Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ТҮРКІСТАН: САРЫҒАШ АУДАНЫНДА 13 НЫСАН ЕЛ ИГІЛІНЕ БЕРІЛДІ

-A A +A
1101/19

Түркістан облысы Сарыағаш ауданында бір күнде 13 нысан іске қосылды. Жаңадан ашылған нысандардың ашылу рәсіміне Сарыағаш  ауданының әкімі Қайрат Аманкелдіұлы қатысып, аудан тұрғындарын айтулы қуанышпен құттықтады.

Ең алдымен аудан басшысы Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылдық округіне қарасты Жаңақұрылыс елді мекенінде орналасқан 125 орындық «Айша апа» балабақшасының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. Балабақша құрылысы 2018 жылы басталып, 2019 жылдың қаңтар айында тапсырылып отыр. Нысанға тартылған жеке инвестиция көлемі 160 млн. теңге. Балабақшада 23 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, орташа 45 мың теңге жалақы алады.

Кейін Қапланбек оқу шаруашылығында «Ер есімі – ел есінде» атты аллея салтанатты түрде ашылып, ҰОС жылдары ерлік көрсеткен жауынгерлердің рухына құран бағышталды. Аталған аллея «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қайта қалпына келтіріліп отыр.

Осындай игілікті іс аталған аллеяның жанынан 900 орынға арналған №4 Юрий Гагарин атындағы мектептің ашылуымен жалғасын тапты.  2017 жылдың қараша айында басталған құрылыс 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталған.

Бұдан өзге, ауданда жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен медициналық тірек пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, аймақта үш ауысымды мектептің саны қысқарып, Тегісшіл ауылдық округіндегі №49 М.Жұмабаев атындағы мектеп жөндеуден өтті. Аталған мектептің құрылысы 2017 жылдың тамыз айында басталып, 2018 жылдың желтоқсан айында аяқталған.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданы Жамбыл ауылдық округі Майдабозай, Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр, Көпқұдық, Байғабыл елді мекендерінде 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылысы аяқталған нысандар іске қосылды. Мердігер мекеме – «ЮжЭнергоРемонт» ЖШС. Трансформаторлар саны - 51 дана. Жоба бойынша 6 елді мекендегі 613 тұрғын үй сапалы электр қуатымен қамтамасыз етіледі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 


© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі