Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

ТҮРКІСТАНДЫҚ ҮЗДІК ОҚУШЫЛАР ӨЛКЕ ТАБИҒАТЫН АРАЛАП, ТАРИХЫМЕН ТАНЫСЫП ЖҮР

-A A +A
1207/18
Түркістан облыстық  білім басқармасының ұйымдастыруымен  «Рухани жаңғыру»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында мектеп оқушылары үшін «Туған жерге тағзым» керуен-шеруі бастау алған-ды. Маусымның 25-нен басталған шараның мақсаты - жас өскіннің туған жердің табиғатын аралап, киелі мекендерін көріп, өздеріне рухани азық алу болатын.
Қатарынан екінші жыл өткізіліп келе жатқан шерудің мақсат-мұраты орындалғандай. Облыс бойынша қамтылуға тиіс көп балалы отбасынан шыққан 500 оқушының жартысынан астамы бүгінде туған жердің тарихына үңіліп, табиғатына тамсанып үлгерді. 
Толығырақ тоқталып өтсек, оқушылар үш жүздің басын қосқан – Ордабасы тауын, Сайрамдағы сансыз баптарды, Арыстанбаб кесенесі және көне Отырар қалашығын, әрі қарай Қожа Ахмет Иассауи кесенесі мен Иассы қорғанын және осы секілді құнды жәдігерлері бар  мұражайларға саяхаттады. Мұнан бөлек, Бәйдібек ата, Домалақ ана кесенелері, «Қазығұрттың басында кеме қалған...» тарихи кешені, Ақсу-Жабағылы қорығы, Төлебидегі тау туризмі, экотуризм, жазғы сауықтыру демалыс орындары мен және Шымкент қаласындағы көрікті жерлерде болды. Бүгінде аталған бағыттар бойынша Қазығұрт және Мақтарал аудандарынан келген оқушылар  саяхаттап жүр.    
Аталған кең көлемді іс-шара мемлекеттің ең басты ұлттық байлығының, дәулетінің,  іргетасының бірі - оның  табиғи қорлары, табиғат байлығы екендігін ұғындырып және де оларды қорғап, құрметтеуге және сақтауға баулудағы ықпалы зор болмақ. Керуен-шеру тамыз айының 18-не дейін жалғасады. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Туркестанской области