Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Онлайн конференция

-A A +A
сортировать по убываниюВопросы
20Вопрос: Бұқаралық ақпарат құралдары солтүстік аймақтарда оңтүстіктер үшін тегін жоғары білім алу мүмкіндігі бар екендігі көп жазды. Сол туралы түсіндіріп берсеңіз?
Ответ: 2014 жылдан бастап «Мәңгілік ел жастары – Индустрияға» әлеуметтік жобасы аясында «Серпін-2050» бағдарламасы іске асырылуда. Бұл бағдарламаның мақсаты – жастардың ішкі миграциясын қалыптастыру, оңтүстік аймақтардағы жастарды Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы жоғары және кәсіптік колледждерде білім алуды қамтамасыз ету. «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша оқуға түскен жастар жатақханамен және стипендиямен қамтамасыз етіледі. 2016 жылға солтүстік аймақтардағы (Солтүстік, Шығыс, Батыс Қазақстан облыстары, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Атырау облыстары) 22 жоғары оқу орынына 3162 республикалық грант, 30 колледждерге 1000 грант бөлінген болатын. Ағымдағы жылғы 23-31 шілде аралығында 22 жоғар оқу орындарының өкілдері М.Әуезов атындағы ОҚМУ «А» оқу корпусында талапкерлерден құжат қабылдау жүргізіп, нәтижесінде 1-ші таңдау құқығы бойынша 3742 талапкер құжат тапсырса, барлық 4 таңдау құқығы бойынша 8 897 талапкер құжат тапсырды. Оның ішінде техникалық мамандықтарға (грант саны – 1717) – 4175 (бір орынға – 2,4), педагогикалық мамандықтарға (грант саны – 1000) – 2491 (бір орынға – 2,4), ауылшаруашылығы мамандықтарына (грант саны – 345) – 1207 (бір орынға – 3,4), медицина мамандығына (грант саны – 100) – 1024 (бір орынға – 10,2). Конкурстың қорытындысы ағымдағы жылғы 30 тамызға дейін шығарылатын болады.
16Вопрос: Салеметсизбе! мен 3 жыл уакыт мемлекеттик мекемеде азаматтык кызмет (келисим шарт) аткардым, 1 жыл болды мемлекеттик кызметке ауыстым. 3 жылдык енбек отилим (стаж) мемлекеттик есептелинедиме?
Ответ: Қазақстан Республикасының Президентінің 2016 жылғы 13 шілдедегі №298 «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысын белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидалары «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 53-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу тәртібін айқындайды. Осы қағиданың 3 тармағы 8 тармақшасында мемлекеттік ұйымдағы басшы лауазымдардағы немесе мемлекеттік қызмет мамандықтарымен бірдей мамандықтар бойынша лауазымдарда жұмыс істеген уақыт кіретіндігі көрсетілген. Ал, осы қағиданың 3 тармағы 9 тармақшасында егер осы лауазымдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына жатқызылған болса, мемлекеттік органдар мен олардың аппараттарына техникалық қызмет көрсеткен және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз еткен қызметкерлер лауазымдарында жұмыс істеген уақыт кіретіндігі көрсетілген. Сондай-ақ, осы қағиданың 5 тармағында лауазымдық жалақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды. Жоғарыда көрсетілгендерге байланысты, Сіздің мемлекеттік мекемедегі келісім шарт негізінде 3 жыл атқарған еңбек өтіліңіздегі жалпы еңбек өтіліне кіреді. Яғни Сіз мемлекеттік қызметке тағайындалған күннен бастап, Сіздің еңбек өтіліңіз 1 жыл болып есептелінеді
49Вопрос: Облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен балабақша желісінің дамуы төмен деңгейде? Бүгінгі таңда 100 орынға арналған балабақшаларда 113-120 бала тәрбиеленуде. Балабақша жасындағы балалар саны күн санап халық өсімі және көші-қон есебінен өсуде. 1-6 жас аралығындағы балалар арасындағы балабақша кезегінде тұрғандары – 70 мыңнан астам., оның ішінде 3-6 жас аралығындағысы – 36 мың бала. Алдағы уақытта бұл мәселе қалай шешімін таппақ?!
Ответ: Бүгінгі таңда, облыста 1562 мектепке дейінгі ұйымдарда 178348 баланы қамтыса, оның ішінде 3-6 жастағы 167871 бала қамтылып, қамту керсеткіші 85,0 %-ы құрап отыр. балабақшамен қамтылған балалардың 51,3%-ы жеке сектордың (898 жекеменшік) үлесінде. Облыста 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында (2595 орындық) 13 балабақша салынады. Соның төртеуінің биыл құрылысын бастау жоспарда бар. Атап айтқанда, Шымкент қаласы (320) мен Бәйдібек, (140), Отырар (240), Түлкібас (100) аудандарында конкурс жарияланып, кәсіпкерлер тарапынан нақтылы сұраныс түсті (мемлекеттік органдармен келісілуде салалық экспертиза, конкурстық құжаттар, жекеменшік әріптеске төленетін үстеме ақыны қамтитын мемлекеттік міндеттерге келісім т.б.) Одан бөлек 2017 жылы 9160 орынға 87 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарлануда. Облыста мемлекеттік бағдарлама аясында мектепке дейінгі ұйымдар желісі артқанымен, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жағдайы республикада төменгі орындардың бірінде. Себебі, өңірде демографиялық өсімнің жоғарылауы, мектепке дейінгі мекемелерде 63 мың баланың кезекте тұруы орын тапшылығын туындатуда. Сонымен қатар, облыс орталығы Шымкент қаласының республикада деңгейіндегі үшінші мегаполиске айналуына байланысты, қала аумағында балабақшаға деген тапшылық ерекше байқалуда. Облыс орталығы өңірдегі жалпы тапшылықтың 80%- ын құрауда. Сондықтан, мектепке дейінгі орындар тапшылығын азайту мақсатында облыста 2017-2019 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жалпы 177 жекеменшік мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарланған.
50Вопрос: Оңтүстік өңірінде жалпы орта білім беру ұйымдары өте көп. Олардың бірнешесі ыңғайластырылған және саманды ғимараттарда орналасқан, олардың біразы жаңа ғимараттарды қажет етеді. Сонымен бірге, оқушылар үш ауысымды мектептерде де білім алады. Осы мәселелерді шешу үшін жаңа мектеп ғимараттары салынады ма?
Ответ: Иә. Бұл мәселе, яғни, білім беру нысандарының құрылысы – біздің басты назарымызда. 2016 жылы облысымызда жаңадан 6 балабақша мен 43 мектеп (оның ішінде: 9 үш ауысымды және 11 апатты мектеп) қүрылысы пайдалануға берілді. Ал, 2017 жылы 73 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде: 16-сы апатты мектептің, 17-сі үш ауысымды мектептің, 11-і үш ауысымға өту қауіпі бар мектептердің, 2-еуі мектебі жоқ елді мекендер үшін, 19-ы ынғайластырған мектептер үшін, 5-еуі орын тапшылық, 3-еуі колледж ғимараттары және 2 қосымша құрылыс.
51Вопрос: Әлеуметтік желілерде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы түрлі пікірлер айтылуда. Осы мәселеге Сіздің көзқарасыңыз қандай?
Ответ: 2012 жылы Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажеттігін мәлімдеген болатын. Осы орайда, күні кеше ғана Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдары алдымызда тұрған міндеттердің бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек - деп атап көрсетті. Адамзат тарихында латын әліпбиі ең көне ретінде белгілі. Өткен ғасырда латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929-1940 жылға дейін қолданылып кейін кирилицаға ауыстырылды. Латын тіліне көшудің терең логикасы бар. бұл қазіргі таңдағы жаңа технологияның, ақпараттық-технологиялық коммуникацияның. ғылыммен білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабығасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды.
52Вопрос: Менің ұлым 9-сыныптан кейін кәсіптік білім алуға ниет білдіріп отыр. Биылғы 2017-2018 оқу жылынан бастап «Баршаға арналған тегін білім» бағдарламасы бойынша балама оқуға түсуге мүмкіндік бар ма? Бар болса, қандай мамандық бойынша және қанша мерзімде оқи алады?
Ответ: Әрине, ұлыңыз биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап екі жарым жыл мерзіммен өзіңіз атап кеткен бағдарламамен кәсіптік білім алуға құқылы. Ол үшін Сіз, аудандық жұмыспен қамту орталығына немесе өзіңіздің ауданыңызда орналасқан колледжге мамандықты таңдай отырып өтініш бересіз. Өтінішті арнайы комиссия қарап, ұсынылған құжаттар сәйкес болса, ұлыңыз студенттер қатарына қабылданатын болады.
53Вопрос: Облысымызда, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің жазғы демалыс уақытын тиімді өткізулері үшін арнайы жазғы сауықтыру лагерлері жоқтын қасы. Осы ретте, Сіз, облысымызда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілеріне арналған жазғы сауықтыру лагерін ашуға ықпал етуіңізді сұраймыз. Екіншіден, осы арнайы мектеп-интернаттарды бітіруші есту қабілеті бұзылған (естімейтін және нашар еститін), көзі нашар көретін балалардың кәсіптік білім алуы толық қамтылмай отыр. Есту қабілеті бұзылған балалар тігінші және техник бағдарламашы мамандықтары бойынша білім алуда. Осы балаларды жұмыспен қамтамасыз етуге ықпал етсеңіз екен!
Ответ: Сіздің, көтеріп отырған екі мәселеңізде өте орынды. Қоғамыздағы әр-бір бала біздің ең қымбат қазынамыз. Сіз көтерген мәселелер біздің басты назарымызда. Қазақстанның кез келген азаматы алған мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етіледі және оған шектеу қойылмайды. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы мектеп-интернат тәрбиеленушілері үшін облыс аумағында жазғы демалыс лагерін ашу мәселесі біздің ойымыздағы дүние және алдағы уақытта өзінің оң шешімін табатын болады. Осы ретте тиісті жұмыстарды атқаратын боламыз.
