Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Оңтүстік Қазақстан облысы әлі де дотациялы аумақ болып отыр - Елбасы

-A A +A

2017 жылғы 27 сәуір АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысының жұртшылық өкілдерімен кездесуі барысында өңірдің дамуындағы бірқатар проблемалық мәселелерге тоқталды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. «Бұл өңір әлі де дотациялы аумақ болып отыр. Облыс бюджетінде өткен жылы меншік табыстары небәрі бестен бір бөлікті құрады. Республикалық бюджеттен келіп түсетін түсімдер 80 пайыздан асты. Бюджетке түсетін салмақты азайту, меншік табыстарының үлесін ұлғайту жөнінде шара қабылданбай отыр», - деді Мемлекет басшысы. Елбасы бизнеске әрдайым қолдау көрсету қажет екеніне назар аударды. «Биылғы жолдауда бизнес ортасының жағдайын жақсарту жөнінде шаралар әзірлеуді тапсырдым. Қосымша жер учаскесін бөлу, жалға беру мерзімін ұзарту, оны пайдалану мақсатын өзгерту туралы рұқсат алу құжаттарын қарастыру мерзімінің ұзақтығына байланысты мәселелерді шешу керек. Бұл рәсімдерді жария түрде жүзеге асырып, қағазбастылыққа салынуға жол бермеген жөн. Кәсіпкерлікті дамыту қаржылық тұрақтылықты сақтап, өңірдің өз-өзін қамтамасыз ету қабілетін арттыратын маңызды тетікке айналуға тиіс», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен бірге Қазақстан Президенті инвестиция тарту бағытында жүйелі шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті. «2016 жылдың қорытындысы бойынша жалпы инвестиция көлемі төмендеген. Өңірде ауыл шаруашылығын, өңдеу өнеркәсібін, туризмді дамытуға барлық мүмкіндік бар», - деді Мемлекет басшысы. Қазақстан Президенті өңірдің туристік әлеуетін дамытудың маңыздылығына арнайы тоқталды. «Мен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаламда «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» жобасын әзірлеуді тапсырдым. Бұл орайда біз Қазақстанның мәдени және тарихи мұрасын негізге алуымыз керек. Оңтүстік Қазақстан облысы қайталанбас әрі бүлінбеген табиғи және ірі мәдени-тарихи құндылықтары бар орасан зор туристік әлеуетке ие. Сондықтан тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік инфрақұрылым түзу керек», - деді Мемлекет басшысы.



 

Размещено: 19.09.2017 - 17:11:12
Обновлено: 19.09.2017 - 17:11:12
© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области