Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

ММ туралы Ереже

-A A +A

                                                                           Түркістан облысы әкімдігінің

2018 жылғы «12»қыркүйектегі

№265 қаулысына  11 - қосымша

 

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

 

  1. Жалпы ережелер
  1. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз өкілеттіктері шегінде Түркістан облысы аумағындағы табиғи ресурстарды мемлекеттік басқару және табиғат пайдалануды реттеу, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалану саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру функцияларын орындауда басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінде ведомстволар жоқ.
  3. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, облыс әкімдігінің қаулыларына және облыс әкімінің шешімдері мен өкімдеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
  4. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы, мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  5. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  6. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының  бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  8. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  9. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы, 27т.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

Орыс тілінде: государственное учреждение «Управление природных ресурсов и регулирования природопользования Туркестанской области».

  1. Осы ереже «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  2. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
  3. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субьектілерімен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

қоршаған ортаны қорғау, су ресурстарын, орман, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және теңгерімді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.

  1. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
  1. ) қоршаған ортаны қорғау, орман және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту, пайдалану және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аймақтар желілерін дамыту жөніндегі облыстық бағдарламаларды әзірлеу және оларға әкімшілік ету;
  2. ) облыстық бюджеттік бағдарламалар аясында қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
  3. ) мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;
  4. ) ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтыру мен орман өсіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету,  «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар аумағында орман пайдалануды реттеу;
  5. ) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  6. ) жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі өңірлік іс-шараларды әзірлеу және олардың іске асырылуын қамтамасыз ету.
  1. Функциялары:
  1. ) қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
  2. ) жобалау-сметалық құжаттама бойынша жүргізілген мемлекеттік экологиялық және санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың,

    сондай-ақ ведомстводан тыс кешенді сараптама қорытындыларының негізінде, өз құзыреті шегінде кәсіпорындарды, құрылыстарды және өзге де объектілерді салуға, реконструкциялауға (кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға) немесе күрделі жөндеуге тыйым салу немесе рұқсат беру;
  3. ) өз құзыреті шегінде шаруашылық қызмет объектілерінің мемлекеттік экологиялық сараптамасын ұйымдастыру және жүргізу;
  4. ) өз құзыреті шегінде қоршаған ортаға эмиссия рұқсаттар беру, оларды қоршаған ортаға эмиссиялар лимиттер белгілеу;
  5. ) мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу кезінде қоғамдық тыңдау ұйымдастыру;
  6. ) қоршаған ортаны қорғау саласында құжаттар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізу, мұндай құжаттардың бастамашылық жобаларын қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның қарауына беру;
  7. ) қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауды және қызметтер көрсетуді  жүзеге асыратын сыртқы сарапшыларды (жеке және заңды тұлғаларды) сараптамалық жұмыстар жүргізуге тарту;
  8. ) өз құзыреті шегінде қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін әзірлеу;
  9. ) қалдықтарды басқару жөнінде бағдарламалар әзірлеуді ұйымдастыру және олардың орындалуын қамтамасыз ету;
  1. коммуналдық қалдықтардың пайда болуы мен жинақталуы нормаларын әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекітуге ұсыныс енгізу;
  2. қалдықтарды жою және орналастыру жөніндегі объектілерді салуды қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіру;
  3.  коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу кезінде экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету;
  4. қалдықтардың пайда болу көлемдерін бақылауды жүзеге асыру және қалдықтардың пайда болу көлемдерін азайтуға, олардың қайтадан немесе баламалы түрде пайдалану деңгейін арттыруға және көмілуге тиіс қалдықтар көлемін қысқартуға бағытталған іс-шаралар мен экономикалық ынталандырулар әзірлеу;
  5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен табиғи ресурстарды табиғат пайдалануға беру туралы шешім қабылдауға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
  6. облыс аумағында тұрған табиғат объектілерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;
  7. қоғамдық экологиялық сараптама жүргізудің тіркелуін жүзеге асыру;
  8. қоршаған ортаны қорғау саласындағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға табыс ету;
  9. өз құзыреті шегінде табиғат қорғау іс-шаралары жоспарларын келісу;
  10. коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласында

    ғылыми-зерттеу және тәжірибелікконструкторлық  жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;
  11. коммуналдық қалдықтардың түзілуі мен жинақталу нормаларын есептеу қағидаларын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;
  12. парниктік газдар шығарындыларын азайту мен оларды сіңіру жөніндегі жобаларды әзірлеу және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісу;
  13. мемлекеттік орман саясатын қалыптастыру және оны іске асыру жөніндегі ұсыныстарды тұжырымдауға қатысу;
  14. ормандарды күзетуді, қорғауды, молықтырумен орман өсіруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орман пайдалануды реттеу;

24) мемлекеттік орман қоры аумағында ормандағы өрттердің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі іс-шаралардың жыл сайынғы жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

25) жеке және заңды тұлғаларды, сондай-ақ ұйымдардың өрт сөндіру техникаларын, көліктері мен басқа да құралдарын ормандағы өрттерді сөндіруге тарту тәртібін айқындау, осы жұмысқа тартылған жеке тұлғаларды  жүріп-тұру өрт сөндіру құралдарымен, тамақпен және медициналық көмекпен қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өртке қарсы ерікті құралымдардың жұмыс істеуіне жәрдемдесу;

27) орманда өрт қаупі болатын маусымда мемлекеттік орман қоры аумағында өрттерді сөндіру үшін жанар-жағар май материалдарының резервінжасау;

28) шаруа және фермер қожалықтары мен өзге де ауыл шаруашылығы ұйымдарының орман қорына іргелес аумақтардағы ауыл шаруашылығы алқаптарында, жайылымдық және шабындық жерлерде сабантүбін, аңыздарды және өзге де өсімдік қалдықтарын өртеуіне, қау шөбін өртеуіне бақылау жасауды қамтамасыз ету;

29) өртке қарсы насихатты, бұқаралық ақпарат құралдарында ормандарды сақтау, ормандарда өрт қауіпсіздігі ережелерін орындау туралы мәселелердің тұрақты берілуін ұйымдастыру;

30) облыс аумағында ормандағы өртке қарсы күрес жөніндегі жұмыстарды үйлестіру, қажет болған жағдайда осы мақсатта арнайы комиссиялар құру;

31) орман қоры аумағында орман зиянкестерімен және ауруларымен күрес және орманның санитарлық жай-күйін жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

32) орман зиянкестері мен ауруларына қарсы күресте авиахимиялық, авиабиологиялық және аэрозольдық іс-шаралар жүргізген кезде, сондай-ақ орманда өрт қаупі жоғары болып тұрған кезеңдерде жеке тұлғалардың мемлекеттік орман қоры аумағында болуына тыйым салу туралы, орман пайдалану құқығын тоқтата тұру туралы шешім қабылдауға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

33) уәкілетті органға беру үшін өздерінің функционалдық қарауындағы орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры, мемлекеттік орман мониторингі  жөнінде материалдар әзірлеу;

34) өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде аяқталған объектілерді және орман шаруашылығы

іс-шараларын жүргізу нәтижесінде өндірілген дайын өнімдерді қабылдау;

35) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшемелерін (сүректі түбірімен босату үшін мөлшемелерді қоспағанда) жобаларын әзірлеу;

36) уәкілетті органның және жергілікті өкілді органының қатысуымен өздерінің қарауындағы мемлекеттік орман қоры учаскелерінде орман ресурстарын ұзақ мерзімді пайдалануға беру жөнінде тендерлер ұйымдастыру және өткізу;

37) Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес, өздерінің функционалдық қарауындағы мемлекеттік орман қорының  учаскелерінде орманды пайдалану құқығын, ормандардың жай-күйі мен өндірісі үшін қауіп төндіретін жұмыстарды тоқтата тұру, шектеу, тоқтату;

38)орман пайдаланушыларға орман ресурстарын сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттарда, аңшылық шаруашылығы қажеттіліктері, жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген қарауындағы мемлекеттік орман қорының жерлерінде құрылыс обьектілеріне учаскелер беру және осы учаскелерді осындай обьектілерді салу үшін пайдалануға рұқсаттар беру;

39) мемлекеттік орман қорының учаскелеріндегі ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру;

40) «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарауындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық мемлекеттік мекемелер, мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынның және мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын қызметін үйлестіру мен бақылауды жүзеге асыру;   

41) жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесін бекітуді жүзеге асыруға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

42)жануарлар дүниесін пайдаланушыларға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен аңшылық алқаптар  мен балық шаруашылығы су айдындарын  және (немесе) учаскелерін бекітіп беру мен аңшылық және балық шаруашылықтарының  қажеттіліктері үшін сервитуттарды белгілеу жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;

43) жануарларға ауырып қалған, бекітіліп берілмеген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде олардың қырылу қаупі төнген жағдайда оларға көмек көрсету жөніндегі

іс-шараларды ұйымдастыру;

44) аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптарды бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

45)аңшылық алқаптарды бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының  шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен аңшылық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;

46) бір облыстың аумағында орналасқан, жергілікті, халықаралық және республикалық маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарын бекітіп беру бойынша конкурстар өткізу;

47)балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі негізінде конкурс жеңімпазымен балық шаруашылығын жүргізуге арналған шарт жасасу;

48) біліктілік талаптарына сәйкес келген, шарттық міндеттемелері орындалған жағдайда, бекітіп беру мерзімі өткен аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелерін олар бұрын бекітіліп берілген  адамдардың өтінімі бойынша конкурс өткізілместен қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу; 

49) уәкілетті органның ұсынуы бойынша екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан су айдындарының балық шаруашлығы учаскелерін қайта бекітіп беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;

50) сирек кездесетін және жойылу қаупі бар жануарларды интродукциялау, реинтродукциялау және будандастыру, сондай-ақ жасанды көбейту бойынша қызметті ұйымдастыру;

51) аңшылық алқаптардың резервтік қорында және балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде қорғауды ұйымдастыру;

52)ғылыми ұсынымдар негізінде балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін паспорттауды жүргізу;

53) рекреациялық балық аулау аймағын белгілеуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

54)балық шаруашылығы учаскелерінің шекараларын белгілеу, ұйықтарды (ұйықтық учаскелерді) ашу және жабуға облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

55) екі және одан да көп облыс аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттеу үшін аулау, сондай-ақ сирек кездесетін және құрып бара жатқан жануарлар түрін қоспағанда, жануарлар әлемін пайдалануға рұқсат беру; 

56) республикалық маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесі, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесі мен экологиялық желілерді дамыту, республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі ұсыныстарды уәкілетті органға енгізу;

57)жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және

техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді ұйымдастыру және оларға мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуді  қамтамасыз ету;

58)жергілікті маңызы бармемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің тізбесін, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және

техникалық-экономикалық негіздемелерді бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

59) уәкілетті органмен келісе отырып, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;

60)мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды функционалдық аймақтарға бөлуді түзету жобаларын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

61) өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды басқару жоспарларын әзірлеу және бекіту, оларды күзетуді, қорғауды және қалпына келтіруді, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету;  

62) заңды тұлға мәртебесі бар жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар көрсететін қызметтер үшін тарифтер мөлшерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

63)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың мемлекеттік кадастрын жүргізуге қатысу;

64) уәкілетті органмен келісе отырып, өздерінің қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың паспорттарын әзірлеу және бекіту, паспорттарды уәкілетті органға тіркеуге (қайта тіркеу) беру;

65)ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың барлық түрін құру үшін жерді резервте қалдыру жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;

66) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау аймақтары шегінде осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің, экологиялық дәліздерінің жай-күйіне, сондай-ақ  оларды қорғау және  пайдалану режиміне теріс әсер ететін қызметтің барлық түрін шектей отырып, осындай аймақтарды белгілеу жөнінде шешімдер жобасын әзірлеу;

67) қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерінің жай-күйіне, күзетілуіне, қорғалуына және пайдаланылуына мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;

68) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғат ескерткіштері аумағының шекарасын және қорғау  режимінің түрлерін бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

69) жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлем ставкаларын облыстық өкілді органға бекітуге ұсыну;

70) жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи қаумалдарды тарату және олардың аумақтарын кішірейту жөнінде келісу;

71) су қорын қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

72) бассейндік су шаруашылығы басқармаларымен, халықтың

санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті  органмен келісім бойынша ауыз сумен жабдықтау көздерінің су қорғау аймақтарын, белдеулерін және санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;

73)өз құзыреті шегінде бассейндік су шаруашылығы басқармаларының келісімімен су қорғау аймақтары мен белдеулерін шаруашылық пайдаланылудың режимі  мен ерекше жағдайларын белгілеуді қамтамасыз етуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

74) өз құзыреті шегінде конкурстық негізінде  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен су объектілерін оқшау немесе бірлесіп пайдалануға беруді ұйымдастыру;

75) өз құзыреті шегінде жер үсті су объектілері жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қорлары  бар аумақта  осы суларды ауызсумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін пайдалануға заңнамамен белгіленген тәртіппен рұқсат беру туралы облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыныс енгізу;

76) бассейндік кеңестердің жұмысына және бассейндік келісімге қатысу, су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау, су бұру жөніндегі ұсыныстарды бассейндік кеңестердің қарауына енгізу, бассейндік кеңестердің ұсынымдарын зерделеу, оларды іске асыру жөнінде шаралар қолдану;

77) өз құзыреті шегінде су объектілерін ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз ету;

78) өз құзыреті шегінде судың жай-күйіне әсер ететін кәсіпорындармен басқа да құрылыстарды орналастыруды және пайдалануға беруді, сондай-ақ су объектілерінде, су қорғау аймақтары мен белдеулерінде құрылыс, түбін тереңдету және басқа да жұмыстарды жүргізу шарттарын келісу;

79) тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асыру;

80) өз құзыреті шегінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу үшін берілген жер және су учаскелерінің қорғалуын, жер қойнауын пайдаланушының экологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауын жүзеге асыру;

81) келісімшарт жасасу кезінде өңір халқының әлеуметтік экономикалық және экологиялық мүдделерінің сақталуымен байланысты мәселелерді шешу үшін жер қойнауын пайдаланушымен келіссөздерге қатысу;

82) тауарлардағы, жұмыстардағы, көрсетілетін қызметтердегі, кадрлардағы жергілікті қамту мен аумақтарды әлеуметтік дамыту, оның ішінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдалынылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімі бөлігінде жер қойнауын пайдаланушылардың келісімшарттық міндеттемелерді орындауының мониторингін жүзеге асыруға қатысу;

83) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған  жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық коммиссиялар құрамының жобасын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

84) облыстың аумағында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізбесін қалыптастыруды жүзеге асыру, ол жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде пайдаланылатын тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің және оларды өндірушілердің тізілімін қалыптастыру мен жүргізу мақсатында құзыретті органға тоқсан сайын ұсыну;

85) кең таралған пайдалы қазбалар барлауды немесе өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшін конкурстарды дайындау және ұйымдастыру;

86) кең таралған пайдалы қазбалар барлауды немесе өндіруге жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі конкурстық комиссиялардың құрамын бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

87) жер қойнауын пайдаланушымен келісімшарттың талаптары туралы келіссөздер жүргізу және жер қойнауын пайдаланушымен бірлесе отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және  (немесе) пайдалануға арналған жобалау құжаттарын дайындау;

88) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған жобалау-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына арналған кең таралған пайдалы қазбалар бойынша жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастыру;

89) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттарды тіркейді және сақтайды;

90) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңының

37-бабына сәйкес жер қойнауын пайдалану құқығын табыс етуге арналған рұқсаттарды беру, сондай-ақ кең таралаған пайдалы қазбалар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын кепілге салу жөніндегі мәмілелерді тіркеу;

91) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, теміржолдарды және гидроқұрылыстарды салу (реконструкциялау) және жөндеу кезінде жер қойнауын пайдалану құқығына рұқсат беру;

92) пайдалы қазбалар жатқан алаңдарда құрылыс салуға, сондай-ақ олар жатқан орындарда жерасты құрылыстарын орналастыруға рұқсат беру;

93) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдердің жобасын дайындау;

94) жер қойнауын пайдаланумен байланысты экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық маңызы бар объектілердің сақталуына жәрдемдесу;

95) құзыретті және уәкілетті орталық атқарушы органдармен келісім бойынша жергілікті маңызы бар мемлекеттік табиғи-қорық қорының геологиялық, геоморфологиялық және гидрогеологиялық объектілері мен жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатына жатқызылған, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар жер қойнауы учаскелерінің тізбелерін бекітуге облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

96) кең таралған пайдалы қазбаларды барлау мен өндіруге және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған келісімшартардың қолданысын қайта бастау туралы шешімдер қабылдау;

97) кең таралған пайдалы қазбаларды барлаумен және барлаумен немесе өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану бойынша келісімшарттық міндеттемелердің орындалуы мониторинг пен бақылауды жүзеге асыру;

98) Қазақстан Республикасынның заңнамасымен жүктелетін өзге де функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыру;

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқару органының және уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі  өзінің қарамағындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың жарғыларын әзірлеу;

3) бағдарламалардың әкімшісі, облыстық бюджет қаражаты есебінен тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) мемлекеттік сатып алу жөнінен ұйымдастырушы және тапсырыс беруші болуға, шарттар жасасуға және олардың орындалуына бақылау жасау;

4) өз өкілеттіктері шегінде қоршаған ортаны, су қорын қорғау, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру, ормандар мен жануарлар әлемін пайдалану саласындағы облыстық бюджеттік бағдарламалар бойынша түзілген келісім шарттар аясында атқарылып жатқан барлық жұмыс түрлері мен іс-шараларға тексеру жүргізу;

5) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдар мен жеке тұлғалардан басқарма қызметін жүзеге асыруға қажетті ақпаратты сұратып алу;

6) ведомстволық бағыныстағы мекемелерге ішкі бақылау жасау;

7) жеке және заңды тұлғалардан табиғи ресурстарды пайдаланудың белгіленген ережелерін, нормалары мен шектеулерін сақтауды өз өкілеттігі шегінде талап ету.

 

3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасын» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге  асырады.

19. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі қызметке  тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) басқарманың жұмысын ұйымдастыру, оның және «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзінің құрамындағы бағынысты мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың қызметіне басшылық жасау;

2) басқарма қызметкерлерін, «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы бағыныстағы мемлекетік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындардың директорларын қызметке тағайындау және қызметтен босату;

3) заңнамалармен, оның Ережемен, облыс әкімі мен әкімдігіменжүктелген қызметтерді жүзеге асыру.

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

23. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4.Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сандай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және  тарату

 

27. «Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

«Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар тізбесі:

1) «Бадам орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

2) «Отырар орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

3) «Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

4) «Шардара орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» мемлекеттік мекемесі;

5) «Жасыл желек» мемлекеттік мекемесі;

6) «Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының «Шымкент мемлекеттік дендрологиялық саябағы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

7) «Оңтүстік Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

8) «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

 

Жарияланған: 11.03.2016 - 17:19:05
Жаңартылған: 23.01.2019 - 15:55:39
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі