Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Жаңалықтар

-A A +A

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-ң Мәдениет сарайында Елбасы Н.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Махаббат мұнарасы» мюзиклінің премьерасы өтті. Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы мен облыстық опера және балет театрының ұйымдастыруымен алғаш рет өткізіліп отырған туындыны тамашалауға зиялы қауым мен аталған жоғары оқу орнының оқытушы құрамы және студенттері, БАҚ өкілдері қатысты.

15.11.2018

Бүгін Түркістан қаласында өңір басшысының бірінші орынбасары Қайрат Нүкеновтің қатысуымен Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

14.11.2018

Жуырда Түркістанда өткен «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық журналистер форумында «Түркістан облысының төлтаңбасы» байқауы өтетіні айтылған еді. Байқаудың мақсаты – Елбасы Жарлығымен құрылған Түркістан облысы әкімдігінің жаңа логотипін қалыптастыру. Сол төлтаңба арқылы Түркістанның брендін қалыптастырып, Қазақстан мен шетелге таныту және ғаламтор желісінде өзіне тән оң имиджін  көтеру де көзделген.

14.11.2018
Қазақстанның сот жүйесін дамыту бойынша айқындалған жеті басым бағыттың  бірі «Е-Сот» жобасы шеңберінде «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылған болатын. Аталған жоба аясында тараптар смартфондарына орнатылған «TrueConf» қосымшасы арқылы сот процесіне бейнебайланыс арқылы онлайн режимде тікелей қосыла алады.
14.11.2018
Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев еліміздің көшбасшы жастарымен бейресми кездесу өткізді. Басқосуда Түркістан өңіріндегі жастардың жеткен жетістіктері мен шешуді қажет ететін түйіткілдер әңгіме арқауына айналды.
 
14.11.2018

Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев сәулет саласына қатысты мамандармен бейресми кездесу өткізді.

13.11.2018

Сарыағаш қаласында «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кездесу өтті. Жиын барысында «Түркістан» ӘКК» АҚ-ның «Цифрландыру орталығы» филиалы мен Сарыағаш ауданы әкімдігі арасында ынтымақтастық жөнінде меморандум түзілді. 

12.11.2018

Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті. Жиынға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев, Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Нұржан Әшіров, облыстық мәслихат хатшысы Қайрат Балабиев, маслихат депутаттары мен басқарма басшылары қатысты.

09.11.2018
Бүгін Түркістан қаласындағы «TÚRKISTAN MEDIA» халықаралық орталығында орналасқан Өңірлік коммуникациялар қызметінде  ақпарат кеңістігіндегі тұңғыш цифрлық «ULYS» журналының таныстырылымы өтті.
 
09.11.2018
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі