Мәзірді көрсету Іздестіру
БАҚ біз туралы
Ресми Интернет-ресурс

You are here

Түркістан облысы әкімінің аппараты басшысы, орынбасарлары, бөлім басшылары

-A A +A

 

Әуелхан Елтайұлы Тұрғымбеков

Ә.Е. Тұрғымбеков 1959 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары, инженер-механик, инженер-экономист.

Еңбек жолын 1981 жылы Шымкент облысы Ленгір ауданы «Сельхозтехника» өндірістік бірлестігінің аға инженер-технологы ретінде бастаған. 1983-1994 жылдары Ленгір аудандық комсомол комитетінің нұсқаушысы және хатшысы, Шымкент облыстық комсомол комитетінің сектор меңгерушісі, Шымкент облыстық халықтық бақылау комитетінің нұсқаушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі ұйымдастыру-талдау бөлімінің инспекторы, Төлеби ауданы әкімінің бірінші орынбасары лауазымдарын атқарған. 1994-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру - инспекторлық бөлімінің меңгерушісі, аппарат басшысының орынбасары - ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі және аппарат басшысы, Шардара, Сайрам және Төлеби аудандарының әкімі, «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2016 жылдың тамыз айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданының әкімі болып еңбек етіп келді.

2017 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Түркістан әкімінің өкімімен облыс әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

 

 

 

 

 

Арман Айдрович АБДУЛЛАЕВ

1977 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша инженер-экономист.

Еңбек жолын 2001 жылы «Рауан» ЖШС бақылаушы қызметінен бастаған.

2003-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаменті жиынтық бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаментінің аймақтық саясат  бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика департаментінің әлеуметтік саясат  бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік  жоспарлау департаментінің инвестициялық саясат бөлімінің бас маманы,  Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және  өнеркәсіп департаментінің кәсіпкерлік  және инновациялық  қызмет  бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат  және жоспарлау бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданының әкімі,  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты экономика және бюджеттік сала мониторингі бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2018 жылы мамырда – Түркістан облысы әкімінің аппараты басшысының орынбасары – ұйымдастыру-инспекторлық жұмыс және аумақтық даму бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

Нұрболат Мейрасбекұлы НАРЖАНОВ

1982 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер, экономика бакалавры.

Еңбек жолын 2003 жылы Астана қалалық Соттар әкімшісінің сот орындаушысы болып бастаған. 2004-2016 жылдары Астана қалалық Соттар әкімшісінің бас сот орындаушысы, сот жұмысын ұйымдастыру бөлімінің басшысы, Қазақстан Республикасы Ресей Федерациясындағы Елшілігінің атташесі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Стратегия және даму департаменті бағдарламаларды жүзеге асыру бөлімінің, Жастар саясаты департаменті Талдау, мониторинг және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бас маманы, Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және құжаттандыру, Әкімшілік департаменттері Әкімшілік қамтамасыз ету және ұйымдастыру жұмысы басқармасының басшысы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кеңесшісі, көмекшісі, Қазақстан Республикасы Түрік Республикасындағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2016 жылғы қарашада – Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

 

 

 

 

 

 

 

 Канат Сагынович Тулендиев 

Канат Сагынович Тулендиев 1967 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша ауыл шаруашылығын жоспарлау, экономист, заңгер.

Еңбек жолын 1990 жылы Созақ ауданы Калинин совхозының аға

экономисті қызметінен бастаған. 1992-1996 жылдары Созақ ауданы бойынша мемлекеттік салық инспекциясының халыққа салық салу бөлімінің бастығы, 1996-2007 жылдары ОҚО бойынша Салық инспекцияның жеке тұлғалардың табысына салық салу бөлімінің бастығының орынбасары, Салық комитетінің талдау мониторинг басқармасының бастығы, Салық комитетінің бейнөндірістік төлемдер басқармасынң бастығы, Салық комитетінің төраға орынбасары қызметтерін атқарған. 2008-2009 жылдары Түркістан қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, 2009-2011 жылдары Мақтарал ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2011-2014 жылдары Еңбекші ауданы бойынша салық басқармасының бастығы, 2014-2015 жылдары Әл-Фараби ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, 2015 жылдан бері Арыс қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың шілдесінен бастап - Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

 

 

 

Рабиға Мырзатайқызы ЖЕКСЕМБАЕВА

Облыс әкімі аппараты заң бөлімінің басшысы.

1965жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –заңгер.Еңбек жолын 1987 Шымкент почтампының заң кеңесшісі, Әл-Фараби аудандық әкімшілігінің заңгеріболып бастаған. Кейін Шымкент қалалық  әкімшілігінің заңгері, Шымкент  қаласы  әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің бас маманы, кеңесшісі, облыс әкімі аппараты мемлекеттік-құқық жұмысы бөлімінің  жетекші  маманы, бас маманы, заң кеңесшісі, заң бөлімінің бас маманы, Шымкент қаласы әкімінің заң мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

2012 жылдың қараша айынан бастап әкімі аппараты заң бөлімінің меңгерушісі, басшысы болып  қызмет етіп келеді.

2018 жылдың қыркүйек айынан бастап- Түркістан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

 

 

 

 

 

Абзал  Қабділмұхтарұлы АБДИГАМИДОВ

1979 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша құқық және экономика негіздері мұғалімі, экономист.

Еңбек жолын 2000 жылы Амангелді аудандық қазынашылық бөлімінің бас қазынашысы қызметінен бастаған.

2002-2017 жылдары Арқалық қалалық қазынашылық бөлімінің бастығының орынбасары, Қостанай облысы әкімдігінің ауылшаруашылық басқармасы қаржы және мемлекеттік сатып алуалр бөлімінің бас маманы,   Қостанай облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы басқармасы экономикалық талдау және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы, ҚР Білім және ғылым министрлігі Аудит және бақылау басқармасының бас сарапшысы, ҚР Білім және ғылым министрлігі ішкі бақылау қызметінің бас сарапшысы,  ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ішкі бақылау департаментінің бас сарапшысы, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, ішкі бақылау департаменті, ішкі бақылау басқармасының басшысы,  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі  Ішкі аудит департаменті ішкі аудит және ішкі бақылау жүйесі бағалау басқармасының басшысы, "QazaQ өнім" ЖШС директоры       лауазымдарын атқарған.

2017 жылы қыркүйекте – Түркістан облысы әкімі аппараты ішкі аудит қызметінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

Нұрлан Сапарәліұлы ЕШЕНҚҰЛОВ

 

1978 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер.

Еңбек жолын 2000 жылы Ақтөбе облысы Байғанин ауданы прокурорының көмекшісі ретінде бастаған.

2004-2018 жылдары Ақтөбе облысы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер бойынша және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры,  Ақтөбе облысы прокуратурасының азаматтық, әкімшілік істер бойынша және атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау басқармасының аға прокуроры, Ақтөбе облысы прокуратурасының әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалау басқармасының аға прокуроры, жасөспірімдер ісі жөніндегі Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі, Ақтөбе облысы прокуратурасының терроризм мен экстремизмге қарс күрес басқармасының аға прокуроры, ОҚО денсаулық сақтау басқармасы әкімшілік және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған.

2018 жылы сәуірде – Түркістан облысы әкімі аппараты мемлекеттік құқық бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

Балабек Аульбекович МУСАБАЕВ

1964 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша заңгер.

Еңбек жолын 1989 жылы ОҚО, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарында тергеуші қызметінен бастаған.

1989-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасы аса қауіпті қылмыстарды тергеу бойынша бөлімінің аға тергеушісі, Оңтүстік Қазақстан табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, Оңтүстік Қазақстан табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі, Облыстық прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саласының заңдылығын бақылау бөлімінің прокуроры, Облыстық прокуратурасы әлеуметтік-экономикалық саласының заңдылығын бақылау басқармасының прокуроры, Облыстық прокуратурасы мемлекеттік органдардың қызметінің заңдылығын бақылау басқармасының аға прокуроры, Мақтарал ауданы прокурорының орынбасары, Облыстық ұйымдастыру-бақылау жұмысы бойынша прокурорының аға көмекшісі, Облыстық қылмыстық істер бойынша прокуратурасы сот қаулыларының заңдылығын бақылау басқармасының бастығы, Отырар ауданының прокуроры, Қазығұрт ауданының прокуроры, "Мирас" университеті экономика, құқық және ақпараттық технологиялар факультетінің "кеден ісі және құқық" кафедрасының аға оқытушысы, "Мирас" университеті экономика, құқық және ақпараттық технологиялар факультетінің "қазақстан тарихы және білімдік пәндер" кафедрасының аға оқытушысы, "Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі персоналды басқару қызметінің (кадр қызметі) бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2017 жылы шілдеде – Түркістан облысы әкімінің аппараты құжаттандыруды қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

Асқар Мұхтарұлы ЖАЙЛАУБЕК

1979 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-қаржыгер.

Еңбек жолын 2001 жылы Төлеби аудандық қаржы бөлімінің жетекші маман-жетекші экономисті ретінде бастаған.

2004-2017 жылдары  Төлеби аудандық қаржы бөлімі бюджет жөніндегі жетекші маманы, Төлеби аудандық экономика және жоспарлау бөлімінің бастығы, ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінің мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдарын жоспарлау бөлімінің бас маманы, ОҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының нақты сектордың даму бөлімінің бастығы, ОҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, ОҚО құрылыс басқармасы жоспарлау және талдау бөлімі басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасы  қаржыландыру және бухгалтерлік есеп бөлімінің бухгалтері, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің басшысы лауазымдарын атқарған.

2017 жылы маусымда – Түркістан облысы әкімі аппараты әлеуметтік сала мониторингі бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

 

Берік Серікбайұлы ИБАДУЛЛАЕВ

1981 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша халықаралық экономикалық қатынастар, құқықтану, педагогика және психология .

Еңбек жолын 2004 жылы ОҚО Түркістан қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімі – орталығының маманы қызметінен бастаған.

2004-2017жылдары ОҚО Түркістан қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу бөлімі – орталығының бас маманы – бас салық испекторы, заңды тұлғалардан ақпаратты қабылдау және өңдеу секторының бас маманы, бейөндірістік төлемдер бөлімінің бас маманы , Түркістан қалалыққаржы бөлімінің бастығы, Түркістан қаласы Үшқайық ауылдық окугінің әкімі, Түркістан қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдар бөлімінің бастығы, кәсіпкерлік бөлімінің бастығы , Отырар ауданы әкімінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты агроөнеркәсіп кешені және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы,әлеуметтік-экономикалық мониторинг және талдау бөлімінің бас инспекторы, жиынтық-талдау және жалпы мониторинг бөлімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған.

2017 жылы шілдеде – Түркістан облысы әкімі аппараты инфрақұрылым және құрылыс саласы мониторингі бөлімініңбасшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

ӨСЕРБАЕВ Аңсар Жаңабайұлы

1976 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист-менеджер, заңгер.

Еңбек жолын 1997 жылы «ШҚЗ» АҚ операторы қызметінен бастаған. 1998-2016 жылдары Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығының бас маманы, «Еңбек биржасы» бөлімінің бастығы, Шымкент қалалық әкімшілігінің халықты жұмыспен қамту басқармасында бөлімі бастығы, ОҚО халықты жұмыспен қамту басқармасының бөлім бастығы, жастар ісі және ішкі саясат департаментің жастар ісі жөніндегі бөлімінің бас маманы, халықты жұмыспен қамту басқармасы бөлім бастығы, «АСАР» РП РҚБ ОҚО филиалының нұсқаушысы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, ОҚО аумақтық қоршаған ортаны қорғау басқармасы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Шымкент қаласының ішкі саясат бөлімі бастығының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының әкімшілік бөлімінің бастығы, ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы, талдау және мониторинг бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы дін істері департаментінің бас маманы, дін істері басқармасының діни бірлестіктермен байланыстар және ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, ішкі саясат және дін істері басқармасының ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы, облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының діни ұйымдардың қызметін талдау және мониторингі бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат және дін істері басқарма басшысының орынбасары лауазымдарын атқарған.

2016 жылы сәуірде – Түркістан облыс әкімі аппараты қоғамдық мониторинг бөлімі басшысы лауазымына тағайындалған.

 

 

 

Сәкен Омарұлы КЕНЖЕБАЕВ

Облыс әкімі аппараты Қаржы-шаруашылық (әкімшілік) бөлімінің басшысы.

1965жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы –инженер-механик, мемлекеттік және жергілікті басқару.

Еңбек жолын 1989 жылы Москва қаласы Орталық ғылыми-зерттеу және автомоторлық институтының автомобиль двигательдері жүйесінің ғылыми-зерттеу және эксперименталдық-конструкторлық бөлімінің зерттеуші инженері болып бастаған. Москва және Шымкент қалаларында бірқатар кәсіпкерлік құрылымдарда қызмет еткен.Оңтүстік Қазақстан облысы араб тілі институтының қаржы жөніндегі проректоры, ОҚО әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, әкімшілік-техникалық қызметінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты қаржы-шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары - облыс әкімінің бас инспекторы, Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары - әкімшілік-шаруашылық бөлімінің  меңгерушісілауазымдарында еңбек еткен.

2013 жылғы мамырдан бастап Түркістан облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары- қаржы-шаруашылық бөлімінің  басшысы болып қызмет етіп келеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

Жарияланған: 22.09.2015 - 11:36:43
Жаңартылған: 16.10.2018 - 18:02:15
© 2018

Ресми Интернет-ресурс

Түркістан облысының әкімдігі