54Вопрос: Облысымызда мемлекеттік-жекеменшік әріптестік есебінен балабақша желісінің дамуы төмен деңгейде? Бүгінгі таңда 100 орынға арналған балабақшаларда 113-120 бала тәрбиеленуде. Балабақша жасындағы балалар саны күн санап халық өсімі және көші-қон есебінен өсуде. 1-6 жас аралығындағы балалар арасындағы балабақша кезегінде тұрғандары – 70 мыңнан астам., оның ішінде 3-6 жас аралығындағысы – 36 мың бала. Алдағы уақытта бұл мәселе қалай шешімін таппақ?!
Ответ: Бүгінгі таңда, облыста 1562 мектепке дейінгі ұйымдарда 178348 баланы қамтыса, оның ішінде 3-6 жастағы 167871 бала қамтылып, қамту керсеткіші 85,0 %-ы құрап отыр. балабақшамен қамтылған балалардың 51,3%-ы жеке сектордың (898 жекеменшік) үлесінде. Облыста 2017-2019 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында (2595 орындық) 13 балабақша салынады. Соның төртеуінің биыл құрылысын бастау жоспарда бар. Атап айтқанда, Шымкент қаласы (320) мен Бәйдібек, (140), Отырар (240), Түлкібас (100) аудандарында конкурс жарияланып, кәсіпкерлер тарапынан нақтылы сұраныс түсті (мемлекеттік органдармен келісілуде салалық экспертиза, конкурстық құжаттар, жекеменшік әріптеске төленетін үстеме ақыны қамтитын мемлекеттік міндеттерге келісім т.б.) Одан бөлек 2017 жылы 9160 орынға 87 мектепке дейінгі ұйымдар ашу жоспарлануда. Облыста мемлекеттік бағдарлама аясында мектепке дейінгі ұйымдар желісі артқанымен, балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтамасыз ету жағдайы республикада төменгі орындардың бірінде. Себебі, өңірде демографиялық өсімнің жоғарылауы, мектепке дейінгі мекемелерде 63 мың баланың кезекте тұруы орын тапшылығын туындатуда. Сонымен қатар, облыс орталығы Шымкент қаласының республикада деңгейіндегі үшінші мегаполиске айналуына байланысты, қала аумағында балабақшаға деген тапшылық ерекше байқалуда. Облыс орталығы өңірдегі жалпы тапшылықтың 80%- ын құрауда. Сондықтан, мектепке дейінгі орындар тапшылығын азайту мақсатында облыста 2017-2019 жылдар аралығында кезең-кезеңімен жалпы 177 жекеменшік мектепке дейінгі білім ұйымдарын ашу жоспарланған.
55Вопрос: Оңтүстік өңірінде жалпы орта білім беру ұйымдары өте көп. Олардың бірнешесі ыңғайластырылған және саманды ғимараттарда орналасқан, олардың біразы жаңа ғимараттарды қажет етеді. Сонымен бірге, оқушылар үш ауысымды мектептерде де білім алады. Осы мәселелерді шешу үшін жаңа мектеп ғимараттары салынады ма?
Ответ: Иә. Бұл мәселе, яғни, білім беру нысандарының құрылысы – біздің басты назарымызда. 2016 жылы облысымызда жаңадан 6 балабақша мен 43 мектеп (оның ішінде: 9 үш ауысымды және 11 апатты мектеп) қүрылысы пайдалануға берілді. Ал, 2017 жылы 73 білім нысандарының құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде: 16-сы апатты мектептің, 17-сі үш ауысымды мектептің, 11-і үш ауысымға өту қауіпі бар мектептердің, 2-еуі мектебі жоқ елді мекендер үшін, 19-ы ынғайластырған мектептер үшін, 5-еуі орын тапшылық, 3-еуі колледж ғимараттары және 2 қосымша құрылыс.
56Вопрос: Әлеуметтік желілерде қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру туралы түрлі пікірлер айтылуда. Осы мәселеге Сіздің көзқарасыңыз қандай?
Ответ: 2012 жылы Елбасымыз «Қазақстан-2050» Стратегиясында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз қажеттігін мәлімдеген болатын. Осы орайда, күні кеше ғана Елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында таяу жылдары алдымызда тұрған міндеттердің бірі қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек - деп атап көрсетті. Адамзат тарихында латын әліпбиі ең көне ретінде белгілі. Өткен ғасырда латын әліпбиінің негізінде жасалған жазу үлгісі 1929-1940 жылға дейін қолданылып кейін кирилицаға ауыстырылды. Латын тіліне көшудің терең логикасы бар. бұл қазіргі таңдағы жаңа технологияның, ақпараттық-технологиялық коммуникацияның. ғылыммен білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Мектеп қабығасында балаларымыз ағылшын тілін оқып, латын әріптерін онсыз да үйреніп жатыр. Сондықтан жас буын үшін ешқандай қиындық, кедергілер болмайды.
© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области