айларындағы «Жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына қанағаттану деңгейін арттыру» көрсеткішін жақсартуға бағытталған жұмысты жүргізуі туралы анықтамалық

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысы

    Есепті кезең бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны  11 023312 құрады, оның ішінде қағаз түрде  506 423, қағаз түрде алайда, «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін 5 216013, қызмет көрсетушілердің ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде  5 300876.

2017 жылдың қаңтар-шілде айларында Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен 148 бақылау іс-шарасы жүргізілді.

Есепті кезеңде 43 мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерінің бұзушылықтары анықталды. 22 қызметкер тәртіптік жазаға тартылды. Бұл ретте мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағым түскен жоқ.

172 мемлекеттік көрсетілген қызмет стандарты бойынша 170 регламент бекітілген. Оның ішінде жер қатынастары саласындағы 2 мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша стандарттар бекітілмеген.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен адамдардың саны 233 құрады.

Мемлекеттік органдар (ведомстволық бағынысты ұйымдар) көрсететін қызметтерді ұсыну сапасын арттыру мақсатында 293014 халықты қамти отырып, 515 түсіндіру іс-шаралары (мемлекеттік қызмет көрсетулердің сапасын арттыру жөнінде семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар) өткізілді.

 

Жарияланған: 29.03.2017 - 12:51:51
Жаңартылған: 05.09.2017 - 23:12:36
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі