Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы

You are here

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы

-A A +A
Оңтүстік Қазақстан облысында
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»
бағдарламасының іске асырылуы
жөніндегі мәлімет
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2015 жылғы 11 ақпандағы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасына сәйкес 2015 жылдың 31 наурызында ҚР Үкіметі №162 қаулысымен «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасын бекітілді.
Осыған сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылы   6 наурызда «Оңтүстік Қазақстан облысындағы халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған кешенді жоспары» туралы №60 қаулысы қабылданды.  
Оңтүстік Қазақстан облысының халықты жұмыспен қамтамасыз ету жөніндегі 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес 2015 жылға жалпы 5,518 млрд.теңге бөлініп, жоспарға сәйкес 40,7 мың адам  қамтылатын болады. 2015 жылдың 1 тамызына дейін 28 173 азаматқа әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Оның ішінде:
- өздігінен жұмыспен қамтылғандардың саны 11 113 адам; 
- жұмыссыздар – 17 060 адам;
-   аз қамтамасыз етілгендер – 2 483 адам. 
1. Бірінші бағыт «Инфрақұрылымды және тұрғын үй–коммуналдық  шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету».
Бұл бағытты іске асыру үшін жалпы 2015 жылы 2 059,02 млн.теңге, оның ішінде  республикалық бюджеттен  1 854,124 млн.теңге бөлінді. Аталған қаржыға 29 жобалар бойынша (білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік салаларында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары) жүргізілу жоспарланған. Жобаларды іске асыру кезінде 822 жұмыс орны ашылып, жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен Бағдарламаның 412 адамына жұмыспен қамту жоспарланған. 
2015 жылдың 1 тамызына дейін 29 жобалардың мердігерлері анықталып, оларда 700 жаңа жұмыс орындары құрылды, жұмыспен қамту орталықтары есебінен 353 адам қамтылды. 
2. Екінші бағыт «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 2015 жылға 1 826,1 млн.теңге бөлінсе, оның ішінде: 1 821,346 млн.теңгесі шағын несиелендіру жұмыстарына, 4,756 млн.теңгесі кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға қаралған. 
2015 жылдың 1 тамызына дейін 519 азаматқа 1 348,5 млн.теңге («Ауыл шаруашылық қаржылай қолдау қоры» есебінен – 152 азаматқа 348,5 млн.теңге ) шағын несие берілді. Орташа көлемі 2,6 млн. теңгені құрайды.  
Шағын несиеленген азаматтар қатарынан жұмыспен қамту орталығы арқылы қосымша 430 жаңа жұмыс орны ашылды.
Кәсіпкерлік негізінде 108 адам оқытылып, 2,187 млн.теңге игерілді. 
3. Үшінші бағыт «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу».
1) Тұрақты жұмыспен қамту. Бағдарлама шеңберінде  17 646 қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем берілді. 
2)  Кәсіби оқыту. 2015 жылдың 1 тамызына 3 411 адам кәсіби оқуды аяқтап, оның 2 916 адамы тұрақты жұмыспен қамтылды (85,5 пайыз). 
2015 жылдың маусым айынан бастап 178 адамды қайта даярлау курсына жолданды.
3) Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу. 2015 жылдың 1 тамызына         275 кәсіпорынмен келісім-шарттар түзіліп, 1 426 нысаналы топтағы азаматтарға әлеуметтік жұмыс орындары ашылды, бұл жылдық жоспардың  133,6 % құрайды (1 067 адам). Орташа жалақы 51,5 мың теңгені құрайды. 
4) Жастар практикасын ұйымдастыру. 2015 жылдың 1 тамызына Жастар практикасын ұйымдастыруға 697 жұмыс берушілермен келісім-шарттар түзілді, оларға сәйкес 1 503 жастар жұмыспен қамтылды, бұл жоспардың     109,4 % құрайды (1 374 адам).  
2015 жылдың 1 тамызына 6 185 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жіберу көзделіп, 6 343 адам қоғамдық жұмыстарға жіберілді немесе 102,6 %.
Жарияланған: 25.09.2015 - 18:45:58
Жаңартылған: 29.11.2016 - 15:22:45
© 2017

Ресми Интернет-ресурс

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі