Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың атқарған жұмысы туралы есеп

-A A +A

 

 

 Облыстық ішкі саясат басқармасының 2018 жылдың 11 айында атқарылған жұмыстары туралы есебі

                                                                                                      

Облыстық ішкі саясат басқармасының негізігі атқаратын жұмыстарының бағыттары:

  • Елбасының Жолдауын насихаттау;
  • Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы жүзеге асыру;
  • Қоғамдық саяси ахуал мен ішкі саяси тұрақтылықты сақтау;
  • Азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл орнату

                                                                                                                          

      Басқарма құрылымы 19 штаттан яғни, бір басқарма басшысынан, екі басқарма басшысының салалық орынбасарларынан және бес бөлімнен:              

     Олар:

- Әкімшілік бөлімі

- Идеологиялық жұмыстарды насихаттау және ұйымдастыру бөлімі;

- Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімі;

- Қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімі;

- Саяси-ахуалды талдау және болжау бөлімдерінен

тұрады.

                                                                                           

             2018 жылға қаралған қаржы туралы мәлімет

                                      Бағдарлама атауы

2018 жыл

Жергілікті деңгейде мемлекеттік, ішкі саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер.

306 197,0

Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі қызметтер.

942 283,0

Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде (сурдоаударма) қызметтер.

26 780,0

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінің есебінен іс шаралар өткізу

11 051,0

БАРЛЫҒЫ

   1 286 311,0

 

                                                                                                    

Облыстық ішкі саясат басқармасына бағынысты мекемелердің Құрылымы.

         Басқармаға қарасты 4 мекеме жұмыс жасайды.

Атауы

Қызметкерлер саны

 

Қаржысы

«Ақпараттық талдау орталығы» коммуналдық   мемлекеттік   мекемесі

        32

           41 280,0

«Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

53

111 745,0

«Южный Казахстан» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

43

111 745,0

«Жанубий Козоғистон» облыстық қоғамдық-саяси газеті редакциясы ЖШС-і

34

43 333,0

        

                                                                                                       

Мемлекеттік ақпараттық саясатты БАҚ арқылы  жүзеге асыру бойынша

Қазіргі таңда Түркістан облысы көлемінде жұмыс жүргізіп жатқан бұқаралық ақпарат құралдарының саны 87 (оның ішінде:  60-ы газет,                      3-і журнал, 8-і телеарна, 1-і радио, 15-і интернет сайт).

  

 

БАҚ-да жарияланған материалдарға сараптама,                      контент-талдау жасау және БАҚ туралы заңнамалардың орындалуына мониторинг жұмыстарын жүргізу.

БАҚ-қа шыққан материалдарға күнделікті:

  • БАҚ жарық көрген жағымды және сыни материалдарға;
  • 48  негізгі тақырыптық бағыттар бойынша контент-талдаулар;
  • 17 мемлекеттік және 31 салалық бағдарламаның жүзеге асырылуына;
  • қолданыстағы БАҚ қатысты 13 Заңның талаптарының орындалуына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізіледі.

Мониторинг нәтижесінде анықталған сыни материалдар бойынша облыс әкімінің тапсырмасымен тиісті мекемеге хат жолданып, сәйкесінше жұмыстар атқарылады.

 

Елбасы Жолдауы бойынша жарияланған материалдар саны                      2017 жылдың 11 айының қорытындысымен (6 165 материал) салыстырғанда  2018 11 айында (9 118 материал) 2,9 мыңнан астамға, мемлекеттік және салалық бағдарламалар бойынша 2,1 мыңнан астамға (2017 жыл 11 айы – 4 765, 2018 жыл 11 айы – 6 918), облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша  3,6 мыңнан астамға  (2017 жыл 11 айы –  3 505, 2018 жыл 11 айы – 7 176 ) көбейіп, БАҚ-пен жұмыс күшейтілді.

                                                                                                      

 

Атауы

 

2017 жылғы

11 айы

 

2018 жылғы

11 айы

жалпы

Респ. БАҚ

Обл. БАҚ

 

жалпы

Респ. БАҚ

Обл. БАҚ

Елбасы Жолдауы

6 165

1 565

4 600

9 118

5 510

3 608

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы

8 298

1 826

    6 472

9 856

5 082

4 774

Мемлекеттік және салалық бағдарламалар

4 765

1 452

3 313

6 918

4 672

2 246

Облыстың әлеуметтік экономикалық дамуы бойынша

3 505

1 609

1896

7 176

5 603

1 573

 

 

2017 жылдың 11 айында 9 896 материал (жағымды материалдар – 9 181, бейтарап – 715) жарияланса, 2018 жылдың 11 айында                       24 167 материал (жағымды материалдар – 21 991, бейтарап – 2 176) жарияланған.

Сонымен қатар, 2017-2018 жылдың 11 айының қорытындысындағы сыни материалдардың 76 пайызы, яғни 163 материал аудан, қалаларға,            24 пайызы, яғни 50 материал облыстық басқармаларға тиісті.

                                                                                                   

                                                                                               

                                  11 айдың қорытындысы

Жыл

Жарияланған мақала саны

Жағымды

%

2017 ж.

9 896

9 181

92

2018 ж.

24 167

21 991

95

 

 

Жалпы жарияланған материалдардың ішінде жағымды материалдар үлесі 2017 жылдың 11 айында 92 % болса, 2018 жылдың 11 айында        95%-ға артқан. Осы арқылы облысымыздың оң имиджіне оң ықпалын тигізуде.

Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақпарат құралдары» туралы Заңына сәйкес 2017 жылы облыстағы 6 БАҚ-қа (5 газет, 1 ақпараттық портал),  2018 жылы 12 БАҚ-қа (12 газет) қатысты заң бұзушылықтар анықталып, шаралар қаралып, уәкілетті органның шешімімен жалпы                           18 БАҚ  жабылды.

 

Медиа-саясат саласын ілгерілету бойынша атқарылған жұмыстар:

31 қазан күні Түркістан қаласы, Қ.А.Яссауи кесенесі алдында Түркістан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің Түркістан қаласында көшпелі брифингі өтті.

 

Сондай-ақ, сол күні Түркістан қаласында «Түркістан медиа» Халықаралық орталығы ашылды. Заманауи ғимаратта бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің шұғыл ақпарат таратуы үшін бар жағдай жасалынған.

Облыстық ішкі саясат басқармасы «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық журналистер форумы аясында түркі тілдес  бес ел Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тартастан мемлекеттерінің жетекші ақпараттық агенттіктерімен ақпараттық қолдау туралы меморандумға қол қойды. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы жағымды жаңалықтар, облыстың оң имиджін көтеруге бағытталған жұмыстар туралы ақпарат жоғарыда аты аталған елдердің ақпарат кеңістігінде таралуда.

 

«Таңғажайып Түркістан», Түркістан облысының төлтаңбасы байқаулары үздік идея мен жаңашыл бастамаларға жол ашпақ.

 

 

Қазіргі уақытта Түркістан қаласында «Хабар24», «Оңтүстік», «Отырар» телеарналары мен «Егемен Қазақстан», «Айқын» газеттерінің өкілдіктері келіп орналасып, жұмыс жасауда.

Облыстық «Оңтүстік» телеарнасының филиалын ашу жұмыстары да қызу жүргізілуде.

Ішкі саясат басқармасына қарасты «Ақпараттық талдау орталығы»  қазанның бірінен бастап Түркістан қаласына көшіп келіп, жұмыс жасауда.

Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ-нің журналистика факультетінің                                  90 студентінен құрылған «Жас журналистер клубының» мүшелері де                     5 тілде облыс орталығында ұйымдастырылып жатқан іс-шараларды белсенділік танытып, бірқатар жұмыстар жасауда. 

 «Цифрлық эфирлік теле-, радио хабарларын таратуға көшу» туралы Түркістан облысында ақпараттық сүйемелдеу бойынша медиа-жоспар бекітіліп, жоспар негізінде жұмыстар жүргізілуде.

Есептік мерзімнің 11 айы ішінде облыста БАҚ-та жарық көрген «Цифрлық эфирлік теле-, радио хабарларын таратуға көшу» бойынша есепті мерзімде 410 материал жарық көрген. Оның 103-і баспа БАҚ, 86-ы электронды БАҚ, 43-і ақпараттық сайттарда, 178-і әлеуметтік желілерде жарияланған. Халықты ақпараттандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

 

Облыста Елбасы Жолдауын насихаттау түсіндіру, идеологиялық  және  Мемлекеттік мерекелік іс-шараларды өткізу бойынша атқарылған жұмыстарға тоқтала кетсек:

                                                                                                       (СЛАЙД 12)

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2018 жылғы 5 қазандағы «ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫНЫҢ ӨСУІ: ТАБЫС ПЕН ТҰРМЫС САПАСЫН АРТТЫРУ» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау және түсіндіру бойынша:

Түркістан облысында Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндіру және насихаттау мақсатында 5 ақпараттық насихаттық топтар құрылды.

Әр топты облыс әкімінің орынбасарлары басқарды, топ құрамына                  - салалық басқарма басшылары; 12 – қоғамдық ұйым жетекшілері және облысымыздағы үш жоғарғы оқу орындарыннан 20 лекторлар (сарапшылар) енді.

Аталған насихаттық топтар қазанның 10 мен 14 аралығында облыстың барлық аудан, қалаларында іс-сапарға шығып, тұрғындармен 48 кездесу өткізіп, 10 мыңға жуық адам қамтылды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 15 қазанынан бастап облысымызға республикалық ақпараттық-насихаттық топ мүшелері келді. Топты ҚР денсаулық сақтау министрі басқарып, құрамында                    ҚР Министрліктерінің жауапты қызметкерлері болды.

 

 

 

 

Анықтама: топ басшы ҚР Денсаулық сақтау министрі - Е.Біртанов), вице-министрлер (ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі - Г.Исаева, ҚР Білім және ғылым министрлігінің вице-министрі – Р.Бигары), департамент директорлары (ҚР Энергетика министрлігі Әкімшілік жұмысы департаменті директоры - Ө.Ашимбаев, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институтының директоры – Б.Аяған), жауапты хатшылары, комитет төрағалары мен қоғамдық ұйымдар өкілдері (ҚР Білім және ғылым министрлігінің балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасының орынбасары - М.Әбдікәрім,                 ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің еңбек, көші-қон және халықты әлеуметтік қорғау комитеті төрағасының орынбасары – Д.Садвакасова).

 

 Республикалық насихаттық топ облыстың барлық аудан, қалаларында болып, тұрғындармен  17 кездесулер өткізіліп, 1850 адам қамтылды. ҚР Президенті Әкімшілігінің халықпен кездесулер өткізу бойынша арнайы берген ұсыныстары негізінде топ мүшелері еңбек ұжымдарында, қарапайым жұмысшылар мен тұрғындар арасында кездесулері ұйымдастырылды.

Сондай ақ, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісі депутаттары да өңірімізде болып, 18 кездесу өткізіп, 1440 адамды қамтылды.

 

     Анықтама: ҚР Парламенті Сенатының депутаттары – А.Бейсенбаев, Ә.Құртаев және А.Бектаев, ҚР парламенті Мәжілісінің депутаттары – С.Қаныбеков, Ә.Бектұрғанов, М.Маханбетов, Ф.Қаратаев, С.Звольский.

 

Елбасы Жолдауын ақпарат кеңістігінде кеңінен насихаттау мақсатында арнайы медиа-жоспар бекітілді.

Медиа-жоспар негінде Жолдаудың міндеттерін, негізгі бағыттары мен іске асырылу барысын түсіндіре, ақпараттық кесте, телекестелер, модульдер, постерлер дайындалып, облыстық және республикалық насихаттық топтардың жұмысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша                  630 материал жарық көрді. Оның 213-і баспа басылымдарда, 162-і электронды БАҚ, 125-і ақпараттық сайттарда және 130 материал әлеуметтік желілерде жарияланды.

                                                                                                   

«Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» насихаттау және түсіндіру бойынша бойынша:

Елбасының «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа үндеуін аудан, қалаларда кеңінен түсіндіру, мақсатында арнайы желілік кестесі бекітіліп,  458 кездесу өткізіліп, 49706 адам қамтылды.

Үндеуді ақпараттық сүйемелдеу бойынша жалпы БАҚ-та                                501 материал жарық көрген. Оның 126-ы баспа БАҚ, 127-і электронды БАҚ, 103-і ақпараттық сайттарда 145-і әлеуметтік желілерде жарияланған.

Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 06.03.2018 ж.                  №39 санында «Мемлекеттің шынайы қамқорлығы», «Южный Казахстан» газетінің  07.04.2018 ж. №42 санында «Инициативы подтверждаются делами» және т.б. тақырыптарда материалдар жарық көрген. 

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімдігінің ресми www.ontustik.gov.kz (http://ontustik.gov.kz/kk/pages/prezidenttin-bes-leumettik-bastamasy) сайтында және мемлекеттік тапсырысты орындаушы «Оңтүстік Қазақстан» (http://okg.kz/article/?id=13477&slug=baspana-baspanaly-bolu-a-m-mkindik-beredi), «Южный Казахстан» (http://yujanka.kz/vremya-podoshlo-pyat-sotsialnyh-initsiativ-n-nazarbaeva/), «Жанубий Қозоғистон» газеттерінің ақпараттық сайттарында өзектендіру қамтамасыз етілген.

Жергілікті «On’tu’stik», «Айғақ», «ТВК», «Отырар», «Нар ТВ»  телеарналарында «Бес әлеуметтік бастама – берекеге бастайды», «Бес әлеуметтік бастамасы —  жарқын болашақ үшін»,  «5 әлеуметтік бастама – жастарды қолдаудың ауқымды жобасы» атты бейнематериалдар циклы көрсетілген.

Үндеуді насихаттау мақсатында аудан, қалалардың орталық көшелерінде және халық көп шоғырланған орындарда   186 баннерлер мен билбордтар орнатылды.

                                                                                                    

 

Мемлекеттік рәміздер бойынша:

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдануына, насихатталуына және стандартқа сәйкестігіне тексеру жүргізу арқылы мониторинг жасау, талаптарға сәйкестендіру жұмыстары атқарылуда.

Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның 2018 жылға арналған  жұмыс жоспары дайындалып, бекітілді.

Жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 02 – 14 сәуірі аралығында облыстық ішкі саясат басқармасы, ҚР инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология комитетінің облыстық департаменті және облыстық жергілікті полиция қызметінің жауапты қызметкерлерінен құралған топ облыстың Бәйдібек, Созақ, Отырар, Ордабасы, Төлеби аудандары мен Арыс, Кентау, Түркістан қалаларындағы мемлекеттік рәміздердің насихатталуы мен қолданылуына мониторинг және көрнекі үгіт құралдарына талдау жүргізілді.

Талдау қорытындысына сәйкес 2018 жылғы 14 мамыр күні  Мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, тексеру нәтижесінде анықталған кемшіліктерді жою жөніндегі мәселелер қаралып, тапсырмалар берілді. Бүгінгі таңда анықталған кемшіліктер жойылып, ретке келтірілді.

4 маусым күні Мемлекеттік рәміздеріміздің 26 жыл толуына байланысты облыстық жастар орталығы ғимараты алаңында 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай ерекше форматтағы флэшмоб өтті. Бұған өңірдегі бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Флешмобта жастар қолдарындағы жалаушалармен түрлі тақырыптық бейнелерді көрсетті. Сондай-ақ, 100-ден аса жас еліміздің мемлекеттік рәміздері бейнеленген стикерлерді, ақпараттық буклеттер мен жалаушаларды тұрғындарға тарту етті.

 

 

 

Сонымен қатар, «4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні» мерекесін атап өтуге арналған аудан, қалалық іс-шаралар жоспары бектіліп, «Туың биік болсын, туған елім менің – Қазақстан!» акциялары, «Елтаңбасымен еңселі» атты асфальтке сурет салу байқаулары, спорттық мекемелерде «Әнұраным – қуат берер халқыма» тақырыбында семинар-тренингтер, «Қазақстан Туымен – тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен – айбынды» сурет көрмелері, «Еркіндігім – Елтаңбам», «Мемлекеттік рәміздер – Тәуелсіздік тұмары», «Мемлекеттік рәміздер – биік мерейіміз» тақырыптарындағы сұхбат-кездесулер және тағы басқа концерттік бағдарламалар, кітап көрмелері, велошеру, дөңгелек үстелдер, шерулер, спорттық іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді.

                                                                                                     

 

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының                  20 жылдығы мерей тойын насихаттау бойынша:

Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы                                         27 қыркүйектегі   №188 Өкімімен бекітілген «Ел жүрегі - Астана» Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының                                       20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасына сәйкес Түркістан облысында іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес, бүгінгі таңға дейін 1197 іс-шара өткізілді.

 

Анықтама: 8–ғылыми – практикалық конференция, 91–дөңгелек үстел,   161–спорттық іс-шара, 126–концерт, 91–байқау, 276–мәдени-бұқаралық іс-шара, 122–қайырымдылық акция және 322-і басқа да іс-шаралар.

 

Өңір халқына еліміздің елордасы – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойын сезіндіру, мерекелік жоғары көңіл-күй сыйлау мақсатында облыс, аудан, қала орталықтарында, елді мекендерде іс-шаралар өткізілді. 

Мерекелік іс-шаралар 2017 жылғы 12 желтоқсан күні «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында көрмелік кешеннің ашылуымен басталды.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі көрмесі және  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік оркестрінің оңтүстік өңіріне гастрольдік іссапары, облыстық «Арай-2018» жас эстрада әншілері мен жүргізушілердің байқауы, «Наурыз» ақындар айтысы, «Театр көктемі-2018» фестивалі, «Мәңгілік ел» патриоттық әндер байқауы,  «Бұраң бел» облыстық би фестивалі өтіп, аталған іс-шараларға 130,0 мыңнан астам адам қамтылды.

 

 

 

 

Ағымдағы жылдың 1 шілде күні  Түркістан қаласында Астананың                              20 жылдығы және «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне арналған Қ.А.Ясауи кесенесі алдында  Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның «Сүгір» атындағы ұлт   аспаптар  оркестірінің концерті ұйымдастырылып, облыстың аудан, қалаларында 1-6 шілде аралығында  «Астана - Әсем қала»,  «Астана келбеті –ұлт келбеті», «Астана – айбынды ақ ордам», «Астана – татулық  пен  бірліктің  ордасы» атты көрмелер, фото, сурет көрмелері, концерттік бағдарламалар және тағы басқа мерекелік                        іс-шаралар өткізілді.

Аудан, қалалардың орталық көшелер мен халық көп шоғырланған орындарда Астананың 20 жылдық мерекесіне арналған 332 баннерлер мен билбордтартар орналастырылды.

Облыстық БАҚ-да «Астанаға 20 жыл» тақырыбы бойынша жалпы                          483 материал жарық көрген. Оның 35-і баспа БАҚ, 90-і электронды БАҚ,                    121-і ақпараттық сайттарда,  ал 255 материал әлеуметтік желілерде жарияланған.

Атап айтқанда, «Оңтүстік Қазақстан» газетінің 10.07.2018ж.                                  №111-112 сандарында «Астана Қазақстанның жаңа дәуірі», «Қызмет» газетінің 06.07.2018 ж. №25 санында «Түркістандық 7 паз «Burabay Summer Fest» фестивалінде жеңімпаз атанды», «Рейтинг» газетінің 12.07.2018ж. №28 санында «20 жылдыққа - 20 нысан» және т.б. тақырыптарда материалдар жарық көрді.

Сонымен қатар, республикалық «Қазақстан», «1 Еуразия арнасы» телеарналары мен жергілікті «On’tu’stik», «ТВК» және «Айғақ» телеарналарында Түркістан облысында 26 көше Астана деп өзгертілгендігі, Сарыағаш ауданындағы 2 ауылдық округтің кіре берісінде еңселі қақпа бой көтергендігі, Астана қаласының 20 жылдығына орай Арыс қаласында веложарыс өткізілгендігі және т.б. тақырыптарда бейнематериалдар көрсетілді.

Есепті мерзімде ақпараттық сайттардан 26 ақпарат жарық көрген.  Атап айтқанда, «kazinform.kz» ақпараттық сайтынан «Түркістанда Астана күні тойланды», «kt.kz» ақпараттық сайтында «Түркістанда әйгілі Темуридтер музейініӊ көрмесі ашылды», «Түркістан облысыныӊ Сайрам ауданында Астананыӊ 20 жылдығына бірқатар нысандар ашылды», «mediaon.kz» ақпараттық сайтынан «Отырарлықтар Астана күнін ерекше атап өтті», «otyrar.kz» ақпараттық сайтынан «Мақтаралда Астананың                20 жылдығына орай  2 нысан пайдалануға берілді», «abctv.kz» ақпараттық сайтынан «Астананың 20 жылдық мерекесіне орай, 20 отбасыға 20 тұрғын үйдіӊ кілті тапсырылды», «didarbek.kz» ақпараттық сайтынан «Түркістан облысының оқушылары Абай жеріне саяхат жасады», «otyrar.kz» ақпараттық сайтынан «Түркістанда «Ұлттық домбыра күні» аталып өтті» және т.б. тақырыптарда материалдар жарық көрген.

 

 

 

 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырушеңберінде атқарылған жұмыстар туралы               

 

2018 жылғы 1 қазаннан бастап жобалық кеңсе Түркістан қаласындағы Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-дің кітапханасына орналасып, қызметкерлер қайта жасақталды. Қазіргі таңда 15 қызметкер жұмыс атқаруда.

 «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 2018 жылы облыста       46 жоба мен 168 іс-шара жүзеге асырылып, бюджеттен 884,512 млн. тг, демеушілер тарапынан 30 млрд. 379 млн.теңге бөлінді.

             «ТУҒАН ЖЕР» арнайы жобасының «АТАМЕКЕН» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ шеңберінде Түркістан облысында 2018 жылы                    28 млрд. 156 млн.теңге жобалар яғни, 428 нысан (облыс бөлінгенге дейін барлығы 445 нысан) жүзеге асуда, оның ішінде бүгінгі таңға құны 887,2 млн. теңге құрайтын 23 нысан іске қосылды.

Елбасының Түркістан облысын құру, Шымкент қаласына республикалық қала мәртебесін беру туралы Жарлықтарына сәйкес Шымкент қаласына 17 нысан  20 млрд. 417 млн теңгеге жобалары өткізілді.

«Еріктілер корпусы» жобасы аясында 1000 аса еріктіден құрылған база жасақталып, 2 964 жастың қатысуымен 71 іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.                                                                                                  

 «Алтын ұям» жобасы шеңберінде бұрын мектеп бітірген түлектерге орынсыз сән-салтанат орнына білім алған мектебіне көмек көрсету жөнінде үндеу тасталып, нәтижесінде түлектер тарапынан мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуына 20,8 млн.теңге қаржы жұмсалды.

 «Меценаттар форумы» жобасы шеңберінде меценаттарды, волонтерлерді, бизнес-құрылым өкілдерін ынталандыру, көтермелеу және меценаттық пен мейірбандық идеяларын танымал ету мақсатында «Жомарт жүрек» лауреаттарды салтанатты құттықтау рәсімі іске асырылды.

 Аудан, қала көлемінде 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап                       15 қазан аралығында 16 аудан, қаланың 12-де іс-шара өз деңгейінде өткізіліп, нәтижесінде 63 үміткер марапатталды.

Бағдарламада қойылып отырған басты мәселелердің бірі – адамды білімді  әрі рухани  бай етіп тәрбиелеу.

 

                                                                                                     

Осы мақсатқа бағытталған «ТӘРБИЕ ЖӘНЕ БІЛІМ» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ  аясында облыстың білім беру мекемелерінде           3,5 мыңға жуық іс-шаралар өткізіліп, 630 мыңнан астам оқушы мен        120 мыңнан астам студент қамтылды.

 

 

 

 

Өлкенің тарихын кеңінен тану, зерттеу мақсатында                                       5,6,7 сыныптарға арналған  «Өлкетану» оқулығы 50 мың тиражбен  дайындалып, жаңа 2018-2019 оқу жылына мектеп бағдарламасына енгізіледі.

Сондай-ақ облыста өлкетану пәні мұғалімдерінің конференциясы өткізіліп, нәтижесінде үздік өлкетану сабақтарының  және видеосабақтар қорын жасақтау жөнінде шешім қабылданып, ұстаздар тәжірибе алмасуға мүмкіндік алды. 

Сонымен қатар, алғаш рет «Есімхан тұсындағы Қазақ хандығы» тақырыбында хан ордасы болған орында ашық аспан астында сабақ өтті.

Төлеби ауданында өткен бұл сабақ «Қазақстан тарихы» пәнін киелі жерлерде оқыту арқылы өлке тарихын мен ұлттық құндылықтарды қадірлеуге бағытталды.

         «РУХАНИ ҚАЗЫНА» КІШІ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша                          2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Көне Түркістан – жаңа                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                          мүмкіндіктер» атты халықаралық туристік және инвестициялық форум форум өткізіліп, нәтижесінде 1,7 млрд. АҚШ долларды құрайтын Иран, Түркия, Чехия, Ресей, Италия, Польша, Қытай мемлекеттері инвесторларымен 19 меморандумға қол қойылды.

         Облыстағы қасиетті, киелі орындар мен туристік маңызы бар ескерткіштерге 21 бағытта туристік маршруттар ашылды.        

         Туристік маршруттардағы гид қызметі жөнінде студенттерге шеберлік сыныптар барлық аудандарда өткізілді, ал, Кентау қаласы мен Бәйдібек, Созақ аудандарындағы тарихи орындарға арнайы «Таңбалы тастар – бабалар ізімен» экспедициясы ұйымдастырылды.

         Түркістан облысы мен Қазақстанның киелі жерлері картасына енген нысандар туралы ағылшын, қытай,  қазақ және орыс тілдерінде арнайы роликтер және «Ontustik TourAudio» мобильді қосымшасын әзірленуде.

         Киелі жерлер туралы ақпарат алудың қолжетімділігін, туризм саласының әлеуетін арттыру мақсатында туристердің жиі баратын            35 туристік нысанда QR-кодтар орнатылды.

         Сонымен қатар, туристік ақпараттық орталықта виртуалды                      3 бейнеролик әзірленіп, VR-құрал жабдығы арқылы 360 градуста киелі орынды тамшалауға мүмкіндік жасалды.

         Туристерді ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында, жаңартылған              6 тілде қызмет көрсететін  ontustiktravel.kz порталы және  «ON Guide» мобильдік қосымшасы ашылды (қазақ, орыс, ағылшын, түрік, қытай және араб).

         Сондай-ақ, туризм саласында қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында ағымдағы жылы «Түркістан облысы туризм индустриясын дамыту орталығы» ассоциациясының базасында Қазақстанда бірегей  «Tour Lab» туристік лаборатория ашылды.

         Одан бөлек, а.ж. қыркүйегінде өңірдің туристік әлеуетін насихаттау мақсатында шетелдік және отандық БАҚ өкілдеріне, әлеуметтік желі белсенділері және туроператорларға 2 баспасөз-турлары өткізілді.

        

 

         2019 жылы  «Sсat» авиакомпаниясының «Аспан» борт журналында қасиетті орындар имидждік материалдарын орналастыру жөнінде келіссөздер жүргізіліп, 2018 жылдың 1 қазанында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

         Сонымен қатар, ішкі туризмді дамыту мақсатында «Тұран Экспресс» ЖШС-мен тұрған меморандум негізінде Түркістан мен Алматы қаласының арасында жүрдек пойыз бағыты ашылмақшы.

         Тиімді атқарылған жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылдың                       11 айында Түркістанға 1 миллионнан астам турист пен зияратшы келіп, өткен жыл кезеңімен салыстырғанда 57,2 пайызға өсіп отыр.

         Жастарға көркем әдебиет әлеуетін таныту мақсатында                        428 кітапханада «Букроссинг» орындары іске қосылып, «Буктрейлер», яғни кітап желісі бойынша шағын бейнетүсірілім байқауы өткізілді.

         Сондай-ақ «Көне кітаптар – жазба ескерткіштер» ақпараттық шарасы барысында облыстағы 3465 көне кітаптың 185 цифрлы форматты нұсқаға өткізіліп, оқырмандарға ескі, сирек кітаптар мен тарихи басылымдарды оқуға мүмкіндік жасалды.  

         Облыстық бюджеттен 5,5 млн. теңге бөлініп, «Оңтүстіктің қасиетті орындары:аңыз-әпсаналар» жинағы жарық көрді.

 

         «ҚАЗАҚСТАННЫҢ КИЕЛІ ЖЕРЛЕРІ» арнайы жобасы бойынша               24 нысан Түркістан облысынан республикалық тізімге енгізілді.

         80 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне кірді. 

         2018 жылдың соңына дейін облыста басып шығаруға жоспарланған жинақтар Түркістан қаласы бойынша тарихи-мәдени ескерткіштердің жинағы, «Қазақстанның киелі жерлерінің географисы» және «Түркістан облысы ақын жазушыларының таңдамалы 10 кітабы» жарық көреді. 

         2018 жылы археологиялық зерттеу жұмыстарына облыстық бюджеттен Ханқорған қалашығын зерттеуге- 32,0 млн.тг, Түркістандағы таңбалы тастарды зерттеуге  18,0 млн.тг. қаралған.

         Одан бөлек, 2 жобаға: «Түркістан – тарихи- рухани орындар мекені» сайтына 3464,0 мың тг., «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» зерттеу жинағына 24083 мың тг. бюджеттен бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда.

         ЮНЕСКО-ның «Ұлы Жібек жолы ескерткіштері» аталымы бойынша әлемдік мәдени мұралар тізіміне енген ортағасырлық 8 ескерткіш (Сауран қалашығы, Түркістан, Сидақ, Қараспан, Жуантөбе, Күлтөбе, Отырар оазисінің ескерткіштері, Бөржар қорғаны) туралы тұңғыш рет деректі фильм түсірілді.

         Тарихи-мәдени мұраларымызды насихаттап, жастарға патриоттық тәрбие беру мақсатында «Көне жетігеннің сыры» атты 10 сериялы телехикая «Хабар» және жергілікті облыстық «Оңтүстік», «Отырар», «Айғақ» телеарналарында 2018 жылдың қыркүйегінде көрермендерге ұсынылды.

        

 

         «Киелі Қазығұрт»,  «Отырарды қорғау», «Күш атасы – Қажымұқан», «Бәйдібек би» атты анимациялық фильмдер республикалық «Асыл арна», «Хабар» және жергілікті «НАР ТВ» «Отырар», «Оңтүстік» «ТВК»  телеарналарында қазан-желтоқсан айларында көрсетіледі. «Ұлы Жібек Жолындағы ескерткіштер» деректі фильмдері  түсіріліп, қоғам назарына ұсынылды.

         Сонымен қатар, «Ордабасы – бірліктің туы» анимациялық фильмнің түсірілімі аяқталып, тұсау кесері жыл соңына жоспарлануда.

         Одан бөлек, «Түркістан», «Оқсыз» анимациялық фильмдері мен «Төле би» телесериалының түсірілім жұмыстары жүргізілуде.

         «Ордабасы тауы» қорық мұражайына ел бірлігін дәріптеген қазақ халқының Төле, Қазыбек, Әйтеке билеріне монумент орнатылуда.  

         Биылғы жоспарда, Оңтүстік ұлы Әл-Фараби отаны болғандықтан, шет елдер ғалымдарын тарта отырып Халықаралық Шығыстанушылар форумын өткізу көзделген. Нәтижесінде Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жөнінде шет ел ғалымдары да хабардар болмақ.

 

 «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖАҺАНДЫҚ ӘЛЕМДЕ» арнайы жобасы «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» аясында 2017 жылы бауырлас түркі халықтарымен мәдени байланыстарды және достық бауырластықты нығайту мақсатында           42 мәдени-көпшілік іс-шара өткізілді.

         2018 жылдың 5 қыркүйегінде ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдени ұйымының 25 жылдығы Түркістан қаласында аталып өтті. Шара аясында халықаралық конференция, суретшілердің плэнері, опера фестивалі, аудармашылар мен жазушылар конгресі және т.б.өткізілді.

                                              

                                                           

 

         «МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ЛАТЫН ҚАРПІНЕ КӨШУІ» арнайы жобасын жүзеге асыру мақсатында бүгінгі таңда облыста жалпы                                  1 138   іс-шара өткізілді.

         Шет елдерден келген жазушылар, облыстың зиялы қауым өкілдері, түркітанушы ғалымдарының қатысуымен бірқатар семинарлар мен ғылыми-практикалық конференциялар өткізілді.

         Сонымен қатар ағымдағы жылдың 19 маусымында облыстағы 428 кітапханада латын әліпбиінен «Ұлттық мұра»  тақырыбында диктант жазу акциясы ұйымдастырылды. 

         «ҚАЗАҚСТАННЫҢ 100 ЖАҢА ЕСІМІ» арнайы жобасына                           2017 жылы Түркістан облысынан (ОҚО)  6 азамат енгізілді.

         «100 жаңа есім» жобасының жеңімпаздары мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері, айтыскер ақын Бекарыс Шойбековтің, жеке кәсіпкер Сырым Ертаевтың,  облыстың жас спортшылары  Әсел Далиева, Құралбек Орынбасар, Эдуарда Велктің қатысуымен бірқатар іс-шаралар өткізілді.

        

         Түркістан облысынан  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының                   «100 жаңа есім» арнайы жобасы бойынша Республикалық сарапшылар кеңесінің шешімімен жолданған 71 адамның 4-уі жалпы дауыс беруге жіберіліп, нәтижесі күтілуде.

         Сонымен қатар, биылдан бастап дәстүрлі түде облыс аудандарында ауқымды шаралар өткізілуде.

         Атап айтқанда «Наурыз – Қазығұрттан басталады», «Қызғалдақ фестивалі», «Қымызмұрындық», «Халықаралық өнер фестивалі», «Қауын fest», «Агро fеst», «Safari Shardara», «Open Saryagash», «Қасқасуға қар түсті», «Салбурын – саятшылық мерекесі», «Ұлттық қолөнер – ұлы мұра»    шаралары жыл сайын өткізілетін болады.

            

 

         Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласын насихаттау және түсіндіру мақсатында барлық аудан, қалаларда              27 кездесу, дөңгелек үстел сынды іс-шаралар өткізіліп, 7000 жуық адам қамтылды.

         Сондай-ақ, Елбасы мақаласын ақпарат кеңістігінде кеңінен насихаттау мақсатында арнайы медиа-жоспар дайындалды.

         Медиа-жоспар негінде мақаланың міндеттерін, негізгі бағыттары мен іске асырылу барысын түсіндіре, ақпараттық кесте, телекестелер, модульдер, постерлер дайындалып, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық сүйемелдеу бойынша 263 материал жарық көрді. Оның 91-ы баспа басылымдарда,                             67-ы электронды БАҚ, 49-і ақпараттық сайттарда және 56 материал әлеуметтік желілерде жарияланды.

         Жалпы Түркістан облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын орындау мақсатында жоспарға сәйкес жүйелі жұмыстар тұрақты түрде жүргізілуде.

 

Облыстық ішкі саясат басқармасы қызметінің кезекті бағыты – азаматтық қоғам институттарымен жұмыс орнату.

          

Облыстағы қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 738. Оның ішінде саяси партиялардың филиалдары – 6,  этномәдени орталықтар – 51, ардагерлер ұйымдары – 16, кәсіподақ ұйымдары – 104, үкіметтік емес ұйымдардың саны - 577. Қоғамдық бірлестіктер республика бойынша жалпы санының (22 мыңға жуық) 3 пайызын құрайды.               

 

ҰЕҰ жұмыс бағыттары:

Қоғамдық келісіммен ұлттық бірлікті нығайту, әскери-патриоттық тәрбие-26%.

Салауатты өмір салтын насихаттау, азамматтар мен мекемелердің заңды құқығын қорғау- 13%.

Мемлекеттік тілді дамыту, білім және ғылым, спорт және дене тәрбиесі-  12%.

Тұрғындардың осал топтарын қолдау- 9%.

Жастар саясатын қолдау-9%.

Отбасы және гендерлік саясат мәселелерін шешу-8%.

Қоршаған ортаны қорғау және өнер мен мәдениетті дамыту-7%.

Дін саласы бойынша -7%.                                                       

    

Түркістан облысында республикалық 6 саяси партияның облыстық филиалдары тіркеліп, жұмыс жүргізуде.

Саяси партия филиалдарының белсендісі «Нұр Отан» партиясы. Қалғандары Орталық аппаратының тапсырмасын орындаумен ғана айналысады. Оппозициялық бағыттағылары жоқ.

 Құрамында 53 мүшесі бар облыстық, 322 мүшесі бар аудандық, қалалық Қоғамдық кеңестер жұмыс атқаруда. Қоғамдық кеңестердің мүшелері қатарында 80-ге жуық қоғамдық ұйымдардың өкілдері бар.

                                                                                  

Облыста құрамына 48 заңды тұлға, оның ішінде 28 үкіметтік емес ұйымдар мен 20 бизнес құрылымдары енген «Түркістан облысының Азаматтық альянсы» қауымдастығымен тығыз байланыста жұмыс атқарылып келеді.                                                                          

2018 жылдың 11 айында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 19 лот бойынша жұмыстар атқарылуда. 

2018 жылы жаңадан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көтерілген мақсат міндеттерді жүзеге асыру, «Ұлттық бірегейлікті сақтау бізге парыз» тақырыбында зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен іс-шаралар ұйымдастыру, облыста «Қазақстандағы Өзбекстан жылына» арналған ынтымақтастықты дамыту, ұлттар арасындағы татулықты нығайту, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына мониторинг бойынша жұмыстар жүргізілуде.

   Сонымен қатар ағымдағы жылы «Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 73 жылдығына «Жеңіс лентасын» шығарып, тарату» тақырыбында жоба жүзеге асырылды (25 мың 600 дана Жеңіс лентасы» шығарылып, таратылды).

Облыста үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне методикалық-практикалық көмек көрсету, байқауларға қатысуға құжаттарды дайындау, интернетті тегін пайдалануға жағдай жасау, үлкен көлемде жинақталған мәліметтермен танысу және анықтамалық көмек, кеңес беруге арналған                   1 облыстық және 15 аудандық, қалалық ақпараттық-ресурстық орталықтар жұмыс жасайды. Облыстағы үкіметтік емес ұйымдармен байланысты арттыру және олар тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы хабардар ету мақсатында облыстық ресурстық орталықта арнайы сайт ашылған. 

Жыл сайын аталған ресурстық орталықтардың жұмысына қаржылай қолдау көрсетіліп келеді.

Үкіметтік емес ұйымдардың 2018 жылғы 7 қарашада өткен                      VІІ Азаматтық форум аясында әлеуметтік идеялармен жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге аудан, қаладан  12  үкіметтік емес ұйым, 17 жоба ұсынылған 5 жеңімпаз үкіметтік емес ұйымға 1,7 млн. теңге, әрбір қатысушы ҮЕҰ-ға 30 мың теңгеден ынталандыру сыйлығы тапсырылды.                    

2016 жылдан бастап Қазақстан Республикасының  Мәдениет және спорт министрлігі ҮЕҰ арналған мәліметтер базасын қалыптастыруына  байланысты, облыстағы үкіметтік емес ұйымдар өз қызметі жөнінде жыл сайын әр жылдың сәуір айының 1-не дейін Қазақстан Республикасы Қоғамдық министрлігіне атқарған қызметі жөнінде мәлімет ұсынады.

2018 жылы облыстағы белсенді 192 үкіметтік емес ұйымның           112-і мәлімет ұсынды. Мәлімет ұсынбаған 80 ұйымды жабу бойынша хаттамалар толтырылып, сотқа жолданды.

        Сонымен қатар, облыстық мемлекеттік кірістер департаменті тарапынан ҚР Салық кодексінің 93-ші бабына сәйкес 119 үкіметтік емес ұйымды мәжбүрлі түрде жабу жөнінде тиісті жұмыстар атқарылуда.

 

       Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету саласы бойынша.                                          

 (СЛАЙД 25)

 

         Бүгінгі күнге облыста әлеуметтік мәселелер төңірегінде орын алып отырған проблемалық жағдайлар қатарында 8 мәселеЫстық нүктелер») бар.

         Жалпы 8 мәселенің, 2-і жалақы қарызы, 4-і жер мәселесі,                  1-і инфрақұрылыммен қамту мәселесі, 1-і әлеуметтік мәселелер болып отыр.

         Олар: Төлеби ауданы - 1, Сайрам ауданы - 2, Ордабасы              ауданы - 1, Сарыағаш ауданы - 1, Келес ауданы - 1, Арыс қаласы – 2 мәселе бар.

         Қазіргі таңда, әлеметтік проблемалық мәселелерді шешу мақсатында облыстық дағдарысқа қарсы штаб құрылған.

 

Анықтама: Штаб құрамына облыс әкімінің орынбасары, облыс прокурорының бірінші орынбасары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Түркістан облысы бойынша департамент бастығының бірінші орынбасары, Түркістан облысы Ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, аудан, қала әкімдері және басқарма басшылары енгізілген.

 

 

Жыл басынан штабтың 6 отырысы өткізіліп, проблемалық мәселелер тізбесіндегі 11 мәселе оң шешімін тапты (жыл басында                       19 мәселе болған).

(СЛАЙД 27)

Сонымен қатар, облыстағы ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, жергілікті тұрғындардың әлеуметтік шиеленіс пен наразылық әлеуетінің деңгейін бағалау тұрақты бақылауда және бүкіл мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Ол үшін облыстық ішкі саясат басқармасы тарапынан қоғамның барлық саласын қамтыған 18 тақырыптағы әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі, бұл жұмыстарға қаралған қаражат көлемі 35 млн. теңге құрайды. Зерттеулер социологияның 6 әдісі пайдаланылып (әлеуметтік сауалнама, контент-талдамалық зерттеу, телефон сұхбат, блиц сауал, эксперттік зерттеу, фокус топтық зерттеу), әр тақырып бойынша 1500 респондентті қамти отырып жыл бойы жүргізіледі. 

Бұл тұрғыда өткізілетін зерттеулердің қорытындылары міндетті түрде облыс әкімінің, қалалар мен аудандар әкімдерінің деңгейінде қаралып, жедел ден қою бойынша тиісті шаралар әзірленеді, кемшіліктер жойылады және ағымдағы саяси жұмыстар жетілдіріледі.

Алынған ақпараттарға мониторинг және аналитикалық өңдеу жүйелі түрде өткізіледі, негізгі міндет келешекте жергілікті халықтың наразылық белсенділігіне әкеп соғуы мүмкін мәселелерді анықтауға, алдын алуға және ықтимал себептерін оқшаулауға бағытталады.

                                                                                                 

Бұдан бөлек, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау және алдын алу бойынша аймақтық сарапшылар кездесуі өкізілді. Кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институттың әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы Алуа Жолдыбалина, ақпараттық-талдау жұмысы бөлімінің басшысы Әсел Назарбетова мен саясаттанушы Бөріхан Нұрмұхамедов арнайы баяндамалар жасап, қатысушылармен пікір алмасты.

Бұл өз кезегінде облыс әкімдігі республиканың жетекші саяси талдау және зерттеу институттарымен тығыз байланыс орнатып, Түркістанның әлеуетін елімізге насихаттауды қолға алып отырғандығын көрсетеді. Бұл саладағы жұмыстар келесі жылы да жалғасын тауып, еліміздің түрлі салалардағы жетекші эксперттерінің басын қосатын түрлі форматтардағы жиындарды өткізуді жоспарлап отырмыз.

 

 

 

Жарияланған: 22.09.2015 - 10:03:20
Жаңартылған: 22.01.2019 - 20:06:09
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі