Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы ақпарат

-A A +A

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

Ата-ананың бірлескен өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшасына сәйкес нысандағы әкелікті анықтауды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш(бұдан әрі - өтініш);

2) баланың туу туралы куәлігін, мұндай өтініш бала туылғанға дейін берілген кезде – медициналық ұйым немесе жекеше практикамен айналысатын дәрігер берген анасының жүктілігін растайтын медициналық анықтама. Егер әке болуды анықтауды мемлекеттік тіркеу тууды мемлекеттік тіркеумен бір мезгілде жүргізілетін болса, баланың туу туралы куәлігі талап етілмейді;

3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

Анасы қайтыс болған, анасы қайтыс болды деп жарияланған, анасы психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп танылған, анасы ата-ана құқықтарынан айрылған немесе шектелген, баланың анасының тұратын жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайларда баланың әкесінің өтініші бойынша әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшасына сәйкес өзін баланың әкесі деп мойындайтын тұлғаның әке болуды анықтау туралы өтініш;

2) әкесінің өтінішінде көрсетілген негізіне байланысты анасының болмауының мән-жайларын растайтын құжаттар: анасының қайтыс болуы туралы куәлігі; анасын психикалық ауруының немесе ақыл есі кемдігі салдарынан әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, оны қайтыс болды деп жариялау туралы, анасын ата-ана құқықтарынан айыру немесе шектеу туралы сот шешімі; анасының тұратын жерін анықтау мүмкін еместігі туралы анықтама;

3) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

Сот шешімі негізінде әке болуды анықтауды тіркеу үшін:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 3-қосымшасына сәйкес нысандағы сот шешімі негізінде әке болуды анықтау туралы өтініш;

2) әке болуды анықтау туралы сот шешімінің көшірмесі;

  1. баланың туу туралы куәлігі;

4) ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;

5) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін).

Әке болуды анықтау туралы акт жазбасына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу үшін қажетті құжаттар тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 4-қосымшасынасәйкес нысандағы өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш;

2) көрсетілетін қызметті алушының туу туралы куәлігі, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – тууды тіркеу туралы анықтама;

3) әке болуды анықтау туралы куәлік, егер куәліктің түпнұсқасы жоғалған жағдайда – әке болуды анықтауды тіркеу туралы анықтама;

4) өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу қажеттігін растайтын құжаттар;

5) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат немесе салық жеңілдіктерін беруге негіз болып табылатын құжат;

6) нотариатта куәландырылған сенімхат (көрсетілетін қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда);

7)ата-анасының біреуі қайтыс болған жағдайда, қайтыс болу туралы куәлік;

8) ата-анасының жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін) ұсынылады.

 

«НЕКЕ ҚИЮДЫ (ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛЫҚТЫ) ТІРКЕУ

 

Оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру мынадай баламалы негізде:

1) Астана және Алматы қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың ЖАО, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері;

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы» (бұдан әрі – портал): www.egov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы некеге отыру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш(бұдан әрі - өтініш);

2) мемлекеттік қызметті алушылардың жеке басын куәландыратын құжаты (тұлғаны сәйкестендіру үшін);

3) мемлекеттік баждың бюджетке төленгенін растайтын құжат;

шетелдіктер қосымша ұсынады

Мекенжайы: Шымкент қаласы, Жангелдин көшесі №13А

Тел:8 (7252) 27-71-72,27-66-81

© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі