Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

"Оңтүстік Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ

-A A +A

 

  Түркістан облысы әкімдігінің

   2018 жылғы «12» қыркүйектегі

   №265 қаулысына 9 қосымша

 

 

«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі энергетика, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Түркістан облысының энергетика және тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомствалары жоқ.

3. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік кұқықтық актілерге, сондай-ақ осы ережегесәйкес жүзеге асырады.

4. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға  сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

 

9. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Кентау тас жолы, №2 ғимарат».

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен.

13. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлік субъектілерімен «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы Түркістан облысы аумағында энергетика, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру, ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, абаттандыру, санитарлық тазалық салаларын мемлекеттік реттеу мен басқару саласындағы мемлекеттік саясатты Түркістан облысының аумағында іске асыру болып табылады.

15.Міндеттері:

1) энергетиканы, энергия үнемдеуді, энергия тиімділік пен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты, ауыз сумен қамтамасыз ету, газбен қамтамасыз ету, абаттандыру, санитарлық тазалық дамыту салаларындағы облыстық бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және іске асыру;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген басқа да міндеттерді атқарады.

16.Функциялары:

1) тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелері мен газ жабдығын қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына бақылауды жүзеге асырады;

2) облысты газдандырудың бас схемасын іске асыруға қатысады;

3) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын тұтыну болжамын ұсынады;

4) уәкілетті органға облыстың аумағында сұйытылған мұнай газын өткізу және тұтыну жөніндегі мәліметтерді ұсынады;

5) тұрмыстық баллондарды және газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

6) тауарлық және сұйытылған мұнай газын есептеу және тұтыну нормасының тәртібін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

7) тұрғын үй қорын басқару саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;

8) жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, қалалар мен елді мекендердің аумақгарын абаттандыру қағидаларын бекіту бойынша жобаны әзірлеп, облыс әкімдігіне облыстық мәслихатта бекітуге ұсынады;

9) кондоминиум объектісін басқару органдарының тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөніндегі қызметін бақылау бойынша тұрғын үй инспекциясының жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;

10) бюджет қаражаты есебінен кондоминиумдар құрамына енгізілмеген ортақ пайдаланылатын жерлерді күтіп-ұстау жөнінде шаралар қабылдайды;

11) тұрғын үй қорын сақтау және тиісті дәрежеде пайдалану жөнінде      іс- шаралар ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;

12) коммуналдық-тұрмыстық мақсаттағы объектілерде (тұрғын үй қоры, ойын-сауық, сауда және қонақүй кешендері) құрастырылған қауіпті техникалық құрылғыларды (лифттер, эскалаторлар, фуникулерлер) пайдаланатын ұйымдармен кондоминиум объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;

13) коммуналдық көрсетілетін қызметтерді ұсыну қағидаларын әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

14) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі            іс-шараларды тиісті аумақтың даму бағдарламасына енгізуді қамтамасыз етеді;

15) қайталанатын (шунтталатын) электр беру желілері мен қосалқы станцияларды жобалауды және салуды келіседі;

16) өз құзыреті шегінде мемлекеттік мекемелердің энергия нормативтерін сақтауына мониторингті жүзеге асырады;

17) су объектілерін ұтымды пайдалану, елді мекендерді сумен жабдықтау, су бұру жөніндегі, су шаруашылығы жүйелері мен құрылыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етеді;

18) тиісті аумақтарда орналасқан су объектілерінің, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің жай-күйі туралы халықты хабардар етуді жүзеге асырады;

19) уәкілетті орган бекіткен тізбе бойынша ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көздері болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтер құнын субсидиялау жөніндегі іс-шараларды іске асырады;

20) елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жерасты суларына іздестіру-барлау жұмыстарын ұйымдастырады және жүргізеді;

21) пайдалануға арналған, елді мекендерді шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін жобалау құжаттарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады;

22) мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарының есебін жүргізеді, иесіз су шаруашылығы құрылыстары табылған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында көзделген рәсімдерді жүргізеді;

23) тұтынушылардың жылу пайдалану қондырғыларын пайдалануын және олардың техникалық жай-күйін бақылауды жүзеге асырады;

24) жылу желілерін дайындауды және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүзеге асыруды және олардың күзгі-қысқы кезеңде жұмыс істеуін бақылауды жүзеге асырады;

25) жылу желілерін (магистральдық, орамішілік) жоспарлы жөндеуді келіседі;

26) жылу желілеріндегі (магистральдық, орамішілік) технологиялық бұзушылықтарға тергеп-тексерулер жүргізеді;

27) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық объектілеріндегі                  0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен немесе 115 Цельсий градустан асатын судың қайнау температурасы кезінде жұмыс істейтін қауіпті техникалық құрылғылардың, жүк көтергіш механизмдердің, эскалаторлардың, аспалы жолдардың, фуникулерлердің, лифтілердің қауіпсіз пайдаланылуын бақылайды;

28) қауіпті техникалық құрылғыларын есепке қоюды және есептен алуды жүзеге асырады;

29) пайдалануға тапсырлатын объектілерді (кешендерді) қабылдауды ұйымдастырады және тіркейді;

30) дезинсекциялық және дератизациялық жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру;

31) өз құзыреті шегінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;

32) әкімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында реттеліп көрсетілетін қызметтерді көрсететін,табиғи монополиялар субъектілерінің мемлекеттік тіркелімінің жергілікті бөліміне енгізілген Табиғи монополия субъектісінің инвестициялық бағдарламасын (жобасын) бекіту туралы уәкілетті органның шешіміне келісім беру;

33) үкіметтік байланыс бөлімшелерінің желілерін қоспағанда, байланыс ғимараттарының, телекоммуникация жолдары мен басқа да инженерлік инфрақұрылым объектілері құрылысының жоспарларын әзірлейді;

34) байланыс операторларына Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті шығыстарды өтей отырып, абоненттерге тегін қосуды ұсыну үшін байланыс операторларымен бірлесіп, әлеуметтік мәні бар объектілердің тізбесін әзірлейді және облыс әкімдігіне бекітуге ұсынады;

35) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның оң қорытындысы болғанда, уәкілетті орган белгілеген тәртіппен суды пайдалануды тіркеуді;

36) халықты орталықтандырылмаған ауыз сумен жабдықтау кезінде жер үсті және жер асты су объектілерінен суды алу қағидасының жобасын әзірлеу және облыстық мәслихатқа бекіту үшін облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

37) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асырады.

17.Құқықтары мен міндеттері:

1) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз функциялары мен негізігі міндеттерін орындау мақсатында өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдармен, ұйымдармен, кәсіпорындармен қажетті мәліметтерді алу бойынша қарым-қатынаста болады;

2) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын қолданыстағы заңнамаға сәйкес Түркістан облысының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басқарады;

2) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттер мен қызметтердің, облыс әкімі мен жетекшілік ететін облыс әкімі орынбасарының тапсырмаларының орындалуына дербес жауапты болады;

3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай ақ, қарамағындағы ұйымдардың басшыларын және олардың орынбасарларын жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

4) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларға сәйкес «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің, «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қарамағындағы ұйымдардың басшыларының міндеттері мен уәкілеттіктерін анықтайды;

5) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенімхатсыз әрекет етеді;

6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін ұсынады;

7) келісім-шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банкте шоттар ашады;

10) өз уәкілеттігі шегінде барлық «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағындағы ұйымдардың басшыларына орындауға міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлеріне және қарамағыңдағы ұйымдардың басшыларына Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сыйақы шараларын белгілейді және тәртіптік жаза қолданыла алады;

12) сыбайлас жемқорлықтың көріністеріне қарсы әрекеттерді күшейту бойынша шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың бұзылуына дербес жауапты;

13) Қазақстан Республикасы заңнамасымен, осы Ережемен және облыс әкімдігі мен оған жүктелген басқа да функцияларды жүзеге асырады.

«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

23. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы басқарады.

 

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

24. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару қүқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

25. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

27. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесін және қарамағындағы ұйымдарды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

28. «Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелер мен коммуналдық кәсіпорындар тізбесі:

«Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Оңтүстік Энергосервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны».

 

 

 

 

Жарияланған: 20.04.2016 - 09:40:08
Жаңартылған: 11.10.2018 - 18:52:34
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі