Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Басшылық

-A A +A

<--break->ШӨКЕЕВ Өмірзақ Естайұлы
 

Өмірзақ Естайұлы 1964 жылы 12 наурызда ОҚО Түркістан қаласында туған. 

Еңбек жолын 1986 жылы ҚазКСР Мемлекеттік жоспары жанындағы Жоспарлау үрдістерін автоманттадыру және басқару құрылымдарын жетілдіру ғылыми-зерттеу институтының кіші ғылыми қызметкері болып бастаған. 
1988 – 2017 жылдары Мәскеу мемлекеттік экономика, статистика және информатика университетінің аспиранты, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғары экономикалық кеңестің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты мен Министрлер Кабинетінің қаржы және еңбек бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика министрі, Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрі, Қазақстан Республикасы ПремьерМинистрінің орынбасары, «Банк Тұран-Әлем» ЖАҚ Басқармасының төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары, Қостанай облысының әкімі, Астана қаласының әкімі, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бірінші орынбасары, «СамұрықҚазына» АҚ Басқармасының Төрағасы болып қызмет жасаған. 
2017 жылдың желтоқсан айынан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі лауазымында қызмет атқарып келді. 
 

 

 

 
Айтмұхаметов Қосман Қайыртайұлы 
 
Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысы Ерментау ауданы Бестөбе ауылында туылған. Еңбек жолын 1983 жылы Целиноград облысы Селетин ауданы «Изобиль» совхозы 2-бөлімшенің жұмысшысы болып бастаған. 1983-2014 жылдары Целиноград облысы Бестөбе АТК жабдықтау бойынша инженері, Ақмола облыстық мемлекеттік пошта байланысы қызметі Автобаза байлынысының директоры, пошта тасымалдау бойынша арнайы автокөлік кәсіпорнының бастығы, «Қазпошта» ашық акционерлік қоғамы «Астана поштамт» Астана қаласы филиалының бастығы, Астана қаласы «Горкоммунхоз» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны бас директорының орынбасары, директоры, «Астана Горкоммунхоз» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, «Кредит Құрылыс НС» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс директорының орынбасары, Ақмола облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары, әкімі, Қазақстан Республикасы Аумақтық даму вице – министрі, ҚР Ұлттық министрлігі құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық комитетінің және жер ресурстары басқармасының төрағасы болып қызмет жасаған. 2014 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін Астана қаласы әкімінің орынбасары лауазымында қызмет атқарып келді.
 
 
 
 
 

Төлеген Қапсалықұлы СӘРСЕМБАЕВ

    Т.Сәрсембаев 1968 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі – экономист, заңгер, гуманитарлық білім магистрі.

     Еңбек жолын 1991 жылы Алматы зооветеринарлық институты «Ақсай»  оқу-тәжірибе шаруашылығының бухгалтері ретінде бастаған.  1992-2017 жылдары Алматы облысы бойынша Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті басқармасының қаржы-несиелік органдары мен валюталық бақылауды тексеру бөлімі басшысының орынбасары, валюталық бақылау бөлімінің басшысы, Алматы қаласы Түркісіб ауданы бойынша Салық комитеті төрағасының орынбасары, ҚР ҚМ СК Алматы қаласы Бостандық ауданы Салық комитеті төрағасының орынбасары, Қызылорда облысы бойынша Салық комитетінің төрағасы, Түркісіб ауданы бойынша Салық басқармасының бастығы, Жамбыл, Шығыс-Қазақстан облыстары бойынша  Салық департаменттерінің басшысы, Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кіріс комитеті Павлодар облысы  бойынша Мемлекттік кіріс департаментінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың мамыр айынан бастап Қазақстан Республикасы Білім министрлігі «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының бас директорының орынбасары болып қызмет етіп келді.

2017 жылдың қыркүйек айынан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары

 

Ербол Әбілхайырұлы САДЫР
 
1973 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.
 
Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған. 1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.
 
2013 жылғы 22 мамырдан - Түркістан облысы әкімінің орынбасары.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Мәлік Нұржанұлы ОТАРБАЕВ 
 

  Мәлік Нұржанұлы 1980 жылы 2 ақпанда Жамбыл облысы, Ақжар ауылында туылған.

  Еңбек жолын 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар факультетінде стажер-зерттеуші болып бастаған.

 2003 - 2016 жылдар аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің  Халықаралық қатынастар факультетінде аспирант, «Диалог» Еуразия-Қазақстан» журналының жауапты хатшысы, бас   редакторы, бас үйлестірушісі, Қазақстан Жазушылар одағына қарасты «Қаламгер» журналының бас үйлестірушісі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт  министрлігінің Халықаралық түркі мәдениетін   дамыту ТҮРКСОЙ ұйымындағы өкілі болып қызметтер атқарған. 

 2016 жылғы сәуір айынан Қазақстан Республикасы Түркия Республикасындағы елшілігінің Үшінші хатшысы лауазымын атқарып келді.

 Сондай-ақ, айта кетсек Мәлік Нұржанұлы Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, басқарма мүшесі және хатшысы. Қазақстан Жастар Одағы «Серпер» сыйлығының лауреаты. «Ақ Жайық» журналының   Ж.Нәжімеденов атындағы сыйлықтың және «Жалын» журналының Ғ.Мүсірепов атындағы сыйлықтың иегері.

2018 жылдан бастап Түркістан облысы әкімінің орынбасары

 

 
  Ербол Қуанышұлы ТАСЖҮРЕКОВ
 
Ербол Қуанышұлы 1979 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі - экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

Е.Тасжүреков 1998-2001 жылдары «Қазнұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің менеджері ретінде еңбек жолын бастап, кейін «Седанко-Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының орынбасары,  «Профиль-Lux» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болып еңбек еткен.

2007-2013 жылдары Астана қаласының №2 Алматы аудандық сотының маманы, Астана қалалық сотының бас маманы, Астана қаласы сотының кеңсе меңгерушісі лауазымдарында болған.

2013-2016 жылдары ҚР Өңірлік дамыту министрлігі Кәсіпкерлік саясатын дамыту департаменті басқармасының басшысы, Өңірлерді мониторингілеу және бағалау департаменті басқармасының басшысы, Ұлттық экономика министрлігінің  Өңіраралық ынтымақтастық, талдау және өңірлерді бағалау департаменті директорының орынбасары қызметін атқарған.

2016 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары лауазымында еңбек етіп келген.

2018 жылғы 9 сәуірінен – Түркістан облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған. 

 

Әлішев Әмірдин Мұхиденұлы

Түркістан облысы әкімі аппараты Әдеп жөніндегі уәкілі

1957 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-электрик, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері.

Еңбек жолын 1981 жылы «Южказэнерго» аудандық басқармасының инженері қызметінен бастаған.

1982-1991жж. «Южказэнерго» аудандық басқармасының комсомол комитетінің хатшысы, Қазақстан ЛКЖО Шымкент облыстық комитеті ғылыммен айналысатын жастармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, Шымкент облыстық халық депутаттары атқару комитетінің референті, аға референті, Шымкент облыстық халық депутаттары атқару комитетінің жетекші маманы, бас маманы лауазымдарын атқарған.

1992-2017жж. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының әлеуметтік-мәдени кешен бөлімінің жетекші маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі ішкі саяси талдау және насихаттау секторының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі ішкі саяси талдау және насихаттау секторының меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының ішкі саясат бөлімі идеологиялық жұмыс секторының бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-кадрлар жұмысы бөлімінің консультант-инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы көлік, коммуникация және туризм департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік қызмет департаменті бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы индустрия, көлік және сауда департаменті көлік және коммуникация бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты кадрлар қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс  әкімінің бас инспекторы-кадрлар қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты кадрлық қызмет бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару жөніндегі бөлімінің меңгерушісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты персоналды басқару жөніндегі бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі лауазымдарын атқарған.

2018 жылы шілдеден – Түркістан облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі.

 

 

Жарияланған: 22.09.2015 - 11:44:35
Жаңартылған: 28.02.2019 - 15:19:39
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі