Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарма басшысы

-A A +A

Бектаев Рахмет Әбдікәрімұлы

 

1965 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-құрылысшы-технолог, заңгер.

Еңбек жолын 1986 жылы №18 «Шымкентселстрой» тресті №1 темір-бетон зауытында жұмысшысы болып бастаған. 1986-1989 жылдары «Югстройконструкция» өндірістік бірлестігінде 2-разрядты формовщик, «Главмоспромстрой материалы №1 құрылыс материалдары және конструкциялары Бескудников комбинаты» Мәскеу қаласында 4-разрядты формовщик, 1990-1991 жылдары Қазақ химия-технология институтында инженер. 1991-2008 жылдары Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігі мен Қаржы полициясы органдарында қызмет атқарған. 2009-2012 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы бастығының орынбасары, «Оңтүстік» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының бас мемлекеттік көлік инспекторы. 2012-2015 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау департаментінің бас маманы, бөлім басшысы, 2015-2016 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының бөлім басшысы қызметтерін атқарған. 2016 жылғы желтоқсаннан - Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы басшысының орынбасары, 2017 жылы қазаннан бастап басқарма басшысы, 2018 жылдың 13 шілдесінен бастап Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының басшысы.

 

 

 

Жарияланған: 28.02.2016 - 21:00:32
Жаңартылған: 10.09.2018 - 10:19:35
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі