Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

«Оңтүстік Қазақстан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже

-A A +A

Түркістан облысы

әкімдігінің 2018 жылғы « 5» шілдедегі                                                                             

№ 201  қаулысына                                                                                      

8-қосымша 

 

 

«Түркістан облысының құрылыс басқармасы»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

 

1. Жалпы ережелер

 

1. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылыс қызметі саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.

3. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

8. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, Астана даңғылы, 10, пошталық индексі 160023.

10. Мемлекеттік мекеменің толық атауы:

мемлекеттік тілде: «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі;

орыс тілінде: государственное учреждение «Управление строительства Туркестанской области».

11. Осы Ереже «Түркістан  облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін каржыландыру жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.

13. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен  «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

14. Миссиясы:  «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Түркістан облысы аумағында құрылыс қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

15. Міндеттері: облыс аумағында құрылыс және құрылыс индустриясының өндірістік базасын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

16. Функциялары:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен объектілерді (кешендерді) пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру;

2) құрылыстарды, үйлерді, ғимараттарды, инженерлік коммуникацияларын салу,  реконструкциялау туралы, сондай-ақ аумақтың инженерлік желілерін әзірлеу, абаттандыру мен көгалдандыру, аяқталмаған құрылыс объектілерін консервациялау, облыстық маңызы бар объектілерді кейіннен кәдеге жарату жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізу туралы облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;

3) объектілерді пайдалануға қабылдау актілерін, сондай-ақ пайдалануға берілетін объектілерді (кешендерді) есепке алуды жүргізу;

4) облыс аумағында сәулет-құрылыс бақылау мен қадағалау мемлекеттік органдарының жұмысына жәрдемдесу;

5) салынып жатқан (салынуы белгіленген) объектілер мен кешендердің мониторингін сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүргізу;

6) жергілікті бюджет, сондай-ақ жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаны қаржыландыруға бөлінген республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын объектілердің және кешендердің құрылысының жобалау алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаларын қарау және бекіту туралы облыс әкімдігіне ұсыныс енгізу;

7) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша облыс әкімдігі қаулыларының, облыс әкімінің шешімдері мен өкімдерінің жобаларын әзірлеу және облыс әкімдігі мен облыс әкімінің қарауына енгізу;

8) заңнамаларда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу;

9) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелген өзге де өкілеттіктерді жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде жүзеге асыру.

17. Құқықтары мен міндеттері:

1) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі жүктелген функцияларды орындау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, кәсіпорындардан қажетті мәліметтерді алу бойынша белгіленген тәртіпте мемлекеттік органдармен, өзге де ұйымдармен қарым-қатынаста болады;

2) облыс әкімдігінің қарауына құрылыс қызметі саласындағы  мемлекеттік  саясатты іске асыруды жетілдіру және жақсарту бойынша ұсыныстар енгізеді;

3) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша сот органдарына жауапкер немесе талапкер болады.

 

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

18. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

20. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

21. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы»мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастырады және басшылық жасайды;

2) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген мақсаттар мен функцияларды, облыс әкімдігінің, облыс әкімінің және облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының тапсырмаларын жүзеге асыруға жеке жауапты болады;

3) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзінің орынбасарларының, «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

4) қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін, сондай-ақ «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың басшылары мен басшыларының орынбасарларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі атынан сенiмхатсыз әрекет етеді;

6) мемлекеттiк органдарда, басқа да ұйымдарда «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүдделерін бiлдiреді;

7) шарттар жасасады;

8) сенімхаттар береді;

9) банктік шоттар ашады;

10) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

11) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі жұмысшыларын іссапарға жіберу, демалыс беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін жоғарлату, көтермелеу, үстемеақы белгілеу, сыйлықақы беру, сонымен қатар оларға тәртіптік жаза қолдану мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды; 

12) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы коммуналдық мемлекеттік мекемелері  мен мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорындардың басшыларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен көтермелеу шараларын және оларға тәртіптік жаза қолданады;

13) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қаржы-шаруашылық қызметiне және мемлекеттiк кәсiпорын мүлкiнiң сақталуы үшiн жеке жауаптылықта болады;

14) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде жүргізеді;

15) «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;

16) заңнамамен, осы ережемен және облыс әкімдігімен «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

22. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

 

4. Мемлекеттік органның мүлкі

 

23. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің  заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

«Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.

25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесінің, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Түркістан облысының құрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған: 18.01.2016 - 14:38:52
Жаңартылған: 08.11.2018 - 19:35:20
© 2019

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі