Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың ережесі

-A A +A

 

 

 

Түркістан облысы

әкімдігінің 2018 жылғы « 18 » маусымдағы   

№265   қаулысына қосымша

 

«Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

      1. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі жер қатынастарын реттеу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

      3. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі өз құзіретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрлымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тас жолы көшесі, № 2, пошталық индексі 161200.

      10. Мемлекеттік органның толық атауы - "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі.

      11. Осы Ереже "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер келетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары,

құқықтары мен міндеттері

 

      14. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: жердi ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу.

      15. Міндеттері:

      1) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) жер ресурстарын пайдалану мен қорғау бөлігінде аудандық, қалалық (облыстық маңызы бар) атқарушы органдардың қызметiн үйлестiру.

      16. Функциялары:

       1) облыс әкімдігінің жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндіру жөніндегі; бірлескен барлау және өндіру жөніндегі; барлаумен және (немесе) өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілерді салу (реконструкциялау) үшін, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес іске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшін, магистральдық құбыр жолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшін жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      2) облыс әкімдігінің мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;

      3) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерін жасанды ғимараттар салу үшін беру жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      4) жерді резервте қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

      5) облыс әкімдігінің Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу жөніндегі ұсыныстары мен қаулыларының жобаларын дайындау;

      6) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

      7) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

      8) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

      9) облыстың жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

      10) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

      11) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

      12) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      13) аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

       14) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 71 бабына сәйкес облыс әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

      15) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

      16) аудандық маңызы бар қалалар маңындағы аймақтардың шекараларын облыстың жергілікті өкілді органына бекітуге табыс ету жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      17) ауданаралық маңызы бар уақытша пайдаланылатын мал айдау жолдарына жер учаскелерiн беру жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      18) бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар басқа қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      19) орман қоры жерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 90-бабында көзделген жағдайларда, жер учаскелерiн беру және алып қою, соның iшiнде мемлекет мұқтажы үшін алып қою жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      20) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға және шетелдік заңды тұлғаларға беру мәселелері жөніндегі ұсыныстарды орталық уәкілетті органның келісуіне ұсыну жөнінде облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      21) өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру жөніндегі объектілерді салуға жер учаскелерін бөлу жөніндегі облыс әкімдігінің ұсыныстарын және қаулыларының жобаларын дайындау;

      22) жер-кадастрлық жоспарды бекіту;

      23) орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 92 және 93-баптарына сәйкес заңды күшіне енген сот шешімінің негізінде жер учаскелері мәжбүрлеп алып қойылған тұлғалар туралы ақпарат ұсыну;

       24) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органға Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 94-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес жер учаскесіне ауыртпалықты белгілеуге және тоқтатуға өтініш беру жатады.

      17. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері:

      1) өзіне жүктелген міндеттері мен функциялары шегінде шешімдер қабылдау;

      2) заңнамада белгіленген тәртіппен өз функцияларын жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, ұйымдар мен жеке және заңды тұлғалардан құжаттарды және өзге де ақпаратты сұратып алу;

      3) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғаларданан келіп түскен мәселелерді қарайды;

      4) қолданыстағы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен келісім-шарттар жасасуға, мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтарды сатып алуға, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда өз мүдделерін ұсынуға;

      5) "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне қойылған міндеттерді мемлекеттік органдармен, мекеме және ұйымдармен бірлесе атқаруға.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

      18. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Түркістан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      21. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі:

      1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін білдіреді;

      2) "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастыру;

      3) "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындау және және қызметтен босату оларға көтермелеу шаралары мен тәртіптік жаза қолдану;

      4) "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттерін белгілейді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады;

       6) заңнамалармен, осы Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігімен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады;

      7) сенім хат береді.

      "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      22. Бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

      23. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

      "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      24. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

      26. "Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



 

Жарияланған: 13.01.2016 - 15:04:46
Жаңартылған: 25.01.2019 - 10:33:24
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі