Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

Жиі қойылатын сұрақтар

-A A +A

  1. Сұрақ:

Солтүстікке Қазақстан облысына жұмысқа жіберу яғни мен университет бітірдім сол мамандық бойынша орталыққа немесе солтүстікке жұмысқа әкімшіліктің өзі жібереді ме???

Жауап:

Құрметті Әлайдар Нұрлыбек Ерғалиұлы Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мамандығы бойынша жұмысқа орналасу үшін облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына түйіндеме өткізу қажет немесе ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің mzsr.gov.kz сайтындағы орналастырылған бос жұмыс орындары бойынша жұмыс берушілермен тікелей хабарласуыңызға болады. Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына түйіндемені ұсынған жағдайда, түйіндеме Солтүстік Қазақстан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жіберіледі. Соныменқатар, сол өңірде жұмыс берушілер тарапынан ұсынған түйіндемеге қызығушылық танытқан жағдайда жолдама берілетін болады.

  1. Сұрақ:

Cіз Шымкент қаласының  зейнеткерлерін Ақтөбе қаласындағыдай  қалалық автобустарда ақысыз жүріспен қашан қуантасыз?

Жауап:

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 5 сәуірдегі №365-І «Арнаулы әлеуметтік көмек туралы»  Заңына сәйкес, Ұлы Отан Соғысы ардагерлеріне, Алтын алқа, Күміс алқа  иелеріне, 1-2 топ мүгедектеріне, Ауғаныстан, Чернобыль ардагерлеріне белгіленген арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының қоғамдық жолаушылар тасымалында қызмет көрсететін көлік компаниялары қамқорлық ретінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлері мен мүгедектері, тыл ардагерлері (Ерен еңбегі үшін медальмен марапатталғандар) және І - топтағы зағип жандар сүйемелдеуші бір адамды  өз есептерінен тегін тасымалдап келеді.

Басқа санаттағы азаматтарға қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүру қолданыстағы заңнамада қаралмаған.

  1. Сұрақ:

Тау шаңғылық қоғамдастығы Қасқасу тау шаңғылық базаның құрылысы қандай кезеңде екендігі туралы қызығушылық танытуда. Біз ол жерге жазда барғанбыз, құрылыс тоқтап тұр. Жұмыстың басы жақсы басталған,  коммуникациялар тартылды, ал одан әрі ше? Егер көрсететін немесе айтылатын  нәрселер болса, мен оларды өзімнің shymkent.kz.   сайтында жариялауға қуанышты боламын, ал болмаған жағдайда құрылыс тоқтауының себебін, тау шаңғылық  базаның келешегі қандай екені білгім келеді. Оны баспасөзге жарияламай-ақ, қызығушылық танытатын адамдар білуі үшін қажет. Біз бәріміз жобаның іске қосылуын күтудеміз және ол үшін жанымыз ашиды.

Жауап: Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданындағы «Қасқасу» туристік-рекреациялық орталығының» тау шаңғылық  инфрақұрылымын құру келесілерді қарастырады:

  • 34,3 км шаңғы жолдарын  салу  
  • Тау бөктері 8 көтергішпен жабдықталады: 1 гондольды, 3 аралас, 2 арқанды және 2 басқасы
  • Тау бөктеріндегі бір уақытта сырғанатын адамдардың максималды  саны 5000 адамды құрайды.

«Қасқасу» тау шаңғылық кешеннің инфрақұрылымын тарту үшін 2014-2015 жылдары республикалық және облыстық бюджеттен қаражат бөлінді. Қазіргі кезеңде  электр желісін өткізу бойынша, автомобиль жолының құрылысы бойынша даярлық жұмыстары, су құбыры желісінің құрылысы, кәріз жүйесі ғимаратының орнын даярлау бойынша жұмыстар атқарылды.  

            Заманға сай тау курортының құрылысы аймақтағы тау шаңғылық спортының дамуына ықпал жасауға, бәсекеге қабілеттігін және отандық туризм индустриясын арттыруға, жаңа жұмыс орындармен  қамтамасыз етуге, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға,  жалпы Оңтүстік Қазақстан облысының  инвестициялық тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді. Аймақтағы спорттық және коммуналдық  инфрақұрылымның,  тұрғын-үй кешенінің,  қоғамдық тағамтану саласының   дамуына қолайлы жағдайларды туғызады.

