Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Ә.Әлішевтің 2018 жылдың 7 айындағы есебі

-A A +A
0908/18

Мемлекеттік қызметшілердің әдепті, сыпайы, қарапайым болуы бұл бүгінгі күні үлкен мәселе. Сол себептен, бекітілген жоспарға, кестелерге сай мемлекеттік қызметшілерге Әдеп кодексі талаптарын түсіндіру, орындалуын бақылау мақсатында 2018 жылдың 7 айында аудандар мен қалаларда, ауылдық округтерде, облыстық басқармаларда, облыс әкімі аппаратында –139 семинар кеңестер өткізіліп, оның ішінде облыс әкімі аппаратында: «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі жөнінде берілген тапсырманы түсіндіру бойынша», Республикалық арнайы мониторингтік топтың қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауы және Әдеп жөніндегі уәкілдердің атқаратын қызметі» тақырыптарында семинарлар өткізілді.

Осындай семинарлар биылғы жылы 76 ауылдық округтерде өткізілді. Бұл семинарларға жергілікті атқарушы органдарда қызмет атқаратын барлық мемлекеттік қызметшілер және де  білім, медицина, мәдениет салаларының басшы қызметкерлері қатысып, Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуы, Рухани жаңғыру, мемлекеттік қызметшілердің ішкі өзгеріске енуі, талапқа сай түзелуі мәселелері кеңінен талқыланды. Семинарлардың барысында Әдеп Кодексімен анықталған мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлықтарының жалпы стандарттары бойынша әңгімелер қозғалып, оның ішінде, қарапайым және сыпайы болу, қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмау, мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, сапалы қызмет атқару, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерде әдептіліктің болуы және де діни көзқарастарға байланысты міндеттер көтеріліп, кеңінен түсіндірілді. Бұл семинарларда мемлекеттік қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында тәуекелі мүмкін деген қызметтердің түрлері аталып, талапқа сай қызмет атқару назарларына жеткізілді.

Сондай-ақ, осы семинарларды өткізу барысында барлық аудандар мен қалаларда жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында алдын - ала хабарландырулар жарияланып, мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдаулар өткізілді. Бұл қабылдауларда 2018 жылдың 7 айында 97 мемлекеттік қызметшілер мен басқа да азаматтар болды. Қабылдауға келген мемлекеттік қызметшілер және басқа да азаматтар негізінен төмендегідей сұрақтарды көтерді:

Әдеп кодексі талаптарының бұзылуы, жұмысқа орналасу, мемлекеттік қызметшілерге еңбек ақы төлеу, рухани жаңғыру жұмыстарының талап деңгейінде болмауы (тазалық мәселесі, мемлекет тарапынан жас мемлекеттік қызметші-отбасыларға коммуналдық баспана бөлу мәселесі, Мемлекеттік қызметшінің діни көзқарасы бойынша түсініктеме беру, жұмыс уақытын өзгерту бойыншажәне тағы басқа да сұрақтарды көтерді.

2018 жылдың 7 айында Түркістан облысы әкімдігіндегі Әдеп жөніндегі уәкілдің атына 17 арыз түсіп, облыс әкімі аппараты ғимаратындағы жеке қабылдауында 8 адам болып, жазған арыздары заң талаптарына сай тексеріліп, жауаптар берілген.

Әдеп жөніндегі уәкілге сымтетік арқылы 2018 жылдың 7 айында 17 адам хабарласып, олар мемлекеттік қызметкерлердің дөрекі мінез көрсеткендігіне, азаматтық құқықтарының бұзылуы, ауылдық округының әкімі  тарапынан Әдеп Кодексі талаптарының орындалмауына, ауылдық округінің әкімінің қызметінің сапасына, ауылдағы тұрғындар арасындағы  моральдық-психологиялық ахуалдың төмендігіне, қала әкімінің жеке қабылдауына кіруге көмектесуін сұрады. Бұл өтініштердің барлығына сол уақытта тиісті жауапты мемлекеттік қыметшілермен хабарласа отырып шешімін тапты. Кейбір қойылған сұрақтарға түсініктемелер берілді.

Әдеп жөніндегі уәкілдің атына келіп түскен арыздардың 3-і құзіреттілікке байланысты облыстық Әдеп кеңесіне жолданып, 1-і бойынша қозғалған тәртіптік істің шешіміменКентау қалалық әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру бөлімі басшысының орынбасарына «Қатаң сөгіс» берілді.

Ұжымдарда жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес келетін өзара қатынастар мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу мақсатында жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бекіткен нұсқада 2018 жылдың маусым айында анонимдік сауалнама жүргізілді.  Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі басшылыққа көңілі толатынын айтқанымен, жекелеген мемлекеттік қызметшілер сұрақтарға «жоқ» немесе «үнемі емес» деп жауап берген.

Анонимдік сауалнаманың қорытындысы шілде айының 2 жартысында 24 басқарманың барлығында  өткізілген семинар-кеңестерде талқыланып, басшыларға ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалдарды жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпараттық сипаттағы жұмыстарды атқаруға да көңіл бөлінуде. Атап айтқанда:

Әдеп жөніндегі уәкілге мемлекеттік қызметшілер және азаматтардың хабарласуын, қабылдауға келуіне құлағдар ету мақсатында Әдеп жөніндегі уәкілдің фейзбугінде, облыстық газеттерде 2018 жылдың қаңтарайында хабарландыру жарияланып, онда қабылдау әр айдың екінші және төртінші сәрсенбісі күндері сағат  15.00-ден 17.00-ге дейін облыс әкімі аппаратының ғимаратында мемлекеттік қызметшілерді және басқа да азаматтарды қабылдау жүргізетіндігі хабарланды.

2018 жылдың қаңтарында «Жемқорлық ұсақ әдепсіздіктерден басталады» тақырыбында Оңтүстік Қазақстан газетіне, «Прием ведет уполномоченный по Этике» тақырыбында «Южный-Казахстан» газетіне интервьюлер берілді.

2018 жылдың 29 наурызында жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары журналистерінің қатысуымен баспасөз маслихаты өткізіліп,«Оңтүстік» телевидениесінде тікелей эфирде өткен «Ашық алаң» бағдарламасына қатысып, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі талаптарын орындаулары бойынша телекөрермендердің сұрақтарына жауаптар берілді.

Әдеп кодексінің талаптары мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға бағытталғандығын және де облыс басшысы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың тапсырмаларын басшылыққа ала отырып, 2018 жылдың 1 ақпанында, мемлекеттік қызметшілердің сымтетіктермен сөйлесу мәдениетін қалыптастыру мақсатында, облыс әкімі аппаратының басшысының қолымен, барлық облыстық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне, облыс әкімі аппараты бөлім басшыларына, жергілікті атқарушы органдардағы қызмет атқаратын мемлекеттік және басқа да қызметшілердің (барлық деңгейдегі әкімдер, басшылар, орынбасарлар, бөлім басшылары, бас, жетекші мамандар, қабылдау бөлмесіндегі хатшылар) телефондармен сөйлесулері бойынша Ұсыным дайындалып жіберілді.

Ол ұсынымда қоңырау шалушы өзін қалай таныстыруы керек, қоңырауды көтерген жақта қалай жауап берулері, сәлемдесулері көрсетілді. Бұл ұсыныммен барлық қызметшілерді қол қою арқылы таныстырып, столының үстіне қойып қою тапсырылды. Ұсыным хат жіберілгеннен кейін он күн өткеннен соң облыс әкімі аппаратынан комиссиялы түрде аудан, қалаларға, облыстық басқармаларға, облыс әкімі аппаратындағы қызметшілерге қызметтік сымтетіктеріне қоңырау шалынып, қалай жауап бергендіктері тексеріліп электронды жазу құралдарына жазылынып алынды. Қоңырау шалынған, талапқа сай жауап бермеген қызметшілердің тізімі облыстық басқарма басшыларына, аудан, қала әкімдеріне жіберіліп, олардан түсініктемелер алыну, шаралар көру тапсырылды. Мемлекеттік қызметшілердің тарапынан сымтетікпен сөйлесу барысында талапқа сай мәдениетті қалыптастыру мақсатында бақылау, зерделеу жұмыстары жалғасын табуда, аудандар мен қалаларда, ауылдық округтерде, облыстық басқармаларда маусым-шілде айларында өткен семинарларда бұл мәселе кеңінен талқыланды. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілердің өзара қарым-қатынасында жоғары мәдениетті қалыптастыра түсу мақсатында, жергілікті теледидарлар арқылы көрсету үшін 2 ролик дайындаудамыз. Олардың біріншісі - мемлекеттік қызметшілердің қарапайымдылығын, сыпайылығын көрсететтін қызметтік сымтетіктерге жауап беру, қоңырау шалу кезінде өзін таныстыру үрдісін қалыптастыруға бағытталған. Екінші ролик -  мемлекеттік қызметшілерге ұсынылған киім кию үлгісін сақтау.

Қосымша осы 2 мәселе бойынша да жергілікті атқарушы органдар ғимараттарына ілуге арнайы плакаттар дайындалуда.

Мемлекеттік қызметшілердің қызметтерінің тиімділігі оларға көрілген тәртіптік шаралар арқылы да зерделенуде. 2016 жылы облыстық басқармалар, аудандар мен қалаларда 43 мемлекеттік қызметші Әдеп  кодексі талаптарын бұзса, 2017 жылы Әдеп Кодексінің талаптарын 42 мемлекеттік қызметші бұзған. Облыстық Әдеп кеңесінің отырысында 2016 жылы аудандар мен қалалар бойынша 69 іс қаралса, 2017 жылы 65 іс қаралған. Жалпы Әдеп Кодексінің талаптарын бұзу 2016 жылы 8 ауданда тіркелсе, 2017 жылы 7-ауданда тіркеліп отыр. Облыстық басқармалардың ішінде Әдеп кодексінің талаптары бұзылуы 2016 жылы 3 облыстық басқармаларда орын алса  (сәулет және қала құрылысы, ішкі саясат және спорт басқармалары),  ал 2017 жылы облыстық білім басқармасында тіркелді.

2018 жылдың 1 жартыжылдығында облыстық Әдеп кеңесінде қараудың қорытындысымен жергілікті атқарушы органдар бойынша 20 мемлекеттік қызметшілерге тәртіптік шаралар көрілді (2 – облыстық басқарма басшыларының орынбасарлары, 1 – Еңбекші ауданының әкімі, 1 – Сайрам ауданы әкімінің орынбасары, 1 – Ордабасы ауданы, Бөржар ауыл округінің әкімі, 14 – бөлім басшылары, 1 – бөлім басшысының орынбасары).

 


© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Туркестанской области