ОҚО: рухани жаңғырудың 1 жылдығын қорытындылады

ОҚО: рухани жаңғырудың 1 жылдығын қорытындылады

Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласының жарияланғанына 1 жыл толуына орай «Ұлт тарихындағы Ұлы белес» атты республикалық жиын болып өтті.

Жиынға қатысушы қонақтар ең алдымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында құнды жәдігерлерден жасақталған кешенді көрме мен облыста атқарылған жұмыстар туралы фильмнің көрсетілімін тамашалады.

Қазыналы Оңтүстікте болған басқосуда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында өңірде атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер мен жоспарлар талқыланды.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының Оңтүстік Қазақстан облысында орындалу барысы мен алда тұрған міндеттер жайын баяндаған облыс әкімі Жансейіт Түймебаев әлемдегі әрбір ұлттың әлеуеті тарихтың сабақтарынан үлгі алуы мен тәжірибе жинақтаудағы қабілетіне тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Елбасы ұсынып отырған рухани жаңғырудың негізгі сипаты өткен мен болашақты үйлестіре жүзеге асыру болғандықтан, біз мұны екі арнада іске асыруымыз қажет. Оның бірі – ғаламдық жетістіктерді өзімізге әкелу арқылы жаһандық дамуда өз үлесімізді алу. Екіншісі – өткен тарихымыз бен дәстүріміздегі асыл құндылықтарымызды қайта жаңғыртып, ұлттық бірегейлігімізді сақтап қалу. Осы орайда, Елбасы ауқымы кеңейіп, «Туған елге» ұласатын «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынып, оны жүзеге асырудың нақтылы жолдарына дейін көрсетіп берді. Осы мақсатта өңірімізде «ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасы бойынша бүгінгі күнге кәсіпкерлер, демеушілер тарапынан өңірлік жобалар жүзеге асырылуда. Мәселен, Шымкент қаласында құны 300 млн теңге болатын «Қос ана» балабақшасы, Төлеби ауданында 100 млн теңгелік көшелерді абаттандыру жұмыстары, Бәйдібек ауданында 340 млн теңгеге «Домалақ ана» кесенесін абаттандыру жұмыстары мен кесене жанынан конақ үй салынды. Ал Отырар ауданында құны 80 млн теңге болатын балабақша, 50 млн теңгелік этноауыл, 56 млн теңгелік «Ардагерлер» саябағы салынса, Ордабасы ауданында 45,3 млн теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл осы бағдарлама шеңберінде іске асырылып жатқан өңірлік жобалардың бір парасы ғана», – деді әкім.

 

 

Информсервисы

Природные катаклизмы

Сейсмический прогноз области

Сервис будет запущен в ближайшее время