Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

ОҚО-да республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті

-A A +A

ОҚО-да республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті

Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында «Ақсу-Жабағылы алауы, Шұбайқызыл жалауы» республикалық Қызғалдақ фестивалі өтті.



Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған іс-шара жастарды табиғатты аялап қорғауға шақыру арқылы жаңа қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуге белсене атсалысу мақсатында өткізіліп отыр.

«Шұбайқызыл шоқысы еліміздің «Қызыл кітабына» енгізілген грейг қызғалдағы ең көп өсетін аумақ. Бұл қызғалдақтар Қазығұрт, Төлеби, Бәйдібек өңірлеріндегі таулы аумақтарда кездеседі. Қызғалдақ гүлі қазақ халқының түсінігінде – көктемнің, жаңа өмірдің, көрікті тіршіліктің жаршысы болып есептеледі. Осындай әсем табиғатты аялап, туған жерді қадірлеу баршамыздың міндетіміз. Сондықтан да биылдан бастап әр аймақта қоғамдық сананы жан-жақты және түбегейлі жаңғыртуға бағытталған «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауқымды шаралар өткізу және оларды дәстүрге айналдыру көзделіп отыр», – деді облыс әкімі Ж.Түймебаев. 

Сондай-ақ, жастарға оның тарихы жайлы мағлұмат беріліп, жас ақындардың өлеңдері оқылып, табиғат тақырыбында көрме мен жас суретшілердің сурет байқауы өткізілді. Жалпы іс-шараға 5 мың шамасында адам қамтылды. Сонымен бірге келушілер қылқалам және фото суретшілердің көрмесі мен мемлекеттік табиғи парктер шеруін тамашалады.

Айта кетейік, соңғы жылдары оңтүстіктің тамаша табиғатына тамсанып кететін шетелдіктердің қатары арта түскен. Мәселен, 2017 жылдың қорытындысы бойынша өңірімізге 270 мыңнан аса турист келген. Олар тұмса табиғаттан бөлек, тарихи, архитектуралық және археологиялық ескерткіштерге деген ерекше қызығушылығы барын байқатқан.

 

 

Размещено: 05.06.2018 - 17:31:53
Обновлено: 05.06.2018 - 19:31:26
© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Туркестанской области