Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басқарманың ережесі

-A A +A

Түркістан облысы  әкімдігінің

2018 жылғы  5 шілдедегі
№ 201  қаулысына
6-қосымша

 

«Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.              

2. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінде  ведомствалар жоқ.

3. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

 4. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

          6. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7.« Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан  облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

        8.« Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

        9.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 160012,   Шымкент  қаласы, Абай ауданы, Республика даңғылы, 12 А.

10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.

13. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Түркістан  облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және архивтер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Түркістан  облысында ауыл шаруашылығын дамыту саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады.

15. Міндеттері:

    облыста агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағдарламаларын іске асыру;

егін шаруашылығын дамыту бойынша шараларды  іске асыру;

ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

облыстың агроөнеркәсіп саласында инновациялық технологияларды енгізу;

азық-түлік қауіпсіздігін  қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыруға ықпал жасау;

астық нарығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

мақта саласын дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;

өсімдіктерді қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

басқарманың қызмет саласына қатысты салаларды дамыту үшін инвестициялар тарту;

заңнамада белгіленген тәртіпте басқарманың қызмет саласына қатысты салаларда қызмет ететін шетелдік заңды және жеке тұлғалармен өзара іс-қимыл жасау.

16. Функциялары:

        1) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерiн Қазақстан Республикасы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңға және осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес мемлекеттiк қолдау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;

2) агроөнеркәсiптiк кешенді дамыту саласындағы мемлекеттiк техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

3) өз құзыреті шегінде агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асыру, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру;

 4) шығарылатын өнiм түрлерi бойынша өңiрлiк көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

5) «Агроөнеркәсәп кешеніндегі үздік кәсіп иесі» конкурсын өткізу;

6) агроөнеркәсіптік кешен өнімінің саудасы бойынша көтерме базарлар ұйымдастыру;

 7) азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің, бағалардың және агроөнеркәсіптік кешен өнімдері нарықтарының мониторингін жүргізу;

8) азық-түлік тауарларын сатып алу бағдарламаларына қатысушылар анықтау жөніндегі комиссиялардың  жұмысын ұйымдастыру;

 9) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық тәжiрибенi тарату және енгізу жөнiндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

 10) өңірдің агроөнеркәсіптiк кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту;

 11) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын, мал шаруашылығы өнiмi мен шикiзатын дайындайтын мемлекеттік пункттердi, сою алаңдарын (ауыл шаруашылығы жануарларын сою алаңдарын), пестицидтердi, улы химикаттарды және олардың ыдыстарын арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салуды, күтіп-ұстауды және реконструкциялауды қамтамасыз ету;

12) жоғары сыныпты асыл тұқымды малды сатып алуды, ұстауды және кең ауқымда өз төлi есебінен өсiру үшін мал басын молықтыратын төл өсiрудi ұйымдастыру;

13) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге өткiзiлген бiрiншi, екiншi және үшiншi репродукциялы тұқымдардың құнын арзандатуды қамтамасыз ету;

14) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тізбе мен  тәртіпке  сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөнінде іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз ету;

15) тиісті өңірде азық-түлік тауарлары қорларын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;

16) агроөнеркәсіптік кешен субъектілірінің қарыздарын кепілдендіру кезіндегі комиссияның бір бөлігінің және қарыздарын сақтандыру кезіндегі сақтандыру сыйақыларының бір бөлігінің орнын толтыру;

17) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру;

18) кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін, сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

19) қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

20) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің тексеру одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

21) Мыналар:

агроөнеркәсіптік кешен салаларына инвестициялар мен екінші деңгейдегі банктердің кредиттерін тарту;  

бәсекеге қабылетті өндірістерді қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментінің халықаралық жүйесіне көшіру үшін жағдай жасау;                                                       

тоған, тауарлы көл, балық өсіретін су шаруашылықтарын және балықты қайта өндеу кәсіпорындарын дамыту;

мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуі үшін жағдай жасау бойынша іс шаралар әзірлеу»;

22) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамытудың ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген жергілікті бюджеттік басым инвестициялық жобаларының және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін жасау;

23) агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдай жасау;

24) ішкі және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің тиісті ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету;

25) агроөнеркәсіптік кешеннің жай-күйi мен дамуы туралы ақпаратты агроөнеркәсіптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегі уәкілеттi мемлекеттiк органдарға беру;

26) әкімшілік-аумақтық бірліктің азық-түлікпен қамтамасыз етілу теңгерімін жасау;

 27) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде сатып алу және тауар интервенцияларын, азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорының жаңартылуын жүргізу туралы ұсыныс беру;

28) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру және пайдалану үшін мамандандырылған ұйымдардан қызметтер сатып алуды жүзеге асыру;

29) азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорын басқару жөніндегі комиссияны кұру бойынша ұсыныстар енгізу;

30) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар қызметінің мониторингін жүзеге асыру;

31) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға аккредиттеу жүргізу;

32) агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарға есептелген қосылған құн салығы шегінде бюджетке төленген қосылған құн салығы сомасын субсидиялау;

33) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және мерзімдерде облыс әкімдігінің интернет-ресурсына агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін орналастыру;

34) лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды жүзеге асыру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы малын, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға кредит беру;

35) астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялау;

36) табиғи-климаттық жағдайларды және нарық конъюнктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларын жетілдіру және енгізу; 

37) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес отандық ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге минералдық тыңайтқыштардың, тұқым улағыштар мен гербицидтердің құнын арзандатуды жүзеге асыру;

38) ішкі нарықтың мұнай өнімдеріне қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

39) өңірлерде техникалық реттеу саласында сәйкестікті растау бойынша қызметтер көрсету жөнінде бәсекелестік ортаны құру бойынша шаралар қабылдау;

40) астық қабылдау кәсіпорындарын:

бекітілген графиктерге сәйкес жаңа егіннің астығын қабылдауға дайындығы тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарын жыл сайынғы тексеру;

астық қабылдау кәсіпорындарын зерттеп-тексеру актілерін ресімдеуді қамтитын бақылау;

41) астық қабылдау кәсіпорындарының: Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу;

астықты сақтау;

астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

42) әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде астық нарығының мониторингін жүзеге асыру;

43) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттік бақылау;

44) Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңының 28-бабының 2-тармағында көзделген негіздер болған кезде астық қабылдау кәсіпорнынан астықты көліктің кез келген түрімен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

45) астық қолхаттары тізілімінің деректеріне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебін жүргізу және астықтың сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсіпорындарының қызметін инспекциялау (тексеру);

46) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу және мерзімінен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

47) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есепті деректерге сәйкестігін тексеру;

48) астықтың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

49) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқару жөніндегі комиссияның құрамына енгізу үшін кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жіберу;

50) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданысын тоқтата тұру және (немесе) одан айыру туралы ұсыныстарды облыстың жергілікті атқарушы органына  енгізу;

51) астық қабылдау кәсіпорнын уақытша басқаруды енгізу жөніндеұсыныстар енгізу;

52) астық қабылдау кәсiпорнына Қазақстан Республикасы «Астық туралы» Заңының 25 бабында көрсетілген жауапкершiлiк түрлерiнiң бiрiн:

астықты сақтау, сандық-сапалық есепке алу мәселелерi жөнiндегi, сондай-ақ астық қолхаттарын беру, олардың айналымы және оларды өтеу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң бұзылғаны байқалған, астық қабылдау кәсiпорындарының лауазымды адамдарының сол астық қабылдау кәсiпорны берген астық қолхаттарын ұстаушылардың мүдделерiне қатер төндiруi мүмкiн құқыққа сыйымсыз әрекеттерi немесе әрекетсiздiгi анықталған жағдайда қолдану;

53) асыл тұқымды малдың мемлекеттік тіркелімін жүргізу және басып шығару;

54) ірi қара мал тұқымдары жөніндегі республикалық палаталардың және мал шаруашылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын өзге де қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстарын ескере отырып, көрсетілген мақсаттарға көзделген бюджет қаражаты шегінде асыл тұқымдық өнiмге (материалға) арналған субсидияларды бөлу;

55) бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердің есебін жүргізу;

56) құндылығы жоғары асыл тұқымды малды тиімді пайдалануды ынталандыру мақсатында бағалау туралы деректерді қорытады және оның нәтижелері туралы мүдделі тұлғаларды хабардар ету;

57) асыл тұқымды малдың, оның ішінде тектік қоры шектеулі тұқымдардың тектік қорын сақтауға және қалпына келтіруге бағытталған іс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

58) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

59) уәкілетті органның қарауына элиталық тұқым өсіру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндіру мен өткізу көлемі жөнінде ұсыныстар енгізу;

60) тұқым шаруашылығы субъектілеріне және тұқым сапасына сараптама жүргізу жөніндегі зертханаларға уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тиісті куәлік бере отырып, оларды аттестаттауды жүргізу;

61) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

62) облыс, республикалық маңызы бар қала және астана бойынша тұқымдар баланстарын жасау;

63) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпарат беруді қамтамасыз ету;

64) құзыреті шегінде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

65) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргізу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдістері бойынша ұсыныстар енгізу;

66) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстіктердi байқаудан өткiзуді, жерге егiп бағалауды, зертханалық сұрыптық сынақтарды, тұқым сапасына сараптама жүргізу тәртібінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

67) Қазақстан Республикасының «Тұқым шаруашылығы туралы» Заңының 6-1-бабының 12) тармақшасына сәйкес айқындалатын квоталар шегінде субсидиялауға жататын тұқымдарды өткізудің шекті бағасын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

68) субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды:

тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъект үшін – бірегей тұқымдар бойынша;

әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша айқындау;

69) субсидияланған бiрегей және элиталық тұқымдардың мақсатты пайдаланылуын бақылау;

70) байқаудан өткiзушiлер мен тұқым сарапшылары кадрларын даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

71) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егістік сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

72) тұқым шаруашылығы жөнiндегі мемлекеттік инспектордың ұсынысы негізінде облыс әкімдігіне:

субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлігінің қолданысын;

тұқымдардың сұрыптық және егістік сапаларына сараптама жүргiзу жөніндегі қызметті тоқтата тұру туралы ұсыныс енгізу; 

    73) пестицидтерді  (улы  химикаттарды)  өндіру (формулияциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді  (улы  химикаттарды) аэрозольдік  және фумигациялық  тәсілдермен  қолдану  жөніндегі  қызмет түрлерін  лицензиялау;

74) қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісім бойынша пестицидтерді (улы химикаттарды) залалсыздандыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

75) арнайы сақтау орындарын (көмінділерді) салу, тиісті жағдайда күтіп-ұстау және қолдау;

76) облыста арнаулы сақтау орындарын (көмінділерді) орналастырудың орындылығын және олардың санын қоршаған орта және су ресурстары және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді айқындау;

77) карантинді объектілердің таралуының есебін жүргізу және уәкілетті орган мен мүдделі тұлғаларға ақпарат беру;

78) өсімдіктер карантині саласындағы мемлекеттік каратиндік фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектілерінде осы объектілердің иелері – жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттік басқару органдарының өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізуін ұйымдастыру;

79) уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндi аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;

80) өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрушiлердiң Қазақстан Республикасы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңында белгiленген мiндеттi сақтандыру шартын жасасу жөнiндегi мiндеттерiнiң орындалуына мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

81) Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығы саласындағы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

82) агенттің, қоғамның қызметін, олардың Қазақстан Республикасының өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

83) сақтанушылардың міндетті сақтандыру шарттарын жасасудан жалтаруы туралы және қоғамның Қазақстан Республикасының өзара сақтандыру туралы заңнамасының және Қазақстан Республикасы «Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы» Заңның талаптарын сақтамауы туралы істерді қарау;

84) өздерінің бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды сақтанушыдан, сақтандырушыдан, агенттен және қоғамнан сұрату және алу;

85) өздерiнiң бақылау функцияларын жүзеге асыру үшiн қажеттi ақпарат пен құжаттарды сақтанушының, сақтандырушының, агенттің және қоғамның ұсыну нысаны мен мерзiмдерiн белгілеу;

86) агенттен өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шартын жасасқан сақтанушылардың тиiстi аумақтағы сақтандырылған өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiнiң түрлерi көрсетiлген тiзбесiн сұрату;

87) әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар жасау және Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк жаза қолдану;

88) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

89) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

90) осы облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөнінде ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді тоқтату туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

91) Қазақстан Республикасының рұқсаттар мен хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптаманы лицензиялау;

92) уәкілетті орган белгілеген тәртіппен аумақты аймақтарға бөлу туралы шешім шығару; 

93) уәкілетті органмен келісім бойынша тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар жоспарын бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

94) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;

95) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, жануарлардың аса қауіпті ауруларының профилактикасына арналған ветеринариялық препараттарды сақтауды, оларды аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

96) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), жануарға арналған ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;

97) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

98) процессингтік орталықтан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін ветеринариялық мақсаттағы бұйымдар (құралдар) мен атрибуттарды берушілерге олармен беруге шарттар жасасқанға дейін беруді қамтамасыз ету;

99) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;

100) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру;

101) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

102) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды

зерттеп-қарауды жүргізу;

103) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен техникалық регламенттерде белгіленген талаптардың орындалуын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

104) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;

105) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өндеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, қайта өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;

106) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

107) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;

108) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды уәкілетті органға ұсыну;

109) жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасына арналған ветеринариялық препараттарды, олардың профилактикасы мен диагностикасы жөніндегі қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру, оларды сақтауды және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарына тасымалдауды (жеткізуді) ұйымдастыру;

110) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың энзоотиялық және басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз ету;

111) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;

112) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөнiндегі                       іс-шаралар жүргізуді ұйымдастыру;

113) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларға қатысу;

114) профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекітуді қамтамасыз ету;

115) мақта қолхаттарын  бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету  жөніндегі  қызметті лицензиялау;

116)  уәкілетті орган бекіткен қағидаларына сәйкес мақта нарығының мониторингін жүргізу;

117) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мақта егілетін аймақтарда мамандандырылған ауыспалы мақта егістерін сақтауына мониторинг жүргізу;

118) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес субсидиялауды жүзіге  асыру;   

119) мақта өңдеу ұйымдарын:

мақта иелерінің мүдделерін қорғау мақсатында мақта өңдеу ұйымын  біліктілік талаптарына сәйкес келуі  және бекітілген  кестелер негізінде шитті мақтаның  жаңа өнімін  қабылдауға  дайындығы тұрғысынан  жыл сайын  жоспарлы  тексеру;

мақта өңдеу ұйымдарын тексеру актілерін рәсімдеуді  қамтитын  лицензиялық бақылауды жүзеге асыру;

         120) уәкілетті органға стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды, мақта саласын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

         121) сотқа мақта өңдеу ұйымын уақытша басқаруды енгізу, мерзімінен бұрын аяқтау және оның мерзімін ұзарту туралы өтініш беру;

122) шитті мақтаның сапасына  сараптама  жүргізуді ұйымдастыру;

123) мақта өндірумен айналысатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жанар-жағармай материалдарына қажеттіліктерін уақтылы қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану;

124) мыналарды:

мақтаның  қауіпсіздігі  мен сапасын;

аккредиттелген  сынақ  зертханаларының ( орталықтарының) қызметін;

сарапшы ұйымның  қызметін  бақылау;

сараптама ұйымының мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығының сапа паспортын беру қағидаларын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

         125) мақта өңдеу  ұйымдарының  қызметін  инспекциялауды (тексеруді) жүзеге асыру;

126)  анықталған  Қазақстан Республикасының  мақта саласын  дамыту туралы  заңнамасын  бұзушылықтарды ұйғарымда белгіленген  мерзімде  жою  туралы орындалуы  міндетті  жазбаша ұйғарымдар беру;

127)  сотқа мақта өңдеу ұйымын  мәжбүрлеп  тарату туралы қуыным беру;

128)  Қазақстан Республикасы «Мақта саласын дамыту туралы»  Заңның  32-бабының 2- тармағында  көзделген  негіздер болған кезде  мақтаны  беруге  уақытша  тыйым салу;

129)  мақта өңдеу ұйымдарының:

мақтаның сандық-сапалық есебін жүргізу;

мақта тұқымының  мемлекеттік  ресурстарын  қалыптастыру,  сақтау  және пайдалану қағидаларын сақтауын бақылау;

мақта қолхаттарын беру, олардың айналысы, күшін жою және өтеу қағидаларын сақтауын бақылау;

         130) мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензияның қолданысын тоқтата тұру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес мақта қолхаттарын беру арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиядан айыруға бастама жасау;

131) тексерулер жүргізудің жартыжылдық жоспарларын бекіту;

         132) су пайдаланушылар арасында су пайдалану лимиттерін бөлу;

         133) мақта тұқымдарының мемлекеттік ресурстарын қалыптастыруды қамтамасыз ету және  басқару әрі  олардың сандық-сапалық жай-күйін бақылау;

         134) бюджеттік  бағдарламаларды  жоспарлау,  негіздеу,  іске асыру  және нәтижелерге қол жеткізу;

135) мына бағыттар  бойынша облыстың  агроөнеркәсіптік  кешенін  субсидиялауды  жүзеге  асырады:

тұқым шаруашылығын  дамыту;

мал шаруашылығы  өнімінің  өнімділігі  мен сапасын  арттыру;

басым дақылдар өндіруді субсидиялау  арқылы  өсімдік  шаруашылығы  өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағармай  материалдарын  және көктемгі егіс  пен егін жинау  жұмыстарын  жүргізуге  қажетті басқа да тауар-материалдық  құндылықтардың  құнын арзандату;

отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге  тыңайтқыш-тардың (органикалық тыңайтқыштарды  қоспағанда)  құнын арзандату;

өсімдіктерді қорғау мақсатында ауыл шаруашылығы  тауарларын  өндірушілерге  ауыл шаруашылығы  дақылдарын өңдеуге  арналған гербицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) және биопрепараттардың  құнын арзандату;

ауыл шаруашылығы  тауарларын  өндірушілерге  су жеткізіп беру бойынша көрсетілетін қызметтердің  құнын субсидиялау;

асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту:

жеміс-жидек  дақылдарының  және  жүзімнің  көп жылдық көшеттерін отырғызу  және өсіру (оның ішінде қалпына келтіру);

шитті мақта мен мақта талшығы сапасының сараптамасына арналған шығындарды субсидиялау;

агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау;

астықты қайта өңдеу ұйымдары ішкі нарықты реттеу мақсатында сатып алатын мемлекеттік сатылатын және мемлекеттік тұрақтандыру астық ресурстары астығының құнын оларға ішінара өтеу;

ауыл шаруашылығы дақылдарын қорғалған топырақта өсіру;

отандық ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу үлесін ұлғайту;

қайта өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете қайта өңдеп өнім шығаруы үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау;

 агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру мен сақтандыру шеңберінде субсидиялау;

136) коммуналдық меншiктегi су шаруашылығы құрылыстарын басқару, оларды қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру;

137) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізу, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізу;

138) су қорын пайдалану, сумен жабдықтау және су бұру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

139) өз құзіреті шегінде конкурстық негізде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беру;

140) өз құзіреті шегінде бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;

141) өз құзіреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, оның ішінде жерді гидромелиорациялау, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

142) өз құзіреті шегінде судың жай-күйiне әсер ететiн кәсiпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға берудi, сондай-ақ су объектiлерiнде, су қорғау аймақтары мен белдеулерiнде құрылыс, түбiн тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргiзу шарттарын келiсу;

143) тиісті аумақтарда су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешу;

144) су шаруашылығы құрылыстарындағы авариялардың зардаптарын жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

145) тиiстi аумақтарда орналасқан су объектiлерiнiң, сумен жабдықтау және су беру жүйелерінің жай-күйi туралы халықты хабардар етудi жүзеге асыру;

146) жер үстi көздерiндегi су ресурстарын пайдаланғаны үшiн төлемақы ставкаларын әзiрлеу;

147) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесі бойынша жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де ауыл шаруашылығы саласында өкілеттіктерді жүзеге асыру;

148) халыққа органикалық өнім өндіру туралы ақпарат беруді қамтамасыз ету;

149) органикалық өнім өндірушілер қызметінің Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

150) Қазақстан Республикасының органикалық өнім өндіру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін органикалық өнімді анықтау және оны өткізуге жол бермеу жөніндегі шараларды әзірлеу мақсатында ішкі сауда объектілеріне бақылауды және мониторингті жүзеге асыру;

151) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бағынысындағы мемлекеттік кәсіпорындардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің даму жоспарларының орындалуын бақылау мен талдауды жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша  облыс әкіміне және оның орынбасарларына ұсыныс енгізу;

2) белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдармен бірлесіп іс-қимыл жасау, олардан өзінің функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату және алу, сондай-ақ өзге де мемлекеттік органдарға жедел ақпарат ұсыну; 

3) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығару;

4) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша өз құзыреті шегінде облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

5) Қазақстан Республикасының  заңнамаларына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

         

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және өзінің функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаларға сәйкес Түркістан  облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттермен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

3) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

4) қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

5) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

6) барлық мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

7) келісім-шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банкте шоттар ашады;

10) өз уәкілеттігі шегінде барлық «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңнамасында  белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолдана алады;

12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты болады;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

«Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.                         

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

 26. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

27. «Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйым: Түркістан  облысының ауыл шаруашылығы басқармасының «Табиғат қорғау» мемлекеттік коммуаналдық кәсіпорны.

 

 

 

 

 

Жарияланған: 18.01.2016 - 18:22:17
Жаңартылған: 08.11.2018 - 11:44:28
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі