Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Электронды архив

-A A +A

Ақпараттық технологиялардың қазіргі заманғы даму деңгейі электрондық архивтерді іске қосуға мүмкіндік береді. Қарапайым архивтермен салыстырғанда «электронды архив»  құжаттардың қағаз түпнұсқаларына деген қажеттілікті бірден төмендетеді.

           2013 жылдың қазан айынан бастап  Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік архивінде «Летограф ИТ Консалтинг и услуги Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мамандарымен «Электронды архив» жүйесі іске қосылды.       

           «Электронды архив» жүйесіне енгізу барысында іс және құжат тігісі сөгіліп, әр құжатқа «Bartender» бағдарламасы арқылы басып шығарылған штрих-кодтар жабыстырылып, құжаттар арасында жіп, скрепка және  басқа да металды заттардың болмауы тексеріліп, ағылмалы (поточный) және планшет сканерлері арқылы іс және құжаттар сканерленеді. 2018 жылдың қыркүйек айында «ЭкларСканер А2» планетарлы сканері алынды. «ЭкларСканер А2» сканерінде жұмыс жүргізудің тиімділігі: істерді сөкпей сканерден өткізуге болады. Тиісінше іс қайта тігілмейді.

         «ЭкларСКАН А2Б-600» сканері арқылы 1 минутта 6 парақ, 1 сағатта 360 парақ, 1 жұмыс күні ішінде 2880 парақ және 1 айда 57600 парақ сканерден өткізіледі.

          Түркістан облысы мемлекеттік архивінің 2019  жылғы 1 қаңтардағы мәліметі бойынша 479478 сақтау бірлігі бар. Қазіргі таңда Түркістан облысы мемлекеттік архивіндегі тұрақты сақтаудағы барлық қор құжаттарын сандық форматта ауыстыру жұмыстары белсенді турде жүргізілуде.  Бұл жауапты облыстық мемлекеттік архивтің мамандары: Бөлім басшысы Илесова Замзагул және архивистер Мүсірәлі Жанар, Досмағанбетова Жазира, Жұматаева Жанар  жүргізіп келеді.

Жарияланған: 09.03.2016 - 16:49:30
Жаңартылған: 17.01.2019 - 17:31:59
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі