Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

ОҚО-да бос жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекетке қайтару жұмыстары жалғасуда

-A A +A
1309/17

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Ербол Садырдың төрағалығымен аудан, қала әкімдерінің салалық орынбасарлары мен жер қатынастары саласына жауапты бөлім басшыларының қатысуымен жер қатынастарын дамыту бағыты бойынша селекторлық режимде мәжіліс өтті.

Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр ашып, жер қатынастары саласындағы атқарылатын өзекті мәселелерге тоқталды.

Жиында облыстық жер қатынастары басқармасының бөлім басшысы Қ.Ертуов 2017 жылдың соңына дейін облыс бойынша 106 131 жер пайдаланушының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлеріне және 842 елді мекеннің 811,8 мың га жеріне құжаттамалық ревизия жұмыстарын жүргізу және аудан, қала әкімдіктерімен жайылымдарды басқару, оларды пайдалану жөніндегі жоспарды жергілікті өкілді органдармен бекіту жұмыстарының барысы туралы баяндама жасап, бірқатар аудан, қала әкімдіктері тарапынан атқарылмай отырған жұмыстарға тоқталып өтті.

Сонымен қатар, 2017 жылы облыстың аудан, қала әкімдіктері тарапынан 467 жер пайдаланушының 63,8 мың га пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері мемлекет меншігіне  қайтарылғаны туралы айтып өтті.

Басқарманың бөлім басшысы Ж.Мустакимова Қазақстан Республикасы Бас көлік прокуратурасымен 2017 жылғы 12 мамырда бекітілген облыс аумағындағы құбырлардың қорғау және қауіпсіздік аймақтары шегіндегі жер учаскелерін пайдалану мәселелері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуы барысына талдау жасап, бірқатар аудан, қала әкімдіктерімен атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды.

Облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр барлық аудан, қала әкімдіктеріне жер қорына құжаттамалық ревизия жүргізу, ауыл шаруашылығы жерлеріне түгендеу жұмыстарын жалғастыру және құбырлардың қорғау аймақтарына түскен құрылыстарды көшіру бойынша нақты тапсырмалар беріп, мәжілісті қорытындылады.

                ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

    

 

 


© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области