Header
kazruseng
Akimat
ГлавнаяArhivnovosteiGossimvoliAntikrizisnie_meropriyatiyaGoszakupki

  title
147.08147.82
185.47189.21
4.7244.821

Жалобы

Салауатты Қазақстан

support

our_products

organs

Сервисы

Сервисы


Біздің сауалнама
Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық ету кезіндегі ең маңызды бағыттарын атаңыз?
ЕҚЫҰ-ның басқа халықаралық және аймақтық құрылымдармен ынтымақтастығы
-------------------------------
Экологиялық мәселелерді шешу
-------------------------------
Демократияландыру мен азаматтық қоғамның мәселелерін алға жылжыту
-------------------------------
Көліктік ынтымақтастықты кеңейту
-------------------------------
Қауіпсіздікке төнетін қауіпке қарсы аймақаралық ынтымақтастық

 

 

s
Көшбасшыға сенер ел, шын бақытқа кенелер

Парламентте қабылданған ҚР Тұңғыш Президентi-Елбасының  мәртебесiн заңнамалық деңгейде негiздеу жөнiндегi құжатқа байланысты оқырмандарымыздың бiрқатар пiкiрлерiн ұсынып отырмыз. Елбасының қол қоюына жолданған Заңның басты мақсаты Тұңғыш Президенттiң – Елбасының тарихи миссиясы мен елге сiңiрген ерен еңбегiн ескерiп, оның мәртебесi мен өкiлеттiлiгiн нақтылау, қызметiн қамтамасыз етудiң кепiлдiгiн қарастыру. 
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев — Қазақстанның жалпыұлттық лидерi. Оған ешкiмнiң күмәнi болмас деп ойлаймын. Ендi, яғни ұлт лидерi мәртебесi заңмен қалай анықталады дегенге келер болсақ, заң бойынша болашақтағы жаңа президент Бiрiншi президентпен сыртқы және iшкi саясатын сәйкестендiрiп отырады. Бұл өте дұрыс үрдiс.  Саясаттағы тұрақтылық пен билiк жалғастығы, сабақтастығы сақталады. Тұңғыш Президент Назарбаевтың орасан зор тәжiрибесi бар, қалай болғанда да келесi Президент барлық мәселелер бойынша онымен мiндеттi түрде ақылдасар едi. Әрине, бұл болашақтың жұмысы. Депутаттар осының бәрiн заңмен реттеуге шешiм қабылдады.    Өйткенi, Парламент Назарбаевтың әлi ұзақ уақыт елдiң мемлекеттiк және саяси өмiрiне жай ғана емес, белсендi түрде қатысуын қалайды. Мұны барша халық құптайды. Бiр ғана мысал, Елбасы бүкiләлемдiк әлемдiк қаржы дағдарысын еңсеру бойынша теңдессiз шаралар қабылдағаны мәлiм. Вашингтондағы ядролық қаруға қарсы саммит кезiнде бұл шырқау шегiне жетiп, барлық әлемдiк державалар Назарбаевты әлемдiк деңгейдегi саясаткер ретiнде таныды.

Тұңғыш Президенттiң ел тарихында атқарған iсi ұлан-ғайыр. Қараңызшы, Алтайдан Атырауға созылып жатқан дархан даламыздың тұтастығын сақтау үшiн ең алдымен оның шекара сызығын анықтау аса маңызды. Осы жерде Тұңғыш Президентiмiздiң ешбiр кикiлжiң, қырғи-қабақсыз Қытай, Ресей, Өзбекстан, Түркiменстан елiмен бейбiт келiсiмге келiп, шекарамызды делимитациялауы таңқаларлық, бұрын-соңды болмаған, зор қуанышқа бөлейтiн жағдай. Бұл елiмiздiң тәуелсiздiгiн баянды етiп, көршiлес мемлекеттермен бейбiт қарым-қатынас орнатуымыздың негiзгi кiлтiне айналды. Бүгiнде Елбасымыздың тәуелсiздiгiмiздi нығайта түсiп, оны сыншыл сырт көздерге де мойындата отырып, ТМД шеңберiнде саяси, экономикалық реформалардан алдыңғы қатарға шығу саясатына өзiмiз ғана емес, бүкiл әлем жүгiнедi десек, артық айтқандық болмас. Елбасының батыл ойы, тегеурiндi қадамы арқылы Қазақстан көптеген халықаралық шаралардың бастамашысы, бiрнеше беделдi ұйымның iргетасын қалаушысы бола бiлуде. Ал, Тәуелсiздiк алған тарихи кезеңге Қазақстан сарабдал әрi көреген саясаткер Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен қадам басты. Ол әу бастан-ақ Қазақстанның сыртқы саяси бағдары ашық нарықтық экономика мен демократиялық саяси жүйеге, iшкi тұрақтылық пен ұлтаралық келiсiмге негiзделедi деп айқындады. Бiздiң сыртқы саясатымыз жалпыға бiрдей қауiпсiздiк пен тұрақтылықты нығайтып, өзара тиiмдi ықпалдастықты дамытуды көздейдi.

Мына  көршi Қырғыз елiндегi қантөгiс жағдай тәртiп пен тыныштықтан артық бақыт жоқ екенiн көрсетiп бердi емес пе? “Ерегескен ел болмас, етектен кесiп, жең болмас” дегендей, тұтастығымыз бен ынтымағымызды сақтап, әр азамат өзiн үлкен шаңырақтың бiр-бiр уығы деп есептеп, Қазақстан атты үйiмiздiң түтiнi түзу, iргесi берiк болуына атсалысып, бiр тiлекте, бiр ниетте болуын,  елiмiздiң абыройы артып, өркендей беруiн тiлеуден басқа қандай арман болуы мүмкiн?! Бұл сөзсiз Елбасының жемiсi. Мұны мойындауымыз керек.

 ХХI ғасыр әлемдiк жаһандану үдерiстерiнiң белсендiлiгiмен, алапат экономикалық дағдарыспен басталғаны белгiлi. Мұндай жағдайда әлемдiк өркениетте ұлттар мен ұлыстардың, мемлекеттердiң табиғи сұрыптаудан өтетiнi, әлсiздiң жойылып, күштiнiң қалатыны кiм-кiмге болса да түсiнiктi. Осы бағытта бүгiнгi күнi Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың адамзат болашағы үшiн ауадай қажет прогрессивтi идеяларды тудырушы, насихаттаушы, орнатушы ұлы саясаткер болып, бүкiл әлемге танылғанына тек мақтану керек. Бүкiл әлем халқы бейбiт өмiр сүруге әбден құқылы. Ол үшiн халықаралық ұлт пен ұлысқа, дiнге қатысты өзектi мәселелер бiздiң мемлекетiмiздегiдей шешiлуi тиiс. Бiз Тұңғыш Президенттiң саясатының арқасында өзiмiзге ғана тән қазақстандық даму жолына түстiк. Елбасы идеясымен дүниеге келген Қазақстан халқы Ассамблеясы әлем халықтары үшiн бейбiт өмiр сүрудiң, этносаралық татулық пен конфессияаралық келiсiмнiң моделi iспеттес. Кез келген елде ешқандай қақтығыссыз өмiр суруге болады, мұны бүкiл әлемге Мемлекет басшысының сарабдал саясаты, мемлекет басқарудағы жарқын қызметi, Қазақстан мемлекетiнiң бүгiнгi өмiрi дәлелдеп отыр. Нұрсұлтан Әбiшұлының салиқалы саясатын, мемлекет басқарудағы мағыналы қызметiн, оның ел алдындағы мәртебесiн бекiтетiн Парламент қабылдаған заң аса маңызды тарихи әрi саяси құжат болып табылады.

Сандуғаш БЕКБОСЫНОВА, М.Әуезов атындағы ОҚМУ-дiң оқытушысы, саясаттанушы.
Ақпарат көзі: Оңтүстік Қазақстан газеті
 

Күні 18.05.10


Жаңалықтар бөліміне

Poslanie

Akims's blog

Баннерлер
OSCE
ТАМОЖЕННЫЙ СОЮЗ
Электронное правительство
Библиотека нормативных правовых актов
Информационная система о товарах и услугах государств-членов ЕврАзЭС
Ассамблея ЮКО
ВОВ
Положение
Электронная сатистическая отчетность
www.goszakup.gov.kz
www.fingramota.kz
IFK
Регламент
С дипломом в село
Мин эконом развития
Қызметтер
Аэропорт
Темиржолы
Poster
Әкім | Президенттің Жолдаулары | Жаңалықтар мұрағаты | Әкімге сұрақ қою
s

Akorda.kz | Zakon.kz | Bnews.kz | E-gov.kz | www.government.kz | Облыстық басқармалары