Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Ответы на вопросы, поступившие от граждан из районов и городов на отчетной встрече акима Южно-Казахстанской области Ж.К.Туймебаева

-A A +A

Аты-жөні

Ұсыныс-пікірлер

мен сауалдар

Жауабы

Түркістан қаласы

1.   

К.Юлдашев  город Туркестан, ИП «Grand Miks» мебельное производство

Каков механизм выдачи земли (1,0 га) в индустриальной зоне города Туркестана в частную собственность?

Согласно подпункту 2) пункта 1 статьи 16 Земельного кодекса                       Республики Казахстан в компетенцию местного исполнительного органа области входит предоставление земельных участков для                                          индустриально-инновационных проектов субъектов                                            индустриально-инновационной деятельности, реализации инвестиционных приоритетных проектов в соответствии с Предпринимательским кодексом Республики Казахстан.

В соответствии с требованиями пункта 1) статьи                                                 267 Предпринимательского кодекса Республики Казахстан предоставление земельных участков субъектам индустриально-инновационной деятельности осуществляется посредством выделения земельных участков на праве временного землепользования в соответствии с Земельным кодексом Республики Казахстан.

То есть в настоящее время законодательством Республики Казахстан не регламентированы вопросы взаимодействия с участниками индустриальных зон. Министерством по инвестициям и развитию Республики Казахстан проводится работа по выработке предложений к проекту закона об индустриальных зонах, в котором предполагается отразить нормы, регулирующие вопросы создания, функционирования и взаимодействия с участниками индустриальных зон, в том числе по земельным отношениям.

В связи с этим, Вам необходимо обратиться с соответствующим заявлением о продлении аренды земельного участка в управление предпринимательства, индустриально-инновационного развития и туризма Южно-Казахстанской области для дальнейшего внесения его на рассмотрение регионального координационного совета «Бизнес ЮКО».

Шымкент қаласы

2.   

А.Байназарова

Шымкент қаласы, Нұрсат м/а, 50/70, 87053764530

Кәсіпкерлікпен айналысуға қайтарымсыз гранттарды (кредитті) қалай алуға болады?

Бизнес ашу мақсатында екінші деңгейлі банктен «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бірыңғай бағдарламасы аясында 19% және «Ырыс» Микрокредиттік ұйымы ЖШС-нен 7% бен несиелендіріледі. Несие алу үшін кепілдеме қажет және ОҚО кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы тарапынан «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде өз бизнесін ашуға мемлекеттік грантқа шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлер,  мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғаларға қатысуға болады.

Конкурсқа қатысатын шағын кәсіпкерлердің өтінімдерін қабылдау бойынша мәліметтер Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің оntustik.gov.kz  және Шымкент қаласы әкімдігінің Shymkent.gov.kz сайттарында жарияланады.

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы  бағдарламасы» аясында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, өз кәсібін ашам деген тұлғаларға 500,0 мың теңгеден 16 млн. теңгеге дейін 5-7 жылға дейін 6%-бен несие беріледі.

3.  

Ф.Ерменбекова

Шымкент қаласы, Самал-3, Шерімқұлов көшесі

Шерімқұлов көшесіне 20 жылға жуық ешқандай аббаттандыру жұмыстары жүргізілмеген, аталған көшеге асфальттау жұмыстарын жүргізіп берсеңіздер?

Шерімқұлов көшесін асфальттау үшін жобалық сметалық құжаттар әзірлеу қажет. 2017 жылдың ІІ-ші жартыжылдық  бюджетін нақтылау барысында жобалық құжаттарды әзірлеуге қаржы бөлуге ұсыныс енгізілетін болады. Асфальттау жұмыстары жоба әзірленгеннен кейін жүргізіледі.

4.   

С.Байбосынов

Шымкент қаласы, «Ынтымақ-2» ш/а

«Ынтымақ-2» шағынауданы бойынша мектеп, электр жарығы, ауыз су мәселелерін шешуге ықпал етсеңіз?

Электр қуатымен қамтамасыз ету мәселесі:

2013-2014 жылдары облыстық бюджеттен  қаржы қаралып, «Ынтымақ-2» мөлтек ауданын 10/04 кВт электр қуатымен қамтамасыз ету нысанының құрылысы жүргізілді. Жобада жалпы 900 үйді сапалы электр энергиямен қамтамасыз ету қаралған, құрылыс жұмыстары аяқталып, 600 – тұтынушы  электр қуатымен қамтылған.

Қалған жер телімдеріне жаңадан салынған тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету мақсатында, сәулет-жоспарлау тапсырмасы әзірленуде.

Ауыз су мәселесі:

«Ынтымақ-2» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз ету көзі «Шымкент қаласы, Достық мөлтек ауданынан Сыпарған ата көшесі арқылы Темірлан тас жолына дейінгі магистралды су өткізгіші» болып табылады. Аталған нысанға 2016 жылы мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

Осы нысанның құрылысына қаржы бөлу үшін облыстық бюджеттің 2017 жылғы кезекті нақтылауына ұсынылған.

Бүгінгі таңда, «Ынтымақ-2» шағын ауданының инфрақұрылым жүйелерінің (ауыз су, электр, табиғи газ) құрылысына жобалау – сметалық құжаттамасын дайындауға  сәулет – жоспарлау тапсырмасы әзірленуде. Ол дайын болғаннан кейін жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге ұсыныс берілетін болады.

5.   

Ә.Әссанди

87783371111

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Жұмағұлованың жазбаларында қателер орын алып отырады. Неге сауатсыз маман басшылық қызметте жүр?

Қызметті одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынысыңыз Шымкент қаласы әкіміне жолданып, алдағы уақытта ескерілетін болады.

6.   

С.Тажибаева

Шымкент қаласы, Шұғыла м/а, Қазына көшесі, 67 87051718462

Менің үйімнің алдын көршім А.Саипов менің жерім деп көшеге шығармай отыр. Осы дауды шешіп берсеңіз?

Шымкент қаласының жер қатынастары бөлімі тарапынан, Шымкент қаласы, «Шұғыла» шағын ауданы, Қазына көшесі, №67 үйдің алдындағы жер дауы мәселесі бойынша зерделеу жұмыстары жүргізілді.

Анықтау барысында жоғарыда корсетілген мекен жайда №67 үйдің алдыңғы жағындағы жолдың темір тормен қоршалғандығы анықталды, бүгінгі таңда қоршау тұрған жер учаскесі жеке меншік құқығымен тұрғын үй үшін азамат А.Саиповқа рәсімделген. Алайда, жоғарыда аталған жер учаскесі Абай аудандық соты А.Саиповқа рәсімделген мемлекеттік актіні жарамсыз деп тану туралы шешім шығарған. Бұдан басқа, сот шешімімен тек үй ғимараты орналасқан жер ғана рәсімделуге жататыны көрсетілген. Алайда ол азамат бүгінгі күні жер учаскесін заңсыз иеленіп, ҚР Жер кодексі талаптарын бұзып отыр. А.Саиповтың жер телімін пайдалану заңдылығына тексеру жұмыстарын жүргізіп, шара қолдану және сотқа талап арыз беру үшін ОҚО жер инспекциясына хат жолданған.

7.   

Байтыкова

Шымкент қаласы, 18 м/а, 6287011469362

Модернизация многоэтажки проведена некачественно. Протекает крыша дома №62 в 18 микрорайоне. Просим помочь.

В связи с Вашим заявлением создана рабочая группа в составе представителей специализированной уполномоченной организации - ТОО «Тұрғын үй Шымкент», подрядной организаций  - ИП «Тұрсынбаева». Выявленные дефекты будут устранены до конца февраля текущего года.

8.   

А.Қасымов

Шымкент қаласы, Қарасу м/а

(Бекжан базарының қасында)

Прошу Вас оказать содействие в благоустройстве нашего района Кара-су. Нет тротуаров, пешеходного перехода через дорогу. В реку Кара-су сливают нечистоты, из-за этого повсюду  неприятный запах. 

Внутриквартальная улица района Кара-су будет обследована. И в случае необходимости строительство тротуара (в зависимости от ширины улицы) в 2017 году будет разработана сметная документация. Работы по строительству  тротуара планируется произвести в 2018 году. Вместе с тем, в соответствующие надзорные органы направлены письма о принятии мер по вопросам сбросов нечистот и стоков в русло реки Кара-су.

9.   

Ұжым атынан

Шымкент қаласы

Нұрсәт м/а, автобустар кешкі сағат 19-00 кейін жүрмей қалады, №103, 42, 20- автобустардың кешкі уақытта кестеге сәйкес жүруін сұрап отыр.

Бүгінгі таңда, қоғамдық көлік бағыттарының кешкі уақыттағы жұмысын бақылау бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, тұрақты бақылауға алынған. Кешкі уақыттарда қозғалыс жиілігі төмен болған тасымалдаушы компанияларға заңға сәйкес шаралар көрілетін болады.

10.               

Г.Дутбаева

Город Шымкент, улица Узбекская, д.40, кв.14

Я воспитанница детского дома, инвалид с детства, воспитываю 5-х детей. Мне предоставили временное жилье. Прошу выделить мне постоянное жилье.

Согласно Закону Республики Казахстан «О жилищных отношениях» ст. 67,74 жилье из коммунального жилищного фонда предоставляется в пользование нуждающимся в жилье гражданам Республики Казахстан в порядке очередности. Гр. Г. Дутбаева стоит  в очереди на получение жилья с 22.07.2014 года за №4229. 16.03.2016 года она была на личном приеме акима города Г.Абдрахимова. В связи с тем, что она является многодетной матерью, имеет неполную семью, а также  учитывая ее низкое  материальное положение, до подхода ее очереди была выдана квартира №14 в общежитие, расположенном по улице Узбекская 40. Жилищный вопрос гр. Г.Дутбаевой будет решен в порядке очередности.

11.   

Ержан Нұржанұлы

Шымкент қаласы, 87057693944

1994 жылы туылған, ата-анасы қайтыс болған, тұрғын үй кезегінде тұр. Баспана мәселесін шешіп беруді сұрап отыр.

Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Е.Нұржан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тізімінде 17.06.2015 жылдан бастап №860 кезекте тіркелген. Аталған Заңның 74 бабына сәйкес, пайдалануға берілетін тұрғын үйлердің 20 пайызы жоғарыда көрсетілген тізімдегі азаматтарға бірінші кезекте беріледі. Е.Нұржанға дейін тіркелген осы санаттағы 859 азаматтың мұқтаждығын ескере отырып, Е.Нұржанның тұрғын үй мәселесі кезегі келген уақытта шешімін табатын болады.

12.   

Ұжым

Умарова А

Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а, 47

Қазақстанның ипотекалық компаниясы (КИК) бағдарламасымен соғылған үйлердің сапасы төмен. Тексеру жүргізуін сұрап отыр.

Шымкент қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығында «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» АҚ-ы арқылы құрылысы жүргізілген №47 тұрғын үйде орын алған кемшіліктерді жою бойынша Шымкент қаласы құрылыс бөлімі, техникалық қадағалаушы және мердігер «Корпорация Ақ ордасы» ЖШС-мен тиісті шаралар қабылданып, кемшіліктер 01.03.2017 жылға дейін жойылатын болады.

13.   

Ұжым

Пірәлі Гүлнар

Шымкент қаласы, «Жайлау» м/а, Алтынбекұлы Ерназар көшесі

«Жайлау» м/а, Алтынбекұлы Ерназар көшесіне асфальт төсеп беруді сұрап отыр.

А.Ерназар көшесін асфальттауға жобалық сметалық құжаттар әзірленуде. Жоба әзірленгеннен кейін асфальттау жұмыстарына қаржы бөлуге бюджетке ұсыныс енгізілетін болады.

14.   

Т.Баятанова

Шымкент қаласы, Кадеева көшесі, 1. 87058506507

Жүргізушілерге категориясына қарай жұмыс мәселесін шешіп беруді сұранады.

Облыста 63 жеке меншік тасымалдаушы мекеме жолаушыларға қызмет көрсетеді. «Д» категориялы автокөлік жүргізушілері аталған тасымалдаушы мекемелерге жұмыс мәселесімен жүгіне алады. Жұмыс мәселесін шешіп беру мақсатында Т.Баятановпен әңгімелесу жүргізілді. Оның B,C,D,E категориясы бар екендігі анықталды. Орталық мамандары категориясына қарай 4-5 бос жұмыс орындары бар екендігін хабарлады. Т.Баятановқа ұсынылған жұмыс туралы мәлімет қосымша хабарланады.

15.   

Бакиров Қойлан

(ұжымдық)

Шымкент қаласы

Шейх Халифа Бен Заид Әл Нахаян мешітінің жанындағы Қосдиірмен көшесіне аяқ жол салып беруді сұрайды.

2017 жылы Қосдирмен көшесіне аяқ жол салу жұмыстарына сметалық құжаттар әзірленетін болады. Аяқ жол салу жұмыстарын атқару 2018 жылға жоспарлануда.

16.   

Асқаров Үсен

87029170380

Несие алушы білім мен денсаулық, басқа да бюджеттік  салалары кызметкерлерінің қаржылық сауаттылықтарын арттыру үшін арнайы семинарлар өткізілсе?

Сұрақта баяндалған мәселеле бойынша бүгінгі таңда облыс әкімі аппараты тарапынан «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ ОҚФ хат жолданды. Нәтижесі бойынша өзіңізге қосымша хабарланатын болады.

17.   

Абдурахимова Данагуль

Шымкент қаласы Самал-3, Северо-Запад м/а

«Самал-3», «Солтүстік-Батыс» мөлтек ауданына мектеп салуды сұрайды?

Шымкент қаласы, Самал-3 мөлтекауданының солтүстік батыс бөлігінен №6 емхананың жанынан 3,58 гектар жер теліміне мемлекеттік акт алынып, 2017 жылы қалалық құрылыс бөлімі тарапынан жобалау-сметалық құжаттар дайындалатын болады. Құрылыс жұмыстары 2018-2019 жылдарға жоспарлануда. Солтүстік-Батыс, Асар-2 тұрғын алабынан 1200 орындық мектеп құрылысын салуға 2,88 гектар жерге мемлекеттік акт алынды. 2018 жылы жобалау сметалық құжаттары дайындалып 2019 жылы құрылыс салу жоспарланған.

18.   

Қадырбаев С.

Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Маятас ауылы (ұжымдық)

Тентек су, Бадам өзені жағалауларындағы тұрғын үйлер мен қора жайларын су басудың алдын алу шаралары туралы мәселе көтеріп отыр. 2016 жылы бөгет құрылысы басталған,  бүгінгі таңда тоқтап тұр. Осы мәселені шешіп берсеңіз?

ҚР ІІМ ТЖК «Қазселденқорғау» ММ Оңтүстік Қазақстан аймақтық пайдалану-техникалық басқармасының (ОҚАПТБ) Бадам өзені бассейнінде сел және су тасқынына қарсы 5 су бөгеті бар. Оның ішінде, Маятас елді мекеніндегі су тасқынына қарсы 300 м. сол жағалау темір бетонды бөгеті ОҚАПТБ теңгерімінде.

«Маятас» тұрғын алабы тұрғындарының өтініші бойынша, ОҚАПТБ мамандары нысан басына шығып, апатты жағалауды бекітуге қажетті жұмыстардың көлемін анықтады. ОҚАПТБ-нан Бадам өзені, Маятас елді мекеніндегі апатты жағалауды бекіту жұмыстарын жүргізу барысында, жеке кәсіпкер есебінен 150 м. өзен арнасын түзету және бөгетін көтеру жұмыстары көмек ретінде атқарылды.

19.   

Артықбай Базарбайұлы

Шымкент қаласы, Нұрсәт м/а 56/79

«Астана ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі кезінде облыс  орталығынан уақытша ғимарат алып, көрмеге келген туристерге мектеп мұражайындағы құнды дүниелерді экспонаттарды көрсетуге ықпал етсеңіз.

Шымкент қаласында Оңтүстік Қазақстан облыстық тарихи – өлкетану мұражайы облысымыздың тұрғындарына және туристерге тарихи, рухани  және мәдениет ескерткіштерін көрсету бойынша тұрақты түрде қызмет көрсетеді. Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мұражайы – мемлекеттік тарихи-мәдени қорығындағы мұражай құрамына 100-ден аса  тарихи-мәдени, діни-рухани, археологиялық және сәулет ескерткіштері кіреді. «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы өңірдегі танымал туристтік нысаны және Қазақстанның маңызды, көрікті жері болып табылады, қорыққа келушілердің саны жыл сайын артуда. Сонымен қатар, облыстың барлық аудан, қалаларында өлкетану, тарихи-мәдени, спорт және т.б. мұражайлары қызмет көрсетеді. 

Түркістан қаласында облыс әкімдігімен туристерге арналған қолөнершілер орталығы  құрылған. Аталған орталықта орын алып, әзірленген ұлттық нақыштағы қолөнер бұйымдарын көрсету мен қатар, өткізу мүмкіндігі жасалынған.

Шымкент қаласында «Алтын-орда Бейсбековтар Галереясы» ашылып, ұлттық және замануи нақышта қолөнер бұйымдары қойылып, туристердің назарына ұсынылып тұрады.

«ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, «Шымкент қаласында туризмді дамыту бойынша 2017 жылға арналған іс-шаралар жоспарына» сәйкес, 2017 жылғы маусым айында Шымкент қаласы, «Көрме» орталығында «Шырайлы Шымкент» туристік көрме-жәрмеңкесі өтеді. Іс-шараның мақсаты – әдет-ғұрып, салт-дәстүрді дәріптеу, қолөнер бұйымдарын жасаушы кәсіпкерлерді қолдау болып табылады. Сонымен қатар, Шымкент қаласындағы "Көне қала аумағындағы" құндылықтар шығыстық қала үлгісінде қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу, туристер тамашалайтын саяхат орталығы –  қолөнер шеберлерінің тұрақты жәрмеңкесін (Арбат) ашу бағытында тиісті жұмыстар жүргізу көзделіп отыр.

Жоғарыда аталған шараларда белсенді қатысуға және Түркістан қаласындағы қолөнершілер орталығына орналасуға облыс тұрғындарына шектеу қойылмаған.

20.   

Жазықбаева Сағыныш Амангелдіқызы

Шымкент қаласы, 87716954428 б/т

1.Көп балалы отбасына мемлекет тарапынан қандай қолдаулар көрсетіледі?

2.Жолдасымды (мамандығы заңгер) жұмыспен қамтамасыз етуге көмектесуіңізді сұраймын?

3.Тұрғын үй мәселесінде көмек беруіңізді сұраймын.

1Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 маусымдағы Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау  және әлеуметтік  даму минстрінің  2015 жылғы 5 мамырдағы №319 бұйрығымен бекітілген қағидаларына сәйкес, балаларға берілетін жәрдемақы орта есеппен жан басына шаққандағы айлық табысы облыстарда белгіленген азық-түлік себетінің құнынан төмен отбасыларға тағайындалады. Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың  жекелеген  санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасына сәйкес  Шымкент қалалық мәслихатының 2016 жылғы  21 қыркүйектегі  № 7/68-6с шешiмi бойынша төленеді.

2017 жылдың 1 тоқсанында азық-түлік себетінің құны 12478 теңгені құрайды. 18 жасқа дейінгі балаларға берілетін жәрдемақы және бір реттік әлеуметтік көмек алуға келесі құжаттар ұсынылады:

 1) Балаларға берілетін жәрдемақыны тағайындау үшін өтініш;

 2) Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат    

 (Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі).

 3) Баланың (балалардың) туу туралы куәлігі(куәліктері).        

 4)Көрсетілетін қызметті алушының деректері баланың туу туралы куәлігіндегі деректермен сәйкес келмеген  жағдайда, неке қию (некені бұзу) туралы куәлік;

 5) Отбасы мүшелерінің табыстары туралы мәліметтер, оның ішінде осы мемлекеттік көрсетілген қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес нысанда өтініш берушінің отбасы мүшелерінің алған табыстары туралы мәліметтер және жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

 6) Отбасының тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

7) Банк филиалдарынан есеп шот.

Жоғарыда аталған тиісті құжаттарды Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (Шымкент қаласы,  Жангелді көшесі 13 «А» үйде  орналасқан) тапсыруға болады.

2. С.Жазықбаеваның жолдасын жұмыспен қамту мақсатында орталыққа шақыртылып, жинақталған бос жұмыс орындарымен таныстырылды. Натижесінде, бос жұмыс орнына «Қаржылық Заң қауіпсіздік қызметі» ЖШС-не 23.02.2017 жылы №152 жолдама берілді.

3. Қазақстан Республикасы «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67,74 баптарына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және:

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

-ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтарға;

-мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

-жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі.

Қазіргі таңда С.Жазықбаевамен тұрғын үй мәселесі туралы өтініші телефон арқылы түсіндірілді. С.Жазықбаева көпбалалы және толық емес отбасы. Одан бөлек, бюджеттік ұйым, яғни, №7 мектеп қызметкері. Осыған орай, қазіргі таңда кезекке тұру үшін құжаттар жинақтауда. Кезекке тіркелген соң тұрғын үй мәселесі кезек ретімен оң шешімін табады.

21.   

Жиенкүл Моминқұлқызы

Шымкент қаласының тұрғыны

Тұрғын үйіме жылу берілмесе де төлем ақы талап етуде. Жылуға қарыз болып сот шешімімен, зейнетақы алатын есеп шотымды жапқызып қойды. Жәрдем беруңізді сұраймын?

Негізінде, орталықтандырылған жылу қуаты элеватор қондырығысына дейін сапалы жылу берілуде. Ал, тұрғын үйдің ішкі жылу жүйелерімен тиісті деңгейде сапалы жылу алу үшін, «Тұрғын үй қатынастары» Занына сәйкес, күтіп ұстау, сондай-ақ, жөндеу жұмыстарын, тұрғындар өз есебінен уақытылы атқарулары қажет.

Сот шешімін бұзу үшін, Сіз ҚР азаматы ретінде  қайта сотқа шағымдануға құқылысыз.

22.   

Аймурзаев Б.

Шымкент қаласы,

Қонаев көшесі №31 үй

87079354567, 87778848900

Қошқар ата бойын тазалауды және Қонаев көшесіндегі №31 үй ауласын абаттандыруды сұрайды.

2017 жылға Шымкент қаласы аумағындағы өзен, каналдарды санитарлық тазалау жұмыстарына бюджеттен 141,0 млн. теңге қаржы бөлінген. Қошқар ата өзенінің жалпы ұзындығы 11,7 шақырым арнасы мен жағалауын механикалық және қолмен тазалау жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі.

Д.Қонаев даңғылындағы №31 үйдің ауласына балалар ойын алаңшасын орнату үшін, сметалық құжаттар әзірлеуге тапсырыс берілетін болады. Сметалық құжаттар әзірленіп дайын болған соң, орнату жұмыстарына бюджеттен қаржы бөлу үшін ұсыныс енгізіледі.

23.   

Әлсерке Ибрахим

Шымкент қаласы,

Самал м/ауд, Мырзаев 58, 87028501717 б/т

1.                  ОҚО еңбек жалақысын басқа облыстармен теңестіруді сұрайды.

2.                  Мектеп мұғалімдерінің білімін арттыруды, қоғамдық жұмыстардан босатуды және баспасөзге зорлап жазылуды тоқтатуды сұрайды.

3.                  Әкімдер мен депутаттар халықпен және қоғамдық ұйымдармен ашық кездесіп, өзекті мәселелерді шешуді қолға алса.

4.                  №4 мөлтек ауданында орналасқан "Ай-Нұры" жекеменшік емхана мамандандарының кәсіби деңгейі және материалдық-техникалық базасы төмен, осыған тексеру жүргізсеңіздер.

5.                  Шымкент қаласындағы жарнама жазулары қашан реттеледі?

1. 2016 жылғы 4 тоқсандағы жағдаймен республика бойынша бір қызметкердің орташа айлық  жалақысы 154 632 теңгені құраса,  ОҚО бойынша 107 740 теңгені құрады. Орташа айлық жалақы мемлекеттік және жеке кәсіпорындар тарапынан берілген мәліметтерге сәйкес анықталады. Осыған орай, басқа облыстармен еңбек жалақысын салыстыру мүмкінідігі қарастырылмаған.

2.Мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру «Педагогика кадрларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы  28 қаңтардағы №95 бұйрығының негізінде жүзеге асырылады. Облысымыздағы мұғалімдерді басылымдарға жазылуға міндеттеу жоқ. Өз білімдерін жетілдіру, қоғамдағы жаңалықтарды білу, оқушыларды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңалықтармен тәрбие сағаттарында таныстыру, дұрыс бағыт беру мақсатында әр мұғалімнің басылымға жазылуы өз еркінде.

Жасөспірімдер мен жастарды нарықтық заман талабына, Қазақстандық патриотизмге, қоғамдық еңбекке, саяси сауаттылыққа  және т.б. бағыттарға тәрбиелеуде мұғалімдердің, қызметкерлердің қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, әрбір ұстаз жастарға үлгі болу арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Егемен еліміздің «Мәңгілік Ел» идеясын іске асыруда туған елге, отанға деген патриоттық сезімді оятуда бұл істердің жастарға берері мол. Сондықтан да, орнымен саяси-қоғамдық  жұмыстар жүргізілуі қажет (сенбілік, түрлі қоғамдық іс-шаралар).

3. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, 2016 жылы облыстағы мемлекеттік органдар тарапынан  облыстық  және  15 қалалық, аудандық деңгейдегі Қоғамдық кеңестер құрылды. Аталған кеңестер құрамының үштен бірі азаматтық сектор өкілдері болып табылады. Заңдылықтарға сәйкес облыс, аудан, қала әкімдерінің тиісті Қоғамдық кеңестер алдындағы есептері тыңдалады. Сонымен қатар, қоғамдық кеңестер жұмыс жоспарларына сәйкес мәжілістерінде өзекті мәселелерді қарайды. Осыған орай, өз ұсыныстарын аталған кеңестерге жолдау арқылы, қоғамдық ұйымдар өздерін толғандырып жүрген мәселе бойынша ашық пікірлесу мүмкіндігі бар екендігін назарыңызға жеткіземіз.

4. Шымкент қаласы, Б. Момышұлы 21 а, көшесінде орналасқан ЖШС  «Ай-нуры» медициналық орталығы 28 мың бекітілген халыққа тегін медициналық көмектің бекітілген көлемі шеңберінде  медициналық көмек көрсетеді.  Бекітілген халық санына қарай 9 терапевтік,  8 педиатриялық   участкелік  дәрігерлермен  және бейінді мамандармен  қамтамасыз  етілген.  Медицина орталығы көпсалалы және заманауи диагностикалық құрал-жабдықтармен жабдықталған. ОҚО ДСБ жекеменшік медицина ұйымдарына  бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылмайды. Осыған байланысты жекеменшік медицина ұйымдары штаттық бірлікпен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуді өздері қарастырады.

5. Қазақстан Республикасындағы «Қазақстан Республикасының тіл туралы», «Жарнама туралы» Заңдарын орындау мақсатында Шымкент қаласындағы көрнекі ақпараттардың, жарнама мәтіндерінің тақырыптық маңыздылығы мен сауаттылығын, эстетикалық безендірілуі деңгейін көтеру мақсатында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасы, Шымкент қаласының әкімдігі, облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен жоспары негізінде «Сауатты   жарнама – қала көркі» акциясы жүргізілуде. Акция барысында «Бекжан» базары, Ескі қалашық, «Сайрам» тұрғын алабы,  автовокзалдарға, 285 коммерциялық нысанның басшыларына ірі сауда орталықтарында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп,  әдістемелік көмек көрсетілді. Акция аясындағы жұмыстар әлі де жалғасады.

24.   

Байназарова Алмагүл Қошқарқызы

Шымкент қаласы, Нұрсәт м/ауд, 50/70, 87053764530

 3-ші топ мүгедегі. Емхана қызметкерлерінің қарапайым халықпен дөрекі сөйлесуіне шағымданады. Тәртіптің сақталуын сұрайды.

Оңтүстік Қазақстан облысының денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу  құқығындағы «№10 Шымкент  қалалық  емханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорында қызметкерлерімен жиналыс өткізіліп, оларға этика және деонтология принциптерінің сақталуы туралы  қатаң ескертілді.

25.   

Байдулла Қонысбек

ҚР-ның құрметті журналисті «Киелі Қазығұрт» Қорының президенті

1. «Қазығұрт - адамзаттың алтын бесігі» және Қазығұртты туристік аймақ ету жөнінде ұсыныс айтады.

2. Кеңес Одағыны батыры Садық Әбдіжаппаровқа және «Оңтүстік Қазақстан» газетін ширек ғасыр басқарған Әмірбек Әлиевке Шымкент қаласынан көше атын беру мәселесін шешіп берсеңіз?

1. Қазығұрт ауданында туризмді дамыту мақсатында  арнайы туристік бағыт жасақталған. Туристік нысандарға алып баратын жолдардың бойына жол көрсеткіштерін орналастыру жүргізілуде, наурыз айынан бастап нысан төлқұжаттарын жаңарту және туристік нысандардың айналасын ретке келтіру бойынша сенбіліктер  өткізу жоспарлануда. «Кеме қалған» монументінің айналасын абаттандыру бойынша Қазығұрт ауданы әкімдігі мен «ШымНұрСервис» ЖШС-і арасында өзара келісімдерер жүргізілуде.

2. Қазіргі уақытта еліміз бойынша атау беруге, қайта атауға мораторий жарияланған. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай жекелеген көшелер мен нысандарға ардагерлер есімін беру туралы тапсырмасына сәйкес, облыста 6 мектептің, 1 саябақтың, 26 көшенің атауы өзгертілді.

Сонымен қатар, «Бәйдібек ауданында «№1 жалпы орта мектеп-интернатына» Кеңес Одағының батыры Садық Әбдіжаппаровтың есімін беру туралы мәселе облыстық ономастика комиссиясында қолдау тауып,  облыстық әкімдік пен облыстық мәслихаттың бірлескен шешімі Республикалық ономастика комиссиясының қарауына жолданды.  Сонымен бірге, есімі ескерілмей жүрген бірқатар тұлғалардың есімін көшелерге, мектептерге беруге рұқсат беру жөнінде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігіне хат жолданды. Олардың ішінде Әмірсейіт Әлиевтің есімі де бар.  

26.   

Нахбаев С.Н.

Шымкент қаласы,

«Чернобыль Ардагерлер Одағы» төрағасы

Шымкент қаласы, кіші Отырар м/ауданынан мектеп салуды сұрайды.

Шымкент қаласы, кіші «Отырар» шағын ауданынан мектеп құрылысын салуға жер телімі қарастырылмаған. Бүгінгі таңда «Түркістан» шағын ауданында 650 орындық №62 жалпы орта мектепте 730 бала білім алуда. Мөлтек ауданға  жаңа мектеп құрылысын салу тиімсіз.

27.   

Шарипова Ақбаян

Шымкент қаласы, Республика 1-5, 87023156929 б/т

«Өрлеу» бағдарламасы бойынша қайтарымсыз несие сұрайды.

«Өрлеу» жобасы бойынша шартты ақшалай көмек күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен тұратын аз қамтамасыз етілген азаматтарға, жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысқан жағдайда және олармен әлеуметтік контрактіні түзу бойынша тиісті қаржылар бөлінеді. Шартты ақшалай көмектің мөлшері күнкөріс деңгейінің 60 пайызы мен отбасының жан басына шаққандағы табысының айырмашылығына тең (2016 жылы ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - 20797 теңге).

«Өрлеу» жобасы бойынша қайтарымсыз несие берілмейді. «Өрлеу» жобасы бойынша толық ақпарат алу үшін тұрғылықты  мекенжай бойынша халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінсеңіз болады.

28.   

Райымбекова Эльмира

Шымкент қаласы, Республика даңғылы №1, ОПС-18, №7 пошта жәшігі

Отырар, Ордабасы аудандарында фермерлік шаруа қожалықтарымыз бар. 1,4 гектар жылыжайға, кіші қонақ үйімізге, кафеге төбесінен күн батареясын қоюды жоспарлап едік, соны қайдан алуға болады?

«Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» арнайы маркетологтар арқылы күн батареясын сататын орындар туралы анықтама алуыңызға болады.

29.   

Аманов Али

87756587263

На какой стадии находится конкурс по реконструкции историко-культурного памятника, городища «Шымкент»?

Акимом Шымкента Г.Абдрахимовым 31.01.2017г. утвержден план мероприятий по содержанию и эксплуатации городищ «Сайрам» и   «Шымкент», расположенных на территории областного центра. Согласно ему ведутся работы по подготовке необходимых документов для включения городищ «Сайрам» и «Шымкент» в список «ЮНЕСКО». Вместе с тем по завершению данных работ будет объявлен конкурс на реконструкцию историко-культурного памятника городищ «Сайрам» и «Шымкент». Срок проведения конкурса 2 квартал 2017года.

30.   

Оралбаева К.У.

Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Нұртас м/ауд, Құлагер көшесі, №146 үй.

1.Шымкент қаласы «Нұртас» м/ауданына №20 автобустан басқа көлік қатынамайды, қосымша көлік қатынауын қамтамассыз етсеңіздер, тұрғындар кішкене автобустарға сыймауда?

2.Құлагер көшесіне электр жарығын жүргізіп, жол салып берсеңіздер?

1.№20 автобус бағытында сиымдылығы орта автобустар (45 адам) қызмет көрсетуде және үлкен автобустар жүргізуге жол жағдайы мүмкіндік бермеуде. «Нұртас» шағын ауданындағы жолдардың құрылысы аяқталған соң, қосымша бағыт жүргізу мүмкіндігі қаралатын болады.

2. «Қайтпас-1», «Нұртас» ш/а электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге қаржы бөлуге ұсыныс берілді. Құлагер көшесі аталған жобаға енгізілген.

31.   

Бухарбаев Еркін Бегалыұлы

АҚ, ОҚМФА-ның оқытушысы, магистр

Мемлекеттік бағдарламар бойынша тұрғын үй кезегіне тұра алмауы жөнінде шағымдануда. ЦОН қызметкерлерінің айтуы бойынша міндетті түрде жұмыс орны мемлекеттік салада болуы қажет.  Акционерлік қоғам қызметкерлері қалай тұрғын үй кезегіне тұра алады және қандай жеңілдіктер бар?

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және:

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

-ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтарға;

-мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

-жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Сіз жоғарыдағы санаттардың біріне енетін болсаңыз, иелігіңізде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеген және қалада тұрақты тіркеуде болсаңыз кезекке тіркелуге мүмкіндігіңіз бар.

32.   

Жаппарқұлов Парман

Шымкент қаласы, Абай ауданы,

Самал-3 мкр,

 Тел.27 53 80

Шымкент қаласы, Абай ауданы, Самал-3 шағынауданында тұрамыз.  Көшеміздің атауы жоқ. Осы мәселе қашан шешіледі?

Қазіргі уақытта еліміз бойынша атау беруге, қайта атауға мораторий жарияланған. Атау беру, қайта атау жұмыстарын жалғастыруға рұқсат берілген жағдайда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы №138 қаулысына сәйкес жұмыстар жүргізілетін болады.

33.   

А.Үсембай

Шымкент қаласы, А.Құралов көшесі, №165 үй

Жастарды патриоттық рухта, отаншылдық сезімге тәрбиелеу мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне арналған арнайы стендтер мен музей ашылса. Жастарымыз осы бағытта тәрбиеленсе.

2016 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығына орай жастарды патриоттық рухта, отаншылдық сезімге тәрбиелеу және рухани-адамгершілік деңгейін жоғарылату мақсатында облыс бойынша 430 іс-шаралар (мерекелік, мәдени, спорттық, қайырымдылық, флеш-мобтар, дөңгелек үстелдер, семинарлар) өтіп, оған 250 мыңға жуық жастар қатысты. Әрбір іс-шарада арнайы тақырыпта көрнекті құралдар (стендер, билбордтар, плакаттар, бейнероликтер, т.б.) әзірленіп, жастарға тәрбие жұмыстары жүргізілді.

Аталған іс-шаралар жыл сайын өткізіледі.

Жастарды  Отанын сүюге, патриоттық рухта тәрбие беруде, тарихымызды таныту мақсатында тұрақты түрде Шымкент қалалық орталықтандырылған көпшілік және балалар кітапханалар жүйелерінде (38 кітапхана) кеңейтілген тұрақты кітап көрмелері, әдебиеттердің ашық көрінісі т.б. іс-шаралар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар, қалада орналасқан 5 мұражайларда (облыстық тарихи өлкетану мұражайы, облыстық саяси қуғын сүргін құрбандары мұражайы, Хакім Абай мұражайы, «Ерлік» мұражайы;  облыстық бейнелеу өнері мұражайы) іс-шаралар өтіп тұрады.

34.   

Шымкент қаласының тұрғындары атынан

Шымкент қаласы

Кешкі кезде қала орталығына жету өте қиын. Сағат 19-00 бастап қоғамдық көлік жүруін тоқтатады. Қоғамдық көліктін кешкі кезде жүруін ұзарту мүмкіндігі бар ма?

Жалпы қалалық қоғамдық көліктердің кешкі уақыттағы жұмысы сағат 2030-2100 аралығында аяқталады. Өйткені, қаладағы мекемелердің жұмысы сағат 1800-1900 аралығында аяқталады. Сол себепті, қалалық қоғамдық көліктердің кешкі уақыттағы жұмысы тұрақты бақылануға алынып арнайы іс-шара жоспары бекітілген.

35.   

Жаппарқұлов Фарман

Шымкент қаласы, Самал-3 ш.а.

Самал- 3 шағынауданындағы Естемес би көшесіне тас төселе ме?

Естемес би көшесіне шағал тас төсеу жұмыстары 2017 жылдың жұмыс жоспарына енген. Шағал төсеу жұмыстарын атқару шілде айында жоспарланған.

36.   

Бейсебаева Қанымкүл

Шымкент қаласы,

Достық мөлтек ауданы, Айдарлы көшесі, №59/4

Балалары Ербол және Расияға медициналық тексеру жүргізуді, мүгедектікке шығуына ықпал етуді сұрайды?

Облыстық мүгедектердің орталықтандырылған дерек қорының мәліметтеріне сәйкес, тұрғылықты мекен-жайындағы емханасының дәрігерлік-кеңестік комиссиясынан медициналық-әлеуметтік сараптама бөліміне Ербол Бейсебаев және Расия Бейсебаевалар куәландырудан өтпеген.

Ербол және Расия Бейсебаевалардға медициналық тексеру жүргізуге тиісті мамандарға баруға жолдама берілді. Тексеру қорытыңдысы бойынша мүгедектікті тағайындау қаралатын болады.

37.   

Бейсебаева Канымкүл Сарсенкуловна

Шымкент қаласы, Достык м/а, Айдарлы көшесі, 59\4,

8-771-795-07-66

Шымкент қаласы, Достық м/а, Айдарлы көшесі  59\4 мекен жайдан коммуналдық тұрғын үй алған. Балаларының денсаулығына байланысты көпқабатты үйге ауыстыруды сұрайды.

Азаматша К.Бейсебаеваға мемлекеттік тұрғын үй қорынан «Достық» шағын ауданы, №59 үйдің, 1-бөлмелі, жалпы ауданы – 38,0 ш/м құрайтын №4 пәтерге тұрғын үйді жалдау шарты рәсімделіп, бекітіліп берілген.

Сонымен қатар, азаматша К.Бейсебаева тұрғын үйге мұқтаж ретінде халықтың әлеуметтік жағынан осал тобы тізімінде 24.11.2010 жылдан бастап, бүгінгі таңда №1244 кезекте тіркелген.

Аталған Заңның 74-бабына сәйкес, осы тізімге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер, осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алуға бұл тізімге енгізілген басқалар алдында Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басымдық құқығы болмайды делінген.

Осыған байланысты К.Бейсебаеваның тұрғын үй мәселесі заңға сәйкес кезек ретімен шешілетін болады.

38.   

Эльмира Райымбекова

Шымкент қаласы, Республика д., №1, ОПС-18, №7 пошта жәшігі

Күн батареяларын сатып алуға және оларды орнатуға грант алу мәселесі туралы.

Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында шағын кәсіпкерлерге жаңа өз ісін бастауға өтеусіз және қайтарымсыз негізде грант беріледі. Бұл ретте, грант берудің негізгі талаптарының бірі Бизнес-идеялардың жаңашылдығы болып табылады. «Оңтүстік» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына барып, барлық мемлекеттік қолдау бойынша толыққанды кеңестер алуыңызға болады.

39.   

Әлсерке Рахым

Шымкент қаласы Самал-1 мөлтекауданы, Ө.Мырзаев көшесі, 58-үй.

Мұғалімдерді газет-журналдарға өз еркінсіз жаздыруды тоқтату мәселесі бойынша.

 

Облысымыздағы мұғалімдерді басылымдарға жазылуға міндеттеу жоқ.

Өз білімдерін жетілдіру, қоғамдағы жаңалықтарды білу, оқушыларды қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жаңалықтармен тәрбие сағаттарында таныстыру, дұрыс бағыт беру мақсатында әр мұғалімнің басылымға жазылуы өз еркінде.

40.   

Шымкент қаласы «Нұртас» шағын ауданының тұрғындары

Нұртас шағын ауданындағы ішкі жолдарға асфальт төсейміз дегелі 4-5 жыл болды. Биыл асфальт төселеді ме? Төлеметов көшесі қашан жарықтандырылады? 

 «Нұртас» шағын ауданында, Төлеметов көшесіне паралельді «Қайтпас-1» және «Нұртас» шағын аудандарын бөліп тұрған №3 көше, Гүлдала, Жасталап көшелерінің жалғасы, Зере №1, Зере №2 көшелерінде 2016 жылы күрделі жөндеу жұмыстары басталған. Аталған көшелер құрылысы 2017 жылға өтпелі және жылдың соңына дейін аяқталуы жоспарланған.

Сонымен қатар, «Нұртас» шағын ауданындағы №6 атауы жоқ, №10 атауы жоқ көшелерді күрделі жөндеуге жобалау сметалық құжаттары әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін, 2017 жылдың ІІ-жарты жылдығында жол құрылыс жұмыстарына қаржы бөлуге ұсыныс енгізіледі.

Төлеметов көшесінде қайта құру жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар барысында, түнгі жарық шамдары орнатылады. 2017 жылдың қыркүйек айында Төлеметов көшесі пайдалануға беріледі, сол кезде жарық қосылатын болады.

Қазығұрт ауданы

41.   

Т.Мусабаев

Қазығұрт ауданы, 87779690904

1.Қазығұрт-Сарыағаш аудандарындағы Үлкен Келес каналының бойындағы суармалы жерлерлердің  проблемаларын шешу үшін 2017-2018 жылдары қандай жұмыстар жүргізіледі?

2.Қазығұрт ауданы аумағынан «Батыс-Европа-Батыс-Қытай» бетон жолының құрылысы өткенде, ішкі жолдар қатты тозып кетті, соларды жөндеу бойынша 2017-2018 жылдары қандай жұмыстар атқарылады?

1. «2017 жылы Сарыағаш ауданы Үлкен Келес магистралды каналының бойындағы коммуналдық меншіктегі жалпы 228 шақырымдық тармақтарына күрделі жөндеу жұмыстарын атқаруға жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу үшін облыстық бюджеттен қаржы  бөлінді.

Ал, Қазығұрт ауданы бойынша 2017 жылы Үлкен Келес магистралды каналы бойындағы  Р-2 жабық су жүйесіне күрделі жөндеу  жұмыстарын атқару үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттің кезекті нақтылауына  ұсыныс берілді. Құжаттамалар мемлекеттік сараптаманың оңды шешімін алғаннан кейін құрылыс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде алдағы үш жылда Үлкен Келес каналы бойындағы суармалы жерлердің мәселелері оңды шешімін табатын болады.

2. «Жарамсыз күйге түскен ішкі жолдарды қалпына келтіру мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, «Ақтас-Рабат» бағытындағы ұзындығы 30 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы  әзірленуде. Ағымдағы жылдың сәуір-мамыр айларында мемлекеттік сараптаманың қорытындысын алу жоспарлануда. Шарапхана ауылы арқылы өтетін 6,3 шақырым автомобиль жолын орташа жөндеуге сметалық құжаттамасы зәрленген. «Шарапхана-Жаңабазар» бағытындағы автомобиль жолының 0-16 шақырым аралығын күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Ташкент-Шымкент бағытындағы құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң ішкі жолдар толығымен жөндеуден өткізілетін болады.

42.   

Р.Ибраев

Қазығұрт ауданы, Аққұм ауылы

Аққұм ауылына жол салып берсеңіздер?

Қазығұрт ауданындағы 1-мамыр және  Аққұм ауылдарын байланыстыратын 10,1 шақырым автомобиль жолын күрделі жөндеу жұмыстары 2016 жылы басталған. 2016 жылы дайындық жұмыстары, негізгі қабатын төсеу жұмыстары жүргізілді.  Ағымдағы жылы автомобиль жолын жөндеу жұмыстарын аяқтап, жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған.  

43.   

С.Шалаев

Қазығұрт ауданы, Шарапхана е/м

Шарапхана елді мекеніндегі ауыз су жүйесінің тозығы жетіп істен шыққан, осы мақсатқа қаржы қарастыруды сұрайды.

.

Талапқа сәйкес, ауыз су жүйелерінің құрылысына жобалау-сметалық құжаттарын әзірлеу үшін қажетті қаржы көлемі 2016  жылы облыстық бюджеттен бөлініп, 2016 жылғы 8 желтоқсанда сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жалпы құны 1 117,3 млн. теңге.

Аталған нысанның құрылысын қаржыландыру мақсатында 2017 жылғы облыстық бюджеттің нақтылануына ұсынылды.

44.   

Мақпал Камалова

Қазығұрт ауданы, Еңбекші ауылы

Қазыұрт ауданы Еңбекші ауылына газ келеді дегелі 3-4 жыл  болды. Ауылымызға газ қашан келеді және ішкі жолдарға асфальт қашан төселеді? 

Шанақ-АГТС-нің құрылыс жұмыстарына 2017 жылы 300000,0 мың теңге қаржы бөлініп, 690581,0 мың теңге қаржы 2018 жылға өтпелі болған. Шанақ-АГТС-ң құрылысынан кейін Еңбекші е/м табиғи газбен қамту үшін 2019 жылы ЖСҚ әзірленіп, құрылыс жұмыстарын  2020 жылға жүргізу жоспарлануда.Қазығұрт ауданы Қ.Әбдалиев ауыл округі Еңбекші елді мекеніндегі ішкі  көшелерді және олардың бойындағы аяқжолдарды орта жөндеу жұмыстарын жүргізуге 2017 жылға аудан бюджетінен 12,2 млн теңге қаржы бөлініп маусым айында құрылыс жұмыстары басталады.

Мақтарал ауданы

45.   

А.Мырзахметов

Мақтарал ауданы, Ералиев ауылы, 87017608386

1.Табиғи газ мәселесі кейінге жылдарға ауыстырылмай 2017 жылы шешілсе екен.

2. «Арай» ауылындағы мектеп ескі, заманға сай мектеп салуға ықпал етсеңіздер.

1.2016 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар есебінен Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм ауылдық округтеріне қарасты елді мекендерді табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында «ОҚО Мақтарал ауданы Ж.Ералиев, Абай, Қызылқұм ауылдық округтеріне жоғары қысымды жеткізуші газ өткізгішінің құрылысы» нысанының жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынған. Аталған жобаның құрылысына 2017 жылға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, 2018 жылы аяқталуы жоспарланған.

Сонымен қатар, Ж.Ералиев ауылдық округіне қарасты Арай, Ғ.Мұратбаев, Үтіртөбе және Көктөбе елді мекендеріне жобалау-сметалық құжаттамаларын әзірлеу жұмыстарына 2017 жылға облыстық бюджеттен қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүргізілуде.

2. Мақтарал ауданында үш ауысымда білім алатын 2 мектеп,  бейімделіп салынған 29 мектеп бар.  бірінші кезекте аталмыш мектептердің проблемасын шешуді қажет етеді. Ал, «Дәуір»  жалпы орта мектебіне қосымша құрылыс салу і, бейімделіп салынған мектептердің мәселесін шешкеннен кейін қарастырылатын болады.

46.   

Жантөреев Е.

Самохалов В.

Мақтарал ауданы, Атакент кенті,

Атакент кентінің «Ардагерлер Кеңесі»

Жансейт Қансейтұлы!

Сізден үлкен үкілі үміт артып сұрайтынымыз.

1)           Ауданымыздың халқының санын ескеріп, ауданға орта деңгейдегі аэропорт салу;

2)           Атакент кентінде 1200 орындық орта мектеп, емхана салу;

3)           Кенттің 7 көшесінің туатуарларын қалпына келтіру;

4)           Кенттің орталық саябағының Солтүстік аймағынан Жетісай тас жолын салып, кенттегі автокөліктер кептелістерін жою;

5)           Кент көшелерін асфальттау (25 көше);

6)           Кенттегі көшелердің ирригация жүйелерін (3 көшенің) қалпына келтіру;

7)           Кенттің ауыз су мәселесі де жылдан жылға шешілмей келеді. Кенттің ауыз су мәселесін оңды шешу.

 

1. Мақтаарал ауданында әуежай  салу үшін бюджеттің шығыс бөлігінде әуеайлақтар құрылысын жүргізуге құжаттарды әзірлеуге, қаржы бөлуге тиісті бағдарламаның болмауына байланысты мүмкіншілік жоқ.

2. Атакент емханасының құрылысына жер телімі  бөлініп, мемлекеттік акті алынған. СЖТ (сәулет-жоспарлау тапсырмасы), жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемсараптаманың оң қорытындысы алынған. Қәзіргі таңда жобаны қаржыландыру мәселесі карастырылуда.

3. Мақтарал ауданының Атакент кентінде орналасқан «Мақтарал», Сәтбаев, Комаров, Бапышев, №125 жалпы орта мектептері бар. Жалпы мектептердің жобалық қуаттылағы 3976 оқушыға арналған. Атакент кентінде  мектеп жасындағы 1-11 сынып оқушыларының саны 4735. «Мақтарал», Сәтбаев, Комаров, Бапышев жалпы орта мектептері екі ауысымда оқытылады. Ал 2016 жылы 300 орындық жаңа №125 жалпы орта мектеп құрылысы пайдалануға берілген. Мектепте 372 оқушы бір ауысымда білім алады.

Қазіргі таңда Атакент кентінен жаңа мектеп салу қажеттілігі жоқ.

3. 2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы аясында 25 көшеге абаттандыру (аяқ жол салу) жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта аяқ жол салу жұмыстарын жүргізу түрлі деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін қаржыларға сәйкес  кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін  хабарлаймыз.

4. Атакент кентіндегі жол кептелістеріне байланысты. Кенттегі орталық саябақтың жанынан Жетісай бағытына айналып өтетін айналма автожол салу  үшін шаруа қожалықтардың егістік жерлері алынуы тиіс. Алайда, жергілікті шаруалар келісімдерін бермеген.

5. Мақтаарал ауданы Атакент кентінде  51 шақырымды құрайтын 68  көше бар. Көшелердің 38 шақырымы қанағаттанарлық жағдайда. 2011-2016 жылдар аралығында Атакент кенті бойынша 13 шақырымды құрайтын 11 көшеге орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. 2017 жылы бюджеттен бөлінген қаржы есебінен Атакент кентіне қарасты Ботабеков, Орлов, Абдыкадыров  және Досаев көшелеріне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Сонымен қатар, Атакент кентіне қарасты Лабораторная, Панфилов, Пушкин көшелерін орта жөндеуден өткізу мақсатында сметалық құжаттары әзірленген. 

6. Атакент кентінің ирригацияны қалпына келтіру  жұмыстары алдағы уақытта түрлі деңгейдегі бюджеттерден бөлінетін қаржыларға сәйкес  кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін  хабарлаймыз.

7. Жеке меншік иелеріндегі  ауыз су жүйелері мемлекеттік коммуналдық меншікке қабылданды. Су жүйелерінің жоба-сметалық құжаттамалары (ЖСҚ) дайындалды. Құжаттамалар әзірленген соң, жоба-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлдіруге ұсыныс түседі.

47.   

Сраилов Б.Б.

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының директоры

Облысысымыздағы театр өнерпаздарының «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағына ұсынылуы, иеленуі мәселелерін көтеріп отыр.

 

Соңғы  10  жылда  облысымыздың театр саласы бойынша  70-ке  жуық мемлекеттік наградалармен марапатталған. Бұл тек театр саласы бойынша ғана. Жалпы мәдениет саласында 90-ға  жуық мәдениет қызметкерлері марапатталған. Облыс көлемінде жыл сайын мәдениет саласында елеулі қызмет жасап жүрген өнер майталмандары лайықты марапаттарын алып жүр.

48.   

Канаева З.

Мақтарала ауданы

Республикамыздың басқа облыстарында ветеринария саласы дербес басқарма. Неліктен облысымызда ветеринария саласы әлі күнге дейін облыстық ауыл шаруашылық басқармасына бағынышты?

Республика бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан басқа барлық облыстарда дербес ветеринария басқармалары бар.

2017 жылдың 1 қаңтарындағы мемлекеттік статистикалық есеп бойынша республикадағы барлық ірі қара мал басының 13,1, қой мен ешкінің 20,6, жылқының 10,6, түйенің 13,1 Оңтүстік Қазақстан облысының үлесіне тиеді. Облыс аумағының біраз бөлігі жануарлардың көптеген аса қауіпті аурулары бойынша (оның ішінде аусыл ауруы) қолайсыз аймақ болып табылатын Өзбекстан және Қырғызстан Республикаларымен шектесіп жатыр. Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңы 9-бабының 2-тармағында: «Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының бөлімшелері ветеринария саласындағы қызметті осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады және дербес бөлімшелер нысанында құрылады» - делінген.

Сондықтан, жоғарыда айтылғандардың негізінде және облыс аумағында ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін бір орталықтандыру, жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алу шараларының тиімділігін арттыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің дербес Ветеринария басқармасын құру мәселесі  қарастырылып жатыр.

49.   

М.Естеміров

Мақтарал ауданы, Жамбыл ауылының тұрғыны

Мақтарал ауданы Жамбыл а/о, Ерман ауылында мектеп жок, ауылда 456 отбасы тұрады, Мектептің ашылуына ықпал етсеңіздер.

Жамбыл ауылдық округіне орналасқан №117 Октябрь (Ерман) елді мекенінен  бюджет есебінен 2017-2018 жылдары 200 оқушы орындық мектеп құрылысын салу жоспарланған.

Отырар ауданы

50.   

Р.Үсембаева

Отырар ауданы, Қоғам а/о, Арғынбеков көшесі, 81

Кәсіпкер (мүгедек)

ЭКСПО-2017 көрмесінен ұлттық нақыштағы тағамдар мен сувенирлер сатуға тегін немесе жеңілдікпен орын алуға көмек сұрап отыр.

«Астана ЭКСПО-2017» мамандандырылған халықаралық көрмесінен  қазақтың ұлттық тағамдары мен  ұлттық қол өнер бұйымдарын сатуға орын алу мүмкіндігін қарастыру жөнінде  Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасы тарапынан 2017 жылғы 9 ақпанда №25-06-04/407 хат жолданған.  

Қазір «Астана ЭКСПО-2017»  АҚ-нан жауап хат күтілуде. Алдын ала деректер бойынша Көрме қонақтарына арналған этноауыл ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесі бойынша өзіңізге қосымша хабарланатын болады.

51.   

Елеусіз Б. ( ұжымдық )

Отырар ауданы, Темір станциясы, Б.Басов көшесі 8

«Темір» елді  мекенінде мәдениет үйінің құрылысына қаржы бөлінген болатын, 2017 жылы аяқтала ма?

2017 жылға Темір ауылынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 212,4 мың теңге қаралды. Конкурс жарияланды. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

 

52.   

Үсенбай Р.

Темір ауыл округі, Темір станциясы, Әлиев көшесі 10

87058576981

«ЭКСПО-2017» көрмесі кезінде Алматы-Байқоңыр маршуты бойынша жүретін поезды Шымкентке келгенде  тоқтатып туристерге экскурсиялық қызмет көрсетуіне рұқсат сұрайды.

Шымкент қаласы бойынша 2 күндік туристік маршрут әзірленді. Маршрутқа Шымкент қаласының тарихи-танымдық нысандары енгізілген. Көктем мезгілінен бастап қала көлемінде «Shymkent Сity Bus Tour» 2 қабатты автобусы қала тұрғындарына және қонақтарына 1,5 сағаттық экскурсиялық бағдарламасын ұсынады.

«ЭКСПО - 2017» көрмесі қонақтарына арналған маршруттар тізбесіне Шымкент қаласы бойынша экскурсия енгізіліп отыр.

Ал, Алматы – Байқоңыр маршруты бойынша жүретін поезды Шымкент қаласында тоқтатып, экскурсия жүргізу жөніндегі ұсынысыңыз бойынша тиісті мекемелермен («Қазақстан темір жолы» АҚ, Шымкент темір жол вокзалы) келісім жүргізіп, тиісті рұқсат алған жағдайда, экскурсия жүргізуге болады. Бұл жұмысқа облыс әкімдігінің рұқсаты қажет емес.

53.   

Өксікбаев М.

Отырар аудынының тұрғыны

Отырар ауданы орталығында дарынды балаларға арналған мектеп-интернат  ашып берсеңіздер?

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың төралығымен 2015 жылғы 19-20 тамыз аралығында Астана қаласында  өткен экономикалық саясаттың жүйелі шаралары жөніндегі кеңес хаттамасында Қазақстан Республикасының Үкіметіне тапсырма берілген. Осы тапсырмалардың 2-тармағында 2018 жылдың соңына дейін штатты кеңейтуге және еңбекақыны көбейтуге, сондай-ақ 80% орындалған жобаларды және осы хаттамамен көзделген басқа да шараларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен жаңа бастамаларға қаржы бөлуге мораторий белгілесін делінген. Осыған байланысты  Отырар ауданынан дарынды балаларға арнап жаңа мектеп салуды қаржыландыру уақытша мүмкін болмай отыр.

54.   

Д. Иса

Отырар аудынының тұрғыны

Отырар ауданы, Темір ауылында Мәдениет үйін салу бойынша.

2017 жылға Темір ауылынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысына облыстық бюджеттен 212,4 мың теңге қаралды. Конкурс жарияланды. Жыл соңына дейін құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі.

55.   

М.Шекербекова

О.Тоқбергенов

Ө.Серікбаев

Отырар аудынының тұрғындары

Отырар ауданы, Көксарай ауылының ауыз су жүйесі туралы.

Отырар ауданы Көксарай елді мекенінің ауыз су құбырларының бүгінгі таңда тозығы жеткен. Осыған байланысты Көксарай ауылының ауыз су жүйесін қайта құру және кеңейту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары «СанТехСтрой» ЖШС-ң демеушілігі есебінен әзірленуде. Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алынғаннан кейін 2017 жылдың бюджетін нақтылау барысында қаржыландыруға ұсынылатын болады.

56.   

Ө.Жүніс

Отырар ауданының тұрғыны

Отырар ауданында 55 шақырым бас коллекторы мен 368 шақырым ішкі көлденең дрендер жүйесінің жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінеді ме?

Бұл мәселелерді түбегейлі шешу мақсатында атқарылатын жұмыстардың жобалық-сметалық  құжаттары дайындалған (құны 6,8 млрд теңге). ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресустары комитетімен жұмыс жасалып,қаржы бөлу мәселесі Еуропалық даму және қайта құру, Ислам даму банкілері арқылы шешіледі.

Сайрам ауданы

57.   

Сұлтан Ердаулет

Сайрам ауданы, Ханқорған ауылы

87756132887

«Мәдени»  мектебінің мұғалімі Гулжамал Исмахан, математика пәнінен сағат сұрауда, зейнетке шыққан мұғалімдердің сағат алмай, орнын босатуды сұрайды.

Сайрам аудандық білім бөлімінің № 44 Мәдени жалпы орта мектебінде математика пәні бойынша 5 мұғалім жұмыс істеуде.

Г.Исманқан 2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектепке уақытша хатшы болып қабылданған болатын. 2016 жылдың 3 қазанынан бастап аталмыш мектептің бұйрығымен Г.Исманқанға 5 сыныбындағы математика пәнінен 6 сағат қосымша берілген.

Мектеп директордың мәліметіне сәйкес 2017 жылдың 1 наурызынан бастап Г.Исманқанға 6 апталық сағат жүктемеге қосымша  6 сағат апталық жүктеме беріледі.

58.   

Лалиев Атабек

Сайрам ауданы, Қарамұрт ауылы

Біздің ауылға 600 үйге арналған жер асты газ құбыры жүргізілген. Бүгінгі таңда ауылымызда 2600 тұрғын үй бар және де осы газ құбырымен көрші ауылда 300 үйге газ тартылған. 30-дан астам мекемелер осы құбырды қолданады, сол себепті қыс  кездерінде газ жетпей қалады. Сол үшін, Ақбұлақ ГРС-нен Қарамұрт ауылына дейін 7000 метрге  300 немесе 320 диаметрлі жаңа құбырға ауыстырды сұраймыз.

Бүгінгі таңға Сайрам ауданы Қарамұрт елді мекені толығымен газбен қамтылып отыр. Сондай-ақ , "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ОҚ ӨФ Сайрам газ шаруашылығының  мәліметі негізінде, Қарамұрт елді мекенінде газ қысымы тұрақты. Алдағы уақытта, Қарамұрт елді мекеніндегі қосымша жаңа құрылыста абоненттер табиғи газға қосылады. Газ құбырларының өткізу қабілеті жетіспеген жағдайда, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ОҚӨФ және Сайрам аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тиісті құжаттар рәсімделіп, қосымша газ құбырларын жүргізу жұмыстары атқарылатын болады.

Төлеби ауданы

59.   

Ғ.Ибрагимов

Төлеби ауданы, Алатау ауылы

«Игілік Бірлестік» тұтыну кооперативінің төрағасы, жер дауы бойынша облыс әкімінің жеке қабылдауына сұранып отыр.

 «Игілік» СТК-ы қатысты даулы жерлер бойынша  заң талаптарына сәйкес сотқа жүгінуге құқылысыз.

Сіз облыс әкімі аппаратының азаматтарды қабылдау тізіміне енгізілдіңіз. Кезекті қабылдау жөнінде өзіңіз көрсеткен мекенжайға қосымша хабарланатын болады.

Анықтама үшін 24-71-17 нөміріне хабарласуыңызды сұраймыз.

60.   

Рустемова Айжан Рустемқызы

Төлеби ауданы, Сұлтан рабат ауылы, Рүстемов көшесі №15.

87753156258

Просит ходатайствовать перед Народным банком об отзыве дела от частного судоисполнителя и отмене пени и штрафа.

 

Мектеп кітапханаларына балаларға арналған қазақша кітаптарды көбірек жіберсеңіздер.

В соответствии с Законом РК «Об обращениях граждан» прошу Вас внести более подробную информацию касательно Вашего займа, в том числе указав информацию о лице, на кого перешло имущество, прописке несовершеннолетних лиц в данной квартире и о наличие иного жилья. Вместе с тем необходимо отметить, что в соответствии с пунктом 3 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 31 августа 1995 года №2444 «О банках и банковской деятельности в Республике Казахстан» государственные органы и их должностные лица не вправе вмешиваться в деятельность банков второго уровня кроме случаев, прямо предусмотренных законодательством Республики Казахстан.

 

2.Оқулықтарға сұраныс беру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен оқу жылында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесіне сәйкес жүргізіледі.

Облыстық мәдениет басқармасына қарасты балаларға арналған Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасы бар.

Сондай-ақ, 15 аудандық, қалалық орталық балалар кітапханасы және Шымкент қаласындағы 13 кітапхана бөлімшесі жұмыс істейді. 2016 жылы аталған балалар кітапханасында  96 311 оқырманға қызмет көрсетілді.

Алдағы уақытта «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» орындау мақсатында мектеп кітапханаларына балаларға арналған қазақша (көркем және танымдық әдебиеттермен) кітаптармен қамту жоспарлануда (аудан, қала әкімдеріне хат жолданған).

Түлкібас ауданы

61.   

Әбеков Қ.Ө.

ЖШС «САС-Төбе Технолоджис»

87017867267

Састөбе цемент зауытының жанында жатқан бос жерден цемент өндірісіне топырақ алуға рұқсат сұрайды.

Заң талаптарына сәйкес жер қойнауын пайдалану, яғни топырақ өндіру үшін контракт жасалуы шарт. Мамандар зауыт жанындағы жерге зерттеу жүргізіп, бос тұрған жағдайда конкурсқа қойылады. Конкурска қатысуыңызға болады.

Екіншіден,  Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы да контракт алуға болады. Ол үшін облыстық кәсіпкерлік басқармасына барсаңыз, Сізге кеңес береді.

Шардара ауданы

62.   

Баян Қожақова

Шардара қаласы,

Оразбаев көшесі, №2-2 үй

Шардара аудандық орталық ауруханасында 2016 жылы орын алған зейнетақы қорына аударылған төлемдер бойынша заң бұзушылықтарды жою қорытыңдысымен келіспейді, осыны қайта тексеруді сұрайды.

2016 жылға аурухана бюджетіне қаралған қаржы шеңберінде  зейнетақы жарналары толығымен өсімақысымен аударылды. 

Аудит барысында артық тағайындалған 139489 теңге есепші К.Минайдаровадан қайтарылды. Медициналық ақылы қызмет көрсетуден кәсіпорын қазынасына құйылмаған 1510 теңге Б.Қамбардан, 600 теңге  Д.Халиковадан және 300 теңге С.Қойтаннан кәсіпорын қазынасына кіріс ордерлерімен қайтарылды.

Арызда көрсетілген басқа  мәселелер бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, жауабы Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген мерзімде беріледі.    

63.   

АИИ университетінің

 1-ші курс студенті

Шардарадағы су қоймасы қашан жөндеуден өтеді?

Шардара су қоймасының сейсмикалық тұрақтылығын артыру мақсатында «Казгипроводхоз институты» өндірістік коорперативі ЖСҚ дайындап, мемлекеттік сараптамадан өткізуге ұсынды. Мемлекеттік сараптама қорытындысына сәйкес тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.

Облыс әкімінің сайтына келіп түскен сұрақтар

64.   

Бектұрғанов Абзал Төреханұлы abzal_tdt_kz@mail.ru

 

Құрметті Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы! Мен облыстық "Дін мәселелерін зерттеу орталығы" МКМ - нің дінтанушы маманы Бектұрғанов Абзал Төреханұлы. Сізге маңызды ұсынысым бар еді. Біздің орталық облыстағы діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүйелі жұмыстар жасап келеді. Орталықта республикаға белгелі мамандар да жұмыс жасайды. Қазіргі таңда орталықтың жағдайы қиындап барады. Орталық директоры тарапынан мамандарға түрлі себептермен қысымдар жасалуда. Елбасының экстремизм мен терроризмнің алдын алу бағдарламасы маңызды кезеңде бұндай басшылық пен мамандар арасында алауыздық болғанын қаламаймыз. Сіздің атыңызға 2 апта бұрын ұжымдық арыз жазылған болатын. Қазіргі ахуалды жан-жақты зерттеп дұрыс жағынан шешім қабылдауға ықпал жасауыңызды сұранамын. Алдын - ала алғысымды білдіремін!

Сұрақта баяндалған мәселелер облыс әкімі аппараты тарапынан құрылған арнайы жұмысшы тобымен жан - жақты зерделенуде. Нәтижесі бойынша өзіңізге қосымша хабарланатын болады.

65.   

Бахыт Бектасов

08101964g@mail.ru

 

Какие конкретные меры будут приняты для развития МСБ в ЮКО в связи с поручениями Главы государства,  особенно в части уменьшения административных барьеров? Многие улицы г. Шымкента потрескались и появилось много ям. Если не принять срочные меры, будут придут в негодность как  8-9 лет назад. В последнее время ремонт улиц проводят очень долго, к примеру, проспекты Б. Момышулы, Таукехана, улица Мадели кожа. Теперь говорят ремонт ждет улицу Байтурсынова. Такими темпами остальные улицы города потеряем окончательно. По Таукехана бордюры высокие, неудобные, некачественные стоянки, на Акпан батыра, Таукехана, бордюр задевает при повороте порог автомашины.

Для развития МСБ было принято постановление акимата города «Об определении мест для осуществления выездной торговли в городе Шымкент» от 17.08.2016 года за №1786. На основании указанного постановления осуществляется выделение мест для выездной торговли.

В целях устранения административных барьеров в развитии малого и среднего бизнеса работает Центр обслуживания предпринимателей «Онтустик» (ул.Байдибек би 32), а также при акимате города  Шымкент  открыта «Народная канцелярия» (ул.Байтурсынова 8а), которая действует по при

нципу «одного окна».

В целях развития улично-дорожной инфраструктуры города Шымкента проводятся работы по реконструкции улиц Момышулы, Кожанова, Аль-Фараби, Жибек жолы, малой объездной дороги (Толеметова). При расширении проезжих частей данных улиц проводились работы по изъятию и сносу строений расположенных вдоль данных улиц. В связи с тем, что данная процедура занимала неопределенное время, дорожно-строительные работы затягивались.

Согласно заключению государственной экспертизы срок работ по реконструкции улицы Байтурсынова составляет 18 месяцев. На данной улице работы планируется начать в апреле-мая месяце 2017 года, завершить в 2018 году.

На пересечении улиц Акпан батыра – Тауке хана установленные бордюры будут изучены и в случае неправильной установки подрядчиком ТОО «ОтауСтрой» недоделки  будут устранены.

66.   

dias yc

mountain3key@gmail.com

 

ОҚО әкімі Жансейт Түймебаевқа:

Айбергенов көшесіндегі түнгі көбелектерді қашан жоясыз? Бұл 1 сұрақ.

Тәуліктік пәтерлерді не істеуге болды? Соған көңіл аударсаңыз. Сіз əкім болып келгенде айтып едіңіз, Шымкент қаласын керемет етіп жасаймын деп, сол уəдеңіз неге орындалмай жатыр?

Осы мәселе бойынша қала әкіміне жолдаған едім, жауапсыз қалды. Енді сіз шешімін таппасаңыз болмайды екен.

1.Республика даңғылымен Айбергенов көшесі бойында Әл-Фараби аудандық әкімшілік қызметкерлерімен түнгі рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, Айбергенов көшесі, №15а үйдің №2, 4 пәтерлерінде жеңіл жүрісті тұлғалар анықталып, олармен және пәтер иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тәулікке және сағатқа пәтер беретін тұлғалар, жеңіл жүрісті тұлғалар басқа тұлғалар тарапынан орын алған  ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабы 1 бөлігі яғни қоғамдық орындарда тиісу жәйттары әкімшілік хаттамалары толтырылып, жауапкершілікке тартылу үшін Шымкент қаласы мамандандырылған әкімшілік сотына жолдануда. Жұма, сенбі күндері қызметкерлер барынша жұмылдырылып, 6506 әскери бөлімі сарбаздарымен жасанды топ құрамында бір нүктелік профилактикалық іс-шаралар атқарады. Атқарылған жұмыстар бірнеше рет БАҚ-да жарияланған болатын.

2.Шымкент қалалық ІІБ Әл-Фараби аудандық полиция бөлімінің мәліметіне сәйкес,  Айбергенов және Жангельдин көшелеріндегі тәуліктік жалға берілетін пәтерлердің мәселесі зерделеу мақсатында осы аумақтың тұрғындарымен кездесулері ұйымдастырылып, төмендегі анықталыд: жалпы Айбергенов, Жангельдин, Ш.Қалдаяқов көшелері және  Республика даңғылы квадратында орналасқан 66 тұрғын үйде 167 пәтер тәуліктік жалға беріледі. Айбергенов және Жангельдин көшелері бойында  бірнеше тұлғалар әр-бір өткен автокөліктердің алдына шығып, өз пәтерлерін тәуліктік жалға ұсынуымен, жұрттың мазасын алуда.

Бұл іс-әрекеттер 2015 жылғы Қазақстан Республикасының жаңа Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінде тұңғыш рет қарастырылып, 449 бабында «Қоғамдық орындарда тиісу» яғни «заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субьектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзгеде қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру» деп көрсетіліп, ол үшін 5 айлық есептік көрсеткіш, ал бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу не 5 тәулікке қамаққа алу қарастырылған.   

Осы бағытта Айбергенов және Жангельдин көшелерін ретке келтіру үшін ЖПҚБ-нің 5 қызметкері «Сити», «Саяхат» туристік агенттігі алдына, Жангельдин-Айбергенов көшелерінің қиылысына, «Керуен» азық-түлік дүкенінің алдына бекітіліп, олардың күнделікті қызметі Әл-Фараби ПБ ЖПҚБ басшылығының қатаң бақылауында.   

Осы қызметкерлермен аталған аймақта Нөлдік төзімділік қағидаты бойынша 816 хаттама толтырылып 1 340 474 теңге көлемінде айыппұл салынған, ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен (қоғамдық орындарда тиісу) – 55 тұлға, 437 бабымен (тыныштықты бұзу) - 67 тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылып оларға  440 672 теңге соммада айыппұл салынды. Одан бөлек полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 9 тұлға ҚР ҚК-нің 379 бабымен, өзінше билік еткені үшін 2 тұлға ҚР ҚК-нің 389 бабымен, есірткі затын пайдаланғаны, не сақтағандары үшін 8 тұлға ҚР ҚК-нің 296 бабымен  қылмыстық жауаптылыққа тартылды, 2 қару тәркіленіп алынды.  Сонымен қатар, жедел іс жүргізу барысында 3 тонау алдын ала сөзбайласқан қылмыс ашылып, аулада тұрған автокөліктерден ұрлық жасап жүрген 3 тұлға анықталды. Әкімшілік аумақ тұрғындарымен 7 жиын өткіп, 7 полиция инспектор бөлінді. Жалдамалы пәтер берушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, орындалмаған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны жөнінде ескертілді.

67.   

Ә. Шілтерханов

Соғыс және еңбек ардагері, жазушы

 

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевқа.

Орта Азиядағы ұлы құмдардың бірі Қызылқұм мен Мойынқұм біздің облыстың жерінде жатыр. Құм - табиғаты жағынан өзге әлем. Оны пайдаланудың, күтудің өзіндік ерекшеліктері бар. Соңғы жылдары құмда өндірістің батыл қарқын алуы, мал басының көбеюі қуантады әрі алаңдатады. Кәзіргі кезде табиғатты қорғауды, аялауды адамзат пайдасына жаратуда. Орасан зор қаржы бөлініп, жұмыстар істелуде. Соның бірі жаңадан құрылған Сырдария - Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі. Осы паркке тек тоғай емес, құмнан да біршама жер берілсе, әлемдегі адамзат қасіретке айналған обыр (рак), СПИД, тағы да басқа қасіреттердің шешімі құмнан табылатынына күмәнданбаймын. Ұлттық паркке құмнан жер беру құм табиғатын тереңдеп зерттеуге жол ашар еді.

Қазақстанның едәуір бөлігін алып жатқан құмдардың өз ғылыми орталығы, өз  заповеднигі болмауы маған кемшілік болып көрінеді. Құмнан Сырдария – Түркістан табиғи паркіне жер беру сол үлкен жұмыстың бастамасы бола ма деп үміттенемін.

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы 3 132 176 гектарды құрайтын мемлекеттік орман қорының басым бөлігін 2 904 142 га құмды алқап алып жатыр. Оның ішінде  Қызылқұм  алабында 1 888 599 га және Мойынқұм алабында 1 015 543 га.  құмды алқаптар Отырар, Созақ, Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерге бекітілген. 

Сонымен қатар, жаңадан құрылған «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген 119 978 га жергілікті маңызы бар  ерекше қорғалатын табиғи аумақтың  ішінде 13 402 га құмды алқап бар.

Жалпы облыстың мемлекеттік орман қорының құмды алқаптары мемлекет қорғауына алынған.

Өңірлік парк Сырдария өзені мен Арыс өзені бойындағы тоғайларды және Боралдай тау жотасының ландшафтарын табиғи түрде сақтау, табиғи кешендер мен мемлекеттік табиғи-қорықтық қор объектілерін,  табиғаттың көрікті жерлері мен ерекше құндылығы бар өсімдіктер мен жануарлар дүниесін қорғау мақсатында құрылған.

68.   

Әзіретбергенұлы Жарылқасын.

Түркістан қалалық «Ақсақалдар алқасы» төрағасы

 

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі

Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевқа!

Түркістан қаласында отызға жуық қоғамдық ұйым жұмыс жасайды. Бұл ұйымдар елдің ынтымағы, халықтың бірлігі үшін пайдалы  жұмыс жасап жүр. Билік қоғамдық ұйымдардың барлығына бірдей қамқорлық көрсетуі керек. Кейде билік бір қоғамдық ұйымды өз баласындай, екіншісін өгей баладай көретіні бар.

Жансейіт Қансейітұлы бұл мәселеге сіз қалай қарайсыз?

Билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдардың бірлесе отырып жұмыстар жүргізуі – қоғам, мемлекет үшін аса құптарлық іс.

Осыған орай, облыста қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимыл  және әрекет әріптестік деңгейде атқарылып, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін қоғамдық шараларға кеңінен тарту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

Бүгінде осы мақсатта облыс, қала, аудан әкімдіктері жанындағы түрлі кеңестер мен комиссиялардың құрамына  белсенді үкіметтік емес ұйымдардың басшылары мен өкілдері енгізілген. Мысалы, жастармен жұмыс жүргізу, діни бірлестіктермен байланыстар, ана мен баланы қорғау, т.б. көптеген кеңестер мен комиссиялардың құрамындағы қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мәжілістерде өздерінің тиімді ұсыныстарын енгізіп, тиісті талдау-талқылау жұмыстарына белсене атсалысуда.

Жылдан-жылға заңдық база жетілдіріліп, едәуір қаржы ресурстары бөлінуде, азаматтық секторды дамытудың мемлекеттің жүйелі көзқарасы қалыптасқан.

Ал қоғамдық ұйымдардың белсенділік танытып, елдің татулығы мен ынтымағын сақтауға, мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға арналған іс-шараларға етене араласып, белсенділік танытуы өз еншісінде.

69.   

Күлан Тәжімұратова

Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Құрманғазы көшесі №57 «А» үйінің тұрғыны

 

Сізден өтінерім! Дүниеге он бір бала әкелген ана ретінде маған жеңілдікпен баспана беру мүмкіндігін қарастырсаңыз деген үмітпен хат жазып отырмын. Батыр ана екенімді дәлелдейтін құжаттарымда бар. Бірін Совет өкіметі кезінде алғанмын, екіншісін Елбасы берген. Осы мәселелерді өзіңізге жеке айту үшін уақытыңыз болған кезде қабылдауыңызды сұраймын. Аса қадірлі Жансейт Түймебаев мырза, менің бұл өтінішімді қанағаттандырады деген сеніммен жолдап отырмын.

ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй оған мұқтаж, осы елді-мекенде тұрақты тұратын және:

-Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына;

-ата-анасынан айырылған және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

-халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтарға;

-мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға;

-жалғыз тұрғын үйі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен авариялық жағдайда деп танылған Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына белгіленген тәртіппен кезек арқылы беріледі. Сіз жоғарыдағы санаттардың біріне енетін болсаңыз, иелігіңізде соңғы бес жыл көлемінде тұрғын үй тіркелмеген және қалада тұрақты тіркеуде болсаңыз кезекке тіркелуге мүмкіндігіңіз бар.

70.   

Асқар Омарханов,

журналист

Ордабасы ауданы  

Темірлан селосы,

Мұсаев көшесі,19

Мақтарал ауданындағы Б.Момышұлы атындағы мектеп-гимназия жетістіктеріне назар аударуыңызды сұрана отырып, ынталы топтың директоры Өмірхан Қозыбақты "Қазақстанның Еңбек Ері" атағына ұсынуға қалай қарайсыз?

 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына сәйкес «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы Қазақстан Республикасын экономикалық әлеуметтік-гуманитарлық дамытудағы аса үздік жетістіктері үшін беріледі. Сонымен қатар, мемлекеттік наградалармен наградтауға ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Президентіне Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, министрліктері, мемлекеттік комиттер басқа орталық және орталық жергілікті атқарушы органдар, шығармашылық одақтар мен басқа да ұйымдар енгізеді. Осыған орай, Өмірхан Қозыбаққа қатысты ұсыныс хаттар бүгінгі күнге дейін облыс әкімі аппаратына түспеген. Алдағы уақытта ұсыныс берілген жағдайда, облыс әкімінің жанындағы наградалар жөніндегі комиссия қарауына ұсынылатын болады.

71.   

Өмір Шыныбекұлыжоғары санатты ұстаз, тарихшы, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі

Құрметті Жансейіт мырза!

Бүгінгі күні облысымыздағы жалпы білім беру саласын басқару жүйесінде ауыр жағдай қалыптасып отыр.

Оған дәлел, Түркістан қаласындағы Молда Мұса атындағы мектепте орын алып отырған ұзаққа созылған дау, Сарыағаш ауданы білім бөлімінде қалыптасқан және тағы да сол сияқты жағдайлар.

Бұл соңғы жылдары білімді басқару жүйесінде жіберілген кемшіліктердің салдары екені айтпаса да түсінікті.Айналып келгенде,  зардап шегетін мектеп оқушылары екені де ақиқат. Ұстаз ретінде дәл қазіргі жағдайда облыстық білім басқармасын тығырықтан шығару Шымкент қалалық білімін басқарып отырған тәжірибелі басшы  Жанат Тәжиеваның ғана қолынан келеді деп ойлаймын.

Өзіңіз білетіндей, білім саласы – өте күрделі сала. Облысымызда мектепке дейінгі білім беру мекемелер саны – 1651, жалпы орта білім беретін 1021 мекеме, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындары – 91. Бұл мекемелерде 70 мыңға жуық педагог қызметкерлер жұмыс атқарады. Ал, білім басқармасы – аталған мекемелер мен педагогтарының жұмысын үйлестіруші, ұйымдастырушы және басшылық жасаушы орган болып табылады.

Сондықтан, басқарма басшысын таңдауда бірқатар талаптар бар екеніне көңіл аудару керек.

Атап айтсақ, бұл, кәсіби тәжірибесі, білім деңгейі, басқару дағдылары, ұйымдастырушылық қабілеті.

Осының барлығы басқарма басшысын іріктеу барысында бағаланатын көрсеткіштер.

Сонымен бірге, қазіргі таңда «Қазақстан Республикасындағы білімді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарламаның мақсаты – экономиканың орнықты дамуы үшін білім берудің және ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адами капиталды дамыту.

Осы жағдайлардың барлығын ескере отырып, облысымыздағы білім саласын дамытуға өзінің үлесін ғана қосып қоймай, әр педагогпен, әр ата-анамен жұмыс істеуге қабілеті бар, білім саласына қатысы бар әр азаматтың жағдайын түсіне алатын кадр таңдауымыз қажет.

Сондай-ақ, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңына сәйкес,  мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылатындығын хабарлаймыз.

72.   

Райхан Козыкеева

kozykeeva@bk.ru

 

 

Құрметті Түймебаев Жансейт Қансейтұлы!

Сұрақ қойып отырған Абай ауданына қарасты Алтынтөбе елді мекенінің 81 жастағы  тыл ардагері, зейнеткер тұрғыны Қозыкеева Айымкүл. Алтынтөбе қалаға жаңадан қосылған кішкентай ғана қалаға тиіп тұрған, табиғи газға зәру елді мекен. Алтынтөбе елді мекеніне газ құбыры тартыла ма және қай уақыттан  бастайды, осыны білейін деп едім. Алдын ала Сізге рахмет.

Шымкент қаласының Алтынтөбе елді мекенінің табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында, құрылыс жұмыстары бойынша жобалық-сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) әзірлеуге бюджеттен қаржы бөлінді. Қазіргі таңда, жобалаушы мекемені анықтау үшін, мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізілуде. Конкурстың қорытындысы бойынша жобалаушы мекеме танылған соң, ЖСҚ-ы әзірленеді. ЖСҚ-ы дайын болғаннан кейін құрылыс жұмыстарын жүргізу бойынша іс қолға алынатын болады.

 

73.   

Ә.Сейітжан

Көксарай ауылының тұрғыны

 1.«Оқсыз» төбеге «Отырар» төбеден жол мен Сырдария өзені тұсынан жаяу адамға арналған көпір салынса туристердің Әбу Насыр Әл-Фарабидің туған жерін көруіне мүмкіндік туып,  туризмнің дамуына себеп болар еді. Осыған көңіл аударсаңыз.

2. Отырар ауданы Көксарай елді мекенінде ауыз су мәселесі қашан шешіледі?

3.Көксарай ауылы тұрғындарының егістік жерлерін сумен қамтамасыз ететін канал елдің үй іргелік жерлерін суаруға жетпей отыр.

1. «Оқсыз» қалажұрты – жазбаша деректерде Ұлы ұстаз Әбу Насыр әл-Фарабидің отаны ретінде аталатын ортағасырлық Уәсиж қаласының орны. 21,4 шақырымды құрайтын «Отырар төбе» - «Оқсыз» бағыты - көне ескерткіштер, егістік алқаптар мен каналдар жүйелері  тығыз шоғырланған аймақ. «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Қазіргі таңға Сырдария өзенінің сол жағалауында орналасқан «Оқсыз» қалажұртына Шәуілдір ауылынан Көксарай, Түркістан қаласынан Балтакөл көпірлері арқылы қатынауға болады.

Көпір салу елеулі көлемде қаржыны талап етеді.  2018 жылдың соңына дейін  80% орындалған жобаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен жаңа бастамаларға қаржы бөлуге мораторий белгіленген. Бұл мәселе мараторий аяқталған соң қосымша қаралатын болады.

2. Көксарай ауылының ауыз су жүйесіне қайта құру және кеңейту жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары  демеуші есебінен әзірленуде. Мемлекеттік сараптама дайын болған соң қаржыландыруға ұсынылады.

3. Көксарай ауыл тұрғындарының үй іргелік жерлері ағын сумен «Көксарай» каналынан қамтамасыз етіледі. Ұзындығы 35 шақырымды құрайтын «Көксарай» каналын ағымдағы жөндеуден өткізу үшін ЖСҚ дайындауға  2018 жылы қаржы қаралады.  ЖСҚ дайын болған соң  қаржыландыруға ұсынылады.

74.   

С. Айнамқұлов

Мақтарал ауданы, Көкпарсай ауылы

Мақтарал ауданы Көкпарсай ауылындағы медпункт жарамсыз күйде, жылда белгісіз себептермен құрылысы кейінге қалуда. Ауыл тұрғындары жаңа медпункт ғимаратын салуды сұрайды.

Мақтарал ауданы Жамбыл ауылдық округі, Көкпарсай елдімекенінде  фельдшерлік-акушерлік пункт құрылысын жүргізуге жер телімі анықталып, жобалау-сметалық құжаттамасы 2016 жылы мемлекеттік сараптамананың оң қорытындысын алған. Енді денсаулық сақтау нысандарының құрылысына қаржы қарастыру жұмыстары жүргізілуде.

75.   

М. Ағаділов

«Мейрам» киностудиясының директоры

Құрметті Жансейіт Қансейітұлы!

Сізді өнерді құрметтейтін, бағалайтын, жас ұрпақтың тәрбиесіне немқұрайлы қарамайтын әкім ретінде көріп білдік. Енді осы бір игілікті істің бастауында жүріп, мемлекеттік балалар киностудиясын ашуға ықпал етуіңізді сұраймыз.

Қазіргі таңда республика бойынша бірде-бір мемлекеттік балалар киностудиясы жоқ. Себебі Қазақстан Республикасының заңдарымен облыс деңгейінде мемлекеттік балалар киностудиясын ашу мәселесі белгіленбеген.

Оған қарамастан, облысымызда анимация саласы басқа облыстармен салыстырғанда жоғары деңгейде дамыған. Оның дәлелі 2016 жылы халыққа ұсынылған ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жергілікті «Сақ» киностудиясы түсірген «Қазақ елі» толықметражды тарихи анимациялық фильмі Каир қаласындағы  X-шы Халықаралық анимациялық фильмдер форумында «Ең үздік толықметражды фильм» номинациясымен марапатталды.  «Сақ» киностудиясының қорында 50-ге жуық анимациялық фильм бар. Атап айтқанда, «Қошқар мен теке», «Толағай», «Момын мен қарақшылар», «Маймақ қаз», «Қазақстан барысы», «Қанатты барыс туралы аңыз» және т.б анимациялық фильмдер.

Ал, балалардың сүйіспеншілігіне бөленген «Томпақ» телехикаясы «Балапан» телеарнасынан көрсетіліп, «Үздік жоба» номинациясымен марапатталды. «Қошқар мен теке»  анимациялық фильмі Қытайдың Хонжу қаласында өткен  анимациялық фильмдер фестивалінде «Отансүйгіштікке тәрбиелеу» және «Ұлттық ерекшелік» номинацияларын иеленді.

76.   

С.Орынбасаров. М.Базаров.

А.Мейірбеков.

Боралдай ауыл тұрғындары

Боралдай ауыл округіндегі халық «Жедел жәрдем бригадасы» 17:00 ден 9:00 дейін тиісті кызметін сапалы және уақытында көрсетсе деп сұрайды.

Шымкент-Шаян жол бойында болатын апаттарға көмек кеш келеді, себебі аудан орталығынан 50-80 шақырым қашықтықта, осыған көңіл аударсаңыздар.

Бәйдібек ауданы тұрғындарына (аудан орталығы мен аудан орталығына жақын орналасқан елді-мекендерді қамтиды) жедел медициналық көмекті 1-дәрігерлік, 1-фельдшерлік бригада көрсетеді.

Боралдай ауыл округінің тұрғындарына (7382 адам) медициналық көмекті «Боралдай» 12 төсек орындық ауылдық ауруханасы мен 4 төсек орындық күндізгі стационарымен «Боралдай» дәрігерлік амбулаториясы көрсетеді. Жедел медициналық көмекті қажет ететін науқастар аудан орталығына кедергісіз жеткізіледі. Сонымен қатар,  ҚР ДСМ №238  бұйрығына сәйкес ҚР ДСМ 2010 жылғы 7 сәуірдегі «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгілік штаттарын және штаттық нормативтерін бекіту туралы №238 бұйрығына сәйкес 10 мың  халыққа 1 бригада  ашылады делінген.

Боралдай ауыл округтеріне қарасты елді-мекендердің аудан орталығынан 50 шақырым қашықтықта орналасқанын ескере отырып, тұрғындардың жедел медициналық көмекке қол жетімділігін жақсарту мақсатында Бәйдібек аудандық емханасының бас дәрігеріне ургенттік кезекшілік қызметін ұйымдастыру тапсырылды.

 

Размещено: 02.03.2017 - 14:41:40
Обновлено: 02.03.2017 - 11:40:42
© 2018

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области