Show menu Search
Mass Media
Official internet-resorce

You are here

Құрметті түркістандықтар! Қадірлі жерлестер!

-A A +A
3112/18

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Жаңа жыл – қуаныш пен үмітке толы ізгілік мерекесі!

Сондай-ақ, бұл бір жылғы жұмысты қорытындылап, баға беретін, алдағы жоспарларды нақтылап алатын кезең.

Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан халқы Тәуелсіздік жылдарында еліміздің бірлігін көздің қарашығындай сақтай отырып, Конституцияның мызғымастығын, адам құқығы мен бейбітшілікті қамтамасыз етіп келеді.

2018 жыл да Қазақстан үшін тарихи оқиғаларға толы болды. Биыл Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын жоғары деңгейде атап өттік. Елбасы Н.Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде тұрақтылық және қоғамдық келісім нығая түсіп, мемлекетіміздің халықаралық беделінің өсуі айқын байқалды. Еліміздің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметін абыроймен табысты аяқтауы – соның айғағы.

Ұлт Көшбасшысы қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға жылдағыдан да ерекше көңіл бөлді. Елбасымыздың наурыз айындағы «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуі мен қазан айында жариялаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы – осы бағыттағы нақты қадамдар. Сондай-ақ, биыл Елбасының халықты рухани кемелдікке, ұлт тарихын тануға бастаған «Ұлы Даланың жеті қыры» атты айтулы еңбегі жарық көрді.

2018 жыл – айрықша тарихи жыл. Биыл Президент Жарлығымен Түркістан облысы құрылып, орталығы Түркістан қаласына көшірілді. Осылайша, қасиетті қала ендігі жерде тұтас түркі әлемінің рухани-мәдени астанасы ретінде дамуға қадам басты. Сонымен қатар, халықтың көп жылдардан бергі тілегі орындалып, Мақтаарал және Сарыағаш аудандары қайта бөлініп, жаңадан Жетісай және Келес аудандары құрылды. 

Мұның бәрі 2018 жылды тәуелсіз Қазақстанның өркендеу жолындағы мерейлі белеске айналдырды. Біздер әрқашан болашаққа үмітпен қараймыз. Сондықтан баршамыз жаңа 2019 жылмен бірге ақжолтай жаңалықтардың келуін күтеміз.

Келер 2019 жылы халқымыздың ырысты ынтымағы сақталып, бүкіл Қазақ елімен бірге Түркістан өңірі түрленіп, дами берсін!

Сіздердің барлық істеріңіз бен бастамаларыңыз оңынан болсын. Жаңа жыл мол табыс пен жетістіктермен сабақталсын.

Баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

Түркістан облысының әкімі Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

 


© 2019

Official internet-resorce

Akimat of the Turkestan Region