            Жоба бастамашысымен база аумағының төңірегінде келетін туристерді жайғастыру үшін курорттық үйлер кешенінің құрылысы жоспарлануда (әртүрлі санаттағы қонақ үйлер, бір немесе бірнеше отбасыны  жайғастыру/ мекендеу үшін тұрғын үйлер). Сонымен қоса жыл бойы туристердің кең ауқымын тарту мақсатында аквапарктың құрылысының, тюбинг үшін түсу жолдарының, қарлы ойын алаңының, ат спорты орталығының, белсенді дем алу орталықтарының (жаяу серуендеу, жіппен жүретін парк, велосипедтер, квадрациклдар, тауға міну, рафтинг, параплан және т.б.), көру алаңдарының, биік таулы жердегі жаттығу орталығының, сонымен қатар бұқаралық және жабық іс-шараларды өткізу үшін объектілердің құрылысы жоспарлануда.  

  1. Сұрақ:

Мен Тұрганбеков Абылай 2008 жылы Өзбекстан республикасынан оралман ретінде көшіп келген едім Көп балалы жанұямыз. Шымкент қаласында тұрамыз. Мен Шымкент қаласында жеке меншік медициналық колледжде фельдшер мамандығын қызыл дипломмен бітірдім. Ендігі кезекте мен шетелде білім алсам деген арманым бар еді. Отанымныңмедицинасындамытқымкеледі. Өзімніңшығыстілдерінеқызығушылығым мол. Сұрағым әкімшілік жағынан қандай көмек көрсете аласыздар жоғарғы оқу орнына түсуге? Болашақ бағдарламасы болса да, отандық ЖОО-дары болса да? Өтініш жауап жазылса.

Жауап: «Болашақ» бағдарламасына 2011 жылдан бастап бакалавриат бойынша мамандар әзірлеу тоқтатылып,  магистратура және доктор Phd бойынша дайындалады. Бағдарлама аясында шет елде білім алу үшін Сізге ең алдымен еліміздегі кез келген ЖОО білім алуыңыз қажет (бакалавр). Бакалавр дипломын алғаннан кейін, «Болашақ» бағдарламасымен магистратураға тапсыруға болады. Ол үшін құжаттарды egov.kz арқылы онлайн тапсырады және арнайы тестілеуден өтіп, комиссияның  оң шешімін алу қажет. Бағдарлама туралы толық ақпаратты bolashak.gov.kz  ресми сайтынан алуға болады».

  1. Сұрақ:

Бізге салынғалы жатқан қазақстандағы ең ірі ойын сауық орталығы керек па? инвесторлар қай жақтан тартылып, мердігер кім? облыс орталығында бос жатқан жерлер жоқ деп мәлімдеген жер комитетіндегілер ол салынатын жерді қайдан алды? қаламызда (облысты қоспағанда) 80 000 ға жуық тұрғын үй кезегінде тұрғанын сіз білмесеңіз есіңізге сала кетейік. Облысымыздың тыныс тіршілігі таныс болмаса бірінші орында тұрғындармен кездесу өткізіп, қандай шешімін таппай жүрген мәселе бар деп неге сұрап көрмедіңіз? Әлде, сізге ақпаратты дұрыс жеткізбей балдардың ойын ойнайтын алаңдары жоқ деген болса ол аулада орналасқан ойын алаңшалары болар? Ойын алаңшаларының бүгінде жағдайы жоғы, балдардың зәру екені рас. Бірақ, бірінші орында сол ойын алаңшалары емес, тіпті ойын сауық орталығы да емес баспана қажеттігін неге назарда ұстамадыңыз? Бұл туралы толыққанды ақпаратты өзіңізден күтемін, жұмсалатын қаржының есесіне не беріледі? Жерлер қайдан табыла кеткендігі туралы ақпаратты жіберсеңіз. Толыққанды материал үшін толыққанды ақпарат болуы керек деп ойлаймын.

Жауап:

Шымкент қаласында Қазақстандағы ең үлкен сауда-ойын сауық орталығы салынбақ

Облыс әкімі Б.Атамқұлов пен инвесторлар арасында жүргізілген кездесу нәтижесінде, Шымкент қаласында жалпы аумағы 38,0 га жер телімінде Қазақстанда ең үлкен «Shymkentmall» сауда-ойын сауық кешені салынатын болды.

Жалпы ауданы 120,0 мың шаршы метрді құрайтын Cауда-ойын сауық кешенінде бірқатар қызмет көрсету нысандары орналастырылады. Атап айтқанда:
- гипермаркет» - 10,0 мың шаршы метр;
- дүкендер» - 10,0 мың шаршы метр;
- кинотеатрлар» - 4,0 мың шаршы метр;
- балаларға арналған ойын-сауық паркі - 3,5 мың шаршы метр;
- аквапарк - 15,0 мың шаршы метр;
- 3000 адамға арналған фуд-корт орындары;
- электроника дүкендері» - 2,5 мың шаршы метр;
- заманауи фешн галереясы» - 40,0 мың шаршы метр, сонымен қатар, 3500 авто көлікке арналған автотұрақ қамтылатын болады.

Жобаға жалпы соммасы 42,0 млрд.тг құрайтын жеке инвестиция тартылады және 4000 жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Бұдан бөлек, кешенде 8 платформадан тұратын және бір уақытта 350 жолаушыны қабылдайтын автовокзал жұмыс жасайтын болады.

Кешен заманауи тенденцияларды ескере отырып, жобаланған және орналасқан қала аумағы инфрақұрылым жүйелерімен толық қамтылып, қала тұрғындарына тиімді, қол жетімді жаңа форматтағы сапалы қызмет көрсететін болады. «Shymkentmall» Шымкент қаласының шырайын аша түсіп, еліміздегі ең ірі қайталанбас сауда орталығы болмақ. Көрсетілетін қызметтердіңжоғарғыдеңгейгекөшуінеоңықпалынтигізетінболады.

  1. Сұрақ:

            Сіздің жұмысбастылығыңың деңгейін түсіне отыра, біз Сізге біздің отбасы үшін маңызды болып табылатын мәселе бойынша жүгінуді жөн көрдік. Біздің әкеміз   аса көрнекті химик-органик ғалым, ҰҒА академигі, химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ОҚО құрметті  азаматы Ірісметов Махмұджан Пайзахметұлы 2008  жылдың қазан айында дүниеден өтті.  Өкінішке орай, біз әлі де әкеміздің есімін ОҚО құрметті азаматы ретінде  облыстың құрметті азаматтарының  саябағында да мәңгі есте қалдыра алмай немесе 1936 жылы туған және өмірінің соңына дейін өмір сүрген қаланың бір көшесіне де оның есімімен атай алмай жүрміз. Танымал азаматтың есіміне қарағанда, Западный, Хлопковый, Аврора сияқты көшелердің болуы қазіргі таңда адамдар үшін маңызды емес  деп есептейміз.  Алайда ОҚО құрметті азаматтары туралы ереженің болуына қарамастан, осындай жағдайлар орын алуда.

Жауап:

Сіздің облыс әкімінің ресми веб-сайтына жазған, академик Ирисметов Мұхамеджан атына көше беру туралы арызыңыз бойынша төмендегіні хабарлаймыз:

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің №284-2, 30.01.2015ж. тапсырмасына байланысты атау беру және қайта атау мәселесі 2016 жылға дейін тоқтатылған. Алайда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары  Б.Сапарбаевтың 2015 жылғы 16 сәуірдегі №20-56/И-204 тапсырмасына сәйкес тоқтамнан тыс Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай Кеңес Одағының батырларының және бірқатар ордендермен  марапатталған Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің есімдерін  көшелерге т. б. объектілерге  беру бойынша  тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Жарияланған: 09.12.2015 - 15:48:03
Жаңартылған: 27.10.2016 - 12:09:54
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі