Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Білім беру саласына серпіліс әкелген – 100 оқулық

-A A +A

Білім беру саласына серпіліс әкелген – 100 оқулық

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жарық көрген «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» кітаптар Оңтүстік Қазақстан облысындағы зиялы қауымның да ерекше қызығушылығын оятып отыр.

Оңтүстік зиялылары аталмыш жобаның негізгі мақсаты – гуманитарлық білім салалары бойынша әлемдегі ең үздік оқулықтарды қазақ тіліне аударып, қазақ оқырмандарына дүние жүзіндегі таңдамалы үлгілер негізінде білім алуға мүмкіндік тудыру екенін атап өтті. Әзірге бұл тізімнен 18 оқулық қазақ тілінде жарық көріп, тұсауы кесілді. Олар экономика, тарих, тіл білімі, философия, жалпы әлеуметтік-гуманитарлық салаларды қамтиды.

Осы ретте жазушы Мархабат Байғұт айтуынша, бұрын көркем әдебиет болсын, оқулық болсын барлығы орыс тілі арқылы аударылатын, ал бұл оқулықтар тікелей түп нұсқадан аударылған соң, сапасы да жоғары болады.

Ал, аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің кафедра меңгерушісі Үсен Асқаров пікірінше, жалпылай алғанда елімізде 70 пайыздан астам студенттер мемлекеттік тілде, яғни қазақ тілінде білім алады. Осы оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы біздерге үлкен мүмкіндіктер ашып отыр.

 

 

Размещено: 05.06.2018 - 17:31:53
Обновлено: 05.06.2018 - 19:20:28
© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Туркестанской области