Открыть меню Поиск
СМИ о нас
Официальный Интернет-ресурс

Вы здесь

Өзін-өзі тану пәнінен он күндік декадасы

-A A +A

Оңтүстік Қазақстан облысындағы барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарында 2016 жылдың 2-12 ақпан аралығында өтетін «Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы»  атты дәстүрлі республикалық онкүндік декадасы

Өтетін орны:

Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектептер мен балабақшалар, балалар үйі мен жасөспірімдер үйі

Өтетін уақыты:

 02-12 ақпан  2016 жыл

Қатысушылар:

ОҚО білім беру ұйымдары, облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасы, қалалық, аудандық білім бөлімдері, БАҚ өкілдері және оқушылар,  студенттер мен педагогтар, ата-аналар.

Өткізу мақсаты:

2016 жылы 2 ақпанда облыстағы 1022 жалпы орта білім беру мекемелері мен 410 балабақшаларда «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» атты  декадасы бастау алды. Декаданың мақсаты: «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының негізіне жататын тәрбие және білім беру жүйесінде балалар мен жастардың адамгершілік-рухани танымын жетілдіру, оқушыларды жалпы адами құндылықтар,  адами қарым-қатынас нормасымен таныстыру, азаматтық мәдениетке баулу және адамшылық қарым-қатынасты қалыптастыру.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 13.01.2016 жылғы №01-3-12-6/100-И хаты негізінде, облыстағы 15 қала, аудан білім бөлімдеріне декаданы өткізу туралы 27.01.2015 жылы №10/176 хаты барлық білім беру мекемелеріне жолданды. Декаданы ұйымдастырып өткізу жоспары түзіліп бекітілді.

02.02.2016 жылы облыстағы 15 қала, ауданның (Мақтарал, Шардара, Созақ, Сарыағаш, Сайрам, Бәйдібек, Қазығұрт, Түлкібас, Отырар, Ордабасы, Төлеби аудандары Шымкент, Арыс, Кентау, Түркістан қалалары) білім беру мекемелерінде  және балабақшалары мен балалар үйлерінде «Өзін-өзі тану»: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы» тақырыбында декаданың салтанатты ашылу жиыны өткізілді.

Өзін-өзі тану пәнінің  мектеп бағдарламасына енуі - Тәуелсіздіктің тәтті жемісі. Рухани-адамгершілік тәрбиесі - Адам болып қалыптасуының  алғы шарты.  Білім беру жүйесінде балаларды адами құндылықтар әлеміне тартып, адами қарым қатынас нормаларымен таныстыру, азаматтық мәдениетті қалыптастыру және дамыту  осы пәннің еншісіне тиді. Бұл  істе –Сара Алпысқызы Назарбаеваның еңбегі орасан! Үлкен жүректі Ел  Анасының, сүйіспеншілік пен махаббатқа негізделген  ойлары  мен  тұжырымдарының жемісі. Жақсыны ұлықтай білу де, жайсанды қызықтай білу ақылдың ісі. Дәстүрлі онкүндікті ұстаздар, ата-аналар, балалар үлкен қуанышпен қарсы алды.

02-05.02.2016 жылы барлық орта білім беру және мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде оқушылар мен жеткіншек балалар арасында «Әрқашан күн сөнбесін!» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Сурет, қолөнер байқауына 2-11 сынып оқушылары қатысты. 5-9 сынып оқушылары арасында      С.А.Назарбаеваның туылған күніне орай «Асыл Ана- сен үшін!» тақырыбында сурет байқауы ұйымдастырылды. Байқаудың қорытындысына сәйкес жеңімпаздар мақтау қағазымен, сыйлықтармен марапатталатын болады.

03.02.2016 жылы облыстағы мектеп кітапханаларында «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваның қайырымдылық қызметтері туралы «Мейірім төгетін ана», «Мейірімге толы жүрек» тақырыптарында 3-11 сынып оқушылары арасында кітап көрмесі ұйымдастырылады.

04.02.2016 жылы «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында оқырмандар байқауы «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының авторы С.А. Назарбаеваға арналған оқушылардың шығармашылық әдеби кеші ұйымдастырылады. Оқырмандар байқауына қатысқан белсенді оқушылар марапатталады. 

Өзін-өзі тану пәні мұғалімдері арасында «Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек»  тақырыбында қазақтың ұлы ғұламасы           А. Құнанбаевтың  қара сөздерін мәнерлеп  оқу сайысы өткізіледі.

06.02.2016 жылы білім беру ұйымдарының «Өзін-өзі тану» пәнінің педагогтары мен мектеп тәлімгерлерінің ұйымдастыруымен 8-11 жоғары сынып оқушылары арасында мейірімділік, адамгершілік және жалпыадамзаттық құндылықтарға байланысты дебат, пікір-сайыстар, кездесулер өткізіледі.

07.02.2016 жылы 2-8 сынып оқушылары арасында «Ән көңілдің ажары» тақырыбында ән-би фестивалі өткізілді. Ән-би фестиваліне қатысушылар балалар әндері: «Бақытты балалық шақ», «Әнші балапан», «Бала тілегі», «Прекрасное далеко», «Әрқашан күн сөнбесін!», «Бөбек» әндерін және ұлттық билерді орындалады. Фестивальге ата-аналар, ардагер ұстаздар қатыстырылады. Балалар арасында «Екі жұлдыз» тақырыбында ән байқауы өткізіледі, жеңімпаздар марапатталады.

09.02.2016 жылы декадаға байланысты мектеп психологтары 5-11 сынып оқушылары арасында «Күн және ғаламшар», «Менің тілегім», «Достық тілек», «Күн шуағындағы махаббат» тақырыбында психологиялық тренингтер өткізеді.

10.02.2016 жылы білім беру мекемелерінің акт залында 9-11 сынып оқушыларымен «Қызыққа толы бұл әлем» тақырыбында сахналандырылған қойылым ұйымдастырылады.

11.02.2016 жылы барлық балалар үйі, Жасөспірімдер үйі және білім беру мекемелерінде «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылады. Қайырымдылық акциясына жергілікті жердегі кәсіпкерлер мен мекеме қызметкерлерінің демеушілігімен жеке үйде оқитын оқушылар мен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларына мектепке қажетті құралдар табысталады.

2016 жылдың 12 ақпан күні барлық білім беру мекемелерінде бірінші сабақ «Өзін-өзі тану» пәнін «Мейірімділік баспалдақтары», «Жақсы Адам болу дегеніміз не?», «Жолымды жақсылықтан бастаймын» және «Адамгершілік бастаулары» тақырыптарында өткізіледі.  

Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің ересек топ балалары аралығында «Мейірімділік –асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Кәусар бұлақ тұнығынан», «Қызығы толы бұл әлем» тақырыбында ашық сабақтар өткізіледі.

«Жүрек мейірімі» атты тақырыпта оқушылар шығармашылығынан өлеңдері  баспасөз беттеріне жарияланады.

Декада жоспарында өткізілген іс-шаралардың видеоролигі, «Өзін-өзі тану» пәнінің видеосабақтары Мақтарал ауданында жергілікті «Шымкент Санұр», Созақ ауданында «Созақ-ТВ», Шымкент қаласында «Отырар», «Қазақстан Шымкент», Сайрам ауданында ELNUR-TV, Кентау қаласында «Икар» телеарнасы және республикалық  «31 канал», «Хабар» телеканалдарынан көрсету жоспарланды.

Барлық білім беру мекемелеріндегі онкүндіктің өткізілуі туралы мақалалар жергілікті, облыстық газеттерге, «Созақ үні» газетіне және республикалық «Самопознание KZ» журналының «Мастерская педагога самопознания» айдарына жіберіледі.

«Бала деген-өмірдің жауқазын гүлі» тақырыбында ата-аналармен оқушылардың  қатысуымен сыныптан тыс іс-шаралар ұйымдастырылады және телебағдарламалар  түсіріледі.

Білім беру мекемелерінде салауатты өмір салтын қолдау мақсатында «Толағай» атты отбасылық спорт жарыстары ұйымдастырылады.

Мұғалімдер онкүндікте «Өзін-өзі тану» пәнінен «Мейірімділік- асыл қасиет», «Өнеге-отбасынан», «Утро радостных встреч», «Адам мінезімен танылады» тақырыбында ашық сабақтар өткізеді.

 

         Ұйымдастырушы облыстық

білім, жастар саясаты және

 тілдерді дамыту басқармасы

 

 

Размещено: 03.02.2016 - 15:25:10
Обновлено: 13.12.2016 - 13:59:58
© 2017

Официальный Интернет-ресурс

Акимат Южно-Казахстанской области