|
Оңтүстік Қазақстан облысында жаңадан екі кәсіпорын іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында бірден - шұжық өнімдері мен минералдық су өндіретін екі жаңа кәсіпорын іске қосылды, деп хабарлады аудан әкімдігінен.
«Алма» ауылдық өндірістік кооперативі - шұжық цехы Қарасу ауылында ашылды. Кәсіпорынның қуаты кең көлемді өнім түрлерімен қатар, тәулігіне 1200 килә ет өндіре алады. Қазір мұнда 15 адам жұмыс істейді. Алдағы уақытта өндірістік алаңдарды кеңейтіп, мал сою цехын ашу жоспарлануда.
«Манкент-аква» минералдық су шығаратын цех Манкент ауылында ашылды. Оның қуаты бір ауысымда 3,5 мың бөтелке су шығару. 15 қызметкері бар ұжымның орташа жалақысы 25-30 мың теңге. Кәсіпорын елдің барлық аймақтарына өнім шығаруды жоспарлауда.
Облыс басшылығының пікірінше, шағын бизнестің жергілікті нарықта лайықты орын алуға мүмкіндіктері зор. Бұны статистика да дәлелдеп отыр - сәуір айының 1-дегі көрсеткіш бойынша шағын кәсіпорындардың саны 123 мыңға дейін жетіп, өткен жылдың көрсеткішінен 104,6 пайызды құрап отыр. Тек бірінші тоқсанда шағын кәсіпорындарда 24,6 млрд. теңге тауар өндірілген. Бұл 2009 жылмен салыстырғанда 103,4 пайыз өсімді көрсетеді. Осы кәсіпорындарда 276,5 мың адам жұмыспен қамтылып отыр.
Ақпарат көзі: Қазақпарат
Күні 17.05.10
Жаңалықтар бөліміне
|