Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

О создании государственных учреждений - центров обслуживания населения Министерства юстиции Республики Казахстан – Постановление от 05.01. 2007

-A A +A

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2007 жылғы 5 қаңтардағы N 1 Қаулысы
Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., N 1, 6-құжат

Мемлекет басшысының "Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында" атты 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрi - мемлекеттiк мекемелер) құрылсын.
2. Мемлекеттiк мекемелер қызметiнiң негiзгi мәнi осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес "жалғыз терезе" қағидаты бойынша өтiнiштердi қабылдау және ресiмделген құжаттарды беру жөнiнде мемлекеттiк қызмет көрсету болып белгiленсiн.
2-1. Мемлекеттiк органдар "жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерi тiзбесiнiң 2-тармағын ескере отырып, өзiнiң құзыретiне кiретiн әрбiр мемлекеттiк қызмет бойынша бөлек мемлекеттiк қызметтер көрсету стандарттарын әзiрлеудi және Үкiметке бекiтуге енгiзудi қамтамасыз етсiн.
Ескерту. Қаулы 2-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
2-2. Мүдделi мемлекеттiк және жергiлiктi атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын қажеттi шараларды қабылдасын.
Ескерту. Қаулы 2-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
3. Мемлекеттiк мекемелердi қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
4. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi заңнамада белгiленген тәртiппен:
1) мемлекеттiк мекемелердiң жарғыларын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2) осы қаулыны iске асыру жөнiндегi өзге де шараларды қабылдасын.
5. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлетiн толықтырулар мен өзгерiстер бекiтiлсiн.
6. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
мiндетiн атқарушы

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 
2007 жылғы 5 қаңтардағы 
N 1 қаулысына 
1-қосымша

Құрылатын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мемлекеттiк мекемелерi - халыққа қызмет көрсету орталықтарының тiзбесi 
1. Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
2. Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
3. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
4. Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
5. Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
6. Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
7. Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
8. Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
9. Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
10. Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы
11. Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы 
12. Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
13. Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
14. Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
15. Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
16. Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
17. Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
18. Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
19. Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы
20. Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы
21. Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
22. Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көpceту орталығы 
23. Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
24. Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
25. Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы 
26. Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
27. Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы
28. Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы
29. Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы
30. Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 
2007 жылғы 5 қаңтардағы 
N 1 қаулысына 
2-қосымша

Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2008.07.19 N 710, өзгерту енгiзiлдi - ҚҰ Үкiметiнiң 2010.05.07 № 393 Қаулыларымен.
"Жалғыз терезе" қағидаты бойынша көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет түрлерiнiң тiзбесi

1. Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетiлетiн қызметтер 
әдiлет органдары:
1) Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәлiктер беру;
2) уақытша жеке куәлiк беру;
3) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу;
4) Қазақстан Республикасының азаматтарын тұрғылықты жерi бойынша тiркеу есебiнен шығару;
5) азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктер немесе анықтамалар беру;
6) банктердi, республикалық және өңiрлiк мәртебелерi бар қоғамдық бiрлестiктердi (оның iшiнде барлық саяси партияларды), шетелдiк және халықаралық коммерциялық емес үкiметтiк емес бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн қоспағанда, заңды тұлғаларды, олардың филиалдары мен өкiлдiктерiн мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу;
7) дiни бiрлестiктердi мемлекеттiк тiркеу, дiни бiрлестiктердiң филиалдары мен өкiлдiктерiн есептiк тiркеу;
8) заңды тұлғаларды, филиалдар мен өкiлдiктердi мемлекеттiк тiркеу (қайта тiркеу) туралы куәлiктiң телнұсқасын ресiмдеу;
9) жылжымайтын мүлiкке және онымен жасалатын мәмiлелерге құқықтарды (ауыртпалықтарды) мемлекеттiк тiркеу;
10) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiк кепiлдiгiн тiркеу;
11) жылжымайтын мүлiкке тiркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтамалар беру;
12) жылжымайтын объектiлер жоспарын (схемасын) қоса алғанда, тiркеу бөлiмi куәландырған тiркеу iсi құжаттарының көшiрмелерiн беру;
13) жылжымайтын мүлiктiң жоқтығы (болуы) туралы анықтамалар беру;
14) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгiн тiркеу туралы куәлiктiң телнұсқасын беру;
15) мiндеттi мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын жылжымалы мүлiктiң кепiлдiгi жөнiнде ақпараттық қызметтер ұсыну.
2. Халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе уәкiлеттi мемлекеттiк органдар арқылы көрсетiлетiн қызметтер*
әдiлет органдары:
1) мынадай азаматтық хал актiлерiн тiркеу:
туу;
тегiн, атын, әкесiнiң атын ауыстыру;
некенi бұзу.
2) жылжымайтын объектiлердiң техникалық паспортын беру;
3) Қазақстан Республикасының әдiлет органдарынан және өзге мемлекеттiк органдарынан, сондай-ақ нотариустерiнен шығатын ресми құжаттарға апостиль қою;
Қорғаныс министрлiгiнiң органдары:
1) запастағы офицерлердi әскери есепке алу және одан шығару;
2) запастағы солдаттарды, сержанттарды әскери есепке алу және одан шығару;
3) әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу және одан шығару;
4) жеңiлдiгi бар адамдарға (ҰОС қатысушыларына, Чернобыль апатын жоюшыларға, жауынгер-интернационалистерге) анықтамалар беру;
5) әскери қызметiн өткерудi растау туралы анықтамалар беру;
жергiлiктi атқарушы органдар:
1) жер учаскесiне меншiк құқығына арналған актiлердi беру;
2) жердi тұрақты пайдалану құқығына актiлердi беру;
3) уақытша өтеусiз (ұзақ мерзiмдi, қысқа мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығына актiлердi беру;
4) уақытша жер пайдалану құқығына актiлердi беру;
5) мемлекеттiк тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу және кезекке қою;
6) мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектепке дейiнгi (7 жасқа дейiнгi) жастағы балаларды тiркеу;
7) шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарын есепке қою;
8) мүгедектерге протездiк-ортопедиялық көмек ұсыну үшiн құжаттарды ресiмдеу;
9) мүгедектердi сурдо-, тифлоқұралдармен және мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшiн оларға құжаттар ресiмдеу;
10) 18 жасқа дейiнгi балалары бар отбасыларға мемлекеттiк жәрдемақылар тағайындау;
11) тұрғын үй көмегiн тағайындау;
12) ауылдық жерде тұратын әлеуметтiк сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтiк көмек тағайындау;
13) жеке қосалқы шаруашылығының болуы туралы анықтамалар беру;
14) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
15) жұмыссыз азаматтарға анықтамалар беру;
16) қорғаншылық және қамқоршылық жөнiнде анықтамалар беру;
17) кәмелетке толмаған балаларға тиесiлi тұрғын үй алаңын ауыстыруға немесе сатуға рұқсат беру үшiн нотариалды кеңсеге анықтамалар беру;
18) зейнетақы қорларына, Iшкi iстер министрлiгi Жол полициясы комитетiнiң аумақтық бөлiмшелерiне кәмелетке толмаған балаларға мұраны ресiмдеу үшiн анықтамалар беру;
19) кәмелетке толмағандарға тиесiлi тұрғын үйдi банкке несие ресiмдеу үшiн кепiлге қоюға рұқсаттар беру;
20) тұрғын үйдiң меншiк иелерi болып табылатын кәмелетке толмаған балалардың мүдделерiн қозғайтын мәмiлелер жасау үшiн қорғаншылар мен қамқоршылар кеңесiнiң шешiмдерiне анықтамалар беру;
21) Алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
22) лизингке техника сатып алу үшiн анықтамалар беру;
23) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тiркеу және есепке алу;
24) балаларды патронаттық тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген отбасыдан өтiнiм қабылдау;
25) миссионерлiк қызметпен айналысатын азаматтарды есептiк тiркеуге (қайта тiркеуге) қою;
26) әкетiлетiн заттың мәдени құндылығының болуы туралы қорытынды беру;
27) мемлекеттiк және мемлекеттiк емес дәрiгерлiк-әлеуметтiк мекемелерде әлеуметтiк қызмет көрсетуге құжаттар ресiмдеу;
28) жалғызiлiктi, сондай-ақ жалғыз тұратын қарттарға және мүгедектерге оның iшiнде бөгде адамның күтiмiне және жәрдемiне мұқтаж мүгедек балаларға үйде әлеуметтiк қызмет көрсетуге арналған құжаттарды ресiмдеу.
Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң органдары:
1) мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде өзен кемелерi мен оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу;
2) жалға алынған шетел кемелерi тiзiлiмiнде өзен кемелерiн мемлекеттiк тiркеу;
3) шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу;
4) темiр жол жылжымалы құрамын тiркеу;
5) темiр жол жылжымалы құрамының кепiлдiгiн тiркеу;
6) шағын көлемдi кемелердi басқару құқығына куәлiктердi беру.
Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң органдары:
1) мұрағаттық анықтамалар беру;
2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мұрағаттарынан шығатын және шетелдерге жiберiлетiн мұрағаттық анықтамаларға және мұрағаттық құжаттардың көшiрмелерiне апостиль қою.
iшкi iстер органдары:
1) тұрғылықты жерiнен мекен-жай анықтамаларын беру.
прокуратура органдары:
1) соттылығы бар не жоқтығы туралы анықтама беру;
2) прокуратура органдарынан, алдын ала тергеу және анықтау органдарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң органдары:
1) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ жоғары өтiмдi арнайы машиналарды сенiмхат бойынша басқаратын адамдарды тiркеу;
2) тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелер, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктер кепiлiн тiркеу;
3) тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен тетiктердi, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, оларға тiркемелердi, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен тетiктерiн, сондай-ақ тiркеу нөмiрлiк белгiлерiн бере отырып, өтiмдiлiгi жоғары арнайы машиналарды тiркеу, қайта тiркеу;
4) машиналардың кепiлiн мемлекеттiк тiркеу туралы куәлiктер беру;
Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң органдары:
1) республиканың бiлiм беру, ғылым органдарынан және оқу орындарынан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою.
Ескертпе:
*осы тiзбенiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттарды ресiмдеу жөнiнде өтiнiш берушi қандай ұйымға жүгiнуге болатынын (халыққа қызмет көрсету орталығына немесе уәкiлеттi органға) дербес анықтайтын қызметтер түрлерiнiң тiзбесi.
Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Үкiметiнiң 2009.12.04 N 2014 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң 
2007 жылғы 5 қаңтардағы 
N 1 қаулысымен 
бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне енгiзiлген толықтырулар мен өзгерiстер

1. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2007.12.29 N 1400 (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен. 
2. "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы N 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2004 ж., N 41, 532-құжат):
1) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы ережеде:
10-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң халыққа қызмет көрсету орталықтарында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша мемлекеттiк қызмет көрсетудi ұйымдастыру";
2) көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрлерi 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36-жолдармен толықтырылсын:
"7. "Астана қаласы Алматы ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
8. "Астана қаласы Алматы ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
9. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
10. "Астана қаласы Сарыарқа ауданының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
11. "Алматы қаласы Алмалы ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
12. "Алматы қаласы Түрксiб ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
13. "Алматы қаласы Әуезов ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
14. "Алматы қаласы Жетiсу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
15. "Алматы қаласы Бостандық ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
16. "Алматы қаласы Медеу ауданының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
17. "Көкшетау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
18. "Ақтөбе қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
19. "Талдықорған қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
20. "Атырау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
21. "Орал қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
22. "Тараз қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
23. "Қарағанды қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
24. "Қарағанды қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
25. "Қарағанды қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
26. "Қарағанды қаласының N 4 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi 
27. "Қостанай қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
28. "Қызылорда қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
29. "Ақтау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
30. "Шымкент қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
31. "Шымкент қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
32. "Павлодар қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
33. "Петропавл қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
34. "Өскемен қаласының N 1 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
35. "Өскемен қаласының N 2 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi
36. "Өскемен қаласының N 3 Халыққа қызмет көрсету орталығы" мемлекеттiк мекемесi".
3. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2008.04.15 N 339 Қаулысымен.
4. "Астана және Алматы қалаларында "жалғыз терезе" қағидаты бойынша халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 24 мамырдағы N 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 2005 ж., N 21, 263-құжат):
тақырыбындағы "Астана және Алматы қалаларында" деген сөздер алынып тасталсын;
1-тармақтағы "Астана және Алматы қалаларындағы" деген сөздер алынып тасталсын.

Размещено: 30.09.2015 - 17:45:30
Обновлено: 11.04.2016 - 15:52:19
© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области