Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Дағдарысқа қарсы штаб отырысында жалақы қарызы қаралды

-A A +A
1407/17

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы Дағдарысқа қарсы штабтың  кезекті отырысы өтті. Жиынға қатысушылар өңірдегі кәсіпорындар мен мекемелердегі қордаланған жалақы қарыздарын жою мәселесін қарады.

Мәжілісте сөз алған облыстық еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысының міндетін атқарушы Бегман Нұрмаханов мекемелердеқарыздарды жою бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, бүгінгі күнге жұмыс берушілер тарапынан 7 мекемеде 1 777 жұмысшы алдында 227 млн. теңге көлемінде жалақы қарызы бар екенін мәлімдеді.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық еңбек инспекциясының, Шымкент қаласы және Мақтарал ауданы әкімдіктерінің атқарған жұмыстары тыңдалды.

Сондай-ақ, жиында жалақыдан қарызы бар Шымкентте орналасқан «Меланж», «Ютекс» және «СМУ ШымкентГазМонтаж» АҚ-ы, «Компания «ZALI», «Шымкентхиммонтаж» және «Шымкентское дорожно-ремонтное хозяйство» ЖШС өкілдерінің жалақы қарыздарын төлеу жөніндегі уәждері мен ұсыныстары қаралды.    

Отырыс қорытындысымен облыс әкімінің орынбасары тарапынан жоғарыда аталған мекеме басшыларына жалақы қарыздарын жою бойынша арнайы іс-шаралар түзіп, жалақы қарыздарын өндіру бойынша жұмыстарды жандандыру жөнінде тапсырма берілді.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі   


© